Сұрақтар мен тапсырмалар:
Маркетингке жоғарыда берілген анықтамалардың қайсысы сіздің пікіріңізше анағұрлым сенімді және қолдануға тиімді?
Маркетинг ұғымына өз анықтамаңызды беріп көріңіз.
Сіздің шетелдік маркетингке көзқарасыңыз қандай? Ол біздің шаруашылық жағдайымызда қаншалықты қолдануға тиімді?
10 тақырып. Маркетинг жүйесі және оның мәдени - тынығу саласында қалыптасуы
Лекция 19
1. Мәдени қызметтер маркетингінің жүйе құрушы құраушылары және олардың маркетинг қызметінің жалпы жүйесіндегі орны.
2.Тұтынушылардың мәдени қызметке сұранысын анықтауда қолданылатын әдістер.
Лекция 20
1.«Сыртқы орта» ұғымы мен мәні
2.Сыртқы орта құраушылары.
2. Мәдени - қызметтер нарығы және оның тұтынушылары. Мәдени қызметтер нарығындағы сегментация.1. Кез-келген жүйе жүйе құрушы құраушылардан, элементтерден тұратыны белгілі. Мәдени-тынығу саласына қатысты бұл құраушыларды бірнеше функционалдық топтар түрінде ұсынуға болады:
І. топ: қызметті жеткізіп берушілер,өндірушілер - лекторлар, кеңес берушілер, репетиторлар, артист-орындаушылар, мекеме қызметкерлері.
ІІ топ: бақылаушы және бағыт беруші иснтанциялар - қаржы органдары, құқық қорғау органдары, кәсіподақ комитеттері, қоғамдық өзін-өзі басқару органдары.
ІІІ топ: делдалдар - мәдениет мекемесі қызметкерлері, кооператорлар, жарнашылар, баспасөз қызметкерлері, ұйымдастырушы агенттер, әлеуметтанушылар, көлік қызметкерлері, байланыс қызметкерлері және т.б.
ІҮ топ: бәсекелестер - ұқсас қызметтерді өндіретін мекемелер, олардың қызметкерлері және делдалдар.
Ү топ: тұтынушылар - тұрғындардың мүдделі топтары, қызметтішынайы және потенциалды сатып алушылар: курс тыңдаушылары, студиядағы сабақтарға қатысушы ересектер мен балалар, ақылы клуб бірлестіктерінің мүшелері, көрермендер, үйірме мүшелері және т.б.
Келтірілген бес топтың әрқайсысының маркетингтік іс-әрекеттегі өз рөлі, өз қызметтері мен міндеттері бар. Олардың қысқаша мәнін сипаттап өтейік.
Жеткізіп берушілер – бұл тікелей қызметті өндірушілер. Көбіне, бұл ақылы қызметтер көрсетуге тартылған, тұтынушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсетін және оларға қандай да бір қызметтікөрсететін мамандар. Жекелеген жағдайларда жеткізіп берушілер қызметін тікелей мәдениет мекемесінің қызметкерлері, мысалы, әуесқой көркемөнер ұжымдарының ақылы концерттеріне қатысушылар, үйірме және студия жетекшілері болуы мүмкін.
Бақылаушы және бағыт беруші инстанциялар тұрғындарға ұсынылатын қызметтердің сапасын идеялық-көркемдік, әдістемелік, құқықтық және қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Делдалдар – бұлар қызметтің нарыққа шығуын қамтамасыз ететіндер. Олар сұранысты анықтайды, тұрғындардың қажеттіліктерінің көлемі мен құрылымын зерттейді, ақылы қызметті өндірушілер – жеткізіп берушілер мен оларды тұтынушылар арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді, тұтынушылар арасында қызметті жарнамалайды.
Бәсекелестер қызметті жеткізіп берушілер мен делдалдардың іс-әрекетін белсендіру үшін қандай да бір қор құра отырып, осыған ұқсас іс-әрекет жүргізеді. Салауатты бәсекелестіктің болуы - тұрғындарға ақылы қызмет көрсететін түрлі мекемелердің белсенді және сапалы жұмысының кепілі.
Тұтынушылар көрсетілетін қызметтің сипатын, мазмұнын, көлемін, құрылымын анықтайды, осы қызметке сапалы баға береді, қызмет нарығындағы өз іс-әрекетімен жекелеген мекемелердің беделін, олардың көретін пайдасының мөлшерін, даму болашағын анықтайды. Қабылданған маркетингтік шешімдер белгілі бір мөлшерде аталған құраушылардың әрқайсысының іс-әрекетіне тәуелді. Мысалы, тұтынушылар белгілібір сападағыақылы қызметті талап етеді, ал жеткізіп берушілердің онымен қамтамасыз етуге жағдайы келмейді. Келесі бір жағдайда жеткізіп беруші немесе қызметті өндіруші нарыққа қандай да бір қызметті шығаруға дайын, бірақ бақылаушы инстанциялар нарыққа осы қызметті шығаруға кедергі келтіреді.
Бірақ, бұл маркетингке құрылымдық көзқарас қана. Ол маркетингтік іс-әрекет үрдісінің сипаты мен мазмұны жайлы толық түсінік бермейді. Марктеинг технологиясына енуге мүмкіндік беретін процессуалды-аналитикалық тәсіл анағұрлым болашағы бар. Мұнда да бірнеше жүйе құрушы құраушыларды бөліп көрсетуге болады.
2.Сыртқы орта – барынша кең ұғым. Оны дифференциациялау және құрылымға келтіру үшін, оның негізгі құраушыларын бөліп көрсетуге тырысайық:
Достарыңызбен бөлісу: |