Музыка және би өнері. Шамандардың емдеу әдістерінің негізгі құралы музыкалық аспаптар мен би саналады. Транс кезіндегі шаман биі- ол жоғарғы әлем мен төменгі әлемді байланыстыру. Сонымен қатар шаман өзінің әні мен биі арқылы өзінің тайпасын да трансқа кіргізе алады.
Ауыз әдебиеті. Сақ тайпаларының рухы мен образдары жайлы көптеген мағлұматтарды батырлар жырынан да қарастыруға болады. Қазақ халқының ауызша әдебиеті мен б.з. VI ғасырда түркі кезеңінде тіркелген тоғыз батыры ескеріледі: Еркөкше ер Қосай, Қамбар, Алпамыс, Ерсайын, Едіге, Қобланды, Шора, Ертарғын және Орақ-Мамай. Бірақ ғалымдардың пайымдауынша бұл батырлар жырларының көбісі б.з.д. VII-III ғасырларда құрастырылуы мүмкін екендігі де ескеріледі.
Бақылау сұрақтары: 1. Алғашқы қауымдық өнердің қандай негізгі бағыттарын білесіз? Қысқаша сипаттап беріңіз.
2. Петроглифтарда жиі кездесетін көркемдік образдар қандай?
3. Ежелгі мәдениеттердегі мегалиттердің рөлінің маңыздылығы немен байланысты? Өз көзқарасыңызбен байланыстырып сипаттаңыз.
4. Қандай тұрақты қазақ үйдің прототипі санайды, неліктен?
5. Тотемизм дегеніміз не, неліктен бүгінгі күні де көптеген қазақ рулары өз тотемдерін ұмытпайды?
6 Ежелгі қоғамдастықтағы шаманның рөлі мен атқаратын қызметі қандай болды?
2
№ 4-5
дәріс
Тақырыбы: Сақ мәдениетінің аң стильі негізінде қалыптастырған өнерінің дүниетанымдық түсініктермен байланысы. Рәміздер және аңыз әңгімелер.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Сақтар құрған теңдессіз мәдени қоғам.
Сақ қорғандары – материалдық өмірдегі әлемдік таудың аналогы.
Сақ мәдениетінің туындыларын талдау.
Аң стиліндегі өнер туындыларының дүниетанымдық түсініктермен байланысы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Б.з.д. I мыңжылдықта Ұлы Далада кейіннен көшпенділер атанған, ерекше жүйе қалыптасты. Тарихшылар бұл аумақты скиф әлемі деп атаған. Ол Қара теңізден Кореяға дейін жайылған жер еді. Скиф – сөзі ежелгі көшпенділерді меңзейтін тарих атасы Герадот жазбаларынан бастау алған ортақ термин. Екінші бір аты ежелгі ирандық манускрипттерінде, олардың солтүстік-шығыстағы көршілері - «сақтар» - деп тас бетіне жазылған. Скифтер мен сақтар өз мекендеген аумақтарының бір-бірінен алыста орналасқанына қарамастан көшпенділер немесе номаттар ұғымының астына кіреді. Ал I мыңжылдықтан бастап Қазақстан территориясында өмір сүрген көшпенділерді – сақтар деп атаған дұрыс.
Сақ, скиф мәдениеті жайлы Геродот жазбаларындағы аңыз әңгімелерге сүйенер болсақ, сақтар яғни көшпенді мәдениеттердің әлемдік құрылымының картинасы шығады. Аспан мен су тереңдігі (ер және әйел бастамалары) олардан жер пайда болады, міне осылай үш сан аспан, жер, су қасиетті үшбұрыш формасы құрайды. Кейін екі құдыретті күштің баласы жер өзінің анасы сумен неке құрады (Барлық әлемдік аңыздарда кездесетін мотив). Олардан аспанды нышандайтын күн, жер беті, жер асты сияқты үш құбылыстың көрінісі туындайды.
Құстар- Аспан мен Күн рәміздері. Есік алтын адамының бас киіміндегі бүркіттің қанаттары – оның жоғары лауазымды және қарапайым адамдардың үстінен ұшатындығын нышандайды. Ағаш үстіндегі құс бейнесі – әлемдік ағаштың мәңгілігін нышандайды. Жыртқыш құстар – келесі жаңа бір жанның дүниеге келуі үшін өлімді нышандайды. Су бетінде жүзетін құстар – аң стильінде және үнді ирандық діни түсінік бойынша әлемнің үш қырын (аспан, жер, су) өз бойында біріктіретін қасиеттілігімен ескеріледі.
Бүгінде аң стильі көшпенділерден қалған асыл мұра іспеттес қазақ халқының мәдениетінен ерекше орын алады. Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінен де көрініс тауып даму үстінде.
Бақылау сұрақтары: 1. Скифтік дегеннен көрі Скиф-сақ аң стильі деп қарастыру неліктен нақтырақ деп есептеледі? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
2. Скиф-сақ дүниетанымдық түсінігіндегі Әлем құрылымының моделі қандай?
Неліктен бұл құбылыс ортақ индоирандық дәстүрдің бөлігіне жатады?
3. Есік алтын адамының киімін мұқият зерттеп шығыңыз жәнеп аң стильінің негізгі образдық модельдерін сипаттап беріңіз?