Монография «Тұран-Астана»


қолданусыз  қалып  отыр.  Енді  біз  соны  Абай  бабамыздың



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата02.03.2017
өлшемі20,38 Mb.
#5134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

қолданусыз  қалып  отыр.  Енді  біз  соны  Абай  бабамыздың 
ғылымында,  философиясында  «жүйелік»  бар  ма,  «жүйелілік» 
қағидасы қалай көрініс тапқан, осылар болса -  қандай деңгейде 
дегенді қарастыру үшін қолданып көрейік.
Сонымен  д е,  Абай  бабамы зды ң  ғылымының  да, 
философиясыныңда құрауыштары болуға лайықтүсініктері мен 
ұғымдары һэм қағидалары мен нәтижелік түжырымдамалары жетіп 
артылады екен. Солардың бастарын қоса отырып, Абай солардың 
көмегімен нендей дэрежелерге көтерілді? -  деген сұраққа жауап 
іздесек. «Абай -  әлеуметганушы һэм қоғамтанушы-қайраткер», 
«Абай -  саясаттанушы һэм саясаткер», «Абай -  мәдениеттанушы 
һэм кемеңгер: сазгер, эн шығарушы-композитор, ақын-жазушы, сөз
21

зергері,  моралист»,  «Абай  -   педагог  һәм  агартушы»,  «Абай  -  
философ  һәм  ғалым»,  «Абай  -   тарихшы  һәм  халық  өмірінің 
ш еж іреш ісі».  М інеки,  «ж уйелілік»  кағидасының  ерекш е 
«мезоскопиялық» түрде көрінуінің нәтижесі -  белгілері осыңдай.
«Жүйелілік» қағңцасының қолданыс табуыныңұғыныкты болуы 
үшін тағы бір бүгінгі Қазақстан жагдайынан мысал келтірейік. Ел 
рәміздері: Ата-заң, Ел-таңба, Ту,  Ән-ұран;  Парламент,  Ақ-орда, 
Президент, атқару жэне басқару органдары -  институттары т.б. 
бір үғымға қүрауыштар болып саналады: эр құрауыштыңөзіндік 
сыр-сипаты бар, іс-әрекеттік қолданылуы бар, бірақ осылардың 
ешқайсысында жекелеген түрде астаналық сипат жоқ. Ал, егер 
осыларды  жүйе түрінде  бастарын біріктіріп,  «мезоскопиялық» 
қағидасының орындалуын талап етсек,  онда ерекше сипаттағы 
астана болу -  «Астана» ұғымын аламыз.
Дәуренбек Әзенұлы  ӘУБӘКІР, 
философия »ъілымдарының докторы, 
Л.Н. Гумилев атыңдағы Е¥У профессоры, 
ХАА, ХЭҚТҚА академий, «Ноосфера жәие Тұракты даму»
ЭкБ-орталыгы директоры орынбасары (Е¥У жаныңдагы)
22

ӨЗЕКТІ  ӨРТЕГЕН  ӨМІР
Алғысөз  орнына
Осы  бір теңдесі жоқ ғылыми  еңбектің бір арнаға тоғысып 
жинақталғанына жиырма жылдай уақыт өткен екен. Күні-түні көз 
майын тауысып, ғұмырының жартысына жуығын Абай мен Мұхтар 
еңбектерінен бас алмай, ғұламалардың ой тереңіне үңілумен өткен 
еңбекқор ғалым—Шақанай Әміржанүлының бүл дүниеден өткеніне 
жеті жылдан аса мезгіл де өтіп кетті.
Абай мен Мүхтар идеяларын философиялықтүрғыдан жүйелі 
түтастықта біріктіре зерттеген,  талай мэрте түзеуден,  күзеуден 
өткізіп, сан рет қайталап жазып, докторлық диссертацияға арналып 
жазылғанымен, өкінішке орай, қорғауға қанша талпынса да, жолы 
бола  бермей,  тауы  шағылып  кері  қайтса  да,  беті  қайтпай, 
бірбеткейлік танытып, болашақтан еш үмітін үзбей, соңғы демі 
таусылғанша қолынан қаламы түспеген. Келешек үрпақ алдындағы 
парызын абыроймен атқаруға жан-тэнін де, уақытын да аямаған.
Шақанай Әміржанүлы бір кездері Павлодар облысы бойынша 
аймақтық  ақпарат  қүралдарының  таралуы  мен  елдің  саяси 
сауаттылығына қырағы көзбен қарап отырушы, Кеңес өкіметінің 
идеологиясының белді де білікті, білімді саясаттанушысы, үгіт- 
насихатш ысы,  к ең есш ісі  эрі  философиялық  (даналық) 
қағидатгарына сүйене отырып, ақылға салушы, ақпарат атаулыны 
сүзгіден өткізгендей мың қарап, сараптаушысы, алдыңғы қатардағы 
заманының озық ойлы ойшыл ғалымы да болды.
Сондықтан да болар, өз заманына сыни көзбен қараған Абай 
мен Мүхтардай жүректері қазақ үшін соққан асыл азаматтардың 
эрбір  сөздерінің  астарынан  қүнды  саяси  деректер  іздеуден  еш 
жалықпаған. Абай заманы келбеті, Мүхтар заманы бейнесін, қазіргі 
кезеңнің көрінісін түтасымен біріктіріп, жалпы адам деген жұмыр 
басты пеңденің бүл гүмырдағы тірлік-эрекетін сипаттайды. Батыл 
шешім жасап, ащы шындықты Абайша да ашу-ызымен айта алған.
23

Кеңес өкіметі тұсында саяси сауаттылығымен көзге түскен 
ғалым ағамыз екі ауыз сөзді емеуріннен танитынын, эрі өзінің сан 
қырлы дәлелдерімен, дэйеоерімен көзіңді жеткізіп, дала тарихының 
элі 
д е  зерттелм ей 
жатқанын, 
ақын-жазуш ылардың 
шығармаларындағы  астарлы  ойлардың  элі  дұрыс  ашылмай 
қалғандығына жанашырлықпен қарайды.
Қорқытган бастап кешегі күнгі көзіміз көрген Қонаевқа дейінгі 
кезенде -  Қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресінің жалғасқанын, 
қаншама тарихи шым-шытырық оқиғаларды бастан кешкенін, небір 
асыл да ардақты үл-қыздарының қыршын болғанын, өркениетті 
заманда соңғы бас көтеру -  Желтоқсан оқиғасының нэтижелі екенін,
қазақ рухының мәңгілік жасайтынын мақтанышпен айта отырып, 
Абай үшкілін алға тартады. Мың жылғы тарихтың өне бойынан 
адамзаттық, адамдық, имандылық, шындық пен ақиқатты іздеп, 
бүкіл әлем халқы Түркі әулетін мойындауын, Алаш пен Қазақ -  
біртүтас, бір үғым болуын, бірлік барда—тірлік болатынын, өзге 
елге қарап өзеуремей, өзіңе сенуцің жетістігі мол екенін жиі қайтапап 
отырғаны -  нағыз елі үшін жанын қиюға дайын нағыз нар тұлға, 
дегдар,  батыр,  ақылгөй,  данышпан,  көреген  саясаттанушы- 
ғалымның  іштегі  буырқанып  жатқан  жан  айғайы  болса  керек. 
«Жақсылар -  жақсымын деп айта алмайды; жамандар -  жақсымын 
деп айқайлайды» демекші, өзін басқалардан жоғары қойып, «мені 
ғана тыңдаңдар, менікі — дүрыс» деген «пысықтық» танытпаған 
қарапайым ғана қатардағы ғалым болып жүре берген. Біреуге бас 
үрып, жылап-сықгамай, «ешкімніңаузын алмай» (қазіргі заманның 
іңцеті), араға адам да салмай, әитеуір, асылдың қында жатпайтынын 
білген, болашақтан зор үмітін үзбеген кең жүректі ғалым болғанына 
оқырманның  осы  еңбекпен  танысу  арқылы  өздерінің  де  көзі
жететініне кэміл сенемін.
Қонаев пен Қорқыт аралығын түтас қарастыра келіп, алтын 
діңгек етіп,  Абай  мен  Мүхтарды  ортаға ала отыра  қазіргі  жэне 
өткенгі саясаттың демімен терең тыныстағанын байқай аласыз. 
Ойшыл,  философ,  саясаттанушы-ғалым  зерттеулерінде  акын-
24

философ,  ағартушы-демократ Абайдың жэне оны бүкіл элемге 
танытушы -  «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы -  ғұлама, 
ойшыл, суреткер жазушы -  Мүхтар Әуезов туындыларының өне 
бойынан түркі әлеміне деген ойшыл-ғұламалық, сүйіспеншілік, 
отансүйгіштік, жанашырлық сезімдерін, махабатгарын іздеңді. Оны 
іздеудің  себептері  де  жоқ  емес.  Абайдың  шығармаларының 
зерттелуі тек патшалық Ресей саясаты, ал оның занды жалғасы — 
Кенес өкіметі саясатының шеңберінен шықпай қарастырылғанын 
тілге  тиек етеді.  Ал Мүхтар Әуезов  қйын-қыстау заманда,  қыл 
көпірдің үстіндегідей, қалың өрпггің ортасында жүріп, Абай жайлы 
деректер жиыстырып, «Абай жолы» кітабын жазып шыкты. Түркі 
элемінің жарық жүлдызы -  Абайдай данышпан, ғүлама-хакімді 
әлемге танытты. Қазақ деген халықтың бар екенін, оның кім екенін, 
халықтың  сүйікті  үлының бірі — Абай  арқылы  білдірді.  Өзі  де 
танымал  болған,  Мүхтарды  жэне  Абайды  пір  тұтқан Шақанай 
Әміржанүлы Әбдірайымов саясаткерлік шешен тілімен көпшілікке 
түсінікті  етіп,  өзінің  түпкі  мақсатын  айқын  сездірген  еңбегін 
қалдырып отыр. Бүл еңбектің ең соңғы нұсқасының (компьютердің 
жадында қалғанына шүкір!) табылғанына қуана-қуана жарыққа 
шығаруға асықгық. Шақанайдың көп рет түзеті лген бір нұсқасын 
қаншама қайталап оқып, екі жыл бас жағыма жастап жатсам да, 
бірнеш е  рет  компьютерге  тергенім  жоғалып  кетсе  де,  түп 
нұсқасыныңбір күні табылатынына сеніммен қарағаным оңболып, 
туған  күйеу  баласының -  Түяқов  Төлеудің жэне  оның  інісінің
арқасында қолымыз құнды еңоекке жетті.
Шақанайдай ардакты ағамыздың эрбір жүрек соғысы: «Қазақ, 
қазақ!» «Алаш, Алаш!» -  деп соғып, саяси тақырыпқа арналған 
философиялык түрғыдан талданған бүл еңбегінің тамырларының 
ішіндегі, ерсілі-қарсылы аққан қаны: ата-баба мұрасы, өсиеті, бір
сөзбен айтқанда, ел сақтау, жер сақтау,  ибалы өмір сүру, бірлік, 
жақсы тірлік, береке, бақ пен баянды гүмыр кешу; соған барар жолға 
бағыттайды.  Қазақ  басынан  кешкен  бейм аза  тірлік  пен
25

бейқамдылыққа жаны қас Шақанай адал еңбекпен мақсатқа жетуці 
көздейді.
«Қазақ халқының дербес  елдігі  мен тәуелсіз  мемлекеттігі
болса, жаңа ғана аяқтана бастады, бұлар -  әлі тым жас. Қарадан
Президентке дейін қамқорлыққа элі де зэру екенін көріп отырмыз.
Ә сір есе,  халықтық  пен  үлтжандылықтың  қолдауынсыз:
халқымыздың тұтастығын, бірлігін сақтап, нығайпу-мүмкінемес.
Өз елімізде отырып, ана тілімізді заң жолымен қорғауға мүмкіндігіміз
болса да,  пайдалана алмауымыз -  өкінерлік те,  қиналарлық та
жағдай...», - деп, көпті көрген ағалық, даналық, отансүйгіштік наз-
тілегі  айқын  көрінеді.  Шақанайдың  эрбір  айтқан  сөзінің  мән-
мағынасына түсінбей қалу -  мүмкін емес. Өйткені Шақаң талай
жылдар  ақпарат,  үгіт-насихат  шеңберінде  айналып,  кеңестік
кеңеспен қаруланса да, ділін, дінін, қанын сатпай, ақиқат жолын,
шындық жолын үстанды. Кеңес өкіметінің біржақгы, «ұр да жық»
саясатшысы  да  болған  жоқ;  халқының  қамын  ойлау  идеясын 
өркендетуге атсалысты. 
*
«Даму заңцылығы -  қарама-қарсылықтардың күресі.  Бүны 
жоққа шығару — қүр әурешілік, «бахасқа» салынған бос сандырақ. 
Кеңес империясының тірегі болған идеология КОКП-нің«мүлтіксіз» 
көзқарасы қоғамдық санадан оңайлықпен, күрессіз кете қояды деу
— соқырлық  болар.  Ал  ескінің  орнын  басарлық  жаңа  үлттық 
идеология  элі  толғақ  үстінде.  Дербес  елдігіміз  бен  тәуелсіз 
м ем лек еттігім іздің   көзім ен  қарасақ:  ұлттық  т іл ім ізс із, 
мэдениетімізсіз үлттық идеологияныңбір күн ішінде пайда болады 
деу — негізсіз де дәлелсіз», - дейді көреген саясаткер ғалым ағамыз.
Идея кім көрінгеннің қолында: ездің де, ердің де, батырдың да, 
қорқақ пен азғынның да, адалдың да үстанған жолдарынан, сана- 
сезім түисіктерінен белгілі бір топ не тобыр пайда болып, жақсы да 
жаман  ниетте  аумағы  кеңейе түсетіні белгілі, тіпті,  үйреншікті 
жағдай болып кетті.  Әлемде қаншама ағымдар бар десеңізші!? 
Оған эдет-ғұрып, салт-сана, жол-жора, Ата заң, жарғы барл ығын 
қосыңыз. Біздің көп үлтты деп жүрген елімізде қандай ортақ идея
26

болуы керек?  Мінеки, сол жағына келгенде, Шақанай ағамыз тарих
қойнауына тереңдеп кіріп, ой мұхитына сүңгуді, оң мен солды, ақ
пен  қараны  ажыратуды;  өтірік  пен  шындықты,  адалдық  пен
арамдықты, зымияндықты айыруды -  басты мақсат етіп отырады.
Айналып келіп, Абай атамыздың даналық ой-түжырымдарынан
мысапдарды түспал ретінде, нақты дэлел ретінде нақыл-өсиетгерін
келтіре кетеді. Бұны — өнегелі ұстаздың, тэжірибелі үгіт-насихат
жүргізуші саясаткердің байырғы би-шешендерше болжап толғаған,
толғандыратын, көпшілікке ой қозғататын шешімін тапқан, қисыны
келген,  ж өн -ж обаға  лайық  құнды,  салиқалы  сөз  деп
қабылдағанымыз ләзім.
Ғұламалардың туындыларына байланысты сөз қозғау үшін
олардың ой тереңдіктерін айқындаушы, сарапқа салушы, зерттеуші 
ғалымның өзі де сондай дәрежеде болуы тиіс секілді. Абай мен 
Мүхтардың әрбір ой-пікірінің ғибратгық ара-жігін, асыл сөздерінің 
астарын  сан  саладан  салмақтап,  қырынан  да  қиғаштап  көріп, 
тұтастай  да,  бөлшектеп  те  тереңіне  бойлап  та,  алды-артын, 
болашағын ойлап та, көз жетер жеріне дейін қадалып қарап, ойын 
анықгап, өз түжырымын талқыға салып отырған.
Шақаң кіріспе сөзіні ң бір түсында бы лай дегггі:
«Идеология тек қана мемлекеттік санамен, Конституциямен, 
қүқықты қорғайтын заңдармен шектелмейді: мүның тамырлары 
тереңде,  ғасырлар  қойнауларында  жатыр.  ¥лы  Абай  бүгінгі 
үрпактарға аманат етіп тапсырған «Бірлік», «Береке», «Шын пейіл» 
санасымен тікелей байланысты. Әрине, мүны теріске шығару- 
орынсыз сәуегейлік болар. Бірақ бүның бір гэбі бар: Абайдыңойына
сүйенсек:
Үқпайсың өз сөзіңнен  басқа сөзді,
Аузымен орақ орган өңкей қыртың,
 -  дегеннің кебін кигендер 
әулеті. Көбіміз шарасыздыққа тірелген сон, осы киімді киіп жүрдік,
- дей келе, ары қарай ойына ой жалғастырып, - марксизм-ленинизм
-  КОКП идеологиясы, пролетариат көзқарасы деп даңгойланып, 
үлттық көзқарасты менсінбедік. Сірэ, «аузымен орақ орган өңкей
27

қыртың» деудің сыры да осында болар. Басқаша түсінудің қисыны 
жоқ сияқты. Үлттық көзкарасты менсінбеу, елемеу Кеңес империясы 
саясатының таяздығын, бейшаралығын танытып, оның күйреуіне 
тарихи себептерінің бірі болды», - дейді.
Осы  еңбегінде  айтпақшы  болған  тұжырымдарының,  ой- 
мақсатының ал ғашқы нысанасы — осы бір ғана Абайдай ғүламаның 
«қырт» сөзіне тіреліп, осы сөздің мэн-мағынасы, этимологиясы (түп 
төркіні) үлкен саясаттан хабардар етіп, өткен ата-баба ғүмырынан 
бір мысқалдай белгі беретінін аңғартады. Мінеки, қырағы көз, сезгіш,
саясаттың  иісіне  қанық,  биік  құздан,  шыңыраудан  байқағыш, 
бақылағыш Шақанайдай галым ағамыздың философиялык ғылыми- 
зерттеу лабораториясынан, шеберханасынан шыңдалып, суына 
қанып шымырланып шыққан шынайы, сыни сөз салтаулар, шешімді 
де қисынды, таза, түщы, мөлдір, салмақты пікірлері еріксіз назар 
аудартады. Әрі бас алғызбай оқытып, таңғалтады...
Мен екі жыл үзбей, алдыңғы нүсқаларды аударыстырғаннан 
соң ғана өзімше сөз арнаудамын.
ЫСҚАҚОВ Мейрамбек Ризханұлы, 
Астана қаласы № 34 орта мектебінің
қазақ тіл і мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
28

t
БҮГІНГІ КЕЗЕҢ ТАЛАПТАРЫ 
Кіріспе  орнына
Қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  өз  еркімен  бе,  әлде  әзәзіл 
саясаттың айла-амалынан ба, болмаса халықтығы мен ұлтгығының 
оянбағаңцығынан ба, ең болмаса мемлекеттігінің жетілмегендігінен 
бе, элемдік тарих бұл туралы пікірін келешекте айта жатар, бағасын 
бере жатар -  өзекті өртейтін «қүлдық психологиясынан» құтылатын 
күн туар ма екен деген арманға есік айқара ашылмаса да, бірақ 
табалдырығынан өктемдеп, екпіндеп аттады. Бұның жолына өмірін 
сарп еткен ойшылдар кемеліне жете алмай қүрып жатгы, бұлардың 
орнын жоқтатпай бассам ба деген үміткерлер, табанды күрескерлер 
ұрпақтары өмірге үздіксіз, үзіліссіз, толассыз келіп жатты. Әлі не 
түрлі  «шешендері — бұлбұл», «көсемдері — дүлдүл» келер.  ¥лы 
бабаларымыз:  Асанқайғы, Қорқыт Ата армандаған жақсы  өмір 
шагында өсетін мүлдем жаңа ұрпақтар өмірге келер. Осылардың 
ең бақыттысы -  бүгінгі Тәуелсіз Қазақ Елінің жаңа шаңырағының 
іргетасын қалап жатқан ұлдары мен қыздары. Қадамдарың құтгы, 
істерің сәтгі болсын! -  демекпіз бүларға.
Қазақ коғамы өмірінде ғасырлар бойы күткен тәуелсіздік күні 
туды. Халық жаңғырып, малға, шаруаға да береке енді, адамға да
бақ-мереке, таіу-тыныштық, шат-шадымен тірлік оар жаңа өмірге
ұмтылған дэуірі басталды.
Бүгінгі қазақтың сиынатын күш-қуаты, өнеге, үлгі түтатыны- 
жаңа Ата заңы, Ән ұраны, Ел таңбасы, Көк туы, бүларға сиыну, 
әрине, занды. Демек, бұлар болса еліміздіңтәуелсіздігінің айшықгы 
көріністері, қазақ хал қының ұлттығының, елдігініңтабиғижалғасы,
мәңгілік нышандары.
Бүгінгі  қазақтың  сиынатыны,  эрине,  ең  алдымен  қазақ
халқының ұлттығы мен үлтжандылық қасиеттерінің мыңжылдық
тарихы, ел ақылшысы, қамқоры болған үлы даналарымыздың істері
29

мен азатшыл, жасампаз ойлары:  «Жерұйық», «Жиделі-байсын» 
жерін  көксеген  Асанқайғы,  Қорқыттай  ұлы  бабаларымыздың, 
Шығыстың  Аристотелі  атанған  ұлы  философ,  данышпан
ғалымымыз—әл-Фарабидің, ел і м ізд і ң тұтасты ғы н сақтап, ұлттық
мемлекетіміздің негізін салған: Абылайхан, Қасымхан, Есімхандай
ұлы ел билеушілеріміздің, ұлттық мәдениетімізді элемдік деңгейге
көтерген Абай мен Мұхтар Әуезовтей дана ойшылдарымыздың,
кешегі  кеңес  империясы  жендеттерінің  қолынан  қаза  тапқан
Желтоқсан  көтерілісшілерінің  аруағы  қолдап,  ісім ізді  алға 
бастырсын!
Кеңес империясының арқауы болған КСРО-ның өзі де құрыды, 
КПСС билік тағынан қуылды. КСРО-ның орнын баспақшы ТМД 
орнағаны әлем халықтарына белгілі. Бүгінде дербес еліміз тэуелсіз 
ұлттық  мемлекетімізге  сүйеніп,  шаруашылығымызды,  рухани 
өмірімізді  мүлдем  жаңа  әлемдік  өзгерістер  дендей  бастаған 
әлеуметтік жағдайларды қалыптастырып, жаңа деңгейде дамытып. 
жаңа талаптарға, жаңа сұраныстарға сай алға бастырмақ.
Ғасырлар бойы  қол-аяғымызды байлап-матап, көмейімізді 
бітеп,  аузымызды  аштырмайтын  орыс  патшалығының  отарлау 
саясаты, бүныңтабиғи жалғасы кеңес империясының қазақхалқын 
жаппай орыстандыру саясаты күйреді.
Бүгінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасы көптеген шетелдік 
мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарын орнатып, олардың 
елшілік мекемелерін өз Астанасында ашуы -  еліміздің тәуелсіз 
сыртқы саясатының алғаш  қадамдары.  Қазақ халқының дербес 
елдік пен мемлекеттік тәуелсіздікке қолы жеткені айдан анық.
Тар их  қойнауына  көз  жіберсек:  осынау -   Қорқыт  Атадан 
Қонаевқа  дейінгі  уақыт  аралығында  қазақ  халқы  ауыр  азапқа, 
зорлыққа, қорлыққа- айықпас қайшылықгарға толы өмірді басынан
өткерді.
Қазақ халқының дербес елдігі мен тәуелсіз мемлекеттігі болса 
жаңа  ғана  аяқтана  бастады,  бұлар  элі  тым  жас.  Қатардағы  ел
30

азаматтарынан бастап, Алгаш Президентіміз Назарбаевқа шейін 
қамқорлыққа элі де зэру екенін көріп отырмыз. Әсіресе, халықгық 
пен үлтжандылықтың қолдауынсыз халқымыздың тұтастығын, 
бірлігін сақтап,  нығайту мүмкін  емес.  Өз  елімізде отырып,  ана 
тілімізді заңжолымен қорғауға мүмкіндігіміз болса да, пайдалана 
алмауымыз -  өкінерлік те, қиналарлық та жағдай.
Еліміздіңжер қойнауыңдағы есепсіз байлықтарына, шетелдіктер 
ден қызьиуца, ал өзіміз болсақ, ебін тауып екі асай алмай, мысымыз 
құрып жүрген жоқ па?! Айтарымыз -  көп-ақ, бірақ іске қосарлық 
амалдарымыз, айлаларымыз Абай айтқандай:  «Алдымызда айла 
жоқ!»-дегеніне бара-бар сияқты. Сол «айланың» бірі -  ешуақытга 
азып-тозбайтын,  мүқалмайтын  құрал  — қай-қайсымыздың  да 
руханилығымыз. Ал руханилықты тағы да Абайға жүгінсек: «Аят, 
хадис емес қой!» -деп , бүның тұтастығына ой тоқтатқан.
XX 
ғасыр  саяси  жендеттері  руханилыкты  қара табанымен 
жаныштап,  дүниежүзі  халықтарын  тағылық  қүрбандығына 
шалмақшы болып, адам түсіне жоламайтын айуандықтың, шектен 
шыққан қиянатына шейін барды емес пе?!  Бір сөзбен айтқанда, 
жер бетінде адамның өзін ауызға алмағанда, тіршіліктің қандай да
түрін жоюға бет алды.
«Руханилық»—философиялык абстракция. Руханилық адамнан,
адамзаттан  тыс  өмір  сүретін  түсін ік сіз,  ақьілға  сиымсыз 
(иррационалдык)  күштерге  карсы  төтеп беретін  гуманизмді  ту
қылып көтереді.
Руханилық  -   жалпылык  философиялык  түсінік.  Ягни,
тұтастыққа  бара-бар,  былайша  айтқанда,  адамзат  қауымының
өскелең парасатымен сүрыпталып, жиынтықталган білім, ғылым
үғымы, түсінігі, осының қалыптасу, даму тарихы.
Руханилық—эл ем кеңістігін жайлаған бір мүхит сияқты, бүған 
жан-жақтан тоғысып келіп құятын сансыз тармақты, көп салалы 
өзендер,  көлдер  іспеттес.  Осылардың  бірі  -   қазақ  халқының 
мыңжылдықтарихы. Қоғамның күйзеліске, дағдарысқа ұшыраған
31

шағындағы асқынған дертпң деңцеген түрі: ол -  ескі мен жаңаның 
күресі.
Даму  заңдылыгы  -   қарама-қарсылықтардың  күресі.  Бұны 
жоққа шығару—құр әурешілік, «бахасқа» салынған бос сандырақ. 
Кеңес империясының тірегі болған идеология КПСС-тің «мүлтікеіз» 
көзқарасы қогамдық санадан оңайлықпен, күрессіз кете қояды деу
-  көрсоқырлық болар. Ал ескінің орнын басарлық жаңа ұлттық 
идеология  әлі  толғақ  үстінде.  Дербес  елдігіміз  бен  тәуелсіз 
мемлекеттігіміз көзімен қарасақ: үлтгық тілімізсіз, мәдениетімізсіз 
үлтгық идеологияның бір күн ішінде пайда болады деу -  негізсіз де 
дәлелсіз. Себебі, идеология көктентүспейді.
Идеология—қоғамдағы эртүрлі азгын да, ез де, ер де, азатшыл, 
күрескер қоғамдық, әлеуметгіктоптардың, қүрылымдардың өздері, 
бүларга  қарсы  тұрган  ағымдар  туралы  жэне  мемлекетке  деген 
көзқарастарын жиынтықгап тұжырымдалган идеялар жүйесі.
Идеологияның  түп  нұсқасын  алсақ:  қандай  да  халықтың 
тарихтылыгы,  өзіндік санасының өсіп жетілу жолы.  Қандай да 
идеология болмасын бүқара халық күш-жігерін, арман-тілегін, 
өзіңдік санасын саяси күштер тар өрісті мүдцелерінің қол шоқпары 
етпекш і.  И деология  тек  қана  м ем лекеттік  санам ен  — 
Конституциямен, қүқықтықты қорғайтын заңдармен шектелмейді, 
бүныңтамырлары тереңце, гасырлар қойнауларында жатыр. Үлы 
Абай бүгінгі ұрпақтарга аманат етіп тапсырган: «Бірлік», «Береке», 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет