Морфемалар туралы т‰сінік


Сөз таптарын оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдер



бет5/8
Дата31.03.2023
өлшемі42,61 Kb.
#78000
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовой каз Тили

2 Сөз таптарын оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдер.

Бұл тақырып сөз таптарынан мәлімет беретін кіріспе сабақ болуға тиіс. Бұл сабақта сөздердің негізгі, көмекші болып бөлінетінін, қазақ тілі сөздерінің мағыналық, тұлғалық және қызметі жағынан түрліше болып, өз ішінде бірнеше топқа бөлініп келетін, мұғалім баяндау әдісі арқылы түсіндіріледі.


Мысалы: Терезе алдында түрлі ағаштар өседі деген сөйлемді тақтаға жазып, мұғалім сөйлем мүшесіне талдайды. Сөйлем мүшесіне талдау кезінде сұрақты дұрыс қоюдың жолын көрсетеді.

    1. Терезе алдында түрлі ағаштар қайтеді? (өседі)

    2. Терезе алдында нелер (ағаштар) өседі?

    3. Терезе алдында қандай (түрлі) ағаштар өседі?

    4. Түрлі ағаштарқайда (терезе алдында) өседі?

Деген сұрақтар қойылып, әрбір сөздердің мағыналары мен сөйлемдегі қызметтері анықталады және сөйлемнің құрамында бес сөз болғанымен, төрт- ақ мүше бары ескеріледі. Мұнан соң әрбір сөйлем мүшелерінің белгілі бір сұраққа жауап беруі айтылады да, терезе алдында деген тіркестің екі сөзден құралып, бір сұраққа жауап беру себебін түсіндіру қажет. Демек, терезе сөзі толық мағынаға ие болып тұрғандығы алдында сөзінің терезе затының бір бөлшегін білдіргендіктен терезе сөзіне көмекші қызмет атқарып, күрделі мүшенің құрамында жұмсалып тұрғаны айтылады. Осылайша, әрі мағыналық, әрі синтаксистік талдаудан кейін сөздерінің мағыналарына қарай негізгі сөз, көмекші сөз болып келетіні ескертіледі. Негізгі сөздердің жеке тұрып та, контекске де толық мағынаға ие болып, белгілі бір сұраққа жауап болатынына көңіл аударылады. Көмекші сөздердің жеке тұрып та, контексте де, толық мағынаға ие болмай, негізгі сөздермен тіркесіп, үнемі күрделі мүше құрамында қолданылатыны айтылады. Осылай баяндаудың нәтижесінде қазақ тілі сөздері мағыналары, тұлғалары және қызметі жақтарынан 9 топқа бөлінеді.


2.1 Есімдік.

Есімдіктің зат есім, сын есі, сан есімдердің орнына қолданылатын абстракты сөз табы екндігін түсіндіру, есімдік есім сөздердің орнына жұмсалатындықтан, олардың сұрақтарына да ортақтасып келетінінен де мәлімет беру, есімдіктердің лексика- семантикалық жақтарынан өз ішінде 7 топқа бөлінетінін аңғарту.


Есімдікке дейін зат есім, сан есімдер түгел өтіліп, оларға түрлі жаттығулар өткізіп, есім сөздердің не екендігінен оқушылар толық мәлімет алды. Есімдік туралы өтілетін бірінші сабақты бірден жаңа сабақтан бастауға болады.
Жіктеу есімдіктері - өзіндік ерекшеліктерін түсіндіруде ең алдымен жіктеу есімдіктеріне жататын мына сөздерді тақтаға жазып қойып, бұардың әрқайсысына арнайы тоқталу қажет.
Мен, сен, сіз, ол деген 4 есімдік тақтаның сол жақ шетінеи жазылып қойылады. Мен сөзі бір жақта, сен сөзі екінші жақта қолданылатын айтып, екінші жақтың анайы түрі түсіндірілген соң, - Сен деп қадай жағдайда айтылады? – деп ойлану сұрағын беріп, жас ерекшелігі бірдей, не тете, құрдас, жолдастардың бір біріне сен деп сол сияқты аса жақын туыстар өз ара сен деп сөйлесетіні, сіз сөзі екінші жақтың сыпайы түрі екені айтылады.
Ендігі жерде жіктеу есімдігіне көптік жалғауы жалғанып қолданылатыны әңгімеленеді. Жіктеу есімдіктерінің мен, сен, сіз, ол түрлері жекеше бір ғана адам, не бір ғана зат ретінде жұмсалынса, біздер, сендер сіздер, олар деген көптік мағанада қолданылатынын оқушылардың өздеріне аңғарттырып, жекеше, көпше түрлері болады.
Осындай сұрақтар қойып, тәуелдік жалғауының жағы, қосымшалары қайталанып, бірнеше зат есіадердіауызша тәуелдеп, бір сөздің меншікті иесі ментәуелдік сөзінің тіркесі мен жазылады.

  1. Мен, сен, ол сөздерді ілік, табыс, шығыс септіктерінде келгенде , түбірдің соңындағы н, л дыбыстарының түсіп қалатыны ме-нің, се-нің, о-ның, ме-ні, се-ні, о-ны, ме-нен, се-ден, о-дан сияқты мысалдармен түсіндіріледі.

  2. Мен, сен, есімдіктерінің барыс септігінде жуан буынға айналатын және барыс жалғауының – ған формада жұмсалатын да аңғарту қажет (ма- ған, са- ған, о- ған).

  3. Көмектес септігінде мен, сен, ол сөздерінің түбірі сақталып, түбір мен қосымша аралығында ы, і дәнекерлерінің пайда болатыны айтылады ( мен- і, сен- і, он- ы- мен).

  4. Біз, біздер, сендер, сіз (сіздер), олар жіктеу есімдіктерінің жай септеудің үлгісімен септелетіндігі ескертіледі де, бірнеше оқушыға бұларды ауызша септетіп, жай септеуден ешбір айырмасы жоқтығы байқатылады.

Жіктеу есімдіктерінің жекеше, көпше түрлерінің жіктік жалғауы жақа талғанып жіктелудегі ерекшеліктері болады.
а) Мен, біз (дер) деген бірінші жақ жіктеу есімдіктеріне –мін, -біз деген бірінші жақ жіктік жалғау жалғанатыны ескертіледі.
ә) Сен (дер), сіз (дер) деген екінші жақ жіктеу есімдіктеріне –сіз, -сің деген екінші жақ жіктік жалғауыжалғанатыны айтылады.
б) Ол (лар) деген үшінші жақ жіктеу есімдіктері үшіеші жақ жіктік жалғаудың мағынасында жұмсалатыны Ол – студент деген мысалмен түсіндіріліп болған соң, бұлардың сөйлемде бастауыш, баяндауыш, толықтауыш болатыны мынадай шағын сөйлемдерді талдау процесінде аңғартылады.
Мысалы: Мен оқушымын. Оны кинодан көрдім. Кітапты алған менмін деген сөйлемдегі мен – бастауыш, оны – толықтауыш, менмін баяндауыш болып тұр.
Жіктеу есімдігінің мағынасын, грамматикалық формаларын, синтаксистік қызметін және ондағы түрлі ерекшеліктерді меңгерткен соң, алған білімдерін бекіте түсу үшін тақтамен, кеспелермен жұмыс жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет