Морфемалар туралы т‰сінік


Сөз құрамын оқыту кезінде оқушылардың іскерлігін арттыру



бет2/8
Дата31.03.2023
өлшемі42,61 Kb.
#78000
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовой каз Тили

1. Сөз құрамын оқыту кезінде оқушылардың іскерлігін арттыру.
Әрбір сөздің өзіне тән тұлға- тұрпаты болады. Сол тұлға- тұрпаттың арқасында әрбір сөз бір бүтін тұлға ретінде қызмет етеді.Ал, сөздің тұлға- тұрпаты оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланысты. Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әр қилы болып келеді. Ал , сол әр қилылық , әрине, сөздердің құрамының әр түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты.
Сөздің лексикалық я граматикалық мағыналарын білдіретін осындай бөлшектері морфемалар деп аталады.
Морфеманың да өзіне тән мағынасы және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы болады. Ендеше, морфеама деп сөздің өзіне тән мағынасы бар ең ұсақ бөлшегін айтамыз. Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері , әрине, бірдей емес .Морфемаларды ең алдымен түбір морфема және қосымша морфема деп негізгі екі салаға бөлуге болады. Жоғарыдағы мысалдардағы тіл және айт деген морфемалар түбір формалар болады. Ал, оларға қосылған –і, сіз( тілсіз), -ыл(айтыл), -ар(айтылар) , -са(айтса), -ды(айтылды), -атын(айтатын), -ың (айтатының), (айтатыныңа) морфемалары қосымша морфемалар.
Түбір морфемалар да, қосымша морфеманы да әрі қарай бөлшкетеуге болмайды.
Түбір морфема –сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Бұл түпкі негіз сөздің құрылысына да, мағынасының да негізгі ұйытқысы болып есептеледі. өйткені түбір морфема сөздігі негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема қатсыпаса , қосымша морфеманың бірде біреуі яки бірнешнуі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды . ендеше , түбір морфема ең негізгі морфема болып саналады. Түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Мұндай жағдайда түбір морфеманың мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей болып шыға береді.Мысалы: бас, тіл, жол, кел, жүр морфемаларын алсақ, олардың әрқайсысы әрі түбір морфема, әрі жеке сөз бола алады.Ал, бастық, тілші, келісім, колтықта деген сөздерді алсақ, олар – құрамында түбір морфемалары да бар сөздер . Бұларда түбір морфемалардың мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей емес, өйткені олардың құрамындарында түбір морфеманың негізгі мағынасы да, оның үстіне қосымша морфемалар арқылы жамалған үстеме я қосымша мағыналары да бар.
Түбір морфема дар түрде де, қосымша морфеманы қосып алып та жеке сөз ретінде қолданылытыны сияқты , қайталанып та , басқа түбір морфема мен қосарланып та , бірігіп те , тіркесіп те те жеке сөз ретінде жұмсала береді. Сонымен қатар, ондай қайталанған , тіркескен, біріккен ,түбір морфемаларға қажетінше қосымша морфемалар жалғанып та қолданыла береді.
Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып , оған қосымша мағыналар үстейтін морфемалар ды айтамыз.
Қосымша морфемалар өз ішінде жұрнақтар , жалғаулар және қосалқы сөздер д еген үш топқа бөлінеді. Бұл қосымшалардың жұрнақтар деп аталатын түрі жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, қосалқы деп аталытын түрі сөз тіркестері мен құранды сөздерді жасау үшін қолданылады. Ал, жалғаулар деп аталатын түрі жұрнақтар мен қосалқы сөздер арқылы жасалған жалаң және күрделі сөздерді бір –бірімен байланыстыру үшін қолданылады.Қосалқы сөздер жайындағы мәліметтер әрбір сөз тобының тұсында айтылып отырылады. Қосымша морфемалар да мағыналық дербестікте , тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені қосымша морфемада жеке тұрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағына болмайтындықтан , ол түбірдің қатысынсыз жеке дара қолданылмайды. Сондай –ақ қосымша морфема жеке –дара қолданылмай тек түбірге тіркестіріліп қана жұмсалмайтындықтан , оның тұлғасы жалғанатын түбір морфеманың әуеніне еріп , өзгеріп , түрленіп отырады . осы себептен бір морфеманың дыбыстық бірнеше түрі болуы мүмкін.осындай ерекшеліктерден жалпы морфемаатаулыға онан қала берді, олардың түр-түрлеріне тән сыр сипаттар келіп шығады. Ол сыр- сипаттар мынадай :
Біріншіден түбір морфемалар мен қосымша морфемалар бір- бірінен парықсыз емес , олардың қарым- қатынастары белгілі бір заңдарға сүйенеді , олар өзара бір – бірімен талғап тіркеседі . қосымша морфемалар түбір морфемалардың грамматикалық қасиеттері жағынан бірыңғай, біркелкі болып келуін қалайды да, олардың белгілі топ-тобына ғана жалғанады.
Екіншіден ,қай қосымша қосылса да және қанша қосымша қосылса да, түбір морфема тұлға жағынан өзгермейді , үнемі бір қалыпта сақталып отырады. Ал, қосымша морфемалар , жоғарыда айтылғандай, тұлға жағынан тұрақсыз , демек , түбір морфеманың ерекшеліктеріне қарай орайласып , өзгеріп отырады.
Үшіншіден, бір түрлі қосымша қай түбірге және қанша түбірге жалғанса да , олардың әр қайсысына әр түрлі мағына үстемейді, олардың бәріне де жалпы бір түрлі ғана мағына үстейді.
Төртіншіден, бір түбір морфемаға қажетіне қарай бірнеше қосымша морфемаға жалғана береді. Бірақ ондай жағдайда қосымша морфемалар бірінен соң бірі , қалай болса солай қосыла бермейді, тілдің ішкі заңдарына лайық, белгілі бір жүйе бойынша рет- ретімен тіркеседі.
Сөйтіп , түбір морфема мен қосымша морфеманың мағыналарындағы ең негізгі айырмашылық мынау: түбір морфеманың мағынасына , біріншіден, әрі нақтылық , әрі дербестік тән болса, екіншіден, солмағына тек сөздің құрамында ғана тиянықты болыпм анықталады. Осыған сәйкес түбір сорфема тілдің тән мағынасы бар тұлғасы ретінде жеке –дара тұрып қызмет етсе , қосымша морфема тілдің мағыналы тұлға есебінде жеке- дара жұмсалады , тек сөздің құрамында ғана қолданылады.
Тілімізде түбір морфемалар сан жағынан көп те, қосымша морфемалар олардың әлдеқайда аз.сөздің құрамы сияқты , морфемалар да- жүйелі құбылыстар. Оның жүйелі құбылыс екендіктерін түбір мен қосымшалардың ара қатынастарынан көруге болады.Мысалы , есімшенің –ған (-қан, -ген, -кен), көсемшенің –ғалы,(-қалы, - гелі, - келі) қосымшалардың тек етістік түбірлеріне ғана жалғанады да , есім сөздерге жалғанбайды.Керісінше, -шыл(-шіл) қосымшасы зат есімдерге жалғанып сын есім тудырса, -м(-ым, -ім) қосымшасы етістіктен зат есім тудырады.Ал -ң (-ың,-ің) қосымшасы аталған заттарды тыңдаушы адамға тәуелдеп тұрса, -лар(-лер,-тар, -тер, -дар,-дер) қосымшасы аталған заттар жеке-дара емес, бірнешеу я көп екендіктерін білдіріп тұр.
Сөзден сөз тудыратын және сөзден жаңа форма тудыратын қосымшалар жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады.сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан (лексика- грамматикалық) категория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан , фрукциондық-грамматикалық категория қатарына жатады. Ал жалғаулар сөйлем ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстыратын категория болғандықтан, таза грамматикалық категорияға жптқызылады. Бірақ қазақ тіліндегі жұрнақтар арқылы сөз тудыру грамматикамен де тікелей байланысты. Ол байланыс жұрнақтардың мынадай екі түрлі ерекшеліктерінен айқын көрінеді. Біріншіден , жалпы грамматикалық категорияларға тән аса абстрактілік қасиет жұрнақтардан да табылады; екіншіден, грамматикалық категорияларға тән тиісті ереже берерліктей жүйелі заңдар жұрнақтарда да бар.Мысалы: есім, я етістік тударатын жұрнақтардың әрқайсысы топ-топ сөздерді қамтиды да, солардың бәріне деортақ мағына үстеп, олардың жалпы көрсеткіші ретінде қызмет етеді.
Сөз құрамы- грамматикалық негізгі саласының бірі болып саналатын морфология курсының бастамасы, оның обьектісін танытатын негізгі бөлім болып саналады. Сөз құрамын оқытуда қазақ халқының әдеьи тілінде қолданылып жүрген сөздерінің құрам ерекшеліктерінен ғылыми- теориялық негізде мағлұмат беріледі.
Бұл тақырып морфология курсының қарастырылатын мәселелерінің не екендігінен мәлімет беретін кіріспе сабақ болуға тиіс, мұнда қазақ тілі лексикасындағы сөздердің құрамы әңгімеленеді. Қазақ тілі сөздерінің құрамы бірден түсіндірілмей, мұнан бұрынғы сабақтарда өтілген сөз, олардың буыннан, дыбыстардан құралатыны мысалдар арқылы еске түсіріліп, өтілген материалдар жаңа сабақпен байланыстырып барып, сөздердің сырт көрінісі, тұлғасы әңгіме етілгені жөн.
Сөз- белгілі бір ұғымның атауы. Сөздің қағаз, тақта беттеріне түсірілуі сөздің тұлғасы, сырт көрінісі екені тақтаға мынадай сөздерді жазып, сөздердің тұлғалық көріністерін талдау арқылы түсіндіріледі.

  1. Мал, су, төбе, кет сөздерінің мағыналық ұғымын түсіндіріп, негізгі түбір екені аңғартылады.

  2. Малшы, сула, төбешік, кетір сөздеріндегі әрі тұлғалық, әрі мағыналық өзгерістерді түсіндіріп, бұл сөздердің түбір және қосыиша бөлшектерден құралып тұрғаны айтылып, алдыңғы мысалдармен салыстырыла әңгімеленеді.

  3. Демалыс, шекара, тасбақа сөздерінің мағыналық ұғымын түсіндіріп, әрқайсысының екі түрлі түбір сөзден құралып тұрғаны ирек сызық арқылы көрсетіледі.

  4. Ата- ана, қып- қызыл, үлкен- үлкен сөздерінің мағыналарын аңғарып, бұлардың екі сөзден қосарланып келуі арқылы жасалып тұрғаны айтылады.

  5. Совхоз, колхоз сөздерінің де мағыналарын аңғартып, бұлардың бірнеше жеке сөздердің айтуға ықшамырақ болуы үшін, бас бундарынан қысқартылып жасалып тұрғаны аңғартылады.

Осылайша, жеке сөздердің тұлғаларына талдау жүргізіп, сөздердің белгілі бір бөлшектерден құралатынынан мәлімет беріледі. Сонымен қазақ тілі сөздерді негізінен 5 түрлі құрамда қолданылады. Көрнекілік арқылы сөз құрамы түбір сөзден, түбір мен жұрнақтан туынды сөз, екі сөздің қосарлануынан қос сөз, екі түбірдің бірігуінен біріккен сөз, күрделі сөздердің қысқартылуынан қысқарған сөздер жасалатыны тұжырымдалып, жинақталады. Осындай әдістер арқылы сөз құраиының түрлері танытылған соң, белгіден белгісізге көше отырып, гамматиканың морфология бөлімі сөздердің өзгеруін және олрдың жасалатынын тексеретін ілім екені аңғарылады да, морфология сөзінің морфо және логия сөздерінен бірігіп, сөз тұлғасын үйрету деген ұғымды білдіретіні айтылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет