Монография «Тұран-Астана»



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата01.01.2017
өлшемі6,28 Mb.
#900
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
900

б  87.3
V
ӘБДІРАЙЫ М ОВ 
Ш АҚАНАЙ  Ә М ІР Ж А Н ¥Л Ы
I
І Ш
ifІ 
wVSmai
§
9
«to
ж
^ л і ^ й ц т м
ғ м
 
- 
(рилососриялыц
Үшінші кітабы

ӘБДІРАИЫМОВ 
Шақанай  Әміржанүлы
Абай жумбақтығы -
философиялык, мәселе
Үшінші кітабы
2015 жыл

ӘОК  1/14 
ББК  87.3 
і 
Ә-14
Монография  «Тұран-Астана»  университетінің  «Қазақстантану»  Ғылыми 
орталыгы жэне осы университет жанындағы оншакты жыл тұрақты жұмыс істеп
келе  жатқан  «Қазақстантану-Казахстановедение-Kazakhstanlogy»  Ғылыми-
эдістемелік семинары шеш імімен баспага ұсынылды.
Редакция  алқасы:
Бас редакторы  Әубәкір  Д.  Ә.
Редакторы  Ысқақов  М.  Р.
Пікір  бергендер:  СэбитМ., профессор, философия ғылымдарыныңдокторы;
Смагұлов Ж.Қ., профессор, филология ғылымдарының
докторы;
Әубәкір Д.  Ә.,  профессор,  философия  гылымдарынын 
докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының 
ахадемигі;
Ыскаков М. P., қазақ тілі мен әдебиеті пэнінін окьггушысы.
Ә-14
жұмбактығы  -   философиялық
мәселе. Ғылыми-зерттеу жарияданым:3 ютаптан тұратын 
Үшінші кітабы.—Астана: 2 0 1 5 .-1 2 8  б
ISBN978-601-278-756-6
Кеп  жылдар  бойы  жоғары  оку  орнында  ұстаздық  кызмет  атқарған  белгілі 
гапым, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Ә. Әбдірайымовтың бұл 
ғылыми  зерттеу  еңбегі  халқымыздың дана тұлғалары  Абай  мен  Мұхтар  Әуезов 
шығармашылығыныц  философиялық  кырларын  зерделеуге  арналған.  Дара 
тұлғаларымыздын дүниетанымындағы жеке тұлға жэне адами болмыс, қоғам және 
заман туралы  философиялық толгауларының танымдық та,  тағылымдық та мэні 
мол. Осы абайтануга рухани игілік болып қосылуға  лайық еңбектің жарық көруіне 
автордың жан-жолдасы, замандасы Дәурен Садықұлы Ахметбаевтің қосқан үлесі 
зор: қолжазбаларды жинактап, ретке келтіріп,  компьютерге салгызу.  Кітап Абай 
дананыц туғанына  170  толуына  орайластырыла  отырып,  жоғары  оку  орыңдары 
мен мекгеп шэкірттеріне, гылым жолындағы ізденушілерге -  магистрант, докторант, 
РҺ П-тюктпрянттярга. галымдарга және жалпы окьшман қауымға арналады.
I! 
и. юраиғыров 
■Й78-^бгі£дағы  ПМУ-і
1   I   I
академик
ш   ■

атында»
{/  Т  Д  П 
v  
А
1  А і   і д м
J  
«1  Н  
1  
ш  
т  
9
 
ft 

ф  
щ
Ш. ІӘ.  Әбдірайымов,  Т.  Тұяқов,  2015

АБАЙ  ТЫЛСЫМЫ  ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
СЫРСАНДЫҚ
Ш.Ә.  Әбдірайымовтың 
«Абай  жумбақтығы  — философиялық  мәселе»
туындысына  пікір-беташар
Бұл туынды әйтеуір бір Жарық дүние есігін ашуы керек еді. 
Абай  заманы,  Мұхтар  Әуезов  Абай  мұрасына,  тұлғасына  ден 
қойған қазақ халқының рухани жаңғыруындағы ғасырға бергісіз 
кеңестік кезең, туған елінің Абайды үлттық рух көсемі деңгейінде 
шынайы пейілмен пір тұтуы,  Абай мен Мұхтарға деген бүгіндегі 
әлем жұртшылығының ыхыласы аууы -  осының бәрі-бәрі көптен 
күткен аталмыш еңбектің жарыққа шығуына ақжолтай.
«Абай»  романы,  соны  іле-ш ала  «Абай  жолы»  роман- 
эпопеясының жариялануы қазақ үшін рухани қайта түлеп, ескіше 
айтқанда, Ренессанс үрдісін бастан кешкендей ғүлама оқиға болды 
десек, ақиқаттан алшақтамаған болар едік. Тіптен, Абай заманы 
«Қазақ  Ренессансы»  деуге  тұрарлық.  Осындай  зор  тағдырлы 
бақыт кез келген ұлттың басына түсе бермейтіні аян. Біз тағдырдың 
өркениет ұзынсонар көшінде бұндай бақ қондырған сыйына разы 
болуымыз керек және де осынау бақ құсын уысымыздан шыгарып 
алмауымыз лэзім.
3

Мен Шақанай Әміржанұлын бір кездері Павлодарда қызмет 
етіп жүрген күндерінен білуші едім. Ол кездері қазақган философия 
маманын  алып  шыққандар  бірен-саран  ғана  болатын.  Кеңес 
Одағының коммунизм құруға бағытталған социалистік доктринасы 
марксизм-ленинизм ілімі шеңберінен бір қарыс та ауытқи алмайтьш, 
сана-сезімімізге сіңген коммунистік идеология өктемдігі өз табын 
философия ғылымына салмай қойған жоқ. Тіптен, философия бұл 
тұрғыдан  алғанда,  басқа  ғылымдардың  алдын  орап,  КОКП 
доктрина жүйесін жасауда басты рөл атқарып, кеңес халқының 
жаппай игеруге, меңгеруге, кез келген істерінде, бүкіл тұрмыс- 
болмысында басшылыққа алар қоғамдық бағдаршамы болатын. 
Сондықтан  да,  автордың  сол  уақыт  туралы  айтқандарымен 
келісемін. Дегенмен де, кеңестік ғасырдың қазақ халқына, жалпы 
адамзатқа бергені де аз болған жоқ: дербес болмаса да, қазақ өзіндік 
автономияға қол жеткізді; тілі мен мәдениетін әжептәуір жоғары 
деңгейге көтере алды, міне соның арқасында Абайды тануымыз 
сол кеңестік ғасырдан бастау агщы; білім беру һэм денсаулық сақгау 
жүйесін  қалыптастырып  алды  жэне  де ғылымын  даму жолына 
бағыттай алды; белгілі бір паргиялық жүйеге мойынсұну, елдік пен 
мемлекеттікке  ден  қою  секілді  бүгінгі  заманымызға  қажеттігі 
көрініп, кәдеге асқан әдеттерге бойды үйрету; кешегі ¥лы  Отан 
Соғысы ауыртпашылығын бүкіл кеңес халқымен бірге көтеріп, 
содан абыроймен шыга білу т.т. Бұларды жоққа шығару, әлбетге, 
ешкімге абырой эпермес.
Абай шыгармаларындағы ғылыми, соның ішінде философиялық 
сарын, тіптен көзқарас бар екендігін біз де, басқа да ғалымдар, 
жазушылар басқа да сала мамандары тарапынан бұрыннан, әсіресе 
Мұхтар Әуезовтьщ түбегейлі еңбектерінен кейін көптен айтылып, 
жазылып жүр. Абай өзінің осынау ой-сана, зерде-санат тереңінен 
толғаған  шығармашылығын  дүниесезгіштік,  дүниетанымдык 
дэрежеге дейін жеткізген ғұлама. Бұл жағынан кейінгі Ренессанс 
кезіндегі Батыс философ-оқымыстыларынан ол Иммануил Кантқа 
жақын деп айта аламыз. Ал, жалпылай айтсақ, Эллин өркениеті
4

дәуіріндегі  Ф алес,  А наксимен,  А наксим андр,  Протагор 
бертінгілерінен  Гераклит,  Демокрит  сынды  ежелгі  ғұламалар 
идеяларының ұшқындарын Абайдан байқаймыз. Түптеп келгенде, 
Абайдың ол дэуірдегі прототиптері—Сократ пен Платон. Сондықган 
да,  егер  соларды  ғалым  десек,  онда Абай да — ғалым,  егер-әки 
философ десек, онда Абай да -  философ. Бұған еш талас-тартыс 
қажет емес. Шақанай  Әбдірайымовтың керемет атқарған еңбегінің 
басты  нәтижесі  сол,  осындай  ой-топшылауларды,  толғаныс- 
болжамдарды, шашырап жүрген пайымдарды терең зерделеп, бір 
ізділікке түсіріп, жүйелеп шыққаңдығы. Абай шығармалары, әсіресе 
«Философия трактаттары» деуге болатын «Қара сөздері» тұнып
тұрған ғылыми жүие үлпсі.
Мүрат СӘБИТ, профессор,
философия ғылымдарының докторы
5

ҰЛЫЛАР ҮНДЕСТІГІНІҢ ҮДЕСШЕ ҮҢІЛГЕН
Ш.Ә. Әбдірайымовтың «Абай жумбаңтыгы
  -
 
философиялықмәселе» атты гылыми-зерттеу еңбегіне
сараптамалык, ой-пікір
Адамзат қоғамы жаратылғаннан бергі уақыт ішінде сан алуан 
ғылымның түрлерінің зерттеуіне айналса да элі де болса барлық 
құпиясы толық ашыла қоймаған бір нысан бар. Ол -ад ам . Өзінің 
жаратылу құпиясынан бастап бірталай ғылым саласының элі күнге 
дейінгі  әр  түрлі  бағыттағы  зерттеулеріне  өзек  болып  келе 
жатқандығымен  де  жұмбақ  болып  отырған  осы  бір  табиғат 
сыйының болмыс-бітімін түпкілікті  ашып бере алдык деп айта 
алмасақ  керек.  Ал  тарихта  терең  із  қалдырған  ұлы  өнерпаз 
тұлғалардың өміртану мен өнертануцағы шығармашылық құпиясы 
деген шетсіз, шексіз жатқан бір ғаламат дүние. Қазақ халқының 
бастан  өткерген  тарихи  тағдырында  мақтана  да,  мақтай  да 
ұлықтайтын Ұлыларымыз қаншама! Жер жүзіндегі өркениетке бір 
де бір данасымен үлес қоса алмаған үлттар мен ұлыстар да бар. 
Жеке үлт ретіндегі тарихы тәлкекке түсіп, мемлекет болмақ түгілі, 
тілі, діні, ділі құрып жойылып бара жатқаны қаншама!? Ал «мың 
өліп, мың тірілген қазақ халқы» әлемдік өркениетге қаншама ұлы 
ойшылдарымен даңқты. Сонау Сақ, Ғұн дэуірлерін былай қойған 
күннің өзіңде, Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегіндей арыстарымыздан 
классик ақынымыз О. Сүлейменовке дейінгі ғасырларға созылган
6

тарих көшіндегі тарихи тұлғаларымыз қалдырған өшпес рухани мүра 
барша адамзат қоғамының игілігіне қызмет жасауда.
«Абай -  қанша алсаң да таусылмайтын ұлы мұхит. Мен одан 
өзіме керегімді ғана алдым», - деген екен бір сөзінде М. Әуезов. 
Үлттық әдебиетгану ғылымында абайтану ілімі жеке сала болып 
қалыптасып,  оның  барлық  проблемалары  ғылыми  тұрғыда 
қарастырылды дегенімізбен, тәуелсіздік алғаннан бергі жаңа дэуірде 
ұлт мүддесіне байланысты жаңаша көзқарастағы тың зергтеулердің 
қолға  алынғаны  кеше  ғана.  Турасын  айтсақ,  абайтану  мен 
әуезовтану ілімдерінің мәселелері кешегі тоталитарлық заманда тек 
әдебиетші  ғалымдардың  еншісінде  ғана  болып  келді.  Басқа 
гуманитарлық ғылымдар саласы тек шет пұшпақтағаны болмаса,
аса тереңдеп барды дей алмасақ керек.
Бұган  да  объективтік  себеп-салдарлар  жоқ  емес.  «Тек  үш 
пайызы ғана сауатты болған көшпелі надан халық» деп санаған үлы 
державалық көзқарас пен еуропашыл арамза пиғылдардың салдары 
өз  тарихымыз  бен  данышпан  даналарымызды  ақиқатқа  сай 
бағалауға мүмкіндік бермеді. Егемендік алғаннан бергі уақытта 
әлемдік ЮНЕСКО үйы м ы арқылы қаншама ғұламаларымыздың 
мерейтойлары дүниежүзілік көлемде аталып өтіп жатыр. Бұған тек 
қана қуану аз, бөркімізді көкке лақтырып мақгану да керек!
Бүгінгі таңда кешелері тек үлттық эдебиеттанудағы жеке ілім 
саласы  ғана  болып  келген  абайтану  пен  әуезовтануға  басқа 
қоғамдық  жэне  гуманитарлық  ғылымдардың  батыл  араласуы 
қүптарлық құбылыс. Оның ішінде философия ғылымында ұлтгық 
ойшылдардың данышпандық даралықтары  жан-жақты  зерттеу 
нысанына айналуда. Абай секілді ғүлама ойшылдың пәлсапалық 
ой-көзқарастары  ғалымдар  А.  Машани  мен  Ә.  Марғұлан  және 
беріректе Ж.М. Әбділдин мен Е  Есім ғылыми зерггеулерінен бастау 
адцы. Бүларға қоса, филология, педагогика, психология, әлеуметгану, 
саясаттану, заң ғылымдары салаларыңца да ізденістер жүріп жатыр.
Абай философиясы жекелей қарастырылганымен, М. Әуезовтей 
үлы түлғаның дүниетанымдық ойлары мен шыгармашылығына
7

тығыз байланыстылықтағы логикалық түгасты қта кешенді түрде
сөз  бола  қойған  жоқ.  Оның  кейбір  мәселелері  алғаш  тек  М. 
Мырзахметовті ң «М. Әуезов жэне абайтану проблемалары» атгы 
монографиялық  еңбегінде  жэне  кейіндерде  шыққан  басқа 
зерггеулерінде әдебиеттанушылық бағытында ғана сөз болған-ды. 
Сондықтан  да,  егер  де  біз  Ш.Ә.  Ә бдірайымовтың  «Абай 
жұмбақтығы -  философиялық мэселе» атты бұл ғылыми-зерттеу 
еңбегінің  негізгі  өзегі  ұлылар  үндестігінің  тарихи  дэстүр 
сабақтастығына сай жалғастық табуын зерделеуде десек, артық
айтқандықболмас. 
•  -з/',
«Абай элемі -  бір дәуірді  қамтитын тарихи үдеріс. Мүхтар
Әуезов «Абай», «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы Абай өмірі 
мен ісін тарихқа сәйкестендіре отырып талдап, зертгеп, жан-жақты 
бейнелеп, қазақхалқының тарихи түлға бітімін қалыптастырды. 
Қазақ мәдениеті, гылымы мен өнерінде Абайдың орны ерекше. 
Абай өмірі -  қазақ халқының өмірі, мәдениеті даму тарихы. Абайды 
тану-белгіліден белгісізге үздіксіз, үзіліссіз сатылап жоғарлайтын 
диалектикалық үдеріс. «Абайтану» ғылымының салалары үнемі
жаңа деректермен, пікірлермен толықтырылып, оаиытылып отыруы 
ғылыми  заңдылық.  Сондықтан  да,  Абайды  тану  -   барға  бас 
шұлғып, ат басын тежеу емес. ¥лы  ойшыл ақынның әлемдік тарихи 
тұлға бітімі -  сарқылмас рухани да, ғылыми да қазына. Абайдың 
жеке-дара өмірі, қоғамдық ісі мен шығармашылығы, рухани асыл 
мүралары кімге де болсын -  мэңгілік серік» -  деп автордың өзі
атап көрсеткендей, бүл көлемді еңбектің маңыздылығы да осында. 
¥лы перзенттеріміз Абай мен Мүхтар әлеміне диалектика заңы 
бойынша философиялық түрғыдағы байыпты байламдар жасауцы 
м ақсат  тұта  оты ры п,  қазақ  деген   халы қты ң   ұлтты қ 
дүниетанымының  болмыс-бітіміне  бүгінгі  таңдағы  жаңашыл 
көзқараста  тың  ғылыми  пайымдамалар  жасауға  ұмтылады. 
Расында  да  «Абайдың  тарихи  түлғасының  әлемдік  деңгейге 
көтерілу сыры -  қазақ халқының жасампаз еңбегіне,  қоғамдық 
қызметіне, ойшылдық қасиеттеріне байланысты. Диалектиканың
8

тұтастық жэне жан-жақтылық қағидаларын басшылыққа алсақ— 
«тарих» жалпылық мәнінде бар тіршіліктің болмысы үнемі даму 
үстінде деген түсінік. Тарих -  шекті де, шексіз үрдіс, өмірді де, 
ойды да баптап, шектеп, жүгендеп ұстауға тырысатын, шамасынша 
тізгінді  мықтап  ұстау  үшін  бар  айла-амалын  жүмсайтын  адам 
қоғамы іс-қимылдарынан туындайтын объективті үдеріс» деген 
пікірі талдауцы қажет етпеңді.
«Абай  кім?  Оны  қалай  үғамыз  жэне  үғынамыз?»  деген 
ғасырдан ғасырға жалғасып келе жагқан сүрақ эрбір үрпақтық буын 
ауысқан сайын олардың алдында үнемі жаңарып, өзгеріп, заман 
талаптарына  сай туындайтын ұшан-теңіз  мәселе  екені  белгілі. 
Кешегі  социализм  деп  аталған  тоталитарлық-әкімшілік  жүйе 
кезеңінде отаршылдықты негіз еткен кеңестік идеология абайтану, 
мүхтартану ілімдерінің проблемаларын қандай талаптар бойынша 
насихаттауға мәжбүрлегеніне көз жеткізеді. Ол бірінші бөлімнің 
алғашқы тарауыңдағы«Тарих қойнауынан: Қорқыт атадан Қонаевқа 
дейін» деп аталатын тараушада нақты сөз болған. Бүл түрғысынан 
келгенде, Ш.Ә. Әбдірайымов жаңадан Америка қүрлығын ашуға 
ұмталап отыр деуге негіз жоқ. Мәселе Абай мен Мұхтар аталатын 
даналық әлеміне өзіндік ғылыми ой үйғарымдар бойынша келуінде. 
Ол тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері жан-жақты жэне әртүрлі 
аспектіде айтылып жатқан ізденістерді біртүтас жүйеге келтіруге 
деген ғылыми танымдық жэне тағылымдық мэнде жатыр.
«Абай әлемі»—деп жазады Ш.Ә. Әбдірайымов -  «XX ғасырдан 
XXI  ғасыр табалдырығын  аттады  да.  Бүгінгі  тәуелсіз елімізде, 
халықаралық  көлемде  келесі  тарих  бүрын-соңды  болмаған 
қоғамдық, саяси-элеуметтік мүмкіндіктер тудыруы сөзсіз. Абай 
элемінің,  танымы  мен  логикасының  мақсатты  бағыттылығын 
анықтау ізденісімізді белгілі бір зандылық арнасына жетелейтін, 
бүныңтікелей эсерімен сипатталып, бейнелейтін философиялық 
категориялардың басын ашып анықтасақ: олар кеңістік пен уақыт 
жэне де диалектикалық қайшылықтар. Аталған категорияларды 
Абай элемі тың мэселелелері мен жүйесін анықгап, зерггеп талдауға
9

жол  нұсқайды.  Кеңістік  пен  уақыт  физикалық  элементарлық 
бөлшектен  бастап,  баршаның — материалдық дүниенің,  бұның 
ажыратылмас бөлігі, әрі қүрамы адам қоғамының өмір сүруінің 
объективті түрлері. Ал, диалектикалық қаишылықтар болса, қандай 
да  бұған  қоса  таным  мен  логика  дамуының  ішкі  қайнар  көзі. 
Философияның  сөз  етіп  отырған  тұлғалы  қағидасын  өмірге 
келтірген,  тек  қана,  эбден  етене  болып  сіңіп  кеткен  маркстік- 
лениндік философия ғана емес, әлемдік философияның—даму, таным 
жэне логика туралы ілімі — диалектикалық жиынтық, қорытынды, 
түйін пікір». Мінеки, осы пікірдің өзінен-ақ оқырман қауым абайтану 
пен  әуезовтану  ілімдерін  қалыптастыру  барысындагы  барлық 
жетістіктер  мен  кемшіліктерге  соны  сипаттағы  таразылық
көзқараста қарауға ұмтылары анық.
Ғалымның өз еңбегінде қайталап айтып отыратын кеңістік пен 
уақыт  жэне  де  диалектикалық  қайшылықтар  проблемасы  -  
ғасырларга созылса да, шешуін таппаған күрделі мәселе. Себебі 
кеңісгік пен уақыт мэңгіл ік болатын болса, онда тарих көші не ілескен 
эрбір  ұрпақтың үлттық  кемеңгерліктің  мэйектеріне,  Абай  мен 
Мүхтар  аталатын  даналық  элеміне  жаңа  көзқараста  қарауы 
философиялы қ  заңды лы қ.  Ол  қөзқарастарды   дамудың 
диалектикалық қайшылықгары іуғызатынын дәлелдеп жату аргық.
Ғалым  Ш .Ә.  Ә бдірайы м овты ң  адамтану,  түлғатану 
ілімдеріндегі ғылыми айналымда бүрын-соңды кездесе қоймайтын 
«Үшкіл  қағидасы»  ұғымын  енгізген.  Зерттеуші  оны  былайша
непздеңді: 

•  .  . г Г., 
л ,&.,
«Абай шығармашылығына диалектикалық тұтастық сипат 
беріп, бұның мазмүнын ашатын ғылыми-теориялық негізі -  «Ү шкіл 
қағидасы».  Үшкіл  төңірегіне  теориялық түлғалы  үш  қағиданы
ұсынбақпыз:
-  
біріншісі -
 Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы;
— 
екінилісі—
Абай мен Мұхтар Әуезов шығармашылығының 
халыктық, ұлтгық жэне үлтжандылық қасиетгері;
10

-  
үшініиісі
 -  біздің ойымызша, тың,  әсіресе, талас, тартыс 
тудыратын қағида — «Абай философиясы».
Жаңашылдық сипаты айқын осы «Ү шкіл қағидасы» ұғымының 
бара-бара  ғылыми  терминге  айналары  сөзсіз.  Егер  әрбір 
шығармашылық  өнерпаз  болмысын  осы  үшкіл  қағидасы 
талаптарына сай зерггей бастасақ, онда сол  саладағы  ғылымға 
да, ғалымға да пайдасы молынан тиері анық. Өйткені, гуманитарлық 
ғылымдардың эр саласы «өз қотырын өзі каси берудің» уақыты 
өтті. Абай мен Мұхтар Әуезов элемінің тарихи да, ұлттық та, рухани 
да тамырларын осы қағида тұрғысынан қарастыру авторды талас 
тудыратын тың мэселелерге жетелеген. Сондықтан да, қоғам жэне 
адам, оның ішінде өнерпаз дара тұлға болмысы мен дүниетанымы 
туралы дэлелді ой-пікірлер сонылығымен көңіл ауцартады.
Ал тұлға мәселесін эдебиеттану ғылымы тұрғысынан қарасақ, 
эргүрлі көзқарастар тоғысында дау тудыратыны анық. Белгілі бір 
тарихи түлға мен ол туралы жазылған көркем шығармадағы әдеби 
образ  ретіндегі  кейіпкер  тұлғасы  арасындағы  ұқсастық  пен 
айырмашылықтардың тарихи шындыққасәйкестігі мэселесінде 
түрлі пікір қайшылықтары туындап жататыны шындық. Автор ¥лы 
Абай жэне ол өмір сүрген кезендегі тарихи тұлғалардың М. Әуезов 
шығармашылығында кейіпкер дэрежесінде сомдалуын негізге ала 
отырып,  тарихи  тұлга  жэне  көркем  бейне  мәселесіне  орай  ой 
толғайды.  Ғылыми  зерттеу  ж ұмы сы мы зды ң  саласы 
әдебиеттанушы ретінде қарайтын болсақ, бұл еңбекте эрі қарай 
тарата, тарамдала зерделенетін көптеген ғылыми проблемалар мен- 
мұндалап  тұрғанына  шәк  келтіре  алмайсыз.  Бір  ғана  мысал 
келтірелік. Автор жеке тараушада ғана сөз ететін «Әйел тағдыры» 
мэселесінің өзі бұған Абай шығармашылығындағы көзқарас пен 
М. Әуезов туындыларындағы қазақәйелдерініңтағдыр-талайын 
салыстырмалы  эдебиеттану  талаптарына  сай  философиялық 
аспектіде қарастыру-тыңзертгеудің өзегіне жетелеп тұр. Әрине, 
сараптама пікір жазып отырғаннан кейін бұл еңбектің эр бөлімі мен 
тарау, тараушаларына жеке-жеке тоқталуға болар еді. Бірақ біз оған
11

барған жоқпыз. Себебі, бір жағынан автор айтқан идеялар мен ой- 
тұжырымдарды  өз  сөзімізбен  қайталап  айтып  беру  жағынан 
сақтансақ,  екіншіден,  өзім  ғана  білеміннің  аяғы  жақсылыққа 
апармасы белгілі.
Ш.Ә. Әбдірайымовтың «Абай жұмбақтығы -  философиялық 
мэселе» атты ғылыми зерттеу еңбегі төрт аяғын тең басқан мінсіз 
зерттеу деуден аулақпыз. Егер автор марқұм болып кетпегенінде 
айтылатын  сын  ескертпелер  де  болар  еді.  Олар  түзетіле  келе 
еңбектің ғылыми сапасын артгыра түсер ме де еді. Қалай дегенмен 
де,  ұзақ  жылдар  бойы  том-том  кітап  ақтарып,  кешті  таңға 
жалғастара,  көз  майын  тауыса,  еңбек  еткен  қалам  иесінің 
жанқиярлық еңбегіне  тэнті  болдық.  Ең бастысы ұлтжандылық 
болмыс-бітімінен туындап жатқан «Қазағымды танытсам екен, 
оның ұлыларын ұлықтау арқылы ұлтымның мерейін өсірсем екен» 
деген патриоттық сезімі шын мэнінде ризашылық тудырады.
Философиялық  ой-толғамдарға  негізделген  бұл  зерттеуде 
ғылыми стиль мен публицистикалық сарын араласып отырғанымен, 
ол Абай мен Мұхтардың жұмбақгығын ашуды мақсат түгқан негізгі 
жүйеден  аулақтай  қоймайды.  Қазіргі  кездегі  көзқарасқа  сай 
автордың  субъективтілік  көзқарастары  да  тақырып  аумағанан 
табылып жатыр. Қандай да болсын бір ғұламалықпен жазылған 
кітап болса да, оқырман одан тек өзіне керегін ғана алатыны мэлім. 
Ендеш е,  Ш .Ә.  Ә бдірайы м овты ң  «Абай  ж ұм бақты ғы   -  
философиялық мэселе» атгы еңбегінің тағылымы мен танымы мол 
екенінде дау жоқ. Мэселе оны қалай түсіну мен түйсінуде жатыр. 
Абайтану мен Әуезовтану ілімдерінің келелі мэселелерімен қатар, 
ел бірлігін сақгау мен тәуелсіздігіміздіңтұғыры берік болу жолыңца 
осы ғүлама даналарымыздың қалдырған баға жетпес мұраларының 
да пайдасы шексіз екені анық.
Жаңцос Қожахметұлы Смағулов, 
академик, Е.А. Бекетов атындағы 
Қарағанды мемлекетгік университетінің 
қазақ әдебиеті кафед расынын профессоры,
филология ғылымдарыныц докгоры.
12

ҒҮЛАМАЛАР САЛҒАН ДАҢҒЫЛ ЖОЛҒА 
АДАЛДЫҚ
Шақанай Әміржанүлы Әбдірайымовтыц 
«Абай жумбақтыгм  -   философиялықмәселе» 
монографиялъщ еңбегіие сараптама-пікірлеме
Осынау күрделі де ауқымды еңбекке сараптама жасау, пікірлеме 
беру ойламаған, өзім күтпеген жағдайда орын алып отыр. Автордың 
кім екенін естігенде жэне де монографиямен танысқан соң, бұл 
әріптестерім  жүктеген  тапсырмадан  бас  тартуға  болмайтынын 
түсіндім, тіптен, соның үрдісінен шығуцы өзіме парыз, мәргебе деп 
білдім.
¥лы бабамыз Абай жолын ғұлама ғалым-жазушымыз Мұхтар 
Әуезов қандай жағдайда, қай заманда дүниеге экеліп, қилы-қилы 
заманауи  қалтарыстарға,  қылышынан  қан  тамған  империялық 
зобалаңға  қарамастан,  қазақ үшін  өркениеттің  даңғыл  жолына 
айналдырды емес пе. Біз бүгінгі егемендіктің арқасында, бейбіт 
өмір тұрғысынан енді ғана түйсінуге мұршамыз келіп отырған жок 
па: Мұхтар Әуезов осы қатерлі істе басын тігіп, абыройын тәлкекке 
салып, өмірін жанпида еткенін жан-тэнімізбен сезінетіндей уақыт
жеткенін.
Қазактың ел болып, жұрт санатында жай сакталып қана қалмай, 
болашақ өркениет көкжиегіне құлаш ұруына бірден-бір алғышарт
-  Абай бабамыздың даңғыл жолы: соның бағдарымен патшалык
13

отарлау дәуірінен де, кеңестік тар-қапас ғасырынан да халқымыз 
әупірімдеп шықты-ау, әйтеуір. Ал, сол жолдың кеңестік замандағы 
мызғымас темір-қазығы, шам-шырағы Мұхтар Әуезов болғандығы 
баршамызға—зор мақганыш, шоң абырой!
Ғүламаның «Абай» романы, «Абай жолы» роман-эпопеясын 
жазғанымен ғана осынау ұзын-сонар өркениет жолындағы еліміздің 
рухани көш жүрісі тауысылмайтынан тағы бір мэрте қайран әріптес- 
аға Шақанай  Әбдірайымов дәлелдеп те, дәйектеп те көрсеткен
екен.
Халқымыздың  екі  ұлыларына  ғылыми  ізденістерінде, 
зертгеулерінде жүгінбеген, қалам тартпаған ақын, жазушы, ғалым, 
қайраткер жоқгың қасы, бірақ-та, осы еңбектің авторы тыңға түрен 
салгандай, жаңашылдығымен, жаңғыртпалығымен, тосындығымен 
ерекшеленіп,  оқыған  адамды  таң-тамаша  күйге  бөлейтіндігін 
айтпасқа болмайды.
Иә, бэз-біреулер ойлауы не айтуы мүмкін: не жаңалық, қандай 
бүкпе сыр, нендей Абай бабамыздың ашылмаған, осы кунге дейін 
беймәлім қырлары бар—деп. Еңбекті оқи бастап, мэн-мағынасына, 
мазмұнына тереңцеген сайын, «Абай -  терең тұңғиық!», «Абай -  
мэңгілік тақырып!» деген тркырым ойлардың ақиқатына көзіңжете 
түседіекен. 
-•>
Мен өзім әу бастан мамандыгым бойынша математик едім. 
Он жылдай философтармен араласып, ғылыми ізденуші болып жүріп, 
2001  жылы  Абай  бабам ы зды ң   аты ндағы   м ем лекеттік 
университетінде докторантурадан өтіп, 2006 жылы «ғылым және 
техника» философиясы мамандығы бойынша «Ақпарат пен үйлесім 
арақатысын ғылым жэне техника философиясының келелі  мэселесі 
ретінде  қарастыру»  тақырыбында  докторлық  диссертация 
қорғағанмын: ғылыми кеңесшілерім философия ғ.д., профессор, ҚР 
БҒМ ¥ҒА академигі Ғарифолла Есім, философия ғ.д., профессор 
Мұхтар Зиядаұлы Изотов. Мінеки, осы және Жабайхан Мүбэрэкүлы 
Әбділдин, Зия Аташүлы Мукашев, Мүрат Сәбит, Нығмет Аюпов, 
Дэуренбек Қүсайынов, Сергей Кольчигин, Акрамхан Қапышев т.б.
14

философтардың құнарлы ортасында өзім де қалай философ болып 
шыққанымды байқамай  қалыппын.  Бұны  мен тәптіштеп айтып 
отырғанымның себебі -  ¥лы бабамыздың шапағаты менің өзімнің 
де философ болуыматүрткі, қозғау күш болғандай... Дегенмен де, 
солай бола тұрғанымен, мен осы философпын ба, элде жоқ па? -  
деген сауалды өзіме де қатысты қоюым керек сияқты.
Шақанай Әбдірайымов туындысына қайта оралмас бүрын, осы 
дилемма-сауалға жауап іздеп көрейік. Бұл мэселенің осындай сипат 
алуына себеп мына жайт: егер кімде-кім мені философ емес деп 
дәлелдесе, онда бабамыз Абай да философ емес, ал, егер-әки ондай 
бірде-бір  философ-маман  табылмаса,  яки  мен  еш  дәлелдеусіз 
философ екенмін, онда дэл солай ешқандай даусыз—Абай бабамыз 
да философ!  Осы  арада килігуші  біреу шығып, сұраса-ше:  «эй, 
философ болғандарыңа болайын, философия -  ғылым ба өзі, элде 
жоқ па?!».
Элбетге, мэселе осылай диалектикалық логиканың силлогизм 
эдісімен  еш  қиындықсыз  шешіле  салса  гой,  онда  Шақанай 
Әбдірайымовтың аталмыш туындысының да қиыннан-қиыстырған, 
үйлесті-қиюластырған,  алыстан  сермеп,  бүкіл жан-тэні,  ыстық 
жүрегімен тербеп, тереңнен кеніштеген сипаты қажет болмас та
еді.
Әріптес агамыздың қажырлылыгына, қайтпас қайсарлыгына 
бас ие отырып, евді осы еңбекті сын таразысынан өткізіп багайық.
Алдын ала ескерілуге тиіс тағы бір ж айг- менің физика-математика
саласынан гылым кандидаттығына дайындалу барысында өмірлік 
рухани жан азыгым ретінде бойыма сіңірген мамандыгым, яки 
біліми-ғылыми  кәсібім  кибернетик  болғандығым.  Яғни,  жүйе 
үғымын  аталмыш  еңбекке  қатысты  талқылауда  қос  ғылыми 
түрғыдан келмекпін: бір жағы -  философия түрғысынан, екінші жагы
-  кибернетика тұрғысынан. Бұлай деуімде бір гэп барын айтып 
қойған да артық болмас: «Жүйе» ұгымын анықтауда, түсіндіруде 
гылымның кибернетика һэм синергетика салаларынын басқапарда 
бір  көп  жағдайда  ескеріле  бермейтін  түсы  бар,  оны  ғылымда
15

«мезоскопиялық»  деп  атайды.  Қарапайым  сөзбен  айтсақ,  жүйе 
болудың  жэй  ғана  көптеген  құрауыш  элементтерден  тұруынан 
солардың басын бірегей ұғымға тұтастырудан басқа аса маңызды 
түсы:  жүйе  өзін  құрайтын  құрауыштарының  сипаттарын, 
қасиеттерін, іс-эрекеттерін өз бойына сіңірумен қатар, оған сол 
кұрауыштарының ешқайсысында байқалмайтьш, тіптен болмайтьш 
жаңа сипаттьщ не қадір-қасиеттің немесе ерекше іс-эрекепің пайда 
болып, жүйені бүтіндей жаңаша ерекшелейтіндей болуы. Тағы да
V S
маңызды  деуге  келерлік  талап  -   қарастырылмақ  жүиенщ 
қүрастырылу (егер жүйе жасанды, адам қолынан шыққан болса) 
немесе табиғи бар болу, жүйе болуының арнайы қағидалары.
Мінеки,  Абай  бабамыздың  мүрасында,  жалпы  тіршілік 
болмысында философиялық жүйенің болған-болмағанын осындай 
талаптар  үрдісінен  қарастыру  лэзім.  Енді  аталмыш  еңбектен 
үзінділер  ала  отырып  ({...}  -   үзінді  белгілеуі),  сараптамалық
талдауды жалғаиық.
{Абайдың-«ақыл», «қайрат», «жүрек», «ой-сана», «ғылым», 
«білім», «білмек», «білсем», «ниеттеніп білмекке» т.б. ғылыми- 
теориялық қағидалар төңірегіне шоғырланьш, түгасып, бірігіп Абай 
жұмбақгыгының сырьш үғуға мүмкіндік береді} 
(Монографияныц
1-ші кітабы,  75 6.).
  Яғни,  қағидалық жағынан «философиялық 
мәселе»  жеткілікті  мөлшерде  бай  деуге  болады.  Кей  мамандар 
бүларды  философиялық  қүрауыштар  емес  қой  -   деуі  мүмкін. 
Шынтуайтында, адам, адамзат, қоғам тіршілігінің болмысы неден 
құралады?  -   деп,  сүрақ  қойсақ.  Дәл  жоғарыдағы  қагидалық 
ұғымдардан (шын мэнінде еңбекте ол 8-ден әлдеқайда көп!). Ал, 
«болмыс» дегеніңіз—нағыз философиялық категория да, қағида да 
жэне де  «ой-сана» ұғымымен  бірге  философия  гылымының ең 
негізгі зерттеу дүниесі -  пэндік нысаны.
{Абай  философиясының
  ж үйесін  зерттеп,  талдаудың 
теориялык  негізі  -   Үшкіл  деп  қабылдап,  осы  түрғыдан  Абай 
«жұмбактығын»  түсінуге  көмектесетін  ғылыми-теориялық,  эрі 
эдістемелік  бағыттарын  да  анықтаған  болар  едік.  Демек,
16

ізденісімізді  әрі  ұйымдастырушы,  эрі  мазмұнын  құратын 
қағидалары н  тұж ы ры м дап,  түсінуге  бетбұры с  жасауға 
көмектесетін тұтастық қағида -  «Үшкіл»} 
(Монографияның 1-ші 
кітабы,  125 б.).
 Бұл «Үшкіл» қағидасы туралы идеяның алғашқы 
авторы Ақжан Машанов (Машани) екені баршаға мәлім, Шақанай 
Әбдірайымов осы  идеяны  эрі  қарай дамытып,  өте орынды  һэм 
нәтижелі  қолданған,  сондықтан  «Үшкіл» 
Абай  философиясын 
қағидалық жағынан күшейте түскен.
Мұхтар Әуезовтың 20 томдық жинағының 20-шы томының 54 
бетінен автор келтірген үзіңці: {«Абай еңді өзінің қоғамдық, тарихтық 
жолын үзақ өріске қарай ұлғайтып алып кетеді. Өзі де ғылымды 
зерттей бастайды. Сонымен, 1884 жылдары жасы қырыққа таман 
ілінгенде,  -  деп,  ғалым-жазушы  ойын  эрі  жалғастырады,  -  ол 
дүниеден көп мағлұматы бар кісі болады. Әр нәрсе туралы 
гылыми 
философияга
 сүйенген арнаулы көзқарасы, сыны бар қырағы озғын 
азаматболып,жекеленіп шыға бастайды...»} 
(Монографияныц 1- 
ші кітабы,  125 б.).
 Осы үзіндіде жэне төменде Мүхтар Әуезовтің 
«Абайда философиялық система жоқ» дегені жай ғана секем ретінде 
астыртын айтылғаны туралы Шақанай  Әбдірайымовтың ойымен 
толықтай келісемін, тіптен, ғүлама-жазушының неге солай еткендігі 
көкірегі ашық, ой-санасы зерделі адамға айдан-анық түсінікті ғой, 
тек кейбір абайтанушы деген мамандардың соны түйсінбеуі таң 
қалдырады.  Осы  Гордий  түйінін  шешіп-тарқатушы  -   биік
интеллектті автор.
{«Абай Үшкілі» үлы ойшыл философиясында жүйе (система)
бар деген оңцы негіздеп, Мүхтар Әуезовтің «Абайда философиялық
система жоқ» деген секемін сейілтіп: <окоқ емес, жүйе бар» деген
түжырымды қуаттауға ақыл қосады. Сонда, Абай философиясы
элемдік философия дәстүрлі қағидаларымен байланысын қазақтың:
«Оты», «Жері», «Суы», «Ауасы», яғни көне гректердің дүние пайда


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет