91
қалталы жыртқыштар, қалталы аю — коала, қалталы пері т.б.) жатады.
Олардың жұмыртқа жасушалары олиголецитті жəне гомолецитті овоциттерге
жатады. Ұрықтану процесі аналық жыныс жолдарында жүреді. Қалталы
жануарлар жатыры құрылысы жағынан қосқынапты қосжатырға жатады.
Мұндай жатырда іштөлінің ұзақ мерзім дамып, толық жетілуіне мүмкіндік
болмайды. Бұған жатырдың құрылысы бейімделмеген. Іштөлінің құрсақтағы
ұзақдамуын қамтамасыз етеұлпа ұрық қабықтары мен ұрықжолдасы
жатырдың
құрылысына
сəйкес
толық
жетілмейді.
Сондықтан,
ұрықжолдассыз жануарлардың буаздық кезеңі өте қысқа болады. Олар
балаларын іштөліалды (предплод) сатысында, тым кішкентай, соқыр,
қызылшақа түрінде шала туып, дене қалталарындағы сүт безімен асырайды.
Ұрықжолдасты сүтқоректілер ұрықтары енесінің жатырында ұзақ мерзім
дамып, толық жетіліп туады. Буаздық мерзімі əр түрлі жануарларда түрліше
болып келеді. Ол орта есеппен сиырда - 285-290, інгенде - 365-368, биеде -
335-340, мəшіде - 375-380, қой мен ешкіде — 150, мегежінде — 114, қояңда -
30, итте — 62-65, мысықта — 55-60 күнге созылады. Плаценталы
сүтқоректілердің жұмыртқа жасушалары да олголецитті жəне гомолецитті
овоциттерге жатады. Ұрықтану процесі жұмыртқа жолының (жатыр
түтігінің) жоғарғы 1/3 бөлігінде жүреді. Ұрықжолдасты сүтқоректі
жануарлар зиготаларының бөлшектенуі толық, əркелкі, асинхронды жүріп,
нəтижесіңде екі түсті: ақшыл жəне күңгірт бластомерлер түзіледі. Ақшыл
бластомерлер ұрықтың сыртқы бетінде, күңгірт бластомерлер ішкі жағында
орналасып, жасушалар жиынтығы — моруланы құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: