Мухамедин М. М. Әлеуметтік


Жылдық жұмыс жоспарының үлгісі



бет16/27
Дата16.06.2022
өлшемі138,78 Kb.
#36951
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Жылдық жұмыс жоспарының үлгісі



№ р/с

Бөлімдер мен бағдарламалар-дың аталуы

Өткізу мерзімі

Өткізіл-етін орны

Аудитория-ның құрамы

Жауаптылар және дайындау мен өткізуге қатысушы-лар

1

2

3

4

5

6





















4.Мәдениет мекемелерінің тоқсандық жұмыс жоспары. Жоспарлау теориясы мен тәжірибесі көрсеткеніндей, тоқсандық жоспар жұмыстың негізгі жоспары болып табылады. Олар саяси өмірде болып жатқан өзгерістерді, өмірде пайда болып жатқан жаңа мәселелерді, мәдениет мекемелерінің шынайы мүмкіндіктері мен резервтерін есепке алуға мүмкіндік береді, осының барлығын алдағы тоқсанға арналған жұмыс жоспарында көрсетеді.
Тоқсандық жоспарлар жылдық жоспардың негізінде жасалады. Жылдық жоспардың әрбір бөлімінен сол тоқсанға жоспарланған мәдени- тынығу бағдарламалары алынады және қажетті өзгерістерімен тоқсандық жоспарға енгізіледі.
Тоқсандық жоспардың құрылымы жылдық жоспардың құрылымындай - онда да жылдық жоспардағы бөлімдер қарастырылады. Ерекшелік - тоқсандық жоспарда мәдени-тынығу бағдарламаларының өткізілу мерзімі мен орны нақты көрсетіледі, олардың тақырыбы мен аталуы нақтыланады, оны дайындау мен өткізуге жауаптылар бекітіледі, оған өзге мекемелер мен ұйымдардың қатысуы келісіледі.
Тоқсандық жоспарларды жасағанда бүкілхалықтық мерекелердің, көпшілік серуендердің, еңбек мерекелерінің өткізілу мерзімі нақтыланады.
Мәдениет мекемесінің бір айға арналған жоспары күнтізбелік деп аталады, өйткені жоспарланған барлық бағдарламалар күнтізбедегі күндер бойынша орналасады. Айлық жоспар тоқсандық жоспардың негізінде құрылады, тоқсандық жоспардан сол айға қарастырылған барлық бағдарламалар алынады. Бірақ, айлық жоспарға тоқсандық жоспарда қарастырылған бағдарламаларды қосумен шектеліп қалған дұрыс емес. Өйткені бір айдың ішінде мәдениет мекемелері есепке алуы тиіс болатын оқиғалар орын алуы мүмкін. Мұнан басқа, мәдениет мекемелерінде конференциялар, жиналыстар және өзге де іс-шаралар өткізілетіні белгілі. Ол үшін ғимаратты, сахнаны дайындау, безендіру керек, концерт, спектакль ұйымдастыру қажет. Мұның барлығы есеп шотқа үлкен қаржының түсуіне мүмкіндік береді. Сондықтан, айлық жоспарды құрғанда осындай жағдайлардың орын алу мүмкіндігін болжау және оларды жоспарда есепке алу керек.
Айлық жоспардың формасы тоқсандық жоспардың формасынан ерекшеленеді, яғни айлық жоспарда бағдарламаны өткізу орны мен мерзімін нақты көрсету керек.
Айлық күнтізбелік жоспар - бұл мәдениет мекемесінің басшысы мен мамандар үшін жұмысшы құжат.
Айлық жоспардың негізінде келесі айға мәдени-тынығу бағдарламалары рәсімделеді және ол келушілер үшін көрнекті жерде ілінеді. Келер айға жасалған жоспарда тұрғындардың