Морфемалар туралы т‰сінік



бет3/8
Дата31.03.2023
өлшемі42,61 Kb.
#78000
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовой каз Тили

Түбір сөз

Түбір сөздің сөздердің тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі негізгі екенін білдіру. Сонымен қатар түбір сөздің буыннан, буынның дыбыстардан құралатынын жол- жөнекей аңғарта отырып, олардың өз ішінде бірдей емес екендігін де байқату. Түбір сөзді мынадай жолмен түсіндірген дұрыс.
Өткен сабақта таныстырылған түбірсөздің мағынасына кең түрде түсінік берген жөн. Атап айтсақ, сұрақ- жауап әдісі арқылы:- Түбір деп қандай сөздерді айтамыз. Түбірді қалай түсіндіңдер. Деген сияқты сұрақ қою арқылы бұл жайында оқушылардың түсінігінің қандай дәрежеде екендігін байқап, сабақты өсімдіктану сабағымен байланыстырып өтуге болады.
Түбір сөзінің мағыналарынын түсіндіруге ағаштың бұтақ- бұтақтарға тарамдалып, жапырақтану оның түбіріне, негізіне байланысты екнін айтқан жөн. Сол сияқты әрбір заттың түбірі оның негізгі тірегі екені аңғартылады. Осыдан кейін түбір деген сөздің тілімізге грамматикалық атауға ие екендігі айтылады. Түбір сөз өз ішінде белгілі бір бөлшектерге бөліне алмайтын сөздің мағыналық түп бөлшегі екені осындағы сөздер арқылы түсіндірілген. Көрнекі құралдағы түбір сөзінің бәрін бірдей талдамай, әр бағаннан бір- екі сөзге талдау жасап, ерекшелігі аңғарылса болады. Ол үшін мұғалім мынадай сұрақ қойып, жауап алады.
Ат сөзі бөлекшеуге келмейтін түбір сөз. Осылайша ата, қар сөздеріне үш дыбыстан құралғаны аңғартылады. Дәл осы тәсілмен қант, кіші сөзінің ерекшелігін салыстыру әдісі арқылы қант сөзінің буыннан құралып тұрғаны анықталады. Төртінші бағандағы терезе, жапырақ сөздері алты және жеті дыбыстан, үш буыннан тұратындығы айтылады. Түбір сөздің сырт көріністерінің өздері өз ішінде бірдей еместігін жоғарыда айтылған ретпен баспалдақты түрде түсіндіріп, түбір сөздер негізінен, екі, үш, төрт, бес, алты дыбыстардан құралып, көбінесе бір, екі, үш буынды болып келетіндігін аңғарту керек. Жаңа сабақты жинақтап, қорытындылау кезінде сөздің мағына беретін ең түпкі бөлшегі негізгі түбір екенін баса айту қажет Сонымен қоса түбір жаңа сөз жасауға негіз екені де түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет