Монография «Тұран-Астана»



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата26.02.2017
өлшемі19,69 Mb.
#4996
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

1.2.5  ЕЛ БАҒУДЫ Ң ӨЗЕКТІСІ -  
М ЕМ ЛЕКЕТ  БАСҚАРУ
Үсынып  отырған  мәселе  -  тың  ғылыми  тақырып.  Ғылыми 
ізденіс өңірінен көбінесе көрінбей, қажеттіп бағаланбай келе жатқан 
қазақ мемлекеттіктігін Абай, өзі айтатьш, «ниеттеніп бшмекке» бет 
қойғанын танытады. Осы жерде Абаилықтың таң қалдыратыны 
Абай  ел  билеу  мәселесін  болыстықтан  тереңірек,  өркениет 
деңгейінде қарап талдамақшы. Сонда, Абай назарын өзіне айрықша 
аударатын мәселесін сөз етсек: қандай да мемлекеттің ішкі жэне 
сыргқы саясаты. Міне, осы дәрежеде қалай түсініліп өзекті-ау дейтін
214

тьщ мәселелерді ұсынар екен.  Абай өзі қандай қоғамдық ойлар
толғар  екен?  Тың  сұраққа  жауапты  тікелей  Абайдың
шығармаларынан  іздестіріп,  талғам,  болжам  пікірімізді  де
қарастырып,  өз  ойымызды  ұсынамыз.  Абайдың  қоғамдық
көзқарасының  ең  тұлғалы  мэселесі  -  ел  бағу,  яғни,  адамтану,
». 
қоғамтану  мәселелері  дедік.  Осылай  деп  қабылдасақ,  сонда
Абайдың  қоғамдық-саяси  көзқарасын  тарқататын  ғылыми-
теориялық  қағидалары-  мемлекет туралы  ойлары,  пікірлері.
Абайдың  философиялық  сөздерін  диалектикалық  тұтастық
сапасында зерттеп, талдағанда тағдырлы деген екі бағытын атаған 
орынды.
Біріншісі
 -адамтану: адам болмысы - халыктар, адамдардың 
әрғилы қоғамдық, элеуметтік қауымдастығы.
Екіниіісі
  -қоғамтану  мәселелері:  қоғамның  рухани  өмірі 
игіліктерін өндіру: сана-сезімі, мінез тэртібі мен салт-дәстүрлер, 
интеллект дәрежесі мен ойлау мәдениегі. Адамдардың өмір сүруіне 
қажетті  деген  материалдық  игіліктерді  өндіру  үдерісіне  орай 
қалыптаскан мемлекет, саяси-әлеуметтік кұрылысы, ел басқаруцьщ 
әрғилы мэселелерінің қалыптасуы тарихы. Қоғамды тану мақсатын 
Абай: «Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрг білгенді 
біліп, жұрт қатарына қосылудьщ қамын жейік деп ниеттеніп үйрену 
керек» - деп анықтаған 
(Абай (Ибраһим Құнанбаев) Екі томдъщ 
шыгармалар жинагы. Екінші том. Аудармалар мен қара сөздер.
Алматы: Жазушы,  1986,  120 б.).
Халқының бүгіні, болашағы, қоғамдық мүдцелерін терең сезініп, 
ой  сараптап  барып  қана  Абай  өз  халқын  ел  қатарына,  «жұрт 
қатарына», «өрістерлік күнге» жеткізуге ұмтылыс жасады. Қазақ 
қоғамы кажеггерін зерттеп, танып, біліп барып Абай шаруашылық, 
қазіргі тілмен айтқанда, экономика мәселесін, бірінші орынга қояды. 
Ғылым  мен  білімді  меңгеру,  оқу  ісі  де  экономикаға  тікелей 
байланысты екенін де Абай даналықпен аңғарады. «Қарыны аш 
кісінің көңіпшде ақыл,  бойында  ар,  ғылымға құмарлық қайдан 
тұрсын?» - дейді Абай. Қоғам өміріне экономика эсерін Абай өзінше
215

түйеді.  Бұл  турасында:  «Ашап-ішуге  малдың  тапшылығы  да, 
ағайынның араздығына, уа, эр түрлі бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, 
сұмдық секілді нэрселерге үйірлендіруге себеп болатұгын нэрсе. 
Мал тапса,  қарын тояды.  Онан  соң білім түгіл  өнер  керек екен. 
Соны үйренейін,  не балама үйретейін деп  ойына жақсы түседі. 
Орысшаоқу керек, хикметте (сілтемедегі аныктамасы - керемет, 
гажайып, сыр, ақыл /қалам иесі/), мал да, өнер де, ғылым да - бэрі
орыстатүр. Зарарынан қашықболуға, пайдасынаортақболуғатілін,
окуын, ғылымын білмек керек. Аның үшін, олар дүниенің тілін білді, 
мүндай  болды.  Сен  оның тілін  білсең,  көкірек-көзің ашылады. 
Әрбіреудің тілін өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дагуасына 
(теңдікке  үндеу  хақысына  ие  болады  /қалам  иесі/)  кіреді,  аса
арсыздана жалынбайды» 
(Сонда,  119 6.).
Қазақ халқы ішінен шыққан білімді деген, ғылыми талғамы да 
жоғары, осыған орай қазақша сауатты оқымыстылар қатары өсе 
түссе  халқымыздың  мәдениеттілігі  де  жетіле  түсіп,  саяси- 
әлеуметтік  белсенділігі  де  үлттық  намыс,  ұлтжандылық  сана 
деңгейінен көрініп, өрісін жая түсер еді.
Мьша: 1,2,3,14,24,25,37,38,39,40,41,42 шифрлы философиялык
сөздерінде  Абай  үсы наты н  м эселелерд ің   ш оғырланып, 
жиынтықталып, can түзеп, ой сарабынан өтелн түлғалы өлкесі: ол
- ел бағу қамы. «Бірінші», «Жиырма төртінші» т.б. философиялық 
сөздерінде Абай саясатты мемлекет деңгейінен көріп, талқылайды, 
түжырымдық ойын ұсынады деген пікірді куатгамақпыз. Абайдың 
«Бірінші» философиялық сөзі қалған қырық бесіне - бастама соз. 
Неге  десеңіз  танымның  ұзақ,  эрі  қатерлі  сапарына  аттанар 
алдындағы:  қамдану,  жиналу,  анықтау,  толғаныс  ниеті;  ойлау 
атырабында эрлі-берлі жүгірінді сезім дүниесі, көңіл-күйі екі ұшты 
ойлау сэттерінен айығу; ізденіс, зерттеу барысында танып біліп 
объектілік-субъектілік қатынастарды оймен меңгеріп, яғни, XX 
ғасыр табалдырығын аттаған қазақ халқының мүдделерінде, арман- 
тілектерін  жүйелеп  анықтамақ.  Аса  жауапты  сапарға  аттанар 
алдындағы Абай танымы мен логикасы элемдік түгырдан көрінетін:
216

