Тақырыбы: Кіріспе. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті мен өнері. Монументальді және шағын формалар мен ежелгі құрылыс түрлері.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Алғашқы қауымдық өнердің даму эволюциясы.
Өнердің монументальдық және шағын формалы түрлері.
Жар тастарға бейнелеген суреттер.
Мегалитикалық құрылыс түрлері.
Түрлі материалдардан жасалған шағын формалы өнер түрлері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақстанның алғашқы қауымдық өнері – мәдениетіміздің негізін қалайтын, әлемнің біртұтастығын дәстүрлі көркемдік образдарымен қалыптастырған және ең аз зерттелген аумақ. Алғашқы қауымдық өнердің даму эволюциясын монументальдық және шағын формалар ретінде екі бағытқа бөліп қарастыруға болады. Монументальдық формаларға: мегалиттер мен жар тастар беттеріне бейнеленген петроглифтар жатады. Шағын формаларға: тастан, саздан, сүйектен, ағаштан жасалған ұсақ мүсіндер мен тұрмыстық құрал-саймандар, әшекей бұйымдарды жатқызамыз.
Жар тастарға бейнелеген суреттерді еліміздің барлық аумақтарынан кездестіруге болады. Солардың ішінен ежелгі өнер туындыларының ең жиі орналасқан аумақтары ретінде: еліміздің шығыс бөлігінде (Алтай, Ертіс, және Тарбағатай), орталығында (Сарыарқа, Ұлытау және солтүстік Балқаш өңірлері), оңтүстігінде (Қаратау, Талас және Қырғыз Алатауы), Жетісу өңірінде (Жоңғар Алатауы, Солтүстік Хан-Тәңірі, Іле-Шу таулары) зерттелген. Қазақстанның батыс өңірлерінде тасқа бедерленген туындылар басқа аумақтармен салыстырғанда аздау олар Маңғыстау, Үстүрт аумақтарында және Мұғалжар тауларында орналасқан. Солтүстік Қазақстан өңірлерінде жар тас туындылары әлі ашылмаған.
Мегалиттік құрылыстың ең қарапайым түріне менгир - алып тас, дәу тас, сым тас, дольмен – үстел тас, қанат тас, кромлех - қорған тас деп аталады.