1.2 Қосымша (жұрнақ, жалғау). Түбір сөзден кеиін келетін сөз бөлшектері қосымша екені, оның жұрнақ, жалғауболып екіге бөлінетіні, жұрнақтың сөз тудырушы, сөз түрлендіруші болып келетіні, олардың өнімді, өнімсіз, жалаң, күрделі болатынынан мағлұмат беру.
Қосымша деген сөздің бір нәрсеге қсылатын үстеме, қосымша екені оқушылар бірден түсінеді. Сондықтан түбір сөздерден кейін қойылып тұрған сөз бөлшектерін қосымша, ал түбір мен қосымшалардан құрылып тұрған сөзді қосымшалы сөздер дейміз ден, тақтаға жұмысшылар деген сөзді жазып, түбір сөз- жұмыс,- шылар қосымша екені айтылып, жұмысшылар деген сөз түбір мен қосымшадан құралған қосымшалы сөз екені аңғартылады.
Мұнан соң қосымшаның жеке тұрғанда мағынаға ие бола алмайтыны ескертіліп, олардың түбірге жалғанғанда, белгілі бір қосымша мағына беріп, жалғанып тұрған сөздің мағынасына әсер ететіні түсіндіріледі. Бұл үшін тақтаға мал, жұмыс, шеге сөздерін жазып, бұл сөзднрдің түбір сөз екені оқушыларға сұрақ қою арқылыайтқызылады. Ендігі жерде тақтаның бір шетіне –шы, -ле мен қосмшаны түсіндіріп болған соң, мал, жұмыс, шеге сөздеріне –шы, -ле қосымшаларын жалғаттырып, бастапқы түбір сөздің мағынасына тигізген қосымша мағыналары аңғартылады. Демек мал, жұмыс деген сөздер жай заттық ұғымдардың атауы еді, ал малшы, жұмысшы дегенде малды бағатын, жұмысты істейтін адамдыдеген ұғымды білдіретін екінші бір жаңаұғым туыптұрғаны баяндалады. Ал шеге сөздегі –ле қосымшасы шегедеген заттан шегеле дегенқимылдық мағынаны тудырып тұрғанын өздеріне айтқызу кеоек. Ендігі жерд, мал, жұмыс және малшы, жұмысшы сөздеріне –лар қосымшасын жалғатып, түбірсөздерінің мағыналарына –шы, -ле қошымшалары сияқты мағыналық өзгеріс енгізбей, тек көптік ұғым беріп тұрғанын байқату қажет.
Осылайша қосымшалардың жұрнақ және жалғау болып екіге бөлінетінібайқалды. Жұрнақ сөз тудыратын және сөз түрлендіретін болып бөлінеді. Алдымен сөз тудырушы жұрнақтың қызметі әңгімеленеді. Мұнда су сөзінің түбір екені, мағына жағынан заттық ұғымды білдіретіні сұрақ- жауап әдісі арқылы оқушыларды қатыстыра отырып анықталғаннан кейін, бұл сөзге – шы, - сын, - лық, - ат, - ла, - ғар, - сы, - са жұрнақтарын қосқанда, су сөзінен сегіз түрлі ұғымды білдіретін ұғымды білдіретін жаңа сөз жасалып тұрғаны өз ара салыстыру арқылы түсіндіріледі.
Бұдан соң сөз түрлендіруші жұрнақтың қызметі түсіндіріледі. Айт сөзінің түбірсөз екенін, мағынасы қимылдық ұғымды білдіретінін аңғартып, оған – ар, - тыр, - қыз, - қан, - ты жұрнақтарын қосып, әрқайсысының беретін мағыналарына оқушулардың назарын аударып, айт сөзінің қимылдық мағынасының өзгергенін, оған тек болжалды, шақтық, екі ұштылық мағыналардың қосылып, оның тұлғасы мен мағынасы ғана түрленіп тұрғаны айтылады. Осы жолмен боз сөзінің сындық ұғымды білдіретіні, бұл сөзге –аң, - ғыл, - ғылт, - дау, - ырақ жұрнақтарын қосқанда, реңктік мағына білдіретініне оқушылардың назары аударылады. Осылайша түсіндірілген соң, сөз түрлендіретін жұрнақтың сөз тудыратын жұрнақтан айырмашылығын салыстыру әдісі арқылы оқушылардың өздеріне айтқызып жинақтауға болдады.
Жұрнақтың түрлерін түсіндіріп болған соң, олардың құрамының да түрліше болатынын – ар, - тыр, - қан, - ырақ жұрнақтарын көрсете тұрып аңғарту керек. Сонымен жұрнақтардың бір буыннан да, екі буыннан да, кейде үш буынннан да болатынына бір- бір мысал келтіру қажет.
Туынды түбірдің жұрнақтар арқылы жасалатынынын аңғартып, туынды түбірлерден екінші бір жұрнақ арқылы да туынды сөздер жасала беретінін айту. Бір түбір сөзден бірнеше жұрнақ арқылы көптеген жаңа мағыналы сөздер пайда болатынын яғни түбірлес сөздер туатынын түсіндіру.
Туынды түбір мен түбірлес сөздерді екі бөліп өтудің қажеті жоқ. Туынды және түбірлес сөздерді жұрнақтардан кейін өтудің бір қолайлы жағы- туынды түбір жұрнақ арқылы ғана жасалатындығын оқушылардың аңғаруына жеңіл болады. Демек, жұрнақтың қандай қызмет атқаратынын түсінгеннен кейін, туынды және түбірлес сөздеді түсіндіру, оны оқушылардың меңгеруі жеңілдеу болады. Ол үшін тақтаға бұр, біл, құй, күй, бас, аз, қыс сияқты сөздерді жазып, бұлардың түбір сөз екндігі және мағыналары түсіндіріледі. Бұдан кейін –ғы, -ім, -мақ, -ші, -тық, -ай, -қаш сияқты жұрнақтарды тиісті сөздерге жалғап, түбір сөздің мағынасы мен тұлғасында болған өзгерісті аңғартып, бұрғы, білім, құймақ, күйші, бастық, азай, қысқаш сияқты жаңа ұғымды сөздер жасалып тұрғаны айтылады.
Ал қызыл, үлкен, кіші, жаз, айт сөздеріне –дау, -ірек, -деу, -леу, -ған, -ар жұрнақтарын қосқанда, сөздерге жаңа мағына бермей, қосымша мағына беріп тұрғаны байқатылады. Соңынан түбір сөзге түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалған сөздерді туынды түбір дейміз деп жинақталады.
Ендігі кезекте туынды түбірден де көптеген туынды жаңа сөздер жасалатын бас сөзіне жұрнақ жалғау арқылы байқатуға болады. Мысалы: басшы, басшылық, басқа, басқарма, бастық, баспа, баспахана т. б
Мұнан кейін түбірлес сөздер түсіндіріледі, оған мынадай таблица пайдаланылады.
Таблицадағы өн сөзінің түбір екендігін оқушылардың өздері айтады. Мұнан соң бұл сөзден өрбіген сөздердің түбірін, жұрнақтарын таптырып, бұлардың туынды түбір екендігі аңғартылады. Ендігі жерде әрбір туындысөздердің де жұрнақ арқылы жасалып тұрғаны айтылады. Осылайша негізгі түбірден туынды түбірден екінші бір туынды сөздер жасалып тұрғанын байқайды. Мұнан соң оқушыларға: - Осы таблицадағысөздердің барлығына ортақ сөз қайсысы деген сұрақ беріп, өн сөзінің барлық жерде қайталанып тұрғандығын аңғартады. Таблицадағы сөздердің бәрі де өн сөзінен тараған, демек, өн сөзі барлығының негізгі түбірі екндігін түсіндіріп, мұндай бір сөзден әлденеше жұрнақ арқылы жасалған туынды түбірлерді түбірлес сөздер деп аталатынын ескертеді.
Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі барын, олардың сөз бен сөзді байланыстыратынын түсіндіру.