саяси-элеуметтік,  шаруашылық  (экономика),  білім,  ғылым 
мәсевелері.  Абайдың  қоғамтану  логикасына  жүгінейік.  Абай: 
«Ақыры  ойладым:  осы  ойыма  келген  нәрселерді  қағазға  жаза 
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен 
керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе өз сөзім 
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір 
жұмысым жоқ» деп анықтаған 
(Сонда,  96 6.).
Мұхтар Әуезовтің айтуынша, Абайдың қара сөздері 1890-1898 
жж. жазылған. Бүл кезде Абай қырықбес жаста екен: «...бір талай 
өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық, - 
әурешілікп көре-көре келдік» деп, Абай өз басынан кешкен өмірімен 
қоғамдық қызмехі күрес (диалектикалық) үстінде өткенін ескерпгіп 
отыр ғой. Сонда Абай дүниеге (материяға), қоғамға,саясатқа деген, 
көзқарасы қогамдық күрес үстінде туып, қалыптасып өрбігенін: 
«...енді қапған өмірімізді кайтып, не қылып өткіземіз?» деген тіршілік 
өмірдің  төңірегіне  ойларын,  болжамдарын  топтастырып, 
жиынтықгап сала-саласын тарқатады. Сөйтіп озінің ел билеу туралы 
ойларын, яғни саясат туралы ой-пікірлерін халқына, қазіргі ұрпаққа 
да аманат етіп тапсырып отыр емес пе? Сол кезеңге тэн қазақ елі 
тіршілігін:  «...қажыдық, жалықгық; қылып жүрген істіміздің бәрінің 
баянсызын, байлаусызын  көрдік, бэрі  қоршылық екенін білдік» 
(Сонда, 95 б.)
дейді Абай. Сонда, осы қарапайым қазақсөзін талай 
оқып, естіп жүрсек те, мүның мэні мен талғамына қөңіл аудардық 
па? Абай ойы сыры - нал ыгандық, шаршагандық нышанын таныта 
ма? Иә, тек осы  сүрақ арқылы  Абай  ойының философиялығын 
«ниеттеніп  білмекке»  бетбұры с  жасауға  көмектесетінін 
ескертпекпіз.  Негізінде,  қазіргі  шаққа  дейін  Абайдьщ  саяси 
көзкарасын жетік меңгеру ге орынсыз «сіресіп» мэн бермей келеміз.
Жұртым-ай,  иіалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы,  сыртын қойып,  сөздің  іиіін.
Ыржаңдамай тыңдасаң не кетеді,
Ш ыгарган  сөз  емес  қой  әңгім е  үшін,
  -  деп,  Абай  өз 
замандастырын, әсіресе бұлардың - «қайгысыздардың» орынсыз
217

сынамаган шығар. «Қалың елімдегі
...»
 «Қайран жұртын» айтып отыр 
ғой. Себебі, көбінесе Абай көзқарасын ағартушылық қызметпен, 
моральдық  философиямен  шектеп,  қалыптық  санадан  құтыла 
алмадық. Абайдьщ: «бәрі қоршылық екенін білдік>> деген танымдык 
мэн  атқараты н  ф илософ иялы қ  дең гей дегі  логикалы қ 
абстракциясына сал ғана болса да көңіл аудардық па?!  Қаншама 
рет оқып жүріп, философиялық мазмұнына ден қойдык па?! Сірә, 
элі  де  болса  ескі,  үйреншікті  сүрленген  жолмен  келе  жатқан 
сияқгымыз.  Сонда -  «қоршылық»  деген логикалық абстракция 
сапасьшдағы негізделіп, дэлелденіп тұрған ұғым екенін қалайша 
ескермеске? Тіршілік тауқымегінен көргені, кешкені, яғни, өмірдің 
«бэрі қоршылык» деп дәлелді философиялық пікір ұсынып тұр ғой! 
Бір сэтке ойланайықшы? Жоққа шығаруға негіз бар ма? Қалай? 
Жоқ десек. Сонда ұлы Абайдың - «бәрі қоршылық екенін білдік» 
деген жан азабы мен ой толғанысын ескерусіз қалдырамыз ба?! 
Ойлауды  талап  ететін  жағдай.  Иэ,  кімнен  көрген  қоршылық? 
Абайдың жеке-дара басы мал-мүліктен таршьитық, қоршылық көрді 
ме? Әрине, жоқ дейміз. Сұрақтар бірінен соң бірі туындап, өрби 
береді. Жауабын Абай шығармашылыіъша шолу жасап, тақырыбы 
мен логикасына сүйеніп дәлелді пікір айтсақ орынды болар. Ең 
алдымен  «Қалың  елім..»  шығармасы  өзінің  саяси-идеялық, 
философиялық  мазмұны  жағынан  жалпылық,  яғни,  ғылыми- 
теориялы қ,  үлт  идеологиясы   мэнін  атқарады.  «Бірінш і» 
философиялық  жэне  қалған  сөздерін  дэстүрлі  философиялық 
деңгейдегі  шығармалар деп  қабылдасақ,  ізденіс  сапарымыз  оң 
болатынына толық сенім артуға болады.
Бас-басына  би  болган  өңкей  қиқым,
Мінеки,  бұзган жоц па елдің  сиқын.
Өздеріңді түзелер  дей  алмаймын 
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырцың...
Бірлік жоц,  береке жоц,  шын пейіл жоц,
Сапырылды байлыгыц,  бсщқан жылк,ыц.
218

Баста ми,  цояда малга талас қылган, 
куш   сынасқан  күндестік  бузды-ау  шырқың,
  -  деп,  Абай 
айтпақ пікірін, тұжыры мдамак ойын жалпы философиялық қағида - 
«ел қорғаны» төңірегіне топтастырып, сала-саласына тарқатып, 
түиін-түжырым  жасамақпыз. «Кірлемеген көңіл ашығында» - «Ел 

қорганы» мазмұнын ашатын эрі философиялық,саяси эрі ғылыми 
тұлгалы ұғымдар:  «Бірлік»,  «Береке», «Шынпейіл».  Сонда «Ел 
қорғаны»  боларлық  -  «Бірлік»  жоқ.  Адамдардың  күш-қуаты, 
молшылық көзі - «Береке» берекесіз болса. Ақыл бұлағы, қуаты, 
рухани  байлық  көзі  -  «Шын  пейіл»  адамға  дарымаса,«бәрі  - 
қоршылық» емей, не болмақ?! Қолындағы билігін тартып алса, қазақ 
халқының бар болғаны, орыс патшалығының боданы. Көрешегіміз
- «қиқым» болғанымыз ба?! Ойланарлық жағдай. Абайдың өлең 
сөзіндегі  «қиқым» туралы  идеялық,  елдік  көзқарасы  «Бірінші» 
философиялық сөзінде  мемлекеттік  саясат деңгейінен  көрініп, 
қаралып, тұжырымдалғанын байқамасқа, айтпасқа да болмайды. 
Диалектиканыңтүтастық қағидасы тұрғысынан кеңірек, тереңірек, 
жалпылық, яғни, біртұтастық мэнінде қаралуы, зерттелуі ақиқат 
талабы, заңдылыгы. Абай өзі айтпай ма:
і іршшктің несг сән,
Тереңге  бет  қоймаса,
  -  дегені  сыңар  жақтылықтан 
сактандырып тұрғандай. Ал мына өлең жолдары ше:
Рас сөздің кім білер қасиетін?
Ақылсыз шынга сенбей,  жоққа сенбек.
Міне,  ұлы  ойшылдың  саяси-әлеуметтік,  философиялық 
көзқарасының тірегі болмыс пен ақиқат - бір-біріне бара-барлығы. 
Абайдың қай сөзінде (өлең, философиялық/қалам иесі/) болмасын 
өзі  дэлелді  негіздеп  ұсынатын  «терең  ой»,  «терең  гылым» 
қағидалары  тамырын  терең  жіберген.  Мұны  ескермесек,  онда 
Абайдың ұлылыгын да, даналығын сыйламаған, не менсінбеген 
боламызғой. Бүйткенде, ұлы ойшыл шығармашылығының жалпы 
философиялық үні қүлаққа шалынбай, сарыны байкдлмай, ашылмай, 
жабулы  қазан  күйінде  қала  береді  ғой.  Халқының  ертеңі  мен
219

болашағы - Абайды мазалайтын ойлар.  Өз өмірі мен халқының 
тағдырынан  туындаған  қоғамдық  қайшылыктарға  әлеуметгік- 
философиялық талдау жасап, эрі ұлы ойшыл өз көзқарасы жоспарлы 
бағдарламасын да анықгағандай.  Осы  тұргыдан ой сараптасақ, 
мәселен,  3,  24,  39,  41,  42  шифрлы  философиялық  сөздерінің 
басқаларынан  айырмашылығы да осында.  Себебі,  Абай жаппы 
адам; қазағы; ұлттық мемлекеті тарихы, мұның тарихи қажеттілігі 
туралы ой толғайды. Мұнымен қатар қазақгың шаруашылықка 
деген, қоғамдық жэне саяси-элеуметтік істерге ынтасыздыгын, 
жауапсыз бейқамдығын, құнтсыздыгын, талапсыздығын сынап, 
қоғамдық мінезінің таяздығын, саяси талғамсыздығын сөз етеді.
«Қазақгьщ бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін 
бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі  аз болатұғынының, кызметке 
таласқыш бол атұғыныньщ өздерінің жалқау болатұғынының себебі 
не?» 
(Сонда, 91 б.) -
 деп, Абай өз заманы мемлекетгік дэрежедеп 
саяси-әлеуметтік  мэселелердің  аты-жөнін  атап,  бұлардан 
туындайтын қоғамдық қайшылықтардың сырын ашып, әрі танып 
білудің, эрі іспен де, ақылменен де шешудің жолдарын қарастырып, 
сөз етеді. Қазак қоғамтану сол шақтағы тарихына, экономикалық, 
саяси-әлеуметтік  те  жағдайларына  да  Абай  талдау  жасаған. 
Мэселен, қазақ қоғамтану деңгейі туралы ойын Абай: «...ғаламға 
белгілі данышпандар әлдеқашан байкаған: эрбір жалқау кісі қорқақ, 
қайратсыз тартады, эрбір қайратсыз - қорқақ, мақтанғыш келеді; 
эрбір мактаншақ - қорқақ, ақылсыз, надан келеді; эрбір ақылсыз - 
надан, арсыз келеді; эрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, 
тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның 
бәрі төрт аяқгы малды көбейтеміннен басқа ойының жоқгығынан; 
өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нэрселерге салынса, бұлай
болмас еді» - дейді Абай
(Сонда,  97 б.).
Абайлық талдауда, түсінілуде талант, дарын, ақылға кеселін 
тигізетін жаудың аты: ол - «жалқаулық». Осының кесірінен қоғамга, 
адамға орыны толмас қаншама зиян келеді десеңізші.  Қаншама 
істер: «егін», «сауда», «өнер», «ғылым» т.б. істер, тындырылмай
220

қалады.  Бұл  қоғамға  жабысқан,  емі  жоқ  дерт  сияқты.  Абай 
замаьындағы қазақ қоғамының сиқы, міне, осындай. Қазіргі ші? 
Жаңа ұрпақ әрі-берісін қарап барып, бар мен жоғын тындырған соң 
жауабын  бере  жатар.  Қазақ  қоғамындағы  саяси  тартыстың 
баянсыздыгы,  дәрменсіздігі,  тыянақсыздығы  сыры  билікке  - 

болыстыққа таласушы, қазіргі тілмен айтсақ, өкіметті (мемлекетті)
ұстап отырғандардың ісі мен мінезіне, ақылы мен парасатгылық 
мәдениетіне  байланысты  екеніне  Абай  ерекше  мэн  береді. 
Сондықтан  «қиқым» ұғымы  Абай түсінігінде  қоғамдық, саяси- 
элеуметгік маңыз да, ұгымдық та қызмет атқарады. Қазақ елі мен 
үлттық мемлекеті қамын жеген, мұның мүдделерін қорғап, ішкі 
жэне сыртқы саясаты мақсатын аныктап, бүл туралы жүйелі пікір 
аитқан Абай. Қазақ мемлекеті туралы Абайдың өзіндік көзқарасы 
барын неге айтпасқа? Мүның мэнін, мазмұнын «ниеттеніп білмекке» 
неге  талаптанбасқа?  Абайды  қазақтың  тәуелсіз  мемлекеті 
қалыптаса  бастаған  шағындағы  ішкі  жэне  сыртқы  саясаты 
бағдарламасын  жасаушылардың  алғашқыларының  бірі  деуге 
толыгынан болады.
«Бірінші» философиялық сөзі  Абайдың  қалған  қырық төрт 
философиялық  сөздеріне  бастама,  бағдарлама хақында,  келелі 
деген  мэселелердің  басын  қүрастырып,  біріктіріп,  мазмүнын 
тарқататын  тұлға  бітімді  сөз.  Абай  сөзін  бір  сыдыртып  оқып 
шыққанда: «Мынау адам не ел, не мал, не бала, не гылым, не шаруа 
бага алмайтын, софылыққа, саудага да икемі жоқ адам екен» деп, 
«э»  дегенде,  ойга  қаласың,  қынжылып,  эуре  боласың.  Бірақ 
қарапайым қазақ сөзінің бірінен соң біріне көшкен сайын бастапқы 
күйден айыгып, ойлау тэртібі өзінің тарихи қалыптасқан мәдениегіне
-  «тереңіне  бет»  қойып,  «шын  ақыл»,  «терең  ой»  қагидаларын 
философнялық эдістеме деп қабылдасақ қана, осы жагдайда гана 
дүние  тұтастыгын  жан-жақты  ашатын  логикалық  түсініктік 
үгымдар екеніне Абай философиялықсөздері көзімізді жеткізеді. 
Диалектиканьщ қарапайымнан күрделіге көтерілетін танымдық, әрі 
логикалық әдісінің  ізін  кескендей  көңілде боласың.  Ал,  қазіргі
221

ұрпаққа,  әсіресе  «орыс  тілді»  қазақтар,  үлкен  саясат  басында 
отырғандар диалектиканы өмірдегі шынайылыққа ұқсастык үлгісі 
деп қабылдаса, тек осы жағдайда ғана Абай шығармашылығы дэуір 
сырын ашатын мұқалмас, тозбас таным, білім, ғылым жолы. Осы
щ
 
#
тұрғыдан сұрыпталып, сығымдалып жиынтықгалған логика екендіп 
білім мен тәжірибе жүзінде айқындала түседі. Себебі, Абай сөзі 
адам  тіршілігі,  уайымы  мен  қамы,  дэуір  сыры,  адамдыққа 
ұмтылыстың тарихи үлгісі:
Қайгысыздың  бәрі асау,
Бізге  онан  пайда
Абай сөзінде диалектикалық ойлаудың ұшқыны байқалады. 
«Бірінші» философиялық сөзі - Абайдың өзі өмір сүрген дэуірі 
туралы,  халқына  деген  қамқор  ойы.  «Ел  бағудың»  өзекті 
мэселелерімен  таныстырады.  Енді  Абайдың  қоғам  жэне  адам 
іуралы ойлау мәдениетімен бетпе-бет жүздесіп, жақьшырақ танып, 
сырлас, мүңдас болайық. Абайдың қаламынан туған мына түлғалы 
ой толғаныстарына зейін қойып, ақыл тоқгатып, жауапкершілікпен
ойланайықшы. Абай болайық:
«Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын 
деген кісі бақпаса, не албырпгқан, көңілі басылмаған жастар бағамын
демесе, бізді қүдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше 
өздері багар. Енді қартайғаңда қызығьш өзің түгел көре алмай-түғын, 
үры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз 
ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ. Ғылым бағу? Жоқ, ғылым 
бағарға  да  ғылым  сөзін  сөйлесер  адам  жоқ.  Білгеніқді  кімге 
үйретерсің, білмегенщді кімнен сұрарсьщ? Елсіз-күнсізде кездемені 
жайып салып,  қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? 
Мұңдасып, шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез 
қартайтатұғын  күйік.  Софылық  қылып,  дін  бағу?  Жоқ,  ол  да 
болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күнінде 
бір тыныштық жоқ,  осы  елде,  осы  жерде  не  қылған  софылык! 
Балаларды бағу? Жоқ, бага алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың
222

мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағамын, қай елге қосайын, 
қай харекетке қосайын?» 
(Сонда,  95-96 66.).
Қарапайым қазаққа түсінікті - «ел»», «мал», «ғылым», «дін», 
«білім» деген қатардағы сөздерді Абай саясат деңгейіне көтеріп, 
бұларды қандай да елдің ішкі жэне сыртқы саясаты мемлекеттік
Ч 
багдарламасы  Деп  қарауға  болады.  Себебі,  бұларсыз  елдің 
тұтастығын,  мемелекеттік  тұрақтылыгын  сақгау жағдайлары 
өздігінен көктен түспейді. Бүлардың бэрін адамның қолы мен ой
оірліл  жасаиды, яғни хапық деген сөз.
Сырг қарағанда, Абай - қажыған, шаршағагі, жайбарақат, бардан 
күдер үзген адамның мінезін көрсететін сияқгы. Жиырма жыл бойы 
қоғамдық, саяси-әлеуметтік өмірдің бел ортасында жүрген Абай 
патша экімшілігі мен жергілікп болыс пен билердің екіжүзді, сатқын 
саясатынан көргенін, бшгенін, оймен болжап қорьпып, түжырымдап 
үлкен саясагтың - «ел багудың» (билеудің/қалам иесі/) бағыттарын 
ашып, өз көзқарасын үсынады. Абайдың: «бэрі - қоршылық» деген 
қағидапы ойында коп сыр бой тасалап түрғандай. Қазақ халқын 
«қоршылыққа» душар еткен орыс патшалығы отарлау саясатын 
тура сынамаса да, бірак «гылым» мен«білім» туралы ойлары, бүны 
аяғынан шалып тұрган жоқ па? «Ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ» 
деп қазақ  жерінде ғылыми ойдың, білімнің, әсіресе ана тілінде 
дамуға  жагдайдың  жоқтығын  ескертіп,  қынжылғандай  мінез 
байқатады. Басқаша қарап, бағалаудың орайы жоктың қасы.
Қазақ баласын «қай елге қосайын, қай харакетке қосайын?.. 
Не  бол  деп  бағам»  деп,  үлы  Абай  дүниежүзілік  деңгейдегі 
мәдениетті  армандайтынын  білдіріп,  бүған  қол  артатын  шаққа 
жетер күн туарма екен деген ойды тікелей жағалап жүр емес пе?!
«Жиырма тортінші» созін түгел келтірейік. Мүқият болайық. 
Жауапкершілікпен оқып, талдап, біліп барып қана қабылдайық. 
Абайдың  эр  сөзі  өз  алды на  ж еке-дара  үлкен  саясаттан, 
философиядан сыр шертетінін үмытпайық.
«Осы күнде жер жүзінде екі мың миллионная коп артық адам 
бар, екі миллион қазақ бар 
(Екінші том,  118 б. берілген сілтемеде
223

-қазақтың жалпы  саны  4 миллион 84 мың  болганы айтылзан
 /  
қалам  иесі/).
  Біздің  қазақтың достығы,  дұшпандығы,  мақтаны, 
мықгылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа 
ұқсамайды.  Бірімізді-біріміз  аңдып,  ұрлап,  кірпік  қақтырмай 
отырғанымыз. Үш миллионная халқы артық дүниеде қала да бар, 
дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, 
жер жүзіндегі жұрттың қоры больш, бірімізді-біріміз андып өтеміз
бе? Жоқ, қазақ ортасындада ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, 
өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік 
күн болар ма екен? Эй, не болсын! Жүз караға екі жүз кісі сүғын 
қадап жүр ғой, бірін-бірі қүртпай, кұрымай тыныш таба ма?» 
(Сонда,
118-119  бб.).
Осы бір он бес жолдың әрбір сөзі үж ен саясатган сыр шертеді. 
Олай емес, былай деуге жол қалдырмаған сияқты. Өр созі, иэ, эр 
созі  жеке-дара  оз  алдына  үлкен  саясаттың  күрделі  мэселесіне 
арналған. Қарапайымдылығынан, саяси да, ғылыми да қолданыстан 
сырт қалғандықтан бүл создер элі де, танылмай, ескерусіз қалып, 
тиісті  бағасына ие бола алмай жүр.  Біздің ойымызша қазактың
үқсамайды».  Себебі,  қазақ та басқалардаи өз алдына ел, халық, 
озіне тэн тілі, діні, мэдениеп мен мьщ жылдық тарихы бар. Бұның 
бэрі, саясат тілінде, қандай да істе де Абай айтқан: «...қазақгың 
достығы, дұшпандығы,  мақтаны,  мықгылығы,  мал  іздеуі,  онер 
іздеуі,  жұрггануы, малды түзден, ботен жақган түзу жолмен іздеп» 
деген  Абайдың  мемлекетгік  ойлары  дипломатия  мәдениетімен 
танытылмаса, корсетшмесе жабулы казан күйінде қала берер еді, 
«кормес,  түйені  де  кормес»,  деген  осы  болар.  Осы  күйден 
айықпасақ,  эсіресе,  қазіргі  тэуелсіз  елдігіміз  жағдайында, 
халықгыгымыздьщ, тым жас мемлекеттігіміздің мәртебесі элемдік
деңгейде танылуы копке созыльш кету кауіпі бар.
«Өрістерлік қүн болар ма екен?» деген атакгы қоғамдық-саяси 
ойдың ұйыщысы боларлық Абайдьщ қағидасы қазіргі тэй-тәй жүре 
бастаған тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі жэне сыртқы саясатына
224

тікелей  қатысы  бар  десек  ақиқатты  аттап  кетпеспіз.  «Өріссіз» 
мемлекет  болмайды.  Бұл  -  даусыз  ақиқат.  Абай  айтатын:  «жер 
жүзіндегі жұрттың қоры» болмау - үлкен саясаттың ең жанды, ең 
тағдырлы-ау дейтін мәселесі. Бұл қазіргі тэуелсіз қазақты қатты 
мазалайтын  мәселе.  XIX  ғасыр  екінші  жартысы  XX  ғасырдың 
басында өмір сүрген қазақ халқының ұлттық мінезі мен санасын, 
елдігі  мен  м ем лекеттігін  ж ан-ж ақты   зерттеуш ілердің 
алғашқыларының  бірі  - ұлы  Абай.  Осылай,  басқадай  емес  деп 
айтарлық уақыт келді емес пе?! Тағы да кімнің апдында «бас юейміз
шыбындап».  КПСС-тің  үстемдігі  заманында:  «Абай  -  көреген 
саясаткер»  деген  сөзді  түсіңце  де  айтуға  батылың  жетпес  еді. 
Абайдың саяси-әлеуметгік ойыньщ үйтқьісы - «ел бағу» мэселелері. 
Ең басты дейтіні осы.
«Қальщ елім, қазаіым...» да бастама, жолдама альш, «Бірінші» 
сөзімен қабысып, жалғасып, сабақтасып, барлық шығармаларының 
теориялық,  идеялық  негізін  қүрады.  Абайдың  тікелей  өз 
шыгармаларына сүйене отырып, жэне де үлы Мүхтар Әуезовтің: 
Абай  туралы  монографиясын,  «Абай»,  «Абай  жолы»  роман- 
эпопеясьш; он жетінип, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы 
томдары  бойынша; т.б.  еңбектерін тарихи, ғылыми-теориялық, 
эдістемелік  негіз,  құралы  ретінде  ескере  отырып  айтпағымыз, 
Абайдың атақты «ел багу» деген қағидасы мэңгілік қагида.  Қай 
заманда болмасын мемлекет,  не партияларды т. т.  бағу емес,  ең 
жанды мәселе - «Ел бағу».
225


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет