4.Ұйымдастырушылық құрылым Түрлі топтарға жататын міндеттердің айқын айырмашылықтары ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастыру барысында қандай да бір алғышарттар құрады. Жоғарыда аталғандардың негізінде түрлі топтарға енетін міндеттер бір-бірінен мүлде ерекшеленетінін және бір-бірін алмастыра алмайтынын нақты айтуға болады. Бірақ, сонымен бірге түрлі топтарға тән сипаттардың арасында жойылмайтын қарама-қайшылықтар жоқ. Ал бұл ұйымдастырушылық құрылымдардың түрлі нұсқалары бар болуы мүмкін екендігін білдіреді. Олардың ішіндегі ең бір қарапйым нұсқасы ─ тар шеңберде мамандандырылған құрылымдар құрылған кездегісі, мұнда олардың әрқайсысы жалғыз ғана міндетті шешуге бағдарланған. Анағұрлым күрделісі тіпті барлық міндеттерді шешуге бағдарланған құрылым болып табылады. Бесінші топтағы міндеттер соншама өзгеше, яғни оларды күрделі басқарылатын жүйенің ұйымдастырушылық құрылымының аясына біріктіру мүмкін емес.
Нақты ұйымдастырушылық құрылым онда қызметтердің толық тізімі (штаттық кесте) тұжырымдалғанда және әрбір қызметтің сипаты (қызметтік нұсқаулықтар) тұжырымдалғанда ғана толық аяқталған болады.
Түрлі ұйымдарда қызметтердің сипаттамасына енетін белгілердің түрлі нұсқалары қалыптасқан. Бірақ, барлық сипаттамаларда кездесетін және міндетті түрде болуы тиіс құраушыларды бөліп көрсетуге болады:
Қызметтік міндеттер.
Қызметтің толық аталуы. Осы қызметті атқаратын адамның міндеттері.
Бөлімдер арасында мүмкін болатын еңбек бөлінісі мен еңбек кооперациясы. Уақыт шығынының нормасы және жекелеген операцияларды орындауға кететін жұмыс нормасы.
Біліктілік талаптары.
Ақыл-ой және дене еңбегінің қажетті шығындарымен байланысты талаптар.
Кәсіби білімдердің көлемі мен сипаты.
Арнайы білімдер (немесе сырт келбетіне, дикцияға және т.б. қойылатын талаптар).
Жұмыс тәжірибесі (кейде жасы).
Жұмысты және соңғы нәтижені бағалау әдістері жайлы нұсқаулар.
Құқық.
Қызметтің басқару жүйесінің иерархиясындағы орны және бағыныштыларға, жоғары қызметтегілерге және дәрежесі тең тұлғаларға дербес қатынастар.
Ұйымдастырушылық құрылымның тиімді қызмет етуінің міндетті шарты осы құрылым шешетін міндеттер қатары мен қызметтер тізімінің арасындағы дәл және толық сәйкестік болып табылатынын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ сияқты. Нақты қызметтердің сипаттамасы бар нақты ұйымдастырушылық құрылымға жүктелген міндеттерді салыстыра отырып, басқарушылар өз қызметінің нәтижелігіне қол жеткізіп қана қоймайды, сондай-ақ, шешілетін міндеттерді өз жүйесінің түрлі бөлімшелері арасында бөлу үшін қажетті алғышарттарды