Монументальдық формаларға: мегалиттер мен жар тастар беттеріне бейнеленген петроглифтар жатады. Шағын формаларға



бет7/14
Дата16.12.2023
өлшемі77,01 Kb.
#140040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Дәріс тезистері

Тақырыбы: XV-XVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІ
Сәулет өнері, мемориалдық құрылымдар және қол өнері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. XV ғасыр қазақ халқының мәдениеті мен өнері.

  2. Сәулет өнері.

  3. Мемориалдық құрылымдар.

  4. Қол өнері.

  5. Қыш өнері.



Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сәулет өнері. XV ғасыр қазақ халқының тарихында ерекше орын алады, себебі дәл осы кезде мемлекетінің негізі қаланған болатын. Бұған дейін қазақ мемлекетінің құрылуына XIII ғасырда моғол шапқыншылығы кедергі келтірсе, енді XIV ғасырдың соңында ғасырда көптеген жеке-жеке жүрген қоғамдардың бірігу саясатын қолдауымен байланысты қазақ хандығының құрылуы XVI ғасырға дейін жалғасты.
Мемориалдық құрылымдар. Қазақ хандығының құрылуымен ұлы дала төсінде алып кесенелік мемориалдық сәулет құрылыстарының легі бой көтерді. Мысалы: Ұлытау мекеніндегі Алаша-хан, Ақтөбе облысындағы Балғасын, Абат-байтақ кесенелерін атап өтуге болады.
Алаша-хан кесенесі ұлы даладағы ең ірі күмбездердің бірі саналады. Кесенегі байланысты көптеген аңыз-әңгімелер бұл сәулеттік құрылысты ең ірілердің қатарынан қасиетті аумаққа айналдырды.
Сонымен қатар бұл кезеңнің сәулеттік жетістігінің бір қыры бүгінгі қазақ киіз үйінің бет келбетінің қалыптасумен ескеріледі. Бұған дейін көшіп қонуда пайдаланылған дөңгелекті үйлер енді жинамалы түрге ауысып, ыңғайлы конструкциялық құрылымымен бет көріседі. Көне түркінің екі күмбезді үй бөлшегінің орнына көшіп қонуға, желге ыңғайлы аэродинамикалық қызметі жоғарырақ шаңырақ формасы қалыптасты. Алғашында киіз үй шаңырақ, уық, кереге секілді үш бөліктен тұрған, есік орнына ши ұсталған. Есік әлдеғайда кейінірек орналасып киіз үйдің төртінші бөлігіне айналды.
Қол өнер. Қол өнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қол өнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қол өнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.
Қыш өнері. Қыш өнері орта азияның зор ықпалының негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аумақтарында кеңінен дамыды. Бұл аумақтағы XV ғасыр қыш бұйымдарын «Темір стилі» деп те атайды. Ыдыстардың іші бір қалыпты өңделіп, сыртқы көрінісі көздің жауын алатын ангобаның мен кобальттың сыртынан бирюза түстес глазурь жағылған.
Әйнек өнері. Қазақстан территориясында әйнек бұйымдары өте аз мөлшерде сақталған, ал табылған әйнек сынықтарының өзі бұл өнердің жоғары деңгейде дамығандығынан сыр шертеді. Оңтүстік Қазақстан аумақтарында орналасқан түрлі-түсті әйнектер жасайтын орталықтар да болғандығы ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет