БКІНШІ ТАРАУ.
АБАЙ ҮШКІЛІ - ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПА?
2.2.1 ҮШКІЛ - ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ Т¥ТАСТЫҚ
Абай мұраларын тану барысында қалыптаса бастаған ғылыми
мәселелердің жиынтық бағыты, - Ү шкіл қағидасы. Абай әлемін тану
өңіріне пайдаланып, ғылыми сұранысқа алғаш енгізген қазақгың
гұлама ғалымы, марқұм Ақжан Машанов. Бұл мэселеге қысқа
түсінік берген болатынбыз. Абай философиясы төңірегінде орын
тепкен талас пікірлер, қарама-қарсы көзқарастар күресі тарихына
қысқа шолу жасаған болатынбыз. Бұның нәтижелерін тексеріп,
талдай келіп, ескертетінміз мына бір, ғылыми ізденісте орныққан
тәртіп - Абай даналығы, ойшылдығы туралы ізденістердің басым
көпшілігі ұлы ойшылды «эдебиет тарихшысы» көзімен жүргізілген
зерттеулер. Абайдың сан алуан көзқарастары, бұның ішінде
философиялық та ойлары, Абайдың әр шығармасы «әдебиеттік
сапасын тексеру» үстінде туған пікірлер деп Мүхтар Әуезов
айрықша бөліп ескертеді.
Ондаған жылдар бойы Абай мұраларын зерттеуде үстем етіп
келе жатқан пікір, үлы ойшыл шығармаларын, «әдебиетпк сапасын
тексеру» идеясы басымдылығы. Абай мүраларын зерттеулермен
танысқанда көзге түсетіні КПСС «мүлтіксіз көсемдігі» мен
идеологиясы тікелей басшылығымен қалыптасып, орныққан бес
бағыт.
Біріншісі- қазақ мәдениеті мен ғылымы тарихы тек социализм
дәуірінен басталады деген солақай саясаттың сыңаржақты
кертартпа эсері. Зерттеушілік ғылым салалаларында Абайдың өзі
ұстанатын «ойсыз», «мисыз», «ақылсыз» деген прогресшіл
теориялық та, эдістемелік те қағидалары есік сыртында қалып,
ескерілмеуі. Бұған дэлел - 20-30 жылдардағы баспасөз бетгерінде
орын алған Абай мұрасы туралы айтыс. «Жаңа эдебиет» және
«Советская степь» журналдары беттерінде жарияланған Қабулов,
Ы. Мұстанбаев, С. Мүқановтың мақалалары.
Екіншісі, әдебиеттік пен философиялықтың (тереңнен
толғайты нды қты ң) біртүтасты гы ж эне айы рм аш ы лы ғы
философиялык деңгейде жан-жақгы тексеріліп, каралмады, байыпты
зертте л меді.
I
Үшіншісі, эдебиет тарихш ы лы ры ны ң айтатын қазақ
мәдениетіне Абай атымен тың ой мен жаңашыл көзқарастың келуі.
Жаңашылдықгың философиялык сипаты жетік ескерілмеді.
Төртініиісі, Абай философиясын талдай отырып, бұның таным
(гносеология) шеңберінде болсын жүйесіне зерттеу шілердің“бет
қоюы”.
*'
" 'І'1'"- '
һ
‘1 * ' * я
Бесініиісі, Абай философиясы , бұның жүйесі туралы
қайшылықгы пікір үстем болуы. ¥лы ойшылдың «философиялык
көзқарастары» («философские взгляды») деген түрде, «мейлінше
түгел қамтып, тексеріп, талдай» (20 т., 181 6.) білуге үйрететін
Мұхтар Әуезовтің ғылыми-теориялық, эдістемелік, эдеби-көркем,
философиялык мүралары жетік ескерілмеді. Абай өмірі мен
шыгармашылыгы кеңес заманында, КПСС-тің гылыми-теориялық
арнасы болып саналатын - марксизм-ленинизм тұрғысынан жан-
жақты зерттеліп, багаланды деуге дерек тым әлсіз сияқты.
«Таптык» пен «партиялық көсемдіктің» қыспағында күн кешкен
үлы Мүхтар Әуезовтің теңцесі жоқғылыми ерлігі мен табандылыгы
арқасында Абай дүниежүзі халықтарына үлы ақын, ағартушы
118
ретінде танылды. Осы тұрғыдан Абай шығармашылығына жэне
саяси-әлеуметтік қызметіне талдау жасалып, баға ретінде соңғы
нүкте де қойылған сияқты. Абайдың әлемдік тарихи тұлғалар
катарында аталу себебі әлемдік өзгерістер мсн қазақ халқының
мемлекеттіктәуелсіздігі жариялануынатікелей байланысты.
Бұқара халықтың санасында Абай ақын, ағартушы, әнші-сазгер,
моралист ретінде танылды. Абай ойшылдығының сыры, бұның
философиялығында, ал философиялығы—бұның жүиесінде екені
ескерілмеген сияқты. Бұндай ой толғаныстары тіс жарып сыртқа
шықпаған еді. Не іс істелсе де, не сөйленсе де партия атынан
сөйлеуге әбден «пісіп»жетілген санамыздыңталғамы санаулы, қол-
аягы байлаулы болатын. Сондыктан да үнемі күтетініміз партиялық
нұсқау еді. Қазақ ғылымында қазақ философиясы тарихын, бұның
ішінде Абай философиясын зерттейтін бағыт жаңа қалыптаса
бастаған сиякты. Абайдыңжалпы көзқарасынзерттеуде, бағалауца
орыс мәдениетінің ықпалы айрықша дэріптеліп, ұстем пікірге
айналды. Бұл дұрыс та болар, бірақ «партиялықгың» әсерімен сыңар
жақтылыққа бас ұру үстем бағытқа айналды.
Абайдыңтарихи түлға бітімі қалыптасуының халықтық, ұлтгық
тамырлары философиялық тұрғыдан жан-жақты зерттелмеді.
Әсірсе, леп белгісі айдарымен айтылатын жайт: ол - ұлы ойшылдың
казақ сөзін философиялық деңгейге көтеруі. Бұлай деу, адамзат XXI
ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде, қазақ сөзі бүгінгі
күннің біл імі, ғылымы, өндіріс технологиясының тілі болуға, дүние
жүзі қауымдастығының бір отауы болуына шама-шарқы толығынан
жетеді деген сөз. Бүған қоса, қазақ сөзінің танымдық жэне
логикалық өрісін кеңейтіп, мазмүндық маңызын да байытты.
Құдайберген Жүбанов пен Мүхтар Әуезов айтқандай, қазақ сөзіне
жаңашыл үн мен сипат беріп, қоғам өмірінің қай саласында
болмасын мэнін арттыруғажол ашылды деген сөз.
119
2.2.2 ЖҮЙЕ АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДА БАР МА?
«Жүйе» ұғымы сөз тіркестерінде қошеметші түсінік емес.
Философиял ық тұрғыдан қарайтын болсақ, заңдылық қағидасына
бара-бар ұғым. Жаратылыстану, қоғамтану, философия ғылымдары
тарихынан ертеден аян адам көзқарасы белгілі бір жүйелілікке
негізделеді. Абайдың философиялық көзқарасын эр саққа жүгіріңці
қылып, «бар» мен «жоқтың» арасында шарасыздықтың әлегінен
бос сенделудің сыры да осында болар. Жүйе үғымы философия
тарихында ерекше орын алатыны белгілі. Осыған байланысты жүйе
ұғымын сөз тіркестеріне оңды-солды қыстыра салу қисынсыз,
орынсыз болар. Демек, жүйе үғымы философия тарихында адам
көзқарасының танымдық, логикалық та бағыттылығын, ойлау
мәдениетін де қамтитын заңдылық. Бүлай болғанда Абай
философиясы жүйесін талдау мақсатын анықгау үшін өлең сөздеріне
социологиялық талдау жүргіздік. № 1 ,2 , 3, 4, 5 Кестелерде
қорытындылап, түжырымдаған едік.
Абай философиясы жүйесін дэлелді негіздеу мақсатында Абай
әлемі дамуы заңцылығын: «көзқарастық он бағыт», «адамның
өзіңцік жасампаздық күштері» кағидаларына сүйеніп, Абай Үшкілін
«ниеттеніп білмекке» бет алдық. ¥сынып отырған тың қағида -
«үшкіл» мен «жүйе» ұғымдарының ғылыми-теориялық, логикалық
мүмкіндікгерін пайдалана отырып, Абай философиясында «жүйе»
бар деген түлғалы ойдын сырын «ниеттеніп білмекке» үмтылыс
жасамақпыз. Абай философиясы төңірегінде эрғилы пікірлер
тоғысқаны ғылым тарихынан белгілі. Бірақ бұлардың басым
көпшілігі Абай философиясы жүйесін жокка шығарады. Абай
философиясы төңірегін панапайтын пікірлердің басым көпшілігі -
Абайда «даналарға тэн философиялық ойлар» бар, сүйтсе де
философиялық жүйе жоқ - деген пікірге ат басын тірейді. Бұл
тұжырым пікір ұлы М ұхтар Ә уезовтің Абайға арналған
монографиясында, басқа шығармаларымен салыстырғанда,
«эдебиет тарихшысы» ретіңде толығырақ қамтылған. «...Абайдың
120
шы ғармалары нан көрінетін философияға қатынасы бар ойлар туралы
біраз сөз айтып өту керек» деп бастап, пікірін: «Абай мұраларын
зерттеушілердің кейбіреулері, - деп әрі жалғастырады, - «Абай
философиясы» деген тақырыпты бөліп апып, тексеруді талап етеді.
Абайды философ деп атап жүргендер де табылады. Анығында, бұл
жөнінде дұрыс түсінік керек. Шын мэнінде алғанда, Абай философ
емес. Ғылымдық кең мағынасында Абай философ емес дей-
тұғынымыз - оның арнап жазған, философиялык жекеше терең
толғаулы еңбектері, трактаты жоқ. Қорытып айтқан системалы
философиялык көзқарасы болса, Абайда ең алдымен жаратылыс
туралы, адам ойының, познаниесініңжүйеліктұрғысынан қараған,
өзіндік өрісті оқуы, учениесі болса керек еді. Өз алдындағы адам
баласының дүниелік әдебиетіндегі зор мәдениетімен жэне, эсіресе,
орыс халқының классик эдебиет дэстүрлерімен жақсы қабысып,
табысқан оқымысты Абай бар еді. Сондайлық дәрежеде өз
алдындағы философиялык ғылыммен, оның ішінде эр дәуірдегі
философтармен жалғасы, байланысы болса керек еді. Бұл жөнінде
тек Сократ туралы Платонның еңбектерінен жэне Ксенофонттың
естеліктерінен алынып, Абай қара сөздеріне кірген бір әңгіме-
толғауды ғана мысалга келтірмесек, басқа философтардың Абай
Оларды кабылдау түрінде де, сынау ретінде де Абай өрлі ой
жүргізген емес» (20-тп, 180 б.). Міне, Абай философиясы жайында,
бұның өрісі, жүйесі туралы айтқан Мұхтар Әуезовтің кайшылықты
ой толғаныстары. Бұдан эрі Абайдың элемдік (антик, Батыс,
Шығыс /қалам иесі/) философияға деген қатынасы, байланысы
жөніңце ойларымен таныса отырып, Абай философиясын зерггеуцің
қажеттілігін негіздегенде, Мұхтар Әуезовтің, осы турасыңда айтқан
ойларымен де танысайық. «...Абайдың дүниежүзілік философия
ғылымымен ой шенестірген, жалғасқан еңбектерін көрмейміз.
Өзінен туған, өзіндік философиялык системаны танытзтын арнаулы
трактат тағы жоқ дедік. Олай болса, анығын аитқанда, «..Абайдың
философиясы» деген тақырыптарды оның кейбір өлендерінен жэне
121
біраз қара сөздерінен теріп -сүзіп қана қарауға болады»
(Сонда,181б.) деп, Абай философиясы жүйесін жоққа шығарып,
бүл салада еңбектеніп жүрген ғалымдардың жүрегін шайылтып,
орта жолдан қайтуға қамшы болған сияқты.
Абай философиясын зерттеудің қажеттілігіне тоқтаған сәтте
ғалым-жазушы ойы өзі ұсынған қағидасын өзі жоққа шығарады,
бірақ үмітін болашақ буынға артатынын да байқамасқа болмайды.
«Ж алғыз-ақ осымен қатар», - дейді Мүхтар Әуезов Абай
философиясы тағдырын сөз еткен жайда, - «біздің тағы бір баса
айтатын пікіріміз, Абайды философиядан мүлде аулақгатып, жырып
тастаудың да жөні жоқ. Өзіндік философиялық системасы, жекеше
философиялық еңбектері болмаса да, Абайдың барлық мүрасын
алғанда (лирикасы, поэмалары, қарасөздері) көп шығармаларында
көрініп отыратын анық ойшылдық көзқарастар, терең толғаулар
болады. Бұлар, міне, қатты ескеріліп, анықтап зерттеліп отыруға
керек. Жэне осындай ойшылдық белгілерін жеке философиясы деп
атамасақ та, ақынның даналық, философиялық көзқарастары
(философские взгляды) деген түрде, мейлінше түгел қамтып,
тексеріп, талдай білуіміз керек» (Сонда, 181 б.) — деп, қорытынды
ойын түйіндеген. М үхтар Ә уезовтің жоғарыда келтірген
қайшылықты ой толғаныстарында Абай философиясы туралы
кездестін «дұрыс түсінік керек», бүның «тағдырын сөз еткен жайда»
деген түйін баға да қайшылықты ойдың шырмауында қалдырады.
Сүйткенімен де «Абай философиясы тағдырын» талда, тексер, бүл
турасында «терең ғылым» тұрғысынан ойлан деп ақыл сөзін
тыңцағандай күйде қаласың. Тағы бір өте ескеретін жайт: ол -
жалпы қазақ философиясы, бұның ішінде Абай философиясы
келешек тағдыры турасында Мүхтар Әуезовтің ой толғаныстары
қазіргі ұрпақты терең ойға батыратыны сөзсіз. Абайдың
«философские взгляды» т.б. Абай философиясына қатысты Мүхтар
Әуезовтің ойларын, өзі айтқандай, «мейлінше түгел қамтып», мұқият
болайықшы. Абай жанкүйерлерінің болашақ үрпақтары осы ой
122
мекеніне элі талай, талай оралып, ат басын тірер. Мен осыған кэміл
сенемін. Даналарды танып білу үшін ғасырлар өтер.
Ұлы Абай даналығы әлемдік тарихи тұлғалар қатарында
танылуына жүз елу жыл қажет болды ғой. Неге?! - деп сұрақ
коюдың өзі орынсыз болар. Даналар — ғасырлар сынынан өткен
ұлылар тұлғасы. Бұлар ғасырлар басынан аттап, мэңгілікке бет
алған: адамдық, кісілік—гуманизм жэне ғылым дэуірлері. Абайдың
даналық қасиетінің бір сыры туралы Мұхтар Әуезов өз ойын:
«Абайға келгенде»,- деп толғайды,- «осыған шейін біз тексеріп
өткен, оның өз заманындағы қоғамдық мэселелерге ақындық,
көркемдік, эстетикалық мэселелерге. тэрбиелік, ұстаздық,
педагогикалық мэселелерге жэне, эсіресе, адам мен адамгершілік
ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар толып жатқан
бөлек-бөлек бір көлемді, эр сапалы ойшылдық пікірлері бар екені
даусыз. Соларының барлығын біз, әдебиеттарихшысы есебінде,
оның эр шығармаларының әдебиеттік сапасын тексеру, талдау
үстінде еске аламыз. Ал енді, жақын заманда қазақстандық
элеуметгік, философиялық ойдың өсу тарихын зерттейтін марксшіл-
лениншіл жана философтарымыз Абайдың жаңағыдай мүраларын
түгелдей теріп, терендеп талдап тексеруге мейлінше болады. Үлы
ақынның даналық мүрасы турасында сондай еңбектер ету, үлкен
шартта болады» (Сонда, 182 6.). «Абайдың даналық мүрасында»
деген Мұхтар Әуезовтің жиынтық баға ой тұжырымы Абай
философиясы жүйесін танып білуде ғылыми-теориялық қызмет
атқаратыны сөзсіз. Сонда «даналық мүрасы» сыры неде? Иэ,
шыныңца неде?-деп өзімізге сұрақ арнап, жауапсыз қалдырмасқа,
неге ойланбасқа?
Диалектика түсінігінде таным дегеніміз қайшылықтарға толы
ойлаудың белгіл іден белгісізге аттанатын азапты, тарихи жолы. Тағы
да шыңдай түссек, бекіте түссек, азапты жол деудің сыры ескі мен
жаңаның жағаласып, арбасып, арпалысып өмір сүруі. Таным
қашанда күрес, талас-тартыс үстінде болып, қылыш жүзімен жүру
деген сөз. «Жүйе» ұғымы Мұхтар Әуезов айтатын Абайдың
123
«даналық, философиялық көзқарастары (философские взгляды)»-
деген ой толғанысымен тікелей байланысты. Осымен катар
«Абайды философиядан мүлде аулақтатып, жырып тастаудың да
жөні жоқ» (Сонда, 181 б.) деген Мұхтар Әуезовтің астарлы ойы
бүгінде ескерусіз қалуы мүмкін емес. Ұлы ғалымның Абай
философиясы жүйесіне іштей сенімі берік болган деп болжам айіу
орынды да, эрі негізді. Тагы қайталап айтсақ, Абайдың қырықтан
асқан шағында даналыққа бет қойған сәтін: «Әр нәрсе туралы
ғылым-философияға сүйенген арнаулы көзқарасы бар, сыны бар
қырағы озғын азамат болып, жекеленіп шыға бастайды» (Сонда,
546.) дейді Мүхтар Әуезов. «Арнаулы көзқарас», сөз қуғандықемес,
қагидалы ой іздестірсек, «ғылым-философиясын» ескерсек «жүйе»
ұғымына бара-бар ой айтып отырған жоқ па?! Осы ойда бекініп, -
айгпагымыз кейбір зерттеушілердің Абай философиясыңда «жүйе»
жоқ деген үстірт, сыңаржақты, сенімсіздік туцырагын ойдан өзгеше,
керісінше ізденіске жетелейтін <окүйе бар» деген пікірді «мейлінше
түгел қамтып тексеріп, талдауды» дұрыс көрдік. Абайга арналған
монографиялық еңбегінде «жүйе» үгымына тікелей қатысты, эрі
ғылыми ізденістің басты бағытын анықгайтын ойын Мүхтар Әуезов
былай деп түйеді: «...ақынның жас шагынан бастап, қайтыс
болганына дейін қатар ілесіп отырған ақындықжолын шоламыз.
Ақын өнерінің дамуына, ойларының өсу өрістеуіне сәйкес тексеру
болады. Жоғарыда аталған ірі тақырыптардың(ақындықерекшелігі,
тіл өзгешелігі, орыс классиктерімен жалғасы, эстетикалық,
педагогикалық, философиялык көзқарастары, тарихтық қоғамдық
идеялары т.б.) бэрі де нақтылы шығармалардың жан-жақты
өзгешеліктерін сынау, талдау ретінде қамтылып отыратын болады»
(Сонда, 92 б.). С оны м ен, «даналы қ м ұрасы ны ң» «ірі
тақырыптарының» бірі - Абаңцың «философиялык көзқарастары».
Абай философиясын зерттеудің эдетке айналган, «бас изейтін
шыбындап» дегендейін ерекшелігі: «мүнда жүйе бар» деген ойдың
мүлде ескерілм еуі. КПСС үстем дігі және идеологиялық
басымшылығы дәуірлеп тұрған заманда Абайды философ деп,
ойшылдың философиясынан жүйе іздестіру «күпірлік» болар еді.
124
Абайдың философиясына талдау жасаудың арқауы — ұлы
ойшылдың өз шығармалары емес, басқадан, өзінен емес, біреуден,
сыргган іздестірдік. Философиялык материализммен салыстырып,
марксизм-ленинизм өңірінен іздестіріп, әуре болдық. Әрине,
диалектиканың ұксастық, салыстырмалы, жан-жақтылық әдістері
талаптарын жоққа шығару орынсыз болар. Бірақ Абай философиясы
жүйесінің тарихи, халықтық және ұлттық тамырлары, қасиетгері
ескерілмеді. Абайға «байшыл ақын», «таптық» сана сатысына
көтерілмеді деп те орынсыз кінэ тақтык. «Абай байшыл табының
ақыны. Неге деп шошымаңыз, айтайын, - дейді Сәбит Мұқанов, -
«Абайдың өлеңінің жалпы сарыны ірі екі түрге бөлінеді: біреуі -
ескішілдерді сөгіп, олардың надандығына, бақ құмарлығына кею.
Екіншісі — елді өнерге, оқуға шақыру. Бұл екеуі де — жанашыл
байшылдықтың өркендеуге бет алған кезінде басталатын
жұмыстар. Абай қиялшыл, қиялшылдықтыңөзі байшылдыктың
үлкен тірегінің біреуі. Абай байшылдықтан қашса да қүтыла
алмайды. Ондай зерттеген кісіге байшылдық - ұлтшылдықтың түп
қазығы» (Абай. Әдеби-көркем тпәуелсіз журнал. № 1. 1992, 55
б.). Бұған қосымша түсінік айту қажеті шамалы болар, бірақ
айтпағымыз Мүхтар Әуезовтің үлы Абайға берген «тікелей
халықтығы» туралы бағасы. Бұл мәселеге бірінші бөлімнің бірінші
тарауыныңЗ, 4,5 тармақтарында арнайы талдау жасадық. К. Маркс,
Ф. Энгельс, В.И. Ленин ілімі: ғылыми социализм, саяси экономия
жэне философия салаларынан түратын үйлесімді жүйесін табиғат,
қоғам жэне адам туралы ғылымдарда мүлдем жаңа көзқарастық
төңкеріс жасады деп, «мінсіз», «кіршіксіз» таза, бірден-бір эділ ілім
деп КПСС «кеңес» адамдардың құлағына тыққыштап, миына
қүйды. Мүның дұрыс-бұрысымен есептесіп санаспады. КПСС
үстемдігі түрғысынан бүл дүрыс болса болар, бірак қалың бүхара
жүртшылығы қалауынан шыкпады.
Абүйыр атац сол жанда -
Кімді көп жүрт мацтаса.
125
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?
Көп тәңірі атқан мақтай ма,
Ол тәңірі атқан болмаса?
Жоцты-барды шатпай ма,
Көптің өзі оңбаса? —
✓
демей ме ұлы Абай. Көптің «мақтауын таппаған» КПСС патшалық
тәжінен айырылды. КСРО ыдырап, құлағаннан кейінгі болып
жатқан әлемдік өзгерістер осының сөзсіз куәгері. Ондаган томдарды
қамтитын философия мэселелеріне Абай арнайы трактаттар
жазбады деп, не Батые, не Шығыс философиясына немесе жеке
ойшыл философтарына арнап еңбектер жазбады деп, ұлы ойшылға
философиялық ойлылықты, жоғарыда ұсынған «он бағытты»
қимаған боламыз ғой. Әлі де болса жете мэн берілмей келе жатқан,
әсіресе Абай философиясы жүйесіне тікелей қатысты пікірлерді ұлы
ойшылдың өз шығармаларынан іздестірген жағдайда дұрыс бағыт
ұстанатынымыз анық.
Бүгінгі кезеңнің жаңашылдығын терең сезініп, таптық,
партиялық идеология өктемдігі, қысымы орнатқан қүлдық
психологиясынан, жағыну мен табыну психологиясынан біртіндеп
айыгып, арылуымыз ауадай қажеттілік.
Марксизм-ленинизмді пролетариаттың козқарасы, ілімі деген
алдамшы, бояма дақпыртты бетке ұстап, КПСС тарихты өрескел
бұрмалауға жол ашты. «Таптық», «партиялық көсемдіктің» атын
жамылып, адам құқыгын бұзып, білім мен ғылымды саяси
арандатушылық құралына айналдырды. КСРО құрамына кірген
ұлттарды, халықгарды куғын-сүргіннің қыспағында ұстады. Абай
болса саясаттан да жогары тұрған гуманизм атты қоғамдық күшті
жақтап, оұған деген сенімі зор еді.
«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар»-дейді үлы
Абай. «Содан қашпақ керек: Әуелі - надандық, екінші -еріншеюік,
126
ү ш і н ш і
-залымдықдеп білесің». Бұлардың әрқайсына мінездеме
берген.
«Надандық—білім-ғылымның жоқтығы, - дейді ұлы гуманист
Абай, - «дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік
хайуаңдық болады. Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дүшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бэрі осыдан
шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына
дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына
қосылады» (Абай (Ибраһим) Қ ұнанбаев). Екі томдық
шыгармалар жинагы. Алматы: Жазушы, 1986. 2-т., 152 б.) деп,
гуманизмнің қас жауларының мұрындарынан тізіп түрып әшкере
етеді. Абай айтқан адамды «қор қылатын үш нәрсе» әкімдер
тарапынан, билік айтып заң шығарушылар жағынан байқалса қоғам
өмірі қара түнекке батады ғой. Осының зардабын қазақхалқы үш
ғасыр бойы В.И. Ленин айтатын «халықтар түрмесі» атанған орыс
патшалығы боданы болып, бүдан соң 70 жыл бойы КПСС
үстемдігінің қүрбаны болган шақга көрді ғой. Осының ызғары эліде
болса Абай өмірі мен қоғамдық қызметін, ойшылдығы мен ғылымын
тануца өз танбасын қалдырғандай.
Халқымыздың мыңжылдық тарихы мен үлттық, батырлық
бітім түлғасы дарытқан, Абайдың өлең, философиялық сөздерінің
тума тамырлары. Бүны неге ескермеске? Бүл дегеніңіз бүтін қазақ
халқын дараландырып бейнелейтін үлттық тарихы, яғни тілі мен
рухы, жері мен мекені, шаруашылығы мен түрмыс салты, елі мен
мемлекеттігі, діні, сана-сезімі, білімі мен ғылымы, өнері мен
мәдениеті. Ең алдымен, халқымыздын осы қасиеттері Абайдың
дүниеге көзін ашып, үлылығын, даналығын қалыптастырды,
халықгық және үлтгык қасиеттерін де тэрбиеледі.
Д ана Абайды ң:
Жацсы-жаман көргенің -
Ойлай берсең, у екен, - деген ғылыми ізденістен қағыс қалған
даналық ойы XXI ғасыр өркениеті жанашыры болатыны сөзсіз.
127
Абай қазақхалқыныңұлы перзенті. Қоғамдық, саяси-элеуметтік
жэне мемлекет қайраткері биігінен ойлап, ақын, ғалым, философ
сапасында өз ш ыгармаларын қазақш а ойлап, ана тілінде
тұжырымдап, түйіндеп барып жазды. Абайдың әлемдік тарихи
тұлға бітімі қалаптасуының сыры да осында болар. Себебі, Абай
әлемдік өркениет туыидысы. Абай философиясы дүниежүзілік
философияның табиғи жалғасы ретінде дамыды. Әлемдік
философияны қазақша сөйлетіп, қазақша ойлаудың қүралына
айналдырды. Абай философиясының басты ерекшелігі—ұлттық
сипатында. Мүны ескермесек, қазақхалқының тарихын да, тілін
де, мәдениетін де мойындамаған боламыз ғой, осымен бірге Абай
философиясы жүйесін де.
I
2.2.3 «ЖҮМБАҚ» АДАМ СЫРЫ
Абай ойы ны ң «ж үм бақты гы » сы ры н ойш ы лды ң өз
шығармаларынан іздестіруіміз қажет.
«Терең ой», «терең ғылым», «шын ақыл» т.б. Абайдың ғылыми-
теориялық қағидалары, бүның ішінде: «көзқарастық он бағыт» жэне
«адамның өзіндік жасампазық күштері» деген мәселелердің Абай
Үшкілі жүйесінде алатын орнын анықтамақпыз. Бұлар болса
теориялық, эдістемелік те тың талғам. «Үшкіл» жэне «жүйе»
үғымдары Абай философиясын «мейлінше түгел» қамтып, тексеріп,
талдауға мүмкіндік береді. «Үшкіл» үғымы Абай шығармашылығы,
Мұхтар Әуезов айтатын, «әдебиеттік сапасын» ғана емес,
философиялық та сапасын тексеретін ғылыми теория да, әдістеме
де. Абай түсінігі, білімі, ғылымы мен ойлау мәдениетіне тэн өзіндік
таным мен логикасы бар десек, қалай, ақиқатқа жанаса ма? Немесе
Абай шығармаларында: мынау философиялық материализм, анау
болса таным іл імі, логикаға арналған еңбектері жоқ деген сылтаумен
философ иясына тэн жүйесін жоққа шығарамыз ба?
Танымдық жэне логикалық жағынан, Абай философиясы
мәселелерін үғуға мүмкіндіктер тудыратын торапты, эрі түтастық
128
мәніндеі і ұғы м: ол - үшкіл - АбайҮ шкілі. Бұл әсірелеп дәріптеудің,
қошеметшіл, айғай ұғымы емес. Абай туралы, ойшылдың
шығармашылығы на деген Мұхтар Әуезовтің көзқарасымен мүкият
танысып, еңбектерін оқып, бұларды «мейлінше түгел қамтып»,
зерттеп барып, тереңіне бет қойып тексергенде сұрыпталып,
байытылып, тұжырымдалып логикалық абстракция деңгейінен
көрінетін ұғым: ол, тағы қайталасақ, «үшкіл». Осынау Аристотель
дәуірінен адам үрпақтарын толғандырып, адам ойын сан атырапқа
жүгірінді қылып, ойлау сарабын да не түрлі қайшылықтардың
түйіншектерін шешуге мэжбүр ететін адамныңтіршілік қаракетгері:
табиги, қоғамдық, әлеуметтік жағдайлары. Философия тілінде: адам
мен болмыстың сан алуан байланыстары дейміз. Ал, бүл болса,
философия өрісінде үш салалы ілім, атап айгсақ: онтология (болмыс,
барша туралы түсінік), гносеология (таным туралы), логика (ойлау
туралы). Философияның осы аталған ең көне мәселелеріне Абайдың
қатысы бар ма? Себебіне келеек, Абай философиясы туралы
жоғарыда келтірген ой талғамдары, пікірлер түрағы жиналып, теріліп,
толғанып келіп: «Абай философ па?» деген сүраққа келіп тірелетінін
айтгық. Соңда зертгеушілердің басымы: «Философ болу үшін, өзінің
учениесі болуы керек еді. Бірақ Абайда ол жоқ» деп, әрі бармай,
әуре болмай, орта жолдан қайтатын. Абай философиясы
«жұмбақтығы» сыры «қазақтың ұсталмаған, ысылмаған жуан
тіліне», «тереңнен толғайтын (пәсапалық)» сипат беріп, әлемдік
философияның дэстүрлі салалары туралы өз ойын, пікірлерін
халқына, ұлы ойшыл анатілінде жеткізуге бар саналы өмірін сарп
етгі. Мұхтар Әуезов айтқандай, Абай даналығының «философиялық
биікке өрлеуінің» сыры да осында болар.
Абайдың өлең жэне философиялық сөздерін мұқият қадағалап
оқуға талаптансақ, сонда айрықша байқалатыньк ол —
Абай танымы
мен ойлау мәдениеті, бүнын дамуы, қалыптасуының заңдылығы.
Заңдылықдегеннің мәнісін, Абай шығармашылығы шеңберіне кірген
мэселелердің философиялық сапасын тексеріп, түсінуге
129
талаптансақ: ол - үшкіл диалектикасы. Қазақ сөзін философиялык
сыннан өткізіп, мүның философиялық мүмкіндіктерін жан-жақты
талдап, логикалык абстракция деңгейіне көтерген Абай. Философия
тек грек, араб, неміс, орыс тілдерінде ғана емес, қазақтілінде де
сөйлеуге мүмкіндігі барын дәлелді негіздеген Абай философиясы.
Қазақ сөзі дүниежүзі философиясының дэстүрлі салалары:
онтология, гносеология жэне логика мәселелерін талдауга қабілеті
толығынан жететінін іс жүзінде танытгы.
Абай көне гректердің «жан», немесе Демокриттің «атомы»,
Платонның «мэңгілік идеясы», Аристотельдің «категориясы»,
Спинозаның «субстанциясы», Декарттың «дуализмін» дәріптеп,
немесе материализм, не идаелизм деп сандалган жоқ. Болмаса, т.б.
«измдерді» машақтанып, көшірмесін жасаған жоқ. Абайда да
даналаргатэн өзіндік сезім күйі, дүние тану мен ойлау мәдениеті
болган жоқ деу - Абай жанашырларына өрескел көрінер.
Өткен замандарды Абай мұқият тексеріп, танып, біліп, жан-
жақты ескеріп, тарихына үңілді. Өз гасыры сүранысына сай Абай
қазақ сөзінің үні мен талабын, мәні мен мазмүнын, қогамдық қажеті
мен әлеуметтік деңгейіне, танымдық жэне логикалық мэніне
жаңашылдық кіргізген Абай—реформатор, төңкеріс жасаган акын,
ғалым, философ, қоғам жэне саяси қайраткер. Абайды сазгер деп,
махаббат жүрек сыры пернелерін шерткен ақын, жан дүниеміздің
<окүмбақтыгын» терең сезінген ақылшымыз деп қабылдау дағдыга
айналган. Бұл дүрыс та шыгар, себебі Абай — кімге де мэңгілік
серік. Кімнің де жогын іздеп, мұңын шагатын еңжанашыр, жақын
адамы. Бір гана кілтипан - ақын, агартушы, сазгер деген багалар
қогамдық санада берік орныққан сияқты. Бірақ Абайды ойшыл
философ деп, Абайга сый-қүрмет көрсетуге қазактың оқыгандары,
эсіресе гылыми интеллигенциясы сенімсіздік білдіретін сиякты.
«Үшкіл», «жүйе» үғымдары Абай философиясы жүйесін зерттеуде
дұрыс багыт ұстанып, гылыми-теориялық мэселелерін анықтап,
әдістемелік қүралдарын да жиынтықтауға мүмкіндік жасайтынын
130
бастан ескертіп, шамамызша дәлелді негіздеуге бет алғанымызды
айтып келеміз.
Үшкіл мен ғылым тұтастығы ойшылдың дүниетанымы мен
ойлау мәдениетінде диалектика ұшқыны бар екенін аңғартады.
Диалектикаұшқыны бар дегеннің мәнісі—Абай философиясы «көр-
жерді» емес, күрделілікке, нақтылыққа, таным мен логиканың
тақырыптық, мазмүнды бағыттылығын ашатын зандылықты үғуға
көмектеседі. Жиынтықтап түжырымдай келіп, жоғарыда айтқан
пікірімізді қуаттай түспекпіз. Күрделі-ау дейтін екі бағытгың басын
ашып мэні, мәнісі мен мазмүнын «ниеттеніп білмекке» ұйғардық.
Сонда, басын ашып айтсақ, үсынатынымыз:
Достарыңызбен бөлісу: |