Монография «Тұран-Астана»


Ысқақов Мейрамбек Ризханұлы



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата01.01.2017
өлшемі6,28 Mb.
#900
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ысқақов Мейрамбек Ризханұлы, 
Астана қаласы № 34 орта мектебінін 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнініц оқытушысы
30

БҮГІНГІ КЕЗЕҢ ТАЛАПТАРЫ
*
Кіріспе орнына
Қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  өз  еркімен  бе,  элде  әзәзіл 
саясаттың айла-амалынан ба, болмаса халықгығы мен ұлттығының 
оянбағандығынан ба, ең болмаса мемлекеттігініңжетілмегеңдігінен 
бе, элемдік тарих бұл туралы пікірін келешекте айта жатар, бағасын 
бере жатар—өзекті өртейтін «құлдық психологиясынан» кұгылатын 
күн туар ма екен деген арманға есік айқара ашылмаса да, бірақ 
табалдырығынан өктемдеп, екліндеп аттады. Бұныңжолына өмірін 
сарп еткен ойшылдар кемеліне жете алмай қүрып жатгы, бұлардың 
орнын жоқгатпай бассам ба деген үміткерлер, табанды күрескерлер 
ұрпақтары өмірге үздіксіз, үзілісіз толастамай келіп жатты. Әлі не 
түрлі «шешендері — бұлбұл», «көсемдері — дүлдүл» келер.  ¥лы 
бабаларымыз:  Асанқайғы,  Қорқыт Ата армандаған жақсы өмір 
шағында өсетін мүлдем жаңа үрпақтар өмірге келер. Осылардың 
ең бақыттысы  — бүгінгі  Тәуелсіз  Қазақ Елінің жаңа  шаңырағы 
іргетасын қалап жатқан үлдары мен қыздары. Қадамдарың құтты, 
істерің сәтті болсын! — демекпіз бүларға.
Қазақ коғамы өмірінде ғасырлар бойы күткен тәуелсіздік күні 
туды. Халық жаңғырып, малға, шаруаға да береке бар, адамға да 
бақ-мереке, тату-тыныштық, шат-шадымен тірлік бар жаңа өмірге 
ұмтылған дэуірі басталды.
31

Бүгінгі қазақтың сиынатын күш-қуаты, өнеге, үлгі түтатыны -  
жаңа Ата заң, Өн үраны, Ел таңбасы бүларға сиыну, әрине, заңды. 
Демек, бүлар болса еліміздіңтәуелсіздігінің айшықгы көріністері, 
қазақхалқыныңұлттығының, елдігініңтабиғи жалғасы, мәңгілік
нышандары.
Бүгінгі  қазақтың  сиынатыны,  әрине,  ең  алдымен  қазақ 
халқының ұлттығы мен үлтжандылық қасиетгерінің мыңжылдық 
тарихы, ел ақылшысы, қамқоры болған ұлы даналарымыздың істері 
мен азатшыл, жасампаз ойлары: «Жерұйык», «Жиделі-байсын» 
жерін  көксеген  Асанқайғы,  Қорқыттай  ұлы  бабаларымыздың, 
Ш ығыстың  Аристотелі  атанған  ұлы  философ,  данышпан 
ғалымымыз—әл-Фарабидің, еліміздің түтасты ғы н сақтап, үлтгық
мемлекетіміздің 
негізін салған; Абылаихан, Кдсымхан, Есімхандай 
ұлы ел билеушілеріміздің, ұлттық мәдениетімізді элемдік деңгейге 
көтерген Абай мен Мұхтар Әуезовтей дана ойшылдарымыздың, 
кешегі  кеңес  империясы  жендеттерінің  қолынан  қаза  тапқан 
Желтоқсан  көтерілісшілерінің  аруағы  қолдап,  ісімізді  алға
бастырсын!
Кеңес империясының арқауы болған КСРО-ның өзі де қүрыды, 
КПСС биліктағынан қуылды. КСРО-ның орнын баспақшы ТМД 
орнағаны әлем халықгарына белгілі. Бүгінде дербес еліміз тэуелсіз 
ұлттық  мемлекетімізге  сүйеніп,  шаруашылығымызды,  рухани 
өмірімізді  мүлдем  жаңа  әлемдік  өзгерістер  дендей  бастаған 
элеуметтік жағдайларды қалыптастырып, жаңа деңгеидс дамытып, 
жаңа талаптарға, жаңа сүраныстарга сай алға бастырмақ.
Ғасырлар бойы қол-аяғымызды байлап-матап, көмейімізді бітеп, 
аузымызды аштырмайтын орыс патшалығының отарлау саясаты, 
бұныңтабиғи жалғасы ксңсс империясының қазақ халқын жаппай
орыстандыру саясаты күйреді.
Бүгінде Тэуелсіз Қазақстан Республикасы көптеген шетелдік
мемлекетгермен дипломатиялық қатынастарын орнатып, олардың 
елшілік мекемелерін өз астанасында ашуы -  еліміздің тәуелсіз
32

сыртқы саясатының алғаш  қадамдары.  Қазақ халқының дербес 
елдік пен мемлекеттік тәуелсіздікке қолы жеткені айдан анық.
Тарих  қойнауына  көз  жіберсек:  осынау  -   Қорқыт  Атадан 
Қонаевқа  дейінгі  уақыт  аралығында  қазақ  халқы  ауыр  азапқа, 
зорлыққа, қорлыққа—айықпас қайшылықгарға толы өмірді басынан 
өткерді.
Қазақ халқының дербес елдігі мен тэуелсіз мемлекеттігі болса, 
жаңа  ғана  аяқтана  бастады,  бұлар  элі  тым  жас.  Қатардағы  ел 
азаматгарынан бастап, Алғаш Президентіміз Назарбаевқа шейін 
қамқорлыққа элі де зэру екенін көріп отырмыз. Әсіресе, халықтық 
пен ұлтжандылықтың қолдауынсыз халқымыздың тұтастығын, 
бірлігін сақтап,  нығайту мүмкін емес.  Өз  елімізде отырып,  ана 
тілімізді заң жолымен қорғауға мүмкіндігіміз болса да, пайдалана 
алмауымыз -  өкінерлік те, қиналарлық та жағдай.
Еліміэдіңжер қойнауындағы есепсіз байлықгарына, шетелдіктер 
ден қызығуца, ал өзіміз болсақ, ебін тауып екі асай алмай, мысымыз 
құрып жүрген жоқ па?! Айтарымыз -  көп-ақ, бірақ іске қосарлық 
амалдарымыз, айлаларымыз Абай айтқандай:  «Алдымызда айла 
жоқ!»-дегеніне бара-бар сияқты. Сол «айланың» бірі -  ешуақытта 
азып-тозбайтын,  мұқалмайтын  құрал  -   қай-қайсымыздың  да 
руханилығымыз. Ал руханилықты тағы да Абайға жүгінсек: «Аят, 
хадис емес қой!» -деп, бұның тұтастығына ой тоқтатқан.
XX 
ғасыр саяси жендеттері руханилықты қара табаныменен 
жаныштап,  дүниежүзі  халықтарын  тағылық  қүрбандығына 
шалмақшы болып, адам түсіне жоламайтын айуандықтың, шектен 
шыққан қиянатына шейін барды емес пе?! Бір сөзбен айтқанда, 
жер бетінде, адамның өзін ауызға алмағаңда, тіршіліктің қандай да
түрін жоюға бет алды.
«Руханилық» -  философиялық абстракция. Руханилық адамнан, 
адамзаттан  тыс  өмір  сүретін  түсініксіз,  ақылга  сиымсыз 
(иррационалдық)  күштерге  қарсы  төтеп  беретін  гуманизмді ту
қылып көтереді.
33

Руханилық  -   жалпылық  философиялық  түсінік.  Яғни, 
тұтастыққа  бара-бар,  былайша  айтқанда,  адамзат  қауымының 
өскелең парасатымен сұрыпталып, жиынтықталған білім, ғылым 
ұғымы, түсінігі, осының қалыптасуы, даму тарихы.
Руханилық -  әлем кеңістігін жайлаған бір мұхит сияқты, бұған 
жан-жақтан тоғысып келіп құятын сансыз тармақты, көп салалы 
өзендер,  көлдер  іспеттес.  Осылардың  бірі  — қазақ  халкының 
мыңжылдықтарихы. Қоғамның күйзеліске, дағдарысқа ұшыраған 
шағындағы асқынған дертті ң дендеген түрі: ол—ескі мен жаңаның 
күресі.
Даму  заңдылығы  -   қарама-қарсылықтардың  күресі.  Бүны 
жоққа шығару-құр әурешілік, «бахасқа» салынған бос сандырақ. 
Кеңес империясыныңтірегі болған идеология КПСС-тің «мүлтіксіз»
көзқарасы қоғамдық санадан оңаилықпен, күрессіз кете қояды деу
-  көрсоқырлық болар. Ал ескінің орнын басарлық жаңа үлттык 
идеология  әлі  толғақ  үстінде.  Дербес  елдігіміз  бен  тәуелсіз 
мемлекеттігіміз көзімен қарасақ: үлттық тілімізсіз, мәдениетімізсіз 
үлттық идеологияның бір күн ішінде пайда болады д е у - негізсіз де 
дәлелсіз. Себебі, идеология көктентүспейді.
Идеология -  қогамдағы нетүрлі азғын да, ез де, ер де, азатшыл, 
күрескер қоғамдық, әлеуметтік топтардың, қүрылымдардың өздері, 
бұларға  қарсы  тұрған  ағымдар  туралы  жэне  мемлекетке деген 
көзқарастарын жиынтықтап түжырымдалған идеялар жүйесі.
Идеологияның  түп  нұсқасын  алсақ:  қандай  да  халықтың 
тарихтылығы, өзіндік санасының өсіп  жетілу жолы.  Қандай да 
идеология болмасын бұхара халық күш-жігерін,  арман-тілегін, 
өзіндік санасын саяси күштер тар өрісті мүдделерінің қол шоқпары 
етпекш і.  И деология  тек  қана  м ем лекеттік  санам ен  -  
Констиіуциямен, қүқықтыкты қорғайтын зандармен шектелмейді, 
бұның тамырлары тереңде, гасырлар қойнауларында жатыр. Үлы 
Абай бүгінгі ұрпақгарға аманат етіп тапсырған: «Бірлік», «Береке», 
«Шын пейіл» санасымен тікелей байланысты. Әрине, бұны теріске
34

шығару -  орынсыз  сәуегейлік болар.  Бірақ бұның бір  гэбі  бар. 
Абайдың ойына сүйенсек:
Үцпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді
Аузымен орац орган өңкей қыртың, -
 дегеннің кебін кигендер 
әулеті. Көбіміз шарасыздыққа тірелген соң, осы киімді киіп жүрдік 
қой.  Марксизм-ленинизм  -   КПСС  идеологиясы,  пролетариат 
көзқарасы деп даңғойланып, ұлттық көзқарасты менсінбедік. Сірэ, 
«аузымен орақ орған өңкей қыртың» деудің сыры да осында болар. 
Басқаша  түсінудің  қисыны  жоқ  сияқты.  Үлттық  көзқарасты 
менсінбеу,  елемеу  кеңес  империясы  саясатының  таяздығын, 
бейшаралығын танытып, күйреуіне тарихи себептерініңбірі болды 
емес пе?
Қазіргі жағдайда елімізді өркениет жолына ынталандыратын 
қуатгы карудың бірі -халқымыздың үлтгық идеологиясы. Қандай 
да ел  өзінің  ішкі  жэне  сыртқы  саясаты  тағдырын  мемлекетіне 
жүктейтіні—тарихи қажеттілік. Мемлекеттіктің іргетасын қалап, 
тарихын қалыптасыратын белгілі бір халық. Қазіргі өтпелі кезеңге 
ауадай қажет: ол — үлттық көзқарас, қоғамдық, элеуметтік пікір, 
ой, идеялар т.т., яки идеология. Біздің пікірімізше, қазақ халқының 
мыңжылдық тарихы біле білсек, осының куәсі.
Біздің эңгіме етпегіміз -  XIX ғасырдың ортасы XX ғасырдың 
басында өмір сүрген үлы ойшыл Абай шығармашылығы негізін 
құрган үлттық идеология мәселелері. XX ғасырда Абай әлемінің 
тарихын зерттеп, гылыми-теориялық негізін салып, үлттықжэне 
үлтжандылық сипаттарын зерттеген ұлы ғалым-жазушы—Мүхтар 
Әуезов.
Әзірше,  елімізде  жүріп  жатқан  нарықтық  өзгерістер 
айтарлықтай дәрежеде халқымызды қарық қылмаса да, болашақ 
өзгерістерге  бастар  халқымыздың  елдік  түтастығын,  тәуелсіз 
мемлекеттігін ныгайту жолындагы алғаш түсаукесер қадамы.
Дүниежүзілік деңгейдегі тарихи тұлгалар қатарына көтерілген 
қазақ халқыныңүлы перзенттері — Абай мен Мүхтар Әуезов. Бүл 
даналардың қазіргі қоғам өміріңде алатын орнын жан-жақгы зертгеп,
35

тану үдерісі жаңа кезеңге кезігіп отыр. Социалистік реализм білім, 
ғылым салаларында үстемдік, өктемдік жасаған шағында үлттық 
мэдениет мэселелері КПСС саясатының бағуында болатын. Ғылым 
мен теория КПСС идеологиясымен уланған заман болатын. Абай 
айтатын: «Бүл не деген заманға ісім түсті?!»-деген философиялық 
ойында терең сыр бар емес пе. Аумалы-төкпелі, қиян-кескі күрес 
үстінде өткен замандардың куәгері болған үлы Мүхтар Әуезов: 
«Заман сырын есіңнен қалт жіберме! Мені үғамын десең, эділ бол, 
ақиқат  жолын  үстан»  -   деп,  бүгінгі,  болашақ  ұрпақтарды 
сақтандырып түргандай сезінесің. XX гасыр мэдениегі жетістіктерін
XXI ғасыр өркениетіне табыс етіп, сабакгастырып, жалғастыратын 
қазақ елі атынан әлемдік гуманизм елшілері -  Абай Қүнанбайүлы
мен Мүхтар Әуезов.
Мыңжылдық  тарихымыздың  Абай  мен  Мүхтар  Әуезовтей 
даналарға арналган беттерін бүгінгі күн талаптарына сай жаңғырту 
-тарихи қажеттілік. Адамдық эрі үлттық борышымыз. Абай мен 
Мүхтардың өмірі мен шығармашылығы туралы ақиқатты нетүрлі
идеологияландырған бүрмалаудан, соқырлықтан, метафизикалық
сыңаржақтылықтан  тазартып,  азат  ету  -   Абай  элемінің  кезек 
күттірмейтін тың мәселесі.
Ғасырдан астам уақыт ішінде Абай туралы жазылған еңбектер
тау-тау,  өз  алдына  жеке  тарих,  бұны  тексеріп  талдау  ісі  кезек
күттірмейтін мэселе. Осыған орай айта кететін жайт: ол — Абай
дәуірінің табиғи жалғасы Мүхтар Әуезов дэуірі ні ң ұм ытыл а бастауы,
әсіресе,  философиялық  сипаты  ескерілмей  келеді.  Жаңа  кезең
Абайды тану мәселелерін, Мұхтар Әуезов айтқандай: «Абайдың
барлық мұрасын алғаңда (лирикасы, поэмалары, қара сөздері), көп
шығармаларында көрініп отыратын анық ойшылдық көзқарастар,
терең толғаулар болады. Бүлар қатгы ескеріліп, зерггеліп, зерделеніп
отырылуы  керек.  Жэне  осындай  ойшылдық  белгілерін  жеке
философиясы деп атамасақ та, ақынның даналық, философиялық
көзқарастары деген түрде мейлінше түгел қамтып, тексеріп, талдай 
білуіміз керек».
36

Бүгінгі кезең Абай әлемі деңгейін дүниежүзілік өзгерістермен 
қабыстырып, осылардың тапаптарына сай зертгеу, айрықша ескеру
-   заман  талабы .  Абай  тұлғасы   — оның  ж еке-даралы ғы , 
таңгажайыптылығы,  ал бітімі -  тек Абайдың Абайлығына тән: 
ойшылдығы мен даналығы; таланты мен дарындылығы; қоғамдық 
болжағыштығы  мен  саяси  көрегендігі  т.б.  да  қасиеттерімен 
сипаттал ад ы.
«Сахара үнсіздігін» мекендеп, ғасырлар бойы бүгіліп, буылып 
өскен  қазақ  халқының  батыр  түлғасы  мен  даналық  бітіміне 
таңданбасқа болмайды. Әлемдік мэдениетке «Отырар өркениетін» 
өмірге келтірген халық. Артына «өлмейтін сөз қалдырған» Абайдай 
ұлы перзентін тудырған халық.
Әлемніңтабиғи жаратылысы бір нүкгеден (электрон, гена, зат 
пен өріс, элі сондайдың талайы  ашыла жатар) басталып, тарап, 
тіршілікке ие болады деген ғылыми болжамы логикалық ойлауда 
неге саяды? -  десек, жауабы:  «бір сөзге», философялық тілде -  
категорияға саяды. Сонда, осы қағңцаға сүйеніп айтпағымыз: Абай 
әлемі  «үшкіл»  үғымына  саяды  деген  қағиданы  диалекитика
тұрғысынан жан-жақты зерттеу -  ізденісіміздің мақсатты оағыты. 
Абай  мен  Мүхтар  Әуезов  мұраларын  үлы  ғалым-жазушы 
айтқандай: «мейлінше түгел қамтып, тексеріп, талдай білуіміз керек»
-  деген ғылыми-теориялық эрі эдістемелік қағидасы Абай әлемін
тануды ң «басты шарты ».
Абайдың «оқы», «үйрен» жэне «ойлан» атты философиялық 
түйін-түжырымы -  «қырық жамау» жүректің -  «ойлы көзі», «терең
ойы», «шын ақылы», «әділетті ақылы».
Абайдың  тікелей  өз  шығармалары  мен  Мүхтар  Әуезовтің 
жиырма  томдық  шығармалар  жинағын  жан-жақты  пайдалана 
отырып,  мұқият  зерттеліп,  қалыптасқан  ғылыми-теориялық, 
әдістемелік  қағидалар  сапасында  қабылдап,  ұсынып  отырған 
тақырыб ы м ызд ы түжырымдасақ, Абайдың дана ойшылдығының 
сыры  -   қоғамдық,  саяси-әлеуметтік  қызметі  мен  өмір  сүрген
37

ортасы, заман талаптары әсерімен қалыптасқан қоғамдық-саяси 
жэне философиялық көзқарастары болмақ.
Ағартушылық, педагогикалық, психологиялық, эстетикалық, 
сазгерлік т.б. көзқарастары зерттеліп, танылып, қазақ ғылымында 
көрініс ала бастағаны жұртшылыққа белгілі.
Абай мен Мұхтар Әуезовтей ұлы даналардың шығармашылық 
қызметінің қоғамдық-саяси жэне философиялық жүйесін тақырып 
етіп алудың себебі: бұлар элі де болса жетік зерттелмей, ғылыми 
ізденістерден қағыс қалып келеді. 
•'  я
«Білім-ғылым үйренбекке талап қылушылырға эуел білмек 
керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. 
Оларды білмей, іздегеніміз табылмас»-дейді Абай.
Абай философиялықтанымы мен логикасы алда, бұл туралы 
жеке-дара, арнайы сөз болады. «Әуел білмек керею> деген ғылыми- 
теориялық, эрі эдістемелік қағидаға сүйенсек, бүл дегеніңіз, Абай 
мен Мұхтар Әуезов шығармашылығын зертгеп, еңбектерін мұқият 
оқып, танып, біліп барып, тек осындай қадам жасағанда ғана, жан- 
жақты талдауға мүмкіндік береді.
Абай шығармашылығына диалектикалық түтастық сипат беріп,
мұның мазмұны мен мэнін ашатын «Ү шкіп» атты теорияның ғылыми
мүмкіндіктерін іс жүзінде байқап, сынамақпыз. Үшкіл төңірегіне
ізденісіміздің мына бағыттарын шоғырландырмақшымыз. Басын 
ашып айтсақ, олар: 
'  :’ъ -
-  біріншісі—Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы;
—екіншісі—Абай мен Мүхтар Әуезов шығармашылығы, бүның 
халықтық, үлттық жэне үлтжандылық қасиеттері;
— үшіншісі—біздің түсінігімізде ең талас, тартыс тудыратын 
мэселе: ол—Абай философиясы туралы ойлар, болжамдар.
Абай философиясы мәселелерін жиынтықтап, түжырымдап
тоітгастырып, бұның жүйесін, жүмбақтығын, «ниеттеніп білмекке» 
бет қойдық.
Қазақ халқының батыр түлға бітіміне кенеше жабысып, қагсмай 
келе жатқан «көшпенді», «надан» деген ойсыз,  мисыз  пікірлер,
38

өлшемдер, ғылымдыққа дәмелі. Бұл қағидалар орыс патшалығының 
отарлау саясаты мен идеологиясының таяздығын көрсетті. Қазақ 
халқын  жаппай  орыстандыруға  бағытталған  КПСС-тің  үлт 
саясатының бейшаралығын бүгінгі тарихтың өзі дәлелдеп отыр емес
пе?!
«Абай кім?» деген сауал бүгінгі кезеңце тыңталаптарды қойып 
отыр. Бұл сұрақ бүгінгі де, ертеңгі де ұрпактарды, яғни бұлардың 
бір де бірін жайбарақат, немқұрайды қалдырмайды. Немесе: «Е, 
Абай ма, болса қайтейін!» деген керенаулық болмас деп ойлаймыз.
Жүрегі
 — 
айна,  көңілі — ояу,
Сөз тыцдамас ол баяу,
Өз өнері тұр таяу,
Үцпасын басөзді тез, -
 деп, Абай халқының мәдениетін, өнерін, 
тағдырын келешек ұрпақтарға аманат етіп тапсырып, қазіргі жэне 
болашақ буындарға деген тарихи сенімі зор еді. Иә, «Абай -  кім?». 
Бүл мэңгілік сұрақ. Себебі, ұлы ойшылдың мэдени, философиялық 
жэне  эдеби-көркем  мұралары  мол,  арнасы  кең  дүниежүзілік 
өркениет мұхитына құятын айдынды өзендерінің бірі емес пе?! 
Оның шипалы суын ішіп, «көкорай бәйшешек атқан», сұлу қыздың 
жасыл жібек үзын, әдемі бұрымындай толқындаған көк орманынан 
ақыл сая тауып, тылсым алып, жоғын іздеп, барына жаңа қоныс, 
жаңа өріс таппай ма?! Сол қоныс, сол өріс, бүгінде Абай әлемі -  
Абай өмірі мен ісі: үлы ақын, ойшыл, философ, психолог, сазгер, 
саясатшы, тарихшы, қогам, мемлекет қайраткері т.с.с. айта беруге,
тізбегін жалғастыра беруге болады.
Абай туралы шәкірттері, замандастары қалдырған естеліктері, 
еңбектері,  ғасыр  бойы,  элі де,  бір сәтке толастамай тексеріліп, 
зерттеліп келе жатқан тарих деректері, жазылып жатқан еңбектер, 
кітаптар, міне бүгінгі көзбен Абай әлемі осындай. Абай элемінің 
жаңа  өрісі  кеңейіп,  ЮНЕСКО-ның  шешімімен  1995  жыл  -  
Халықаралық Абай жылы аталып, Абайдың 150 жылдық мерейтойы 
әлемдік деңгейдегі салтанатпен өтгі.
39

Қазақ  мәдениетінде,  дүниежүзілік  өркениет  өрісінде  Абай 
орыны ерекше. Абай ата мекенінен шығып, 
111111
, қазақ жерінен асып, 
әлемдік деңгейге қанат жаюы -  жаңа тарих талабы, зандылығы. 
¥лы ойшылдыңрухани, адами, гуманистік мерейі:
Жолдастыц,  сухбаттастық
 -  
бір үлкен іс,
Оның  қадірін  ж етесіз  адам  білмес,  -
  деп,  дүниежүзі 
парасатшыл қауымымен ақыл дүкенін құруға алғаш сапарға шығуы 
«Халықаралық Абай жылы» салтанаты іс жүзінде танытгы.
Абай жанкүйерлерінің ортақ парызы -  үлы ойшылдың әлемдік 
тарихи тұлғасын «көңіл ашығымызда» кіршіксіз таза ұстап, бай 
мұраларын әлем жүртшыл ығына жан-жақты таныстыру.
Абай мен Мүхтар Әуезов -  ойшылдық пен даналықтың егізі, 
бірі бірінсіз өркениет шыңына көтерілуі мүмкін емес. Абай даналығы 
Мүхтар Әуезов даналығын тудырды, XX ғасырдың Абайы өмірге 
келді. Абайдың өлмес, өшпес, мэңгілік шығармалары дүниежүзілік 
өркениеттің жарық жүлдыздары ның бірі. Мүхтар Әуезовтің «Абай», 
«Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік өркениет қорына кірді, Абай 
элемдік тарихи  түлға  сапасында танылуы  — Мұхтар  Әуезовтің
шығармашылық қызмепнщ ұлы таоысы, жемісі.
Мүхтар Әуезов тек Абайтану әлемі шаңырағын көтеріп қана 
қойған  жоқ,  мұның  тарихын  зертгеп,  гылыми-теориялық  та, 
эдістемелік мэселелер жүйесін қалыптастырды. Абай элемі тарихы 
Мұхтар Әуезовтің «терең ой», «терең ғылым» тұрғысынан жан- 
жақты зертгеліп, танылуы -  бүгінгі кезеңнің тарихи табысы.
Абай әлемінің элі де болса игерілмеген тың мэселелері көп. 
Өйткені өріс үнемі өніп, өсіп, жаңарып отырады емес пе? «Абай 
кім?»  -   деген  сұрақ  -   тарихи  қалыптасқан  философиялық 
түгастыққа мегзейтіи тұжырымдаманың өзекті  бағыты.  Абай -  
ұлы ақын, ағаргушы екенін баладан қарияга дейін біледі. Ал Абай
-  көреген саясатшы,  иэ, Абайда даналарға тэн ойлар бар, бірақ 
қатардагы «философиялық көзқарас» дегеннен жоғары түраты н 
философиялық жүйе бар ма? — деп ойлануға жағдайлар туғандай.
40

Біз  ұсынып  отырған:  «Абай  кім?» -  деген  тарихи  сұрақ -  
тұтастық қагида. Әсіресе, дэуірлер алмасқан шақта «Абай кім?»— 
деген сұрақтың қайта тууы — заңды құбылыс. Өз кезегін күтуі — 
ақиқатталабы. Қазіргі заманда «Абай әлем і»- үйреншікті, етене 
жақын «Абайды тану» ілімі, белгілі бір мағынада өзі де жаңа ой 
толғау мен ізденуді талап ететін жаңа кезеңге тап болып отыр ғой. 
«Абай әлемі»,  әрине,  Абайды танумен бара-бар деу асығыстық 
болар.
«Абайды тану -  жалпы  қазақ әдебиетін тану тэрізді элі жас 
ғылым» -  деп, Мухтар Әуезов Абайды тану ілімінің жалпы жағдайы 
қандай күйде екенін таныстыра  отырып,  бұл  ғылымның басты 
бағыты «Абай мұрасы жайында» болатындыгын баса ескертеді.
Абай мұрасына күдікпен, сыңаржақгылықпен қараған, ізденісі 
«күдік, жеміссіз тұл сөз болып шыққан» -  деген С. Нұрышевтің 
мақаласын  сын  көзбен  талдап,  Мухтар  Әуезов  Абайды  тану -  
тұтасты қ мэселе екенін диалектиканың жан-жақтылық қағидасы 
тұрғысынан негіздегенін көреміз. Абайды тану ілімінің <окетіскен 
шама-шарқымен қатар элі олқылығы, кемшілігі де көп. Бірақ, бұл 
үрдіс  өсіп келе жатқан және  қазақ әдебиетінің өзге тарауларын 
тануымыздан гөрі өнімдірек өскелеңцеп келе жатқан ғылым тарауы 
екенін де жұртшылық біледі. Бізде Абайды тану жұмысына тек
әдеоиетші ғана атсалысып отырған жоқ, тарихшылар, тілшілер, 
көркемөнер зерттеушілері, педагогтар, тағы да осыларға жалғас 
эр саланың мамандары тарапынан үлестер қосылып келеді»-деп 
ескертеді Мұхтар Әуезов.
«Бірақ  шын  мол  еңбек  нэтижелерін  беру  жолында,  элі  де 
алдарымызда  түрған  қарыз-міндеттер  көп.  Абайды  танудың 
олқылыгы көп дегенді әдейі алға салып айтып отырмыз.
Сондай ретте ойлауды керек ететін жайдың бірі -  Абайдың 
мүрасы  турасында.  Бүл  жөнінде  зерттеу,  сынау,  ойлану  керек 
болатын жайлар аз емес» деп, Мұхтар Әуезов Абайды танудың 
өзіндік логикасы мен заңдылығы бар екеніне айрықша мән беріп, 
осы  іске  бар  өмірін  сарп  етті  емес  пе?  Алдағы  ізденістер  мен
41

зсрттеулсріміздс  ұлы  ғалым-жазушының  осы  пікірін  ғылыми- 
әдістемелік  қағида  сапасында  қабылдап,  Абай  әлемін танудың 
ғылыми-теориялық негізі ретінде пайдаланбақпыз.
«Абайды тануцың олқы лығы көп» деген қағиданы ң танымдық 
жэне  логикалы қ  м энін  түсін у  үш ін  «Пуш кинтанудың» 
қағидаларымен  салыстырып,  талдап,  тексеруді  орынды  деп 
ойлаймыз. Пушкинді тану іліміне қатысты деректерді зерттеуде екі 
мәселеніңбасын ашып, мүнымен қатар қорытынды түйін-пікірін 
де іүжырымдаған белгілі пушкинтанушы-ғалым Семен Франк:
-  бірінш іден ,  П уш кинге  қаты сты   деген  деректерді, 
материалдарды  жинағанда,  сұрыптап  қарастырғанда,  тіпті, 
данышпан  ақынның  аяғы  аттаған  көшесі,  нәрсе  алған  дүкені, 
аялдама жасаған  қонақ үйі т.т. -  бэрін де  қажет деп тапқанның 
өзінде де, тым рабайсыз асып-таспайық деп ескертеді;
- екіншіден, «пушкинтануда» мынаны қүнарлы даму мен шексіз, 
мақсатсыз далитудың арасындағы айырмаш ы л ы кты ажырата білу 
керек дейді орыс ғалымы. Қандай да дерек, материал болмасын 
Пушкин туралы, мұның керектігі данышпан ақын туралы қандай 
да  бір  жиынтық  тұтастықты  жасау  мақсатына  қажеттілігімен 
ақгалатын болсын деп, түйін ойын қорытқан Семен Франк.
Жиынтық  тұтастық  философиялық  ұғым.  Мысалға,  осы 
түрғыдан Абайдың тарихи түлға бітімін қүратын ең өзекті деген 
жақтарының  әрбірін  бүгінгі  талаптар  түрғысынан  жиынтық 
тұтастық деп қабылдап айтсақ, олар: «Абай — әлеуметтанушы», 
«Абай -саясатшы», «Абай -  философ» (жетік зерттелмеген жаңа 
қырлары) т.с.с. ұлы ойшылдың қараусыз, бағусыз, зерделенусіз
жатқан жақтары, қырлары көп қой.
Мұхтар Әуезовтің Абайды  жан-жақты  тану туралы ойлары 
Семен Франктің «пушкинтану» жөніндегі пікірлерімен үндесіп, 
сабақтасып  жатыр.  «Абай  өмірбаянын  “биографизмнің”  тар 
шеңберінен  шығару  керек.  Оның  творчестволық  өмір  жолын 
реформадан кейінгі дэуір шындығының нақгы жағдайлары белгіледі. 
Бүл жағдай жазушының жаңа типін туғызды. Алтынсарин де, Абай
42

да осындай жазушылар болды, олар өздері туып өскен феодалдық 
ортадан  қол  үзіп,  феодализмнің  кертартпа  негіздеріне  қарсы 
шаруапар наразылығын білдірушілерге айналды», - деген Мұхтар 
Әуезов пікірі жаңа кезеңнің талабын да ескерген, яғни Абайдың
тарихи тұлға оітімін диалектикалық тұтастық тұрғыдан қарауды 
талап  етеді.  Осы  себепті  «Абай творчествосының халықтығын 
зерттеу -  айрықша маңызды міндеттіңбірі», - деңді Мұхтар Әуезов.
Пушкин туралы Ресейлік жэне әлемдік деңгейде қалыптасқан 
ілім  бар,  ал  Абай  болса  әлемдік  деңгейдегі  тарихи  тұлғалар 
қатарына, міне жаңа ғана көтеріле бастады. Бұған себеп: 1995 жылы 
өткен Абайдың жүз елу жылдық мерейтойын -  «Халықаралық Абай 
жылы» салтанатымен өткізу туралы ЮНЕСКО шешімі.
Сонымен,  1995 жылдан бастап Абайды тану ілімі өзінің даму 
тарихында тың кезең бастады, дүниежүзілік түғырға көтерілді. 
Бүдан  былай  «Абайтану»  — Абай  әлемі  болып  жаңа  тарихын 
бастауы -ж аңа кезеңнің занды талабы. Дүниежүзілік қауым Абайды 
Мүхтар Әуезовтің қаламынан шыққан ұлы туынды «Абай» романы, 
«Абай  жолы»  роман-эпопеясы  арқылы  ғана  емес,  енді  үлы 
ойшылдың өз шығармаларымен тікелей тілдесіп, танысады.
Мүхтар Әуезов айтатын: «Абайды танудың олқылығы көп», - 
деуінің  бір  сыры  -   үлы  Абай  туралы  замандастары  жазып 
қалдырған естеліктердің, тарихи деректердің өте тапшылығы. Осы 
«олқылықтардың» орнын толтыру үшін Абай мүраларының жоғын 
тауып,  барын  толықтырып,  Абайды  Абай  еткен  даналығы, 
ойшылдығы, ақындығы туралы тарихты ғылыми-теориялық жүйеге
келтіру  қажет.  Абайдың тұлға бітімін  әлемдік тарихи түлғалар 
қатарына жеткізу мақсатында теңдесі жоқ ерлік еңбек еткен адам: 
ол -  XX ғасыр Абайы -  Мүхтар Әуезов еді. Сондықтан да, Абай 
өмірі мен қызметін, әдеби жэне ғылыми мүраларын жан-жақты 
зерттеп,  танып,  біліп  барып  меңгерудің  бірден-бір теориялық- 
методологиялық негізі -  Мүхтар Әуезов еңбектері.
Бүрынғылардың ескермеген, қолдары жетпеген Абай әлемінің
тың жақтарын, деректерді  іздестіру, таоу, ашу -  диалектикалық

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет