Менгир - ол тігінен орналасқан биіктігі 1,5 метр немесе одан да үлкен келетін дәстүрлі-рәміздік қызметтер атқаратын құрылыс жүйесі
Дольмен – екі немесе төрт тік тастан қаланып төбесі көлденең таспен жабылатын көбінесе жерлеу рәсімдеріне пайдаланылатын құрылыс жүйесі.
Кромлех - бірнеше тік тастан шеңбер тізе орналасып төбесі көлденең бекітілетін, сәулет өнерінің негізін қалайтын алғашқы діни рәсімдерді өткізуге арналған құрылыс жүйесі.
Ежелгі Қазақстанның шағын формалы өнері. Алғашқы қауымдық өнердің ең кеңінен өрім алған түрі қыштан жасалған бұйымдар саналады. Археологиялық қазба жұмыстарының негізінде табылған қыш бұйымдардың сырты бірнеше көлденең бөліктерге бөліне келіп түрлі суреттермен көмкерілгені белгілі. Безендіру барысында крест, спираль, төрт бұрыш пен үш бұрыш сияқты геометриялық формалардың жиі қайталанатыны ескеріледі.
Қыш ыдыстарының формалары көбінесе симметриялы кейде ассиметриялық формаларда да кездеседі. Ою ыдыстың ернеуінде немесе түбінде ленталық жолақ ретінде орын алып отырды. Ыдыстың сыртқы домалақ формасы өмірдің, табиғаттың алмасуы секілді айналымды бейнелеуге жақсы форма екенін дәлелдейді. Сонымен қатар ыдыс - Әлемдік теңіздің сиымдылығын көрсететін рәміздік форма саналады.
Археологтар батыс Қазақстан облысының қыш бұйымдарын Келтемірлік мәдениет, Оңтүстік-Батыс Қазақстан облысының бұйымдарын Сақсауылдық, Ақеспе мәдениеттері, Солтүстік және солтүстік - батыс Қазақстан облыстарының аумақтарындағы қыш бұйымдарын Атбасар, Мақанжар мәдениеті деп қарастырады.
4
№ 3
дәріс
Тақырыбы: Ежелгі Қазақстанның діни-аңыздық негізінің қалануы: Ежелгі діни көзқарастардың қалыптасуы, шаманизм, ауыз әдебиеті, музыка және би өнері.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Алғашқы қауымдық адамдар негізін қалыптастырған әс-қимылдар.
Наным-сенімдер мен діни рәсімдер.
Көшпенділердің дүниетанымдық түсінігінің негізі.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Алғашқы қауымдық адам арнайы қимылдар арқылы жауын-шашын немесе сәтті аң аулау шараларын өткізуге болатындығына сенген. Осыған байланысты қандай да бір қиындыққа ұшырамас үшін түрлі дәстүрлі ырымдар мен арнайы рәміздік шаралар ұйымдастырған.
Бұл уақытта фольклер мен рәсімдерді меңгеру міндетті және өте қажетті білім болып саналған. Мұндай жағдайда фольклерлық шығармашылық ұжымдық бірлестіктің еңбегі болып табылады. Ежелгі Қазақстан жар тас бедерлеріндегі жануарлардың кескінін бейнелеудің бір сыры сиқырлы рәсімдер арқыры оны арбап ұстаудың ұмтылысын жасаған секілді.
Алғаш жылқыны қолға үйреткен адамдардың түсінігінде ат дәстүрі қалыптасып, ол бүгінгі күнге дейін өз жалғасын табуда. Жылқы жануары адамдардың өмірімен тығыз байланысы жалғасып, олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Қазақтардың жылқы жануарына деген сүйіспеншілігі бұл жануарды қасиетті пір тұтуына дейін жетелеген. Ат табанының көрінісі бейнеленген Орталық Қазақстанда орналасқан Кеңгір өзенінің бойындағы XIII ғасыр ескерткіші Келін-там күмбезінің күйдірілген кірпіштерінде ерекше бейнеленген. Қазақтардың дүниетанымдық түсінігі бойынша жылқы алысты жақындататын, кеңістіктерді біріктіретін құдыретінің арқасында адам мен құдай арасындағы қашықтықты да алатын мүмкіндігі бар деген рәміздік ойға берілу арқылы қайтыс болған адамның асына сойылған малының басын, құйрығын күмбездің басына орнатып отырған.
Индоирандықтардың діни тәжірибелерінің негізінде құрбандық шалу рәсімі мен қорғандар тұрғызу басты рөль атқарған. Жерлеу рәсімі барысында отты пайдаланғандықтары көптеген Андрон күмбездерінің қазба жұмыстарынан белгілі. Андрондықтардың құдайы – Митра. Бұл көрініс Тамғалы ескерткіштерінің бірінде Бұқа үстіндегі күн құдайы Митра ретінде, ал бұқа оның жұбайы Веретрагна болып сипатталады.
Ежелгі сақтар анимисттік көзқарасты да қатты қолдаған, яғни табиғаттың түрлі күштеріне: күнге, найзағайға, боранға, жауынға сыйыну. Анимизм- (латын сөзінен «жан») деген мағына береді. Бұл жай әр нәрсенің жаны бар деп оларды құдаймен байланыстырып қарастыруындағы түсінікке баулиды, сонымен қатар құдай қиял жануарлар мен құстар немесе қанаты бар ат секілді образдарға ене алады деп ойлауымен тікелей байланысты. Бұл аңыздық және фольклерлық кейіпкерлердің көптігімен қиялдың ұштасуы еуразия дала өнеріндегі «аң стильінің» қалыптасыпуына септігін тигізді.
Ежелгі көшпенділердің түсініктері бойынша тайпаның берекесі, мал-жанның сақтығы тікелей аспанға – Тенгриге байланысты болды. Аспан әлеміне жалбарыну барысында жақсы өнім, жұмсақ қыс сұраған. Таң атқанда немесе ай туғанда көшпенділер жерге иіліп тағзым жасаған. Тенгримен қатар көшпенділер жер-анаға-Ұмай анаға да сиынған. Кейіннен Тенгри –Ұмай көшпенді қазақ арасында негізгі ұғым болып кеңінен қалыптасып кетті.