Қол өнері. Ежелгі түркілер тас өңдеу ісінің ғана шебері болған жоқ, олар сонымен қатар темір қорыту ісінің де қас шеберлері болған. Ұсталар түркі әлемінде шамандар секілді сиқырлық ұғымымен байланысты екі әлемді меңгерген адам ретінде қабылданған. Олар ортаңғы әлем мен қызметіне қажетті темір алатын төменгі Эрлік патшалығы сияқты екі әлемде мекен ететін болған. Ұстаның бойындағы өнері жоғарғы құдайдың сыйлығы, ал Эрлік қорғаушысы ретінде қабылданып отырған. Осыған байланысты ұсталық өнердің арнайы дәстүрлі рәсімнің болғаны ескеріледі. Темір өңдеу ісі өз заманында адамдардың даму деңгейінің көрсеткіші болып та табылады. Мысалға Талғар (Тальхир) мен Алматы аумақтарынан табылған қылыш, қанжар, найза, балта, садақ сияқты қару-жарақтардың сталь материалынан жасалуы түркілердің жауынгерлік жетістіктерін айғақтап тұр.
2
№ 9
дәріс
Тақырыбы: Фольклорлық дәстүр, музыка және би өнері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Түркі әлемінің рухани өмірі.
Қазақ халқының ең көне эпостары.
Музыка.
Би өнері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Түркі әлемінің рухани өмірі бай фольклорлық құндылықтарымен белгілі. Шаман қызметінің бірте –бірте ерекшеленуі және дәл осы уақыттарда ақындар мен салдардың қалыптасуы жеке индивиттік мамандардың негіздерін қалады. Ерте көшпенділер кезеңінде әруақтарды қошеметтейтін арнайы құпия ұжымдар пайда бола бастайды. Бұл ұжымның адамдары театралдық киімдер киіп, ерекше жүріс – тұрысты қолдануларының негізінде эксцентристтік тұрғыдағы ақындар мен композиорлардың немесе орта ғасырлардағы жараулардың пайда болуына өз себебін тигізеді.
Эпостық жырларды домбыра мен жетіген арқылы орындап отырған, ал 19 ғасырдан бастап қобызбен де сүйемелдеп отырған. Парсы тіліндегі орта ғасырлық мағлұматтарға сүйенетін болсақ Темір империясында 40-қа жуық музыкалық аспаптардың пайдаланылғаны ескеріледі. Қазақ халқының жетіген аспабына ұқсас аспап түркілердің хикаяттарын орындауға да пайдаланылған екен.
Би ежелгі адамдардың түсінігінде әлемді қабылдау мен қарым-қатынас орнатудың негізгі формасы ретінде қарастырылады. Мәдениеттанушы Ясын Құмарұлының пайымдауынша қазақ халқының би өнерінің негізі шамандар қызметінен бастау алады дейді. Шамандар бастарына құс қауырсындарын бекітіп, үстеріне түрлі аң терілерін жамылып түрлі ұрмалы, ыспалы аспаптардың ырғағына сүйене отырып адам емдеумен айналысып жындарды қуған.
Мамандардың ұйғарымы бойынша түркі билерінің ішіндегі ең ежелгілерінің бірі Қара жорға биі деп санайды. Бидің негізгі мақсаты жорға аттың қимылдарын салу болып саналады. Бұл бидің тарихы 2500 жыл бұрын басталса керек.
Қара-жорға биінің зерттелу деңгейіне көп үлес қосқан суретші Әубәкір Исмайлов осы биді орындаушы адамдармен кездесе отырып оның әр аумақта әр түрлі болып келетінін айтады. Мысалы: қос жорға, еркек жорға, ШҚО қара жорға биін қыз алып қашарда орындайтын би деп қарастырса, Каспий теңізінің аумағында Керей Қодаровтың айтуынша бидің аты «Шайтанкөк» деп аталса керек.
ҚХР Гансу аумағындағы Қаратау шатқалдарындағы петроглифтарда сәкеле тектес бас киім киген адамдардың биі байқалады. Ясын Құмарұлының айтуынша бұл (б.з.д. 475 – б.з.д. 225 жж.) бейнеленген бидің динамикасы мен бишілердің киім үлгілері сақ, үйсін, ғұн мәдениетіне тиесілі болуы мүмкінін қарастырады.
Жалпы түркі-моңғол кезеңіндегі Ұлы дала халықтарының жан-жақты дамығандығын, тәңірлік, шаманизм, әруақтарға табыну, зорастризм, буддизм, хрестиян, ислам діндерін қарастыра отырып өз ерекшеліктерін жоғалтпағандығымен ескеруге болады. Соңғы ислам дінінің келуімен көшпенділер мәдениетінің бейнелеу өнерінде қол өнердің ерекше дамып ою-өрнектің түрлі стилизациялық жетістіктерге жеткенін білеміз.
Қорытынды сұрақтар: 1. Мұсылман кезеңінің негізгі декоративтік элементі қандай және қай жерде пайдаланылған?
2. Арабеска дегеніміз не?
3. Қожа Ахмет Яссауй кесенесінің сәулеттік ерекшелігі, тұрғызылған жері мен уақыты және неге қасиетті жер болып саналады?
4. Балбал дегеніміз не?
5. Түркілердің құрамалы белдіктерінің оюлары қандай мағына береді?
6. Ежелгі қоғамдағы жыраулардың алатын орны?
7. Түркі халықтарының қандай ежелгі эпостық жырларын білесіз? Қысқаша мағынасын сипаттап беріңіз.
8. Қазақ мәдениетіндегі Қорқыт-ата рөлі.