Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1.3. Access-тің объектілері 
Access программасының 6 объектісі: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль
бар. Келесі тақырыптарда осылардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз. Олардың 
қысқаша түсініктемелері: 
Кесте – жазбалар мен өрістерден тұратын МБ – ның негізгі объектісі. Кестелерде 
мәліметтер сақталады. 
Сұраныс – мәліметтерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының анықтаған 
шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді 
зерттеп, іріктейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни өңдейді. 
Форма - кестелер мен сұраныстағы мәліметтерді ыңғайлы түрде экранға бейнелейтін 
және оларды басқаратын құрал. 
Есеп  (отчет) – кестелер мен сұраныстардағы мәліметтерді ыңғайлы және көрнекі түрде 
экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы 
мәліметтерді редакциялауға болмайды. 
Макрос – макрокомандалар жиынтығы. Егер МБ-да қандай да бір операциялар жиі 
орындалатын болса, онда олардың командалары бір макроста жинап, оған клавиш 
комбинациясын сәйкес қоюға болады. 
Модуль – Visal Basic тілінде жазылған программалық прцедура. Егер Access-тің 
стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда программалаушы 
процедуралар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады. 
1.2 – сурет. МБ – ғы мәліметтер арасындағы байланыс. 
Access программасында құрылған формалар, сұраныстар және есептер мәліметтерді 
жылдам және эффектілі жаңартуға, әр түрлі сұрақтарға жауап алуға, қажетті 
мәліметтерді іздеуге, мәліметтерді талдауға, есептер мен диаграммаларды баспаға 
басуға мүмкіндік береді. Бір кестедегі мәліметтерді әр түрлі объектілерде көруге 


болады және де кестеге өзгерту енгізгенде сол берілгендер орналасқан басқа 
объектілердің 
барлығын 
да 
өзгертеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет