Монография «Тұран-Астана»



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата01.01.2017
өлшемі6,28 Mb.
#900
1   2   3   4   5   6   7   8   9

43

заңцылық. Абайды танып, жан-жақгы зерттеу арқылы Абай әлемінің 
тарихын, жуйеге келтіру, барға бас шүлғып, ат басын тежеу емес. 
Абай  әлемін  тану  -   белгіліден  белгісізге  жоғарылап,  өрлейтін
диалектикалық үрдіс.
«Абай кім?» -мэңгілік сүрақ дедік. Бүл эр ұрпақты мазалайтын 
да, толғандыратын да қайшылықты мэселе. Абай әлемі салалары 
санғилы -  үнемі жаңа деректермен, пікірлермен толықтырылып, 
байытылып отыратын ғылыми ізденістердің алуан жолдары. Өткен 
«Халықаралық Абай жылы» -  «Абай әлемі» мәселелерін тануды 
әлемдік өзгерістерге сай, бағыттауды талап етеді.
Абай  өмірі  мен  қоғамдық  ісіне  нэр  беріп,  ой талғамы  мен 
көзқарасы бағытгарын анықтайтын, осынау XX ғасыр басындаөзі 
ұсынған, ұстанған болашақ қоғамда үстем етеді деп армандаған— 
«Бірлік»  саясаты,  «Береке»  ш аруаш ылығы,  «Шын  пейіл» 
философиялық санасы деп қабылдасақ, Абайдың философиялық 
(қара) сөздері үлы ойшылдың ойлау логикасына қайшы келмес деген 
пікірді—ізденісіміздің арқауы жэне мақсатгы бағыты деп танимыз.
Сонымен, ізденістеріміздің түрағы, шығар биігі, ойымыздың 
арқа 
түгар тірегі, логикалық жүйесін нэрлендірепн ұлтгық та, тарихи 
датамырларын анықгасақ, Абай элемінің тікелей өрісіне жақындай 
түскендейміз. Бұл дегеніңіз -  Абай әлемінің мэселелері. Басын 
ашып айтсақ, олар: Абай өмір сүрген қоғамы мен дэуірі; тіршілік 
қүрып, қызмет еткен әлеуметтік ортасы; жеке-дара тарихи түлғасы; 
шыгармашылығы: поэзиясы, философиялық (қара) сөздері, саяси- 
элеуметгік көзқарастары, аудармалары. Абай әлемін жан-жақты 
зерттеуде  айры қш а  қы зм ет  атқараты н  ұлы   А байды ң  өз 
шығармалары һәм Мүхтар Әуезовпңжиырматомдық шығармалар 
жинағы. Бүл «Абай үшкілінің»негізі болып қаланған қағидалық 
алғышаргтардыңбіріншісі.
Екіншісі -  Абай мен Мүхтар Әуезов іуралы, әр кезеңде, эр 
шақта айтылған, жазылған, ұсынылған: пікірлер, ойлар, бағалар.
Үшіншісі -  біздің айрықша мэн беріп, таным мен логиканың
теориялық, эрі методологаялық қүралы есебіңде іске қосатынымыз:
44

Абай әлемінің ғылыми-теориялық негізін салушы Мұхтар Әуезовпң 
тікелей өз ойлары, болжамдары, пікірлері.
Абаңдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ баспасөз 
бетінде  жарияланған  материалдарды һэм  шет елдерде  шыққан 
басылымдарды қазақ оқырманы қолына қашан ұстар екен? Күдер 
үзген қазақ Аллаға тапсыра салады ғой, бүлай ету, әрине, оңай жол, 
себебі бүл үрдіс шығынсыз, көп ойлауцы талап етпейді. Бұл, эзірше, 
соңғы төртінші тірек. Талдауға, зерттеуге, танып білуге ұсынып 
отырған Абай әлемінің тың өрісін -  «Абай жаңа кезеңце» деп атап, 
ал ізденісіміздің ғылыми-теориялық, эрі эдістемелік негізін «Абай 
жүмбақтығы—философиял ық мәселе» деген тың қағида төңірегінде 
тоітгастырып, шоғырландырмақшымыз.
Еліміздің тэуелсіздігін қорғап сақтайтын, насихаттап, зерттеп, 
мұнымен  қатар  өніп-өсу  жолындағы  «көкірегі  көзді»,  «ойлы 
жастарды» тәрбиелейтін, олардың тэнін де, жанын да, рухын да 
шынықтыратын  мұқалмас,  тозбас  құрал:  ол  -   халқымыздың 
мыңжылдық тарихының берген де, берер де сабақтары. Бүгінгі
күннщ ең аишықты таоиғи да, тарихи да тұтастық көрінісі: ол -  
халқымыздың ұлттық жэне үлтжандылық қасиеттері. Ал, бүлар 
болса Мүхтар Әуезов зерттеуінде, талдауында -  Абай әлемінің 
тарихи да, теориялық та негізі.
¥лы даналар, әсіресе, гасырлар алмасып, дэуірлер өзгерген 
кезеңде қайта туып, ескі-қүсқыдан арылып, шаң-тозаңнан тазарып, 
жаңгыратыны тіршілік заңдылыгы. Абайдыңтарихи түлға ретіндегі 
бітімі бүгінгі кезеңде осыған орай жаңа сұраныстарға, талаптарға 
сай  жаңа  өмір  сүруі  — тарих  дамуының  заңдылығы.  КПСС 
идеологиясы үстемдігі заманыңда Абайды ң қоғамдық қызметі мен 
сан алуан шығармашылығы, көзқарасы жалаң «ағартушылық» пен 
«морал ьдыктың» шырмауыңда өмір сүріп келді.
Абайдын тарихи түлғасының әлемдік деңгейге көтерілу сыры
-   қазақ  халқының  жасампаз  еңоегіне,  қогамдық  қызметіне, 
ойшылдығы қасиеттеріне байланысты. Абай жұмбақтығы сыры
45

Абай философиясы жүйесі- үшкілге тікелей қатысты. Ізденісіміздің 
ғылыми-теориялық, философиялық негізі -  «Абай Ү шкілі».
Үсынып отырған еңбекті 3 кітапқа белуге тура келді (Бірінші 
бөлім - 1  -ші кітап, Екінші бөлім -  2-ші кітап,  Үшінші бөлім жэне
Социологиялық талдаудың ұсыныстары -  3-ші кітап).
«Абай жұмбақтығы -  философиялық мэселе» -  деп атадық. 
Еңбек негізінен үш бөлімнен түрады:
Бүгінгі кезеңталаптары/кіріспе орнына/
Бірінші бөлім: Абай әлемі мэселелері;
Екінші бөлім: Абай философиясы;
Үшінші бөлім: Абай мен Мұхтар Әуезов XXI ғасырда.
Социологиял ық талдаудың ұсыныстары /қосымшасы ретінде: 
бірінші-бесінші кестелер бойынша/
46

ҮШІНШІ БӨЛІМ.  АБАИ МЕН МҰХТАР
ӘУЕЗОВ XXIҒАСЫРДА
БІРІНШІ  ТАРАУ.  XXI  ҒАСЫР -  ГУМАНИЗМ 
МЕН  ИНТЕЛЛЕКТ  САЛТАНАТЫНА  ЖОЛ
Миф дәуірінен бастап, адам баласы басынан өткерген әрғилы 
замандар тізбегі, сабақтастығы, дамуы тарихында—жаңа үшінші 
мыңжылдығы көшін сайлап, тұңғыш ғасырын қарсы алып, қажетін 
өткермекке бет алды. Әркімнің «көзді көкірегі»: «Қалай етеміз?», 
«Алда  не  күтіп тұр?»,  «Беймәлім  планета халықтары ма (бөгде 
планеталықтар)?», элде белгісіз өркениет пе?! Солай болды делік. 
Сонда, мына Жер планетасы халықтары-ше? «Бұлардың: үйіуіне», 
«бүйтуіне»- керекгер көктен құймақ болып жауа ма?! Жоқ, адамдар 
мыңжылдықтарды,  ғасырларды  басынан  кешсе  де,  сөйтсе  де, 
басында баспанасы, өрісінде оны-мұнысы болса да, планетарлық 
ноосфера -  болашақ адамдар белгіліні де, белгісізді де гуманизм, 
зерде, санат (интеллект) билігіне көндіріп, тізгіндерін мықгап қолына 
ұстай ала ма? Осы сұрақ Абай айтатын,  өзі  қолдайтын «саналы 
жан»,  «көкірегі  көзді»  адамдар  «көңіл  ашығын»  жаңғыртып, 
адамзатты алаңдатқан XX ғасырдың ескі-құсқысынан арылта ала 
ма?—деп, еріксіз елеңдетеді.
Әлем  халықтарын  дүр  сілкіндіріп,  бұның  жан  дүниесін 
тітіренткен XX ғасыр азабы. Бірақ қалың жұртшылық қолдауына 
сүйенетін  гуманизм мен интеллект одағы адамзат жендеттері — 
фашизм  мен нәсілдікке  қарсы төтеп беріп, озін жеңімпаз, Абай
аитатын, «әдщдікп моиындататын» қоғамдық, элеуметпк күш екенш 
танытгы. Қоғамдық, элеуметгік деуцің мәнісі -  фашизмге, нэсілдікке
47

қарсы тойтарыс бере алатын, атом жэне сутегі қаруларын шығаруға 
тыйым  салуға,  эрі  бұларды  сынақтан  өткізуге  қарсы  күресетін 
қуатты, әділетшіл, гуманисшіл ағымдар өмірге келді. Осының бір 
күшті  тармағы  Қазақстанда  туған:  Семей-Невада  қоғамдық 
қозғалысы.  Шіріген,  ақ-қара  жіппен  тігілген  не  түрлі  қанды 
империялар, осының бірі Кеңес Одағывда КПСС үстемдігі орнатқан 
кеңес  империясы  да  күйреп,  оралмасқа  кетті.  Философиялық 
түсінікте -  адамдықгың, кісіліктің қалқаны, тірегі, сүйенері неше 
өліп, неше тірілген гуманизм мен интеллект ғасырларды өңгеріп, 
күн санап, күш алып, жаңғыра, жандана, жаңара түсті. Мансапқор, 
пайдакүнем  саясатшылар  гуманизм  дэмін  татып  көрмегендер, 
мүның атын да, затын да атқа, таққа да таласқан аласапыран жерді 
де, көкті де қара дүлей тексіз күштер қаптаған шақта ауыздарына 
алады. Социализм мен коммунизм деп қаңбақ қуып, сыналмаған, 
халықтар  қабылдамаған  не  түрлі  қоғамдық  тәжірибелерді 
адамдардың  өңешіне  күшпен  тыққыштап  сынамақ  болдық. 
Ақырында, Кеңес Одағында 70 жыл бойы сыналған социализмнен 
не шыққаны дүниежүзі халықтарына бүгінде мэлім болып отыр. 
Адамзатты капитализм мен социализм қүрсауына қамап, бар жиған- 
терген мүлкімізді есепсіз шаштық, білім мен ғылымды соғысқұмар 
саясатшылардың иелігіне итере салдық. Сөйтіп, адам интеллекгінің 
жемісі, нэтижесі қарапайым еңбек адамы игілігіне пайдаланбай, 
бұның қас жауына айналды. Мұхтар Әуезов Абайдың ақындық, 
философиялық  шығармашылығы,  қоғамдық  жэне  әлеуметтік 
қызметі арқауы, тірегі, арнасы деп гуманизм мен зерде, санатты 
(и н тел л ект) санады. Осы сарын, осы багыт галым-жазушының 
«Абай», «Абай жолы» роман-эпопеясы соңғы «Шайқаста», «Жұтта» 
ап ы  екі тарауында өз алдына бөліне, даралана байқалады 
(Қараңыз: 
Мұхтар  Әуезов.  Жиырма  томдық  шыгармалар  жинагы. 
Алтыншы  том,  «Абай  жолы»  Төртінші  кітап.  Алматы:
Жазушы,  1980).
«Абай», «Абай жолы» роман-эпопеясы төрт кітабы шеңберіне 
киліккен, кірген, сиған азды-көпті, үлкенді-кішілі, қажетті жэне
48

кездейсоқ,  басты,  күрделі  тарихи,  оқиғалар,  бұларға  қатысқан 
мыңдаған  адамдар,  кейіпкерлер,  тарихи  тұлғалар,  белгілі  бір 
тарихтың беймаза уақыты мен аласапыран кеңістігінде орын тепкен, 
қазақ  қоғамына  үстемдігін  жүргізген  ру-тайпалық  қоғамдық, 
өндірістік қатынастары. Тарихтыңбұл кезеңінде Абай ұлы ақын, 
ойшыл философ, эділ би, халық қамқоршысы аталып, атағы елге 
жайылған да, танылған шағы еді. Мүхгар Әуезов танымы мен ойлау 
мәдениеті  тарих  шежіресін  меңгеріп,  ойлау сарабынан  өткізіп, 
қалайша тарқатады екен? Осы мәселеге тоқталық. Ғалым-жазушы, 
қоғам, мәдениет қайраткері Мүхтар Әуезов қаламынан туған қаз 
қалпында  танысалық.  «Соқтықпалы-соқпақсыз  заманда  өмір 
кешкен азғантай халқы бар» -  деп, Мүхтар Әуезов «Абай», «Абай 
жолы»  роман-эпопеясы  төрт  кітабы  тарқататын  тарихына 
қорытынды түйін боларлық ойын бастайды. «Оның бүгінгі тірлігі -  
қорлық. Ол қараңғы, надан, оны билеген күш-куат қара албасты, 
қара түнек күштері. Бүны ойласа Абай бір сәт шүғыл,  қатал бір 
ойға ауысады. «Бұл өмірден кетер ме еді? Өліп-өшіп, жоғалып, сол 
болашақ дүние үшін кетсе. Қайтабір ояну үшін, бір сәтке болса да 
қайтадан жандану үшін өлсе... Болашақта аз тірлікке бір келу үшін 
солай болса» -  деп те хиялдайды.» 
(Мүхтар Әуезов. Алтыншы 
том,  «Абай жолы»  Төртінші кітап,  324 б.).
Қазақ халқы ұлттық мемлекеті тәуелсіздігіне он жыл толу 
салтанаты қарсаңында. Бүл ғасырлар бойы қазақ халқы армандаған 
саяси-әлеуметтікте, экономикалықтабас бостандығы. Халқының 
бүгіні мен болашағы туралы Абайдың ой толғауы заңды. Ұсынып 
отырған еңбегіміздің екі бөлімін Абай Үшкілі танымы, логикасы, 
эрі  әдістемелік  көзқарасы  тұрғысынан  қарап,  талдағанда 
жиынтықталып, сарапталатын түйін-түжырым ой: Ел бағу мен Ой 
бағу мәселелерін бердік. Сонда ақылшымыз, басшымыз болған 
Мұхтар Әуезов шығармалары. Түйін, түжырым -төртінші кітабы
-  «Абай жолына» жүгінейік.
«Жаңағы асқар ойдың шағында бүгінгіден жирену соншалық, 
Абай бірінші рет осы арада «енді өлсе де болады-ау, жетті ғой! Мен
49

жүретін сапар таусылар шағы болған тэрізді. Өлсе де нетер!..»— 
деп те ойлады. Бірақ онысы қабақ шытқан, қан жүтқан қайғылының 
өлімін тілеуі  емес.  Бүгінгінің сұмдығын,  сорақы  қорлықтарын
жиренішпен өз прлігінен серпіп оір оөліп тастаудыңтілегі тэрізді. 
Дәл осы ойды ойлай тұра, Абай жаңағы бір сәтте өзіне өзі берген 
сүрауына қайта оралды.» 
(Сонда,  324 б.).
Халқының ақылшысы, қамқоршысы, эділ биі, басшысы Абай 
өмір жолы соңғы айрығында ақылдың, өмір мен тіршіліктің өріне 
шығып, бабына жеткен шағы еді. Мұхтар Әуезов осы жайттарды 
терең сезіңці. Абай «көкірегі көзді», «саналы жан» ойымен халқының 
сол шақтағы -  XIX ғасырдың соңы XX гасырдың басы, бүгінде 
XXI ғасыр алғаш қадамын аңдап басып, Қазақстан Республикасы 
тәуелсіздігінің он жыддығы салтанатын туған халқымен бірге қарсы 
алды.
«Абай өз өмірінің желісін тағы бір тартып өткендей. Жер, өлке 
әрбір оқшау шақгарды айқын баян етіп тұрғандай болады... тылсым 
дүниесіндей көрінген тау, тастарды шола отырып, өзгеше бір ойға 
кетті. «Кім біледі, бүлардың ішінде бүгіліп жатқан сыр жоқ па?! 
Түйіліп жатқан қазіргі нәсілге белгісіз ғажайып бөлек күш жоқ па?! 
Осы таулардың ішінде қалғып түрған қазына жолын кім біледі... 
Осы ақ адыр сары дала бір шақта қүт даласы боларлық ұйтқы мен 
қор жатқанына кім кепіл?.. Бүгінгі нәсілге жүмбақ тәрізденіп, үнсіз 
мүлгіп, мэңгі меңіреу дүние, бәлкім беймезгіл заманның тылсымы 
буып түрған дүние болар. Бір шакгар болар, әлдебір замандар бэлки 
келер. Сонда, осында баяғы ертегі қалаларындай қатып түрған,
қалғыған күштің оәрі қаита оянар...
Абай көңіліне осы оймен қатар, қызықгы ыстық хиялдай тағы 
бүлдыр тілек келе берді. Сол дүниені, заманды көрер ме еді!.. Тым 
қүрыса ұзақтірлік кешпесе де, әлдебір жайдан қандай бір сәтінде, 
жалғыз көзбен сығалап қараса да, сол заман, сол дэуірді көрсе!.. -  
деген арман, хиял Абайдың көңілін шалды.» 
(Сонда, 323-324 бб.).
Қоғам дамуы кешегісіне оралып, пысықтап қайталамайынша, 
бұның  «жақсы  менен  жаманын»  айырып,  ойлау  сарабынан
50

өткізбейінше бүгінгінің қажетін анықтау, жоспарлау, ертеңгінің, 
болашақтьщ қамын жеу мүмкін емес. Шынайы тарихтың кешегісі 
бүгінгінің иығына иегін артып, болашаққа қүлаш сермейді. Тарих 
шеңберлері  бір-бірімен  сабақтасып,  жалғасып,  байланысып, 
тұтасып тарих көші үнемі, үзіліссіз, үздіксіз жүбын жазбай алға 
үмтылады. Абай «ойлы көзі» сарабынан өткен қазақ халқы дамуы 
тарихының осы бір жауапты кезеңін Мұхтар Әуезовпен бірге біз де
неше қайталауға жалықпайық.
«Дүние,  ж араты лы с  рас  осы  тұрған  Ш үнайымен,
Шыңғысымен, Қарауыл, Балпаң, Ақадыр, Ордасымен ол заманға 
баратыны даусыз. Ал бүгінгі халықтан, осы кауымнан, осы заман 
адамынан сол жақсы заман қалпына таман керекке жарап барар 
бүйым бар ма?.. Халықтан халыққа жетер қасиет бар ма?..»—деп, 
тағы бір ойға түйіле бергенде, Абай сүйсініп жадырай түсті. Езуіне 
сәл ырзалық белгісі  пайда болды. Оның есіне бағанадан жүрек 
түбінде жатқандай, Дәрмен айтып келген жайлар келді. Жауыз да 
бар бұл күнде, қар боратқан дауыл да бар. Бірақ, бүгін күні тумаса 
да, туар күнге ат ой қойып жатқан қауым да бар. Мынау Базаралы 
айтқан «Армансызбын» деген жалынды сөз, жан сөзі ғой. Ал, ол 
үран тастаған  қалың ел  ше?..  Абаймен туыстым  деген  ата үлы 
Құнанбай, Өскенбай, Ырғызбай емес, «намыс қудым» дегенсіген 
жақынсымақ емес. Тіпті, ата үлдарымен, үрандарымен қосылған 
жандар емес, атсыз ауылдардан шыққан атақсыз үлдар. Намысқа 
шапқан, кекке шапқан елдік қасиет осы емес пе?! Беймезгіл күнде 
болымсыз болса да, белгі берген осы қимыл талай сырды танытпай 
ма?.. Қолынан шаңда бір заманда келсе де, осындай мінез бен іс 
келген  қауым  қандай!  Болашақ  заманға  да  түйір-түйір  касиет, 
әлденендей 
и гілік 
үрығын, дэнінтастар қауым болмас па?»—деп, 
оңашалана ойлаған, үзап ойлаған бір ойының байлауын Абай осындай
үмітпен аяқтады.» 
(Сонда,  324-325 бб.).
Абайдың  өмірге,  болашаққа  деген  оптимистік  сенімін, 
гуманистік көзқарасын, адамдық, қісіліксарынын, бағытын Мұхтар 
Әуезов айрықша ескергенін де айта кету керек. Әрине, екі Абай
51

емес,  өмір  сүрген  бір  ғана  Абай.  Мұхтар  Әуезов  элемге  эйгілі 
«Абай», «Абай жолы» роман-эпопеясыңца қалыптастырған, жасаған 
тарихта өмір сүрген тарихи түлға Абай.  Абайдың тарихи тұлға 
бітімін жасай отырып, үлы  гуманистің туған халқының тарихи 
болашағын  ұлы  ғалым-жазушы  былай  деп  суреттеген:  «Сол 
болашақ заманның нәсілімен, сол күннің сыр тыңдаушы ойлысымен 
Абай өзі енді тіл  қатысып, жалғаса берген.  Осы жайды ойлаған 
сайын, ендігі Абай көңілі тыным таппай, толқына тупай түседі. Егер 
де сол заман адамымен тілдесер болса, қандай, нендей жайларын 
Абай өзі, ең алдымен, айтуға тырысар еді. Әрине, ол заман адамына 
бүл тұтас түрған жүмбақ қой! Ол адам көп ойланбаса, жүрегінің 
түбіне  терең  бойлам аса,  Абайды  түсіну  оңай  бола  ма?.. 
Соқтықпалы-соқпақсыз заманда өскен мендей жанды жақын тану, 
жан тарту арзанға түсе ме?.. Тас қараңғы далада үйірлі наданмен 
жалғыз алысқан ем. Әлсіз қолда жансыз жапғыз ғана шырақ үстаған 
ем. Меңцей ізденушіні қабылдаушы, оңай үғып біле қояр ма!.. Көптен 
көп айтары бар, жылап та айтпайды, жасып та сөйлемейді, өтініш 
те етпейді, тек қана «түсін мені, дегісі ғана келеді.» 
(Сонда,  325
б .).
 

Щ 
Щ 

  ■

  5
Мұхтар Әуезов диалектиканың тарихшыл жэне логикалық 
әдістерін шебер қолданып, эрі ғылыми танымның болжағыштығын 
(гипотезаны /қалам иесі/) да «болашақ заманның нэсі л імен» ті лдесу 
барысында орынды, ұгымды пайдаланғанын аңғарамыз. Абай мен 
мұның  өмір  сүріп,  қызмет  жасаған  ортасы  бір-бірімен  тығыз 
байланысты, ажыратылмас бірлік құрады. Абайды тану -  заман 
жұмбақтығын  ашумен,  сырын  үғуға  ынталандыратын  тарихи 
үмтылыс.  Сондықтан  «...мендей жанды  жақын  тану.  жан тарту 
арзанға түсе ме?!» -  деуінде құпия сыр жатқан сияқты.
Мыңцаған  ғасырлар бойы  адамзатты  «қаны  бүзықтардан» 
табанды,  қалтқысыз  қорғаған,  адамның  кісілік,  адамгершілік 
қасиеттерін  сақтап,  үрпақтан  ұрпаққа  жеткізіп,  табыс  еткен 
жасампаз күштің аты -  адам гуманизмі мен интеллекті. Адамның 
күнделік лексикасында -  гуманизм деген ұғым ғылым, философия
52

саласында  жиі  қолданыс  таппайды.  Гуманистердің ұгымында, 
түсінігінде көбіне этикалық мэн атқаратынға ұқсайды. Біз гуманизм
тарихына,  мәдени,  ғылыми  орнына,  маңызына  тоқтаиық  деп 
отырған  жоқпыз.  Ғылым  мен  техника,  саясат  пен  экономика 
салаларындағы  ХІХ-ХХ  ғасырларда  орын  теуіп  отырған  ұлы 
жетістіктер адам игілігіне, табиғат пен адам қоғамы игіліктеріне 
пайдаланса  екен  деген  ұлы  гуманист  Абайдың  «паразит  атқа 
мінерлерден» қоғамды тазартса деген арманы XXI ғасырда іске 
асса екен деп, үмітімізді үзбейміз.
Гуманизм  деген  — тұтастық  ұғым.  Адам  өз  тегіне  деген 
адамгершілік, кісілік қайырымдылығы, қасиеттері. Алтын, күмістің, 
не түрлі асыл, бағалы тастардың адамның өзінсіз құндылығы бола 
ма?!  Адам  қауымдастықтары  мыңжылдық тарихында  не  түрлі 
империялар  өмірге  келіп  жатты,  бұлардың  дэрменсіздігінен, 
мэдениетсіздігінен құрып жатты. Бірақ гуманизм мен интеллект-  
адам  қауымдастықтарының  шынайы  тарихы  болып,  өлмейтін,
мұқалмайтын адамдық жасампаздық күш
етті
туган бос  қиял десек,  сыңаржақтылыққа ұрынатынымыз анық. 
Бұлай  десек,  «адам  ойы  түрленіп»  адамдықты  қоргауға  ауған 
шағын -  гуманизм мен интеллекта -  адамның өзіндік, жасампаздық 
күш сапасында қабылданбай, ескерусіз қалады гой. Бұлай еткен 
жағдайда өзімізді өзіміз жалаңаштап, кім көрінгеннің тепкісіне беріп, 
шарасыздыққа  қамалып,  не  түрлі  «қаны  бұзық»  «кеселді 
пысықшалардың» жемтігіне айналамыз ғой.
¥лы  Абай айтқандай:
Қу тілменен құтыртып,
Кетер бір күн отыртып,
Қызмет қылган кісісін
Құртуга таяйды.
Қылып жүрген өнері:
Харакеті -  әрекет.
Өзі оңбаган  антұрган
S3

Кімге ойпайды  берекет?
Кімді үялып аяйды?
Расы жоц сөзінің,
Ырысы жоц өзінің,
Өңкей жалган мақтанмен 
Шынның бетін бояйды.
Бұл сөзімде жалган жоц,
Айтылмай сөзім цалган жоқ 
Абайлаңыз,  бащаңыз -
Елдің  жайы  солай-ды  — деп,  сенейін  десең  — «Расы  жоқ 
сөзінің», паналап, арқа тұтайын десең — «Шынның бетін бояйды».
Мұңдай адамның парасында гуманизм мен интеллекта ңүшқыны 
да жоқ. Осындай «Қу тілділер» ел басында болса, мәдениет, ғылым 
төрінде отырса, көрер күніміз не болмақ. Абай гуманизмі мен зерде- 
санаты (интеллекті) терең философиялық туындысы «өлмейтін сөз». 
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен  бір жұмбақ адаммьт  оны  да ойла,
Соцтъщпалы соцпацсыз жерде өстім,
Мыцмен жалгыз алыстым кіна қойма!..
Өзі ермей,  ерік бермей жүрт цор етті:
Сен есірке,  тыныш үйъщтат,  бац сөзіме!..»
Абайдың «өлмейтін сөз»—деген қағидасына Мұхтар Әуезов 
мына төмендегідей философиялықталдау, эрі баға берген. «Өлсем 
орыным қара жер» дейтін өлеңімен Абай ең алғаш рет өл імді аузына 
алады. Бірақ бұл өлім жайындағы сөзде өлместік сырды баяндау 
бар. Өлмес күшті құптау мен ұзаққа жолдау бар. Бұл, күңіренген 
кәрінің, көрге үңілген зарлының айтқан өлім жайы емес. Дүниедегі, 
халықтардағы,  замандардағы  барлық  бір  өлмес  күштер,  мэңгі 
тірліктер барына сенген жүрктен туған, өлім атынан айтылған өмір 
жыры еді.» 
(Сонда,  326 б.).
«Ө лсе  өлер  таби ғат,  адам   өл м ес»  ф илософ иялы қ
шығармасында Абай:
54

Өлді деуге сыя ма,  ойлаңдаршы,
Өлмейтұгын  артында  сөз  қалдырган,  -  деп,  ұлы  ойшыл- 
философ  ең  алдымен  адам  интеллекті  тудырған,  жасаған 
материалдық, рухани байлықтарды сөз етеді. Тіпті құрып, ізсіз- 
түзсіз жоғалып кеткен, ертеде көне дәуірде өмір сүрген Атлантида 
мәдениеті, мұның қалдықтарын тауып, тарихын тарқатамыз деп, 
адамзат үмітін үзбей, сенімін жоғалтпай келеді емес пе? «Өлмейтін 
сөз» қағидасы тарихи және философиялық мазмүнын, мэнін танып, 
білуге ұмтылып диалектика заңдары «ойлы көзімен» пайымдап 
қарасақ,  шиыршық атып, үнемі жоғары өрлеп  көтерілетін адам 
үрпақтарының  тарихы  — бір-бірімен  сабақтасып,  байланысып 
жатқантаным тарихы шеңберлері, қызмет бабындағы интеллект—
ойлау логикасы.
Төменде келтіріп отырған Абай пі кірі н ойда тағы бір жаңғырты п,
қайталап өтсек, негізінде Абай сөзі «Адам ойы түрленіп ауатын»
шақтары алуан түрлі, көп салалы, шекті де, шексіз диалектикалық
қайшылықтардың адам ойында бейнелену тарихы. Ән мен күйдің
лэззаты,  эрі  адам  жанын  тебірентетін  сүлулығы,  тарихы  мен
эстетикалық  көркемдігін  қабылдауға  мәдениеті  жеткіліксіз,
логикасы жаяу адамды Абай:
Шырқап,  цалцып,  соргалап,  тамылжиды,
Журекті тербеп,  оятар баста миды.
Бұл дүниеніц ләззәті бәрі сонда,
Ойсыз құлац ала алмас ондай сыйды,  - деп, логикасы жаяу, 
талгамсыз, білімсіз адамның эн-күйге деген  қабілетін сынаған. 
Ескертпегіміз, біздің ойымызша, «лэззат» деп эннің музыкалық 
сипатын айтса, «ойсыз қүлақ» деп тыңдаушының энді терең сезініп,
айтады. Абай жалпыфилософиялық мәселені көтеріп отыр емес
пе?! Адам интеллекті деңгейін сөз етіп, жалпы адамзаттық мәселе 
екенін  аңғартады.  «Лэззат»,  «Ойсыз  қүлақ»,  «Өлмейтін  сөз» 
қағидалары   негізінде  Абай  талдап ,  үсы ны п  отырған 
жалпыфилософиялық,  танымдық  жэне  логикалық  мэселе,  эрі 
қоғамдық жагынан гуманизм туралы мэселе. Адамзатқа ортақ ақ,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет