39 — сурет. Сүтқоректі жануарлар зиготасының бөлшектенуі.
1 — мөлдір қабық, 2 — бағыттаушы денешіктер, 3 — бластомерлер, 4 —
трофобластты түзеұлпа ақшыл бластомерлер, 5 — эмбриобластты құрайтын
бластомерлер, 6 — трофобласт (қоректендіргіш қабық), 7 - эмбриобласт (ұрық түйіні).
Сыртқы ақшыл бластомерлер жедел бөліну арқылы көбейіп, моруланың
ортасында топтаса орналасқан күңгірт бластомерлерден ажырап, екеуінің
арасында қуыс пайда болады да, ұрык көпіршік тəрізді жетіліп,
бластодермалық көпіршік немесе стерробластула (бластоциста) — деп
аталады. Көпіршіктің сыртқы қабырғасын құрайтын ақшыл бластомерлер
өздерінен сұйық белокты өнімді стерробластула куысы — бластоцельге
бөліп, жинақтау арқылы күңгірт бластомерлері қоректендіреді. Сондықтан,
стерробластуланың
сыртқы
қабығын
трофобласт
(қоректендіруші
құрылым)— дейді. Ал трофобласттың бір қабырғасына жанаса орналасқан
бластодермалық көпіршіктің ішіндегі ірі күңгірт бластомерлер тобын ұрық
Достарыңызбен бөлісу: |