Монументальдық формаларға: мегалиттер мен жар тастар беттеріне бейнеленген петроглифтар жатады. Шағын формаларға



бет8/14
Дата16.12.2023
өлшемі77,01 Kb.
#140040
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Дәріс тезистері

Көркем металл мен зергерлік өнер. XIV-XV ғасырларға жататын көркем құйма өнерінің шедеврлері Қожа Ахмет Яссауй кесенесіне тиесілі тайқазан, шырағдамдар мен есіктердің тұтқалары болып табылады. Осынау керемет бұйымдарды жасаған адамдардың да аттары белгілі. Ғалымдар олар тек шет елдерден келген шеберлер емес олардың арасында жергілікті шеберлердің де болғанын алға тартады.
Дәстүрлі киім. Орта азия территорияларындағы көршілес мәдениеттердің арасындағы сауда-саттық магистральдарының негізінде киім үлгілері бір-біріне ұқсас келеді. Әсіресе бұл көрініс ұзақ қашықтықтарда жорықта жүретін ер адамдардың шапандарынан ерекше байқалады. М.В.Горелик XV-XIX ғасырлардағы Хорасан мен Маверанахра минитюраларын зерттей келе қазақ ер адамдарының шапандары түркі, иран, месопатам, монғол, қытай шапандарының элементтерін сіңіргендігін айтқан болатын.


Қорытынды сұрақтар

  1. Қазақ мемлекеттігінің мәдениет пен өнерге тигізген әсерін талдаңыз;

  2. Алаша хан және Абат-Байтақ кесенелерінің негізінде дала мемориалдық сәулет өнерінің конструкциялық және көркемдік ерекшеліктерін талдаңыз.

  3. Оңтүстіктегі мемориалдық құрылыстардың солтүстік және солтүстік шығыс аумақтарға ауытқуына не себеп болды?

  4. Орта Азия киіз үйлерінен қазақ киіз үйінің айырмашылығы неде?

  5. Қазақ мәдениетіндегі киіз үй неге микрокосмоспен байланысты сипалады;

  6. XV-XVII ғасырлардағы қазақ қол өнерінің негізгі даму бағыттары;

  7. XV-XVII ғасыр қазақ ұлттық киім үлгілерінде эклектика өнері алға шықты және азия территорриясындағы басқа мәдениеттермен ұқсастықтың пайда болу себептері.

2

№ 11
дәріс



Тақырыбы: Орындаушылық өнер (фольклор, әуен, би)


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. XV-XVIII ғасырлар ұлы далада ауыз әдебиеті.

  2. XV ғасырдан бастап ақындар мен жыраулар институты.

  3. Әуен.

  4. Би өнері.



Дәрістің қысқаша мазмұны:
XV-XVIII ғасырлар ұлы далада ауыз әдебиетіндегі ақындық шығармашылықтың керемет даму кезең болып саналады. Мемлекеттік құрылғанымен де ұлттың дәстүрлі құндылықтары өзгере қойған жоқ. Фольклор көшпенділердің жанына, үмітіне, қуанышы мен көңілінің мерекесіне айналды.
Қазақтар басына түскен қуаныш па қайғы ма бәрін фольклор арқылы қарастырған. Дүниеге сәби келгенде қуаныштан әндеткен; ойын немесе қызмет барысында бойжеткендер қалжыңдасып әндеткен, сонымен қатар мақал-мәтелдерді де қызығушылықпен тыңдаған. Үйлену тойда бет ашар, жар-жар, сыңсу айтылған. Қаза кезінде жоқтау айтқан. Қайтыс болған адамның өлімін жақындарына естірту ретінде жеткізген.
Әуен. Қазақтың дәстүрлі ән өнері фольклор аумағында ғана қарастырылады. Үнемі қозғалыстағы өмір, бостандықты аңсау, қоршаған ортамен тығыз байланыс, қалыптасқан дәстүрдің бір бөлігіне айналу – осылардың бәрі ән мен сөздің синтездік көрінісіне айналды. Бұл тек қана баяндау емес, ол көшпенділердің шығармашылық рухының көрінісі еді.
Би. Би қазақ мәдениетінің көнеден келе жатқан өнерінің бірі деп айтсақ, оған ежелден тас беттерінен көрініс тапқан петроглифтар дәлел.
Би-көшпенділердің өмір-салтымен, дүниетанымдық түсінігімен, жан-жануарларға еліктеушілігімен байланысты туындаған өнер.


Қорытынды сұрақтар:
1. Қазақ мәдениетінде фольклордың алатын орны неге санша маңызды деп ойлайсыз? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
2. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ фольклорының негізгі даму бағыттары қандай болған?
3. Қазақ мәдениетіндегі ақын жыраулардың шығармашылығының маңыздылығы? Өз көзқарасыңызды мысалмен дәлелдеңіз.
4. Дәстүрлі қазақ әуендерінің негізгі бағыттарын талдаңыз. XV-XVI ғасырларды қандай өзгерістер бой алды. Тарихи оқиғалардың мәдениеттегі көріністерінің белең алуы.
5. XIX ғасырда неге би өнері құлдырауға ұшырады. Немен байланысты. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

2

№ 12
дәріс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет