Морфология



Pdf көрінісі
бет140/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   1132
біріншілік  шұңқыр  пайда  болады.  Біріншілік  шұңқыр  қандауырша 

бластопорының дорсальды ернеуіне, ал біріншілік сайдың екі жағы оның оң 

жəне  сол  бүйірлік  ернеулеріне  сəйкес  келеді.  Біріншілік  шұңқыр  аймағынан 

жасушалар  ағыны  эктодерма  мен  энтодерма  арасына,  ұрыктың  бас  жағына 

қарай жылжып, хорда (бас) өсіндісін түзеді. Бұл өсіндіден ұрықтың хордасы 

дамиды.  Хорда  өсіндісімен  бір  мезгілде,  біріншілік  сай  аймағының 

жасушалар  ағыны  эктодерма  мен  энтодерма  арасындағы  қуысқа,  хорданың 

екі қапталы бойымен ұрықтың бас жағына қарай жылжи көшіп, пішіні қанат 

тəрізді  екі  мезодерма  бастамасын  түзеді.  Көрші  орналасқан  біріншілік 

шұңқыр  жасушаларының  əсер  етуіне  байланысты,  хорда  өсіндісінің 

үсұлпадегі  біріншілік  эктодермадан  жүйке  пластинкасы  қалыптасың,  жүйке 

түтігіне айналады. Жасушалар ағыны күшейген сайын, хорда өсіндісі ұзарып, 

біріншілік  жолақ  қысқара  береді.  Ал  біріншілік  түйін  болса,  ол  ұрықтың 

артқы жағына қарай жылжып отырып, ұрық жапырақ-шалары толық дамыған 

кезде,  артқы  тесік  —  анус  маңында  орналасады.  Ұрық  жапырақшаларының 

дамып  жетілу  процесі  ұрықтың  бас  жағынан  басталып,  оның  қүйрығы 

бағытында  таралып,  біріншілік  түйін,  яғни  анус  маңында  аяқталады. 

Энтодермадан 

ішек 

түтігі 


түзіледі. 

Мезодерма 

сомиттерге, 

нефрогонадотомдарға,  спланхнотомға  бөлініп,  дамып  жетіледі.  Мезодерма 

мен  эктодерманың  көшпелі  жасушалары  ұрық  жапырақшалары  (эктодерма, 

мезодерма жəне энтодерма) аралықтарындағы қуыстарды толтырып, өсінділі 

жасушалар  жиынтығы  —  ұрықтың  дəнекер  ұлпасына  (мезенхимаға) 

айналады.  Ақшыл  алаң  мен  күңгірт  алаңның  шекарасында  пайда  болған 

тұлғалық  қатпар,  ұрық  жапырақшаларының  ұрыктық  бөлігін,  ұрықтантыс 

бөлігінен  бөледі.  Ұрықтантыс  эктодерма  мен  париетальды  мезодермадан 

түзілген  қағанақ  қатпары  ұрық  денесін  сыртынан  қаптап,  бір-бірімен 

қосылып  (тауықта  инкубацияның  3-4  тəулігінде),  сыртқы  сірқабықты 

(серозаны) жəне ішкі қағанақты (амнионды) құрайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет