Морфология


Морфологияның  қыскаша  даму  тарихы



Pdf көрінісі
бет41/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Морфологияның  қыскаша  даму  тарихы.  Ерте  замандағы  адамдар 

өздершің  тіршілігі  үшін  аңшылық  кəсібімен  шұғылданғаны  баршамызға 

белгілі.  Олар  ауланған  аңдардың  еттерін  тамақка  пайдаланып,  терілерінен 

киім-кешек  тігіп  киді.  Ауланған  жануарларды  сойып  өңдеу  кезінде,  көне 

замандағы  адамдардың  андар  дене  мүшелерінің  құрылысына,  олардың 

орналасу  орындарына,  пішіндері  мен  мөлшеріне  назар  салып,  əр  түрлі 

жануарлардың 

дене 


құрылысы 

туралы 


қарапайым 

морфологиялық 

мəліметтерді  жинамауы  мүмкін  емес  еді.  Бұған  дəлел  —  сол  кездегі 

адамдардың,  өздері  баспана  реұлпаде  пайдаланған  үңгірлердің  қабырғалары 

мен жартастарға салған түрлі андар мен олардың дене мүшелерінің суреттері. 

Ал жануарлардың қолға үйретілуіне байланысты (б.з.д. 20 ғ.), қолда өсіріліп, 

сойылған  мал  организмі  мүшелерінің  құрылысы  туралы  морфологиялық 

мəліметтердің  жинакталуының  терендей 

түскеніне  күмəн  келтіруге 

болмайды. 

Жиналған  мəліметтерден  ғылыми  тұжырымдардың  жасалуы  үшін, 

өркениетті  елдердің  дамуы  жəне  сол  елдерде  ғұлама  ғалымдардың  өмірге 

келуі  кажет.  Міне, осындай  өз  заманының өркениетті  елдеріне  Көне  Шығыс 

елдерін,  атап  айтқанда  Қытайды,  Үндістанды,  Вавиловнияны  (б.з.д.  20—10 

ғ.ғ.)  жатқызуға  болады.  Морфология  ғылым  реұлпаде  қалыптасқан  елдердің 

ішінде,  əсіресе,  Мысырда  өлген  адамның  мəйіұлпа  бальзамдап  сақтау  əдісі 




25 

 

(б.з.д.  10-5  ғ.ғ.)  кеңінен  тараған  болатын.  Аталған  əдісті,  болса  да,  тек 



морфологияны,  оның  ішінде  анатомияны  жақсы  білген  адам  ғана  іс  жүзіне 

асыра  алатындығы  белгілі.  Бұның  дəлелі  —  Көне  Мысырдагы  Эберс 

папирусында (б.з.д. XVI ғ.) жазылған көптеген анатомиялық терминдер. 

Морфологияның 

ғылым 

реұлпаде 



дамуына 

жəне 


оның 

терминологиясының  (атауларының)  калыптасуына  Көне  Грекия  ғұламалары 

(Алкмеон,  Демокрит,  Гиппократ  т.  б.)  үлкен  үлес  қосты.  Бұлардың  ішінде 

адамзат  тарихында  бірінші  болып  ғылыми  анатомияның  негізін  қалаған 

ғалым - б.з.д. VI ғасырдың соңыңда, V ғасырдың басында өмір сүрген дəрігер 

жəне  философ  Кротондық  Алкмеон  болды.  Ол  жануарларды  ғылыми 

мақсатта  алғаш  рет  сойып  зерттеп,  дене  мүшелерінің  жануарлар 

организміндегі  маңызы  туралы  сол  заманға  сай  терең  мағыналы  ғылыми 

тұжырымдар жасады. 

Көне  Грекия  ғалымдарының  ішінде  морфология  ілімін  дамытудағы 

Гиппократгың еңбектерін ерекше атап кеткен жөн. Аса ойшыл ғұлама ғалым, 

дəрігер-философ Гиппократ (б.з.д. 460-377 ж.ж.): "Медицинаның негізі - адам 

денесінің  құрылысын  жете  зерттеу"—

  деп  айтып  кеткен.  Ол  өзіне  дейінгі 

жинақталған  морфологиялық  жинақталған  маліметтерден  жүйелі  ғылыми 

қорытындылар  жасап,  оларды  өзінің    жəне  шəкірттерінің  еңбектерімен 

толыктырып, кұнды еңбектерге айналдырды. Гиппократ өмір сүрген заманда 

адам  мəйіттерін  союға    рұқсат  етілмеген.  Сондықтан,  Гиппократ  өз 

шөкірттерімен  əр  түрлі  жануарлардьң  дене  мүшелерін,  атап  айтқанда,  каңқа 

сүйектерін,    жүректі,  ішкі  мүшелерді  зерттеп,  олардың  құрылысы  мен 

маңызы туралы өзінен кейін дəйекті деректер қалдырған. 

Гиппократтың  шəкірті,  философия  ілімінің  бірінші  ұстазы    Аристотель 

(б.з.д.  384-322  ж.ж.)  сол  кездегі  басқа  да  ойшыл  ғалымдармен  қатар  барлық 

ғылымдардың,  оның  ішінде  морфологияның  да  дамуына  да  зор  үлес  қосты. 

Ол  салыстыру  өдістерін  пайдалана  отырып,  500  -ден  аса  жануарлар 

түрлерінің  дене  құрылысын  зерттеу  арқылы,  өз  заманына  сай  ғылыми 

тұжырымдар  жасаған.  Аристотель    жануарлар  денесінің  еркін  қозғалысын 

мидың  басқаратындығын,  сүйекқаптың  маңызын,    жүрек  пен  қан 

тамырларының  байланысын  дұрыс  түсініп,  жүйкені  (нервті)  басқа 

мүшелерден  ажырата  білген.  Аристотель  өзінің  ғылыми  еңбектерімен 

салыстырмалы  анатомияның,  зоологияның  жəне  эмбриологияның  негізін 

калаған. 

Б.з.д.  III  -  I  ғасырларда  Көне  Грекиядағы  ғылым 

мен 


мəдениет 

орталықтары 

Александрия 

қаласына 

ауысып, 

жаратылыстану 

ғылым

дарының,  оның 



ішіңде, 

морфологаяның  да  жай  ғылыми 

мəліметтерді

  

жинаудан  ғылыми 

тəжірибелерге  көшіп,  дəйекті  ғылыми  деректердің

 

жинақтала 



бастаған  ғылымдар  салаларының  қарқынды  даму  кезеңі

  еді. 


Дүниежүзіне 

əйгілі  кітапхана 

да  осы 

қалада  болатын.  Сол  кез

дерде 

Александрияда  гректің  атақты  дəрігер  ғалымдары  Герофил



  мен  Эразистрат 

ғылыми зерттеулер жүргізіп, морфологияның одан

 əрі дамуына 

өз үлестерін 

қосты. Олар өкпе артериясын, жүректің,

 көз алмасының 

құрылысын анықтап, 



26 

 

артерия мен вена қан тамыр



ларының 

аралығында, бұл тамырларды өзара бір-

бірімен байланыс

тыратын, 

арнасы жіңішке келген қан тамырларының болуы 

керек


 деген дұрыс 

болжам айтқан, жүйке жүйесін зерттеген.

 

Алексаңдрияны 



римляндар жаулап алғаннан кейін, ғылым мен 

 мəдениет 

орталықтары  Көне  Римге  көшеді.    Морфология  ғылымы 

іргетасының 

қалыптасуына сүбелі үлес қоскан ғалымдарға, біздің 

дəуіріміздің 

бас кезінде 

еңбек  етіп,  өмір  сүрген  ертедегі  Рим  ғалымы 

А.  К.  Цельсті 

(30  -  45  ж.ж.) 

жатқызуға болады. Ол өзіне дейін жинақ

талған 


морфологиялық мəліметтерді 

ғылыми  жүйеге  келтіріп,  грек 

терминдерімен 

катар,  анатомияға  латынша 

ғьшыми  атауларды  енгізуге 

ат  салысты.  Ал 

К.  Гален  (130-200  ж.ж.) 

морфологияның  сол  кездегі 

карқынды 

дамуына  зор  еңбек  сіңірді.  Ол 

маймылдың,  үй  жануар

ларының, 

аюдың,  пілдің,  арыстанның,  құстардың, 

бауырымен 

жорға

лаушылардың, 



балықтардың 

дене 


құрылысын 

салыстырмалы  зерттеп, 

жинақталған 

морфологиялық  ғылыми  мəліметтерді 

толыктырумен 

қатар,  морфологияға 

халыкаралық  латын  атауларын  енгізуде 

үлес 


қосты.  К.  Гален 

өліктерді  зерттеп  қоймай,  итке,  шошкаға,  маймылға 

жəне  сиырға  тəжірибе  жасау  арқылы  жүйке  жүйесін  зерттеп,  7  жұп  ми,  30 

жұп  жұлын  жүйкелерін  жəне  кейбір  жүйке  түйіндерін    (ганглийлерін) 

анықгап, 

грек 


ғалымдары 

Герофил 


мен 

Эразистрат 

еңбектеріне 

толыктырулар  енгізді.  Ол  жүрек  пен  қолка  қуысында  ауа  емес,  канның 

болатындығын  атап  көрсетіп,  көптеген  қан  тамырларды  дұрыс  анықтап, 

жануарлар каңкасын зерттеген. Бұлшық, еттердің 300-дей түрін анықтаған. К. 

Гален  ғылыми  еңбектерінің  кегізінде  "Дене  бөліктерінің  маңызы"  атты 

кітабын жазып, медицинаның дамуына зор еңбегін сіңірді. 

Морфологияның дамуы медицина мен ветеринарияның дамуымен тығыз 

байланысты.  Орта  ғасырдағы  медицина  мен  философияның  дамуына  біздің 

қандасымыз,  өз  заманының  теңдесі  жоқ  ғүлама  ғалымы  отырарлық  Əбу 

Насыр  Мухаммед  əл  Фараби  (873-950  Ж;ж.)  "Медицина  каноны"  атты  жəне 

басқа  да  еңбектерімен    сүбелі  үлес  қосты.  Бұл  кісі  түрлі  ғылым  салаларына 

арналған  160  -тан  астам  ғылыми  трактаттар  жазған.  Ғылыми  бағыттарды 

жіктеуге  арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы  

туралы  баяндалады,  оның  орталықтары  мен  сезімтал  жəне  қозғалтқыш 

жүйкелері туралы да айтылады. 

Морфологияның  дамуына  шығыс  ғалымдарының  ішінде  сүбелі  1  үлес 

қосқан  Əбу  Əли  Хүсеин  ибн  Абдаллах  ибн  Сина  (980-1037  ж.ж.)  болды. 

Оның "Дəрігер ғылымының каноны" деген атакты 5  бөлімнен тұратын еңбегі 

дүние  жүзінің  əр  түрлі  елдерінде  40  рет  басылып  шығып,  XVII  ғасырдың 

аяғына  дейін  барлық  елдердің      ғалымдары  үшін,  негізгі  ғылыми  еңбектің 

жəне  оқулықтың    қызмеұлпа  атқарды.  Осы  еңбектің  1  бөлімі  медицина  мен 

морфология  жəне  физиология  ғылымдарына  арналған.  Дүние  жүзіне  Ави-

ценна  атымен  белгілі  болған  ұлы  ғұлама,  көздің  бұлшық  еттерінің 

құрылысын  адамзат  тарихында  бірінші  рет  анықтап,  адам  денсаулығын 

қорғау мен дерттерді емдеудегі медицинаның маңызын көрсетіп, "медицина" 

деген атаудың анықтамасын берген. 




27 

 

Морфологияны  жаңа  ғылыми  мəліметтермен  толықтыруда  "Қайта 



өрлеу" дəуірінің майталман оқымыстылары Леонардо да Винчи (1452 - 1519 

ж.ж.) мен Андреас Везалий (1514-1564 ж.ж.) үлкен еңбек етті. 

Атакты ғалым, итальян суретшісі Леонардо да Винчи адам мен əр түрлі 

жануарлардың  (жылқы,  сиыр,  түйе,  ит,  мысық,  арыстан,  қаблан)  денелері 

мүшелерінің  құрылысын  зерттеп,  олардың  суреттерін  салған.  Ол  ұшу 

аппаратын  жасау  мақсатымен  кұстардың  ұшу  жəне  кимыл  мүшелерін  жете 

тексерген. Бұл кісі жануарлар өлекселерін анатомиялық препараттау əдісімен 

зерттеп,  жануарлар  денесі  препараттарынан  (жануарлар  қаңқалары,  бұлшық 

еттер, тамырлар т.б.), олардың табиғи көріністерін суретке салған. Леонардо 

да  Винчи  өз  ізденістерінде,  əсіресе,  жылқы  малы  денесінің  кұрылысына 

басым  көңіл  бөле  отырып,  жеке  мүшелердің  де  кұрылысын,  атап  айтқанда, 

адам  мен  сиырдың  жүрегін,  жатырын,  ұрықжолдасын  (плацентасын)  жəне 

тамырларын  салыстырмалы  зерттеген.  Леонардо  да  Винчи  өзінін  ғылыми 

ізденістерін  суретке  сала  отырып,  салыстырмалы  зерттеудің  нəтижесінде 

мүсіндік жəне салыстырмалы анатомияның негізін калаған. 

Падуан  университеұлпаің  профессоры  А.  Везалий  "Адам  денесінің 

құрылысы  туралы"  жеті  томдық  еңбек  жазып,  анатомиялық  зерттеу  əдістері 

мен  морфологиялық  номенклатураны  жаңа  бағытта  калыптастыруда 

айрықша  еңбектенген  ғалым.  Ол  өз  зерттеулері  негізінде  К.  Галеннің 

қалыптасқан көзқарастарына түбегейлі өзгерістер енгізді. 

Осы  дəуірде  морфологияның  дамуына  еселі  үлес  қосқан  ғалымдарға 

жылқының  көкірек  лимфа  өзегі  мен  вена  тамырын  жəне  есту  мүшесі  — 

құлақты  зерттеген  Б.  Евстахийді  (1524-1574  ж.ж.);  салыстырмалы 

эмбриологияның  негізін  калаған,  бүйректі,  тісті,  вена  қақпақшалары  мен 

буындарды,  үй  жануарларының  іштөлі  мен  ұрықжолдасын  (плацентасын) 

зерттеген  Падуан  университеұлпаің  анатомы  И.  Фаб-рициусті  (1537—1615 

ж.ж.);  ұрықтың  тамырларын,  жатыр  түтігі  мен  өт  жолын  зерттеген  Г. 

Фаллопийді (1523-1562 ж.ж.); бассүйектің салыстырмалы анатомиясын жəне 

жүлын  ганглийлерін  зерттеген  В.  Койтерді  (1534-1600  ж.ж.);  1622  жылы 

лимфа  тамырларын  ашқан  Г.  Азеллиді  (1581—1626  ж.ж.)  жəне  лимфа 

тамырлары  жөнінде  ауқымды  еңбек  жасаған  Ж.  Пекені  (1622-1674  ж.ж.) 

жатқызуға болады. 

XIII—XVII  ғасырларда  жануарлар  денесінің  анатомиялық  құрылысы 

туралы гылыми тұрғыдан кұнды кітаптар шыға бастады. XIII ғасырда жылқы 

малының  сыртқы  дене  бітімі  мен  оның  денесінің  ішкі  құрылысы  туралы 

бірінші  кітапты  Д.  Руффо  жазды.  1598  жылы  К.  Руинидің  (1530-1598  ж.ж.) 

"Анатомия  жəне  жылқыны  емдеу",  1645  жылы  М.  Севериноның  (1580  — 

1656  ж.ж.)  зоотомия  туралы  кітаптары  жарық  көріп,  жануарлар 

морфологиясының  калыптасуына  ат  салысты.  М.  Северино  "Демокрит 

зоотомиясы" кітабында үй жануарларының азық корыту, көбею мүшелерінің 

кұрылысы  жəне  алғаш  рет  жылқының  ұйқы  безі  туралы  мəліметтер  берді. 

Бұлармен  қатар,  морфологияның  дамуына  кейбір  жекеленген  мүшелердің 

құрылысын  ашқан  ғалымдар  да  өздерінше  үлестерін  қосты.  Мұндай 



28 

 

оқымыстыларға  1530  жылы  қолқа  мен  өкпе  артериясы  арасындағы  артерия 



өзегін тапқан Леонардо Боталлоны (бұл артерия өзегі "Боталло өзегі" — деп 

аталып кетті), көз қабағын көтергіш бұлшық ет пен аммон мүйізін ашқан Ц. 

Аранцийді  (1530  —  1589  ж.ж.)  жəне  1533  жылы  денедегі  кіші  (өкпе)  қан 

айналым шеңберінің бар екендігін дəлелдеген испан ғалымдары Коломбо мен 

Серветті  (Сервет  жаратылыстанудағы  ғылыми  көзқарасы  үшін  католик 

шіркеуінің үкімі бойынша отка жағылған) жаткызуға болады. 

Морфологиялық  жаңалыктарды  ашуда  ерекше  орын  алатын  ғалымдар 

қатарына  ағылшын  оқымыстысы  В.  Гарвейді  (1578—  1657ж.ж.)  жатқызуға 

болады.  Ол  1628  жылы  денедегі  қан  айналымының  үлкен  қанайналым 

шеңберінің болатындығын тəжірибе жүзінде дəлелдел, ірі қан тамырлары — 

артериялар  мен  веналардың  арасында,  оларды  өзара  байланыстыратын  тым 

жінішке қан  тамырларының болатындығы  туралы болжам  айтқан. В.  Гарвей 

1651  жылы  шықкан  "Жануарлардын  пайда  болуы"  деген  енбегінде  "Барлық 

тіршілік  тек  жұмыртқадан'  —  деген  өз  тұжырымын  айтып,  морфологияның 

эмбриология саласының қалыптасуына ат салысты. Ал 1633 жылы В. Гарвей 

жануарлар эмбриологиясы жөніндегі ауқымды еңбегін жарыққа шығарды. 

Орта ғасырда Еуропа еддеріндегі ветеринариялық мектептердің ашылуы 

мен  олардағы  оқымыстылардың  морфология  салаларына  арнайы  жазған 

еңбектері  морфология  ғылымының дамуына  көп  септігін  тигізді.  Францияда 

К.  Буржел  (1712-1779  ж.ж.)  алдымен  1761  жылы  Лион  каласыңда,  одан  соң 

1765 жылы Альфорт каласында ветеринария мектептерін ашып, ветеринария 

салаларына  арнап  оқулықтар  жазды.  Олардың  ішінде  1766-1769  жылдары 

жылқы  анатомиясына  арналған  оқулықтарын  жарыққа  шығарды.  Сол  кезде 

осы  багытта  біраз  кітаптар  шыкты.  Ф.  Лафосс  (1739-1820  ж.ж.)  жылқы 

анатомиясына  арнаған  "Гилпиатрия  курсы"  атты  кітабын,  ал  Иозеф  1788 

жылы "Сүтқоректі жануарлар анатомиясы" оқулығын жазды. 

XVII  ғасырда  əр  түрлі  жануарлардың  дене  құрылысы  салыстырмалы 

түрде  зерттеліл,  салыстырмалы  морфологияның  іргесі  қалана  бастады. 

Салыстырмалы  морфология  тақырыбына  бағышталған  кейбір  мəліметтерді 

ертедегі  Гиппократ пен  Аристотель,  олардан  кейінгі  К.  Гален  мен  Леонардо 

да  Винчи  еңбектерінен  бастап,  көптеген  оқымыстылар  еңбектерінен  де 

байқауға  болады.  Бірақ,  жеке  "Салыстырмалы  анатомия"  деген  терминді 

бірінші  рет  1666  жылы  "Ми  анатомиясы"  атты  еңбегінде  Т.  Виллис 

қолданды. 

Микроскопты 

ойлап 


тауып, 

оны 


биологиялық 

зерттеулерге 

пайдаланғанға  дейін  адам  мен  жануарлар  мүшелері  ұлпаларының  жіктелуі, 

тек  олардың  сыртқы  ұқсастығы  мен  айырмашылығына  сəйкес  жүргізілді. 

Сондықтан, ұлпалар жіктелуінде көптеген қателер жіберілді. Мысалы, жүйке 

мен сіңірді сыртқы ұқсастығына байланысты бір ұлпалар тобына жатқызды. 

Үлкейткіш  линзалар  жүйесі  —  микроскоптың  жасалуына  байланысты 

гистологиялык,  ғылымдар  XVII  ғасырдың  ортасына  қарай  анатомиядан 

бөлініп,  морфологияның  жеке  ғылым  салалары  болып  дами  бастады. 

Микроскоптың  үлкейткіш  аспап  реұлпадегі  адам  өміріне  келуіне  бірден-бір 




29 

 

септігін  тигізген  көзілдірік  өндірісі  болды.  Беті  иілген  шыны  беттерінің  күн 



сəулесін  сындыру  немесе  басқа  да  оптикалық  қасиеттері  ерте  заманнан-ақ 

өнер  тапқыш  адамдарға,  мысалы  Евклидке  (б.з.д.  300  ж.),  Птоломейге  (127-

151 ж.ж.), Альхазанға (XI гасырдың басы) белгілі болған. Бірақ, иілген шыны 

беұлпаің үлкейткіш қасиеті адам өмірінде көп жылдар бойы пайдаға аспады. 

Бірінші  көзілдірік  тек  1285  жылы  ғана  Италияда  жасалынды.  Бірінші 

үлкейткіш  аспапты  1590  жылы  голландтық  көзіллірік  шеберлері  ағайынды 

Захарий  жəне  Френсис  Янсендер  Миддельбург  қаласында  жасап,  күрделі 

микроскоптарды  жасаудың  негізін  қалады.  Олардың  үлкейткіш  аспабы  іші 

қуыс бір түтіктің ішіне салынған еқі дөңес бетті линзалардан құрастырылған. 

Оның  көмегімен  қарапайым  нысандарды  бақылап  зерттейұлпа  мүмкіндікке 

қол  жетті.  1610  жылы  атақты  оқымысты  Г.  Галилей  (1564  —  1642  ж.ж.) 

қорғасын  түтігінің  ішіне  түрлі  линзалардан  құрастырылған  жүйені 

орналастыру арқылы микроскоп жасап шығарды. "Микроскоп" деген атауды 

ғылымға  енгізген  Римдегі  Урбан  XII  папада  қызметте  болған  дəрігер  Фабер 

(Бамбергтен шыққан) еді. 1625 жылы Стеллутти бірінші болып микроскопты 

анатомиялық зерттеулерғе қолданды. 

Тірі 

материяны 



бірінші 

болып 


микроскоп 

арқылы 


зерттеген 

ағылшынның өнертапқыш  ғалымы,  физик жəне  математик Роберт  Гук  (1635 

—  1703  ж.ж.)  болды.  Ол  1665  жылы  өзі  жасаған  микроскоппен  өсімдік 

қабығының  ұлпасын  зерттеп,  оның  жасушалардан  тұратындығын  көрді. 

Оларға жасуша (грек, kytos — куыс, лат. cellula — клетка, жасуша) — деген 

атау берді. Бір айта кетеұлпа жай, Р. Гук жасушаның іші қуыс, оның тірі заты 

"жасуша қабығы" деп есептеген. Р. Гуктен сəл кейінірек анатом М. Мальпиги 

(1671—  1675  ж.ж.),  ботаник  Н.  Грю  (1671  ж.)  жануарлар  жəне  өсімдік 

ұлпаларын  микроскопппен  зерттеп,  біртекті  көріністің  ішінде  майда 

қуыстардың  бар  екендігін  анықтаған.  Олар  майда  қуыстарды  "көпіршіктер" 

—  деп  атаған.  1682  жылы  Неэмия  Грю  "Өсімдіктер  анатомиясы"  атты 

еңбегінде  "көпіршіктер  ұлпаларды  құрайды"  —  деп,  "ұлпа"  (ткань)  деген 

құрылым туралы түсінікті бірінші рет қолданды. Айта кету керек, жоғарыда 

аталған  микросопист  зерттеушілер  өсімдік  жасушаларының  тек  сыртқы 

целлюлозадан  кұралған  қабықшаларын  микроскоп  аркылы  көріп,  оларға 

өсімдік  "жасушалары"  немесе  "көпіршіктері"  —  деп  атау  берген.  Бірақ,  осы 

өсімдік  құрьшымдарының  қуыстарындағы  заттардың  құрылысы  зерттеуші 

ғалымдардың назарларынан тыс қалып отырды. Голланд ғалымы А. Левенгук 

(1632-1723  ж.ж.)  200  есе  үлкейтеұлпа,  өзі  жасаған  микроскоппен  жануарлар 

терісінің,  көкбауырдың,  бұлшық  еттің,  қанның,  шəуеттің  (сперма),  жүйке 

талшығының,  қарапайым  организмдердің  құрылысын  зерттеп  (1673  -  1695 

ж.ж.), 


эритроциттердің 

қан 


капиллярларымен 

қозғалуын, 

сперматозоидтардың пішінін анықтады. 

Бұлардан кейінгі 100 жылдан астам уақыт ішінде жануарлар мен өсімдік 

жасушаларының құрылыс заңдылықтарын толық зерттеуге микроскоптардың 

сапа жағынаи құрылымдық жеткіліксіздігі, яғни микроскоптардағы сфералық 

жəне  хроматтық  аберрациялар  (ауытқулар)  мүмкіндік  бермеді.  Тек,  XVIII 



30 

 

ғасырдың  аяғы  мен  XIX  ғасырдың  басында  ғана  ахроматтық  линзаларға 



негізделген  микроскоптардың  жасалынуына  байланысты,  жануарлар  мен 

өсімдіктер  организмдерін  микроскоппен  жоғары  деңгейде  зерттеуге 

мүмкіндік  туды.  Бірінші  ахроматтық  микроскоптар  Ресей  мен  Голландияда 

жасалынды.  Ресейде  микроскопты  ғылыми  зерттеуде  бірінші  болып  М.  В. 

Ломоносов  қолданды.  Осы  кісінің  басшылығымен  Петербург  қаласында 

бірінші  оптикалық  шеберхана  ашылды.  Ахроматтық  линзаны  жасаудың 

теориялық  есебін  1777  жылы  Петербург  академигі  Л.  Эйлер  мен  оның 

шəкірті  академик  Н.  Фусс  есептеп  дайындады.  Дайындалған  ахроматтық 

линзаларды  пайдаланып,  тұңғыш  ахроматтық  микроскопты  1784  жылы 

академик  Ф.  У.  Эпинус  жасап  шығарды.  Осы  кезде  осындай  ахроматтық 

микроскоптар Голландияда да шығарыла бастады. 

1827  жылы  Долланд  оптикалық  микроскоптардың  үлкейткіш  тетіктері 

жасалынатын  линзалардың  көрсету  сапасын  күшейтіп  жақсартудың 

арқасында,  көп  елдерде  микроскопқа  жəне  оны  қолданып  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарымен  шұғылдануға  деген  қызығушылық  айтарлықтай  артты. 

Осының  нəтижесінде,  XIX  ғасырдың  басында  жануарлар  мен  өсімдіктер 

жасушаларын  зерттеу  көптеген  елдерде  жүйелі  жолға  қойылып,  тұңғыш  рет 

жасуша  ядросының  құрылысы  анықталды.  1825-1827  жылдары  чех  ғалымы 

Я.  Пуркине  тауықтың  жұмыртқа  жасушасы  мен  жануарлар  ұлпалары 

жасушалары  ядроларының  құрылысын,  жүйке  жасушаларының  пішінін 

аныктап,  əр  түрлі  бездерді  зерттеді.  1840  жылы  ол  жасушаның  тірі  заты, 

оның қабырғасы емес, жасушаның ішіндегі протоплазмасы (цитоплазма жəне 

ядро)  —  деп,  "протоплазма"  (грек,  protos  —  бірінші,  plasmos  —  құрылым) 

деген  атауды  енгізіп,  тірі  организмнің  жасушалық  құрылысы  туралы 

ұғымның  пайда  болуына  үлкен  əсер  етті.  Я.  Пуркине  жəне  оның  шəкірті  Г. 

Валентиннің  микроскопиялық  еңбектері  жасуша  теориясының  іргетасын 

қалауға  көп  үлес  қосты.  Роберт  Броун  1831  жылы  өсімдік  жасушалары 

ядроларының  құрылысын  зерттеп,  олардың  барлық  жасушаларға  тəн 

құрылым екендігін анықтады. 

Осы  жылдары  Ресейде  И.  Кулеман  жыныстық  циклдегі  жəне  буаздық 

кезеңіндегі  қой  жұмыртқалығының,  Петр  Аш  шəуетті,  К.  Ф.  Вольф  тауық 

ішегінің, А. М. Шумлянский бүйректің микроскопиялық құрылысын зерттеп, 

гистология ілімінің қарқынды дамуына сүбелі үлес қосты. 

Жасуша 


теориясын 

жасауға 


керекті 

микроскопиялық 

ғылыми 

мəліметтердің  жинақталып,  оның  іргетасын  калауға  өз  еңбектерімен  ат 

салысқан  ғалымдарға  жоғарыда  аталған  оқымыстылармен  катар,  А. 

Дютрашені, Л. Ф. Горяниновты, Я. Генлені, Р. Ремакты жатқызуға болады. 

Осімдіктер мен жануарлар организмдерінің жасушалардан тұратындығы 

туралы  ғылыми  болжамдар  мен  тұжырымдар  сол  кездегі  көптеген 

оқымыстылардың  еңбектерінде  орын  аяды.  Мысалы,  1808  -  1809  жылдары 

Мирбель "өсімдіктерді жарғақты жасушалы ұлпалар құрайды" — деп жазса, 

Ламарк  1809  жылы  "құрылымдық  бөліктері  жасушалы  ұлпадан  кұралмаған 

денешіктерге    тіршілік  тəн  емес"—  деген  қорытынды  жасайды.  Осындай 




31 

 

тұжырымдарды Дютроше (1824 ж.), Тюрпен (1826 ж.), Мейен (1830 ж.), фон 



Моль  (1831  ж.)  еңбектерінде  де  кездестіруге  болады.  Өзіне  дейінгі 

ғалымдардың  ғылыми  еңбектерінің  негізінде  жəне  өздерінің  ғылыми 

зерттеулеріне  сүйене  отырып,  неміс  ғалымдары  ботаник  М.  Шлейден  1838 

жылы,  зоолог-анатом  Т.  Шванн  1839  жылы  XIX  ғасырда  ашылған  ұлы 

ғылыми жаңалықтардың бірі "Жасуша теориясын" ашты. "Жасуша теориясы" 

деген терминді бірінші рет Т.Шванн қолданған. Ол аталмыш теорияны жасау 

үшін,  жануарлар  ұлпаларының  құрылысын,  жасушаларының  дамуын  жете 

зерттей келіп, "жасушалар құрылысы жағынан жеке организмдер, ал жануар-

лар  мен  өсімдіктер  —  арнайы  заңдылыктарға  сəйкес  орналаскан  осы 

организмдердің жиынтығы" — деген қорытындыға келген. 

Жасуша  теориясы  бойынша,  барлық  тірі  организмдердің  құрылымдық 

жəне  қызметгік  бірлігі  жасуша  (клетка).    И.  Пуркиненің,  М.  Шлейденнің 

жəне  Т.  Шванның  жасушаның  құрылысы  туралы  еңбектері  арқасында 

"Цитология" биологияның, оның ішінде морфологияның жеке ғылым саласы 

болып  қалыптасты.  Жалпы  органикалық  дуниенің  біртұтастығын,  оның 

ішінде  өсімдіктер  мен  жануарлар  организмдерінің  шығу  тектерінің  бір 

екендігін дəлелді көрсетуде, жасуша теориясының маңызы өте зор. 

Жасуша  теориясының  дамуына  Р.  Вирховтың  еңбектері  үлкен  өсерін 

тигізді.  Ол  1855  жылы  жасушалардың  тек  өзі  тектес  жасушалар  бөлінуінің 

нəтижесінде пайда болатындығын дəлелдеп,  тірі  организмдегі  патологиялық 

процестер 

(қабыну, 

түрлі 

науқастық 



ауытқулар) 

жасушалардағы 

өзгерістердің нəтижесінде дамитындығын көрсетті. Р. Вирховтың осы идеясы 

əсерінен, 

жасуша 

теориясы 

медицина 

мен 


ветеринарияда 

тірі 


организмдердегі  қалыпты  жəне  патологиялық  процестерді  түсіндіреұлпа 

негізгі теория реұлпаде қабылданды. 

Микроморфологияның  дамуы.  Жасуша  теориясы  негізінде  XIX 

ғасырдың 

ортасынан 

бастап, 


жануарлар 

организмі 

мүшелері 

мен 


ұлпаларының 

микроскопиялық 

құрылысын 

зерттеу 


зор 

қарқынмен 

жүргізіліп,  ғылыми  еңбектер  ұлпалар  мен  мүшелердің  құрылысын 

жасушалық (клеткалық) деңгейде анықтады. 

Микроморфологиялық  зерттеулерде  микроскопты  бірінші  болып 

пайдаланған  М.  Мальпиги  (1628—1694  ж.ж.).  Ол  1661  жылы  микроскоптың 

көмегімен  қан  капиллярларын  тауып,  В.  Гарвей  айтқан  болжамды  іс  жүзіне 

асырды 


да, 

қан 


айналым 

теориясын 

толық 

дəлелдеп 



шықты. 

Микроморфология  саласында  жемісті  еңбек  еткен  ғалымдар  қатарына 

голландық  А.  Левенгук  (1632-1723  ж.ж.)  пен  Ф.Рюишті  (1638—1731  ж.ж.), 

неміс  И.  Либеркюнді  (1711—1756  ж.ж.),  швейцарлық  А.  Галлерді  (1708—

1777  ж.ж.),  орыс  А.  М.  Шумлянскийді  (1748—1795  ж.ж.),  француз  К. 

Бишаны (1771—1802 ж.ж.) т.б. жатқызуға болады.  

Морфологияда 

микроскоптың 

көмегімен 

жүргізілген 

зерттеулер 

нəтижесіңде  XIX  ғасырда  көптеген  микроморфалогиялық  ауқымды  

жаңалықтар  ашылып,  цитология  морфологияның  жеке  саласы  болып 

қалыптаса  бастады.  1866  жылы    Э.  Геккель  тұкымқуалаушылық  қасиеттер 




32 

 

мен  белгілердің  ұрпақтан  ұрпакқа  берілуін  іс  жүзіне  асыратын  құрылым 



жасуша  ядросы  екенін  анықтады.  1866—1898  жылдар  аралығында  көптеген 

ғалымдар  еңбектері  нəтижесінде  өсімдіктер  мен  жануарлар  жасушаларының 

бөліну  түрлері  толық  зерттеліп,  хромосомалардың  құрылысы,  өсімдік 

жасушаларындағы 

органеллалар 

пластидтер 

(хлоропласттар), 

митохондриялар (1890 ж.),  Гольджи аппараты (1898 ж.) анықталды. 

Жануарлар  организмдері  мүшелері  мен  ұлпаларының  микроскопиялык 

құрылысын  зерттеу  жүмыстары  да  қарқынды  жүргізіліп,  жалпы  жəне  жеке 

гистология  да  микроморфологияның  жаңа  салалары  болып  қалыптаса 

бастады. "Гистология" термині гректің "гистос"— ұлпа (ткань) жəне "логос" 

—  ілім  деген  екі  сөзінен  шыққан  құрама  атау.  "Гистология"  терминін 

биология  ғылымдарында  XIX  ғасырдың  басында  (1801  ж.)  бірінші  болып 

француздың  жас  ғалымы,  анатом  жəне  физиолог  К.  Биша  қолданды.  Ол 

өзінің 


анатомиялық 

ғылыми 


зерттеулері 

нəтижесінде 

жануарлар 

организмінде  кездесеұлпа  жиырмадан  астам  ұлпалардың  түрлерін  анықтап, 

оларды  бір-бірінен  құрылысы  жағынан  жəне  морфологиялық  ғылыми 

тұрғыдан ажыратып, өз заманына сай ұлпалар туралы кітап жазды. Бірақ,  К.  

Биша  өзінің  ғылыми  зерттеу  жұмыстарында  зерттеу  нысандарын  үлкейтіп 

көрсетеұлпа  аспаптар  қолданбаған.  Ғылыми  зерттеулерінде  үлкейткіш 

оптикалық аспап — микроскопты пайдаланатын морфология пəнінің бөлімін 

"Анатомия"  пəнінен  бөліп,  "Гистология"  деп  бірінші  атаған  немістің 

микроскопист зерттеушісі Карл Майер (1819 ж.) еді. 

Гистология  мен  микроскопиялық  анатомияның  биологияның  жеке 

ғылым  салалар  реұлпаде  қалыптасуына  неміс  оқымыстыларының  еңбектері 

зор  ықпалын  тигізді.  Олардың  ішінде,  əсіресе,  И.  Мюллер  (1801-1858  ж.ж.) 

мен  Ф.  Генленің  (1809-1885  ж.ж.)  еңбектерін  атап  кеткен  жөн.  Ал  неміс 

оқымыстысы Ф. Лейдиг (1853 ж,) пен швейцар ғалымы А. Келликер (1855 ж.) 

гистологиялық құрылысына байланысты, жануарлар организмі ұлпаларының 

осы күнге дейін өз мəнін жоймаған жіктелуін жасаған. 

Ресейде  гистологиялық  зерттеулер  XIX  ғасырдың  30—40  жылдарынан 

бастап қарқынды жүргізіліп, микроморфологияның іргетасы қалана бастады. 

Аталған кезеңде гистология пəні анатомия жəне физиология пəндерімен бірге 

оқытылып, 

кейіннен, 

жоғары 


оқу 

орындарында 

жеке 

гистология 



кафедраларының  ашылуына  байланысты  жеке  пөн  реұлпаде  оқытыла  (XIX 

ғасырдың 60 жылдары) бастады. Гистология жəне эмбриология кафедралары 

1864 жылы Мəскеу жəне Петербург университеттерінде, 1867 жылы Харьков, 

1868  жылы  Қазан  жəне  Киев  университеттерінде  ашылды.  Ресейдегі 

микроморфологияның  жеке  ғылым  саласы  реұлпаде  қалыптасуына  жəне 

оның  іргетасының  қалануына  сол  кездегі  жаналан  ашылган  кафедралардың 

басшылары мен жетекші гылымдары А. И. Бабухин, Ф. В. Овсянников, Н. М. 

Якубович, М. Д. Лавдовский, Ф. Н. Заварыкин, К. А. Арнштейн, П. И. Пере-

межко,  Н.  А  Хржонщевский  жемісті  еңбектерімен  ат  салысып,  зор  үлес 

қосты. 



33 

 

Мəскеу гистологтар мектебінің негізін калаған А И. Бабухиннщ (1827 — 



1891 ж.ж.) жетекшілігімен жануарлар ұлпаларының, олардың  ішінде ет жəне 

жүйке  ұлпаларының  гистогенезі  мен  гистофизиологиясы,  көздің  торлы 

қабығы  мен  жүйке  талшықтарының  гистологиялық  кұрылысы  зерттеліп, 

микроморфологияның 

дамуына 

өздерінің 

бастама 

үлестерін 

қосты. 

Кейінірек,  А-И.  Бабухиннің  шəкірті  И.  Ф.  Огневтің  (1855  —  1927  ж.ж.) 

басшылығымен  жануарлар  организмі  жасушаларының,  ұлпаларының  жəне 

мүшелерінің  гистологиялық  құрылысына  сəулелі  энергияның,  қараңғының, 

ашығудың  жəне  т.б.  сыртқы,  ішкі  факторлардың  əсерлері  анықгалып, 

микроморфологияның  жаңа  гистофизиология  саласының  негізі  каланды

Бұл Мəскеу гистологтарының үлкен жетістігі еді. 

Ф.  В.  Овсянников  (1827  —  1906  ж.ж.)  басшылық  еткен  Петербург 

гистологтары  да,  гистофизиология  саласының  дамуына  үлкен  үлес  қосты. 

Микроморфологияның  нейрогистология  саласын  дамытуда  А.  С.  Догель 

(1852—1922  ж.ж.)  ғылыми  еңбектерінің  орны  бөлек.  Ол  Қазан,  Томск  жəне 

Петербург 

университеттерінде 

гистологиялык 

зерттеулер 

жүргізіп, 

вегетативті  жүйке  жүйесінің  күрылысын,  оның  ішінде  нейроциттердің 

жіктелуін жəне сезім мүшелерінің жүйкеленуін анықтауда жемісті еңбек етті. 

А.  С.  Догель  1915  жылы  Ресейде  бірінші  шыққан  "Анатомия,  гистология, 

эмбриология архиві" журналын ұйымдастырды. 

Петербург  медицина-хирургиялық  академиясында  1868  жылы  ашылған 

гистология  кафедрасының  қалыптасуы  мен  оның  ғылыми  бағытының 

дамуына  М.  Д.  Лавдовский  (1846—1902  ж.ж.)  үлкен  үлес  қосты.  Бұл 

оқымыстының 

басшылығымен 

жарақаттанғаннан 

кейінгі 

жүйке 


талшықгарының 

қалпына 


келуі 

(регенерациясы) 

мен 

бұзылуы 


(дегенерациясы),  қуықтың  ганглиондық  жасушаларының  құрылысы  туралы 

ғылыми  мағлұматтар  жиналып,  нейрогистологияны  одан  əрі  дамытуда  біраз 

еңбектер  жасалынды.  Ресейде  1887  жылы  М.Д.Лавдовский  мен  Ф.  В. 

Овсянниковтың  жетекшілігі  мен  редакциялық  басшылығының  арқасында 

гистология  пəнінің  бірінші  окулығы  жазылды.  М.  Д.  Лавдовскийден  кейін 

кафедраны басқарған А. А. Максимов (1874—1928 ж.ж.) дəнекер ұлпасы мен 

қан  жəне  қантүзілу  процесі  тақырыптары  бойынша  гистологиялық  ғылыми 

зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  микроморфологияны  дамытуда  елеулі  еңбек 

етті.  А.  А.  Максимов  Американың  гистологтар  мектебінің  қалыптасуына  да 

үлкен  еңбек  сіңірді.  Ол  жазған  гистология  пəнінің  окулығы  тек  Ресей  емес, 

көптеген басқа елдерде де жарық көрді, 

1868 жылы Киев университеұлпаде ашылған гистология кафедрасын П. 

И.  Перемежко  (1833-1893  ж.ж.)  баскарып,  жануарлар  организмі  түрлі 

мүшелер жүйелері ағзаларының гистологиялық құрылысын жəне іштөлі ұрық 

жапырақшаларын  зерттеуде  жемісті  еңбек  еткен  Киев  гистологтар  мектебін 

ұйымдастырды. Ал  Н. А.  Хржонщевский (1836-1917 ж.ж.) басқарға Харьков 

университеұлпаің  гистология  кафедрасының  ғалымдары  гистологиялық 

зерттеулерін  мүшелердің  атқаратын    қызметерімен  байланыстырып, 




34 

 

микроморфологияның гистофизиологиясы саласын дамытуға ойдағыдай үлес 



қосты. 

 А.  С  Догель  1888  жылы  Томск  университеұлпаде  гистология 

кафедрасын 

 

ұйымдастырып. 

микроморфологияның 

нейрогистология 

мектебінің  іргетасын  қалады.  Ал  Қазан  университеұлпаің  нейрогистологтар 

мектебін  ұйымдастырған    К.  А.  Арнштейн  (1840—1919  ж.ж.)  жəне  оның 

шəкірттері  А.  С  Догельдің  жүйке  ұлпасын  өндеудің  гистологиялық  тəсілін 

қолдана  отырып,  несеп-жыныс,  ас  корыту  жөне  тыныс  алу  жүйелері 

мүшелері мен тері, қасаң қабық жəне т.б. мүшелерді, жүйке ганглийлері мен 

жүйке  талшықтарының  соңғы  тармақтарын  зерттеуде  дүние  жүзіне  белгілі 

елеулі жетістіктерге жетті. 

Ресейде 


гистологияның 

салаларын, 

оның 

ішінде» 


əсіресе, 

нейрогистологияны  дамытуда  жоғарыда  аталған  ғалымдармен  катар,  А.  Н. 

Мислввский, А. А. Заварзин, Б. И. Лаврентьев, И. Ф. Иванов, Н. Г. Колосов, 

И.  Г.  Хлопни,  П.  А  Ковальский»!  В.  Г.  Елисеев  жене  т.б.  орыс  ғалымдары 

жемісті енбек етті. Ал үй жануарлары организмі мүшелері мен ұлпаларының 

гистологиялық  құрылысын  зерттеуде  Ю.  Т.  Техвер,  О.  В.  Александровская, 

Л.  В.  Давлетова,  П.  А.  Ильин,  А.  Ф.  Рыжих,  И.  С.  Ржаницына,  А.  И. 

Пилипенко, Л. П. Тельцов жэне т.б. оқымыстылар үлкен еңбек сіңірді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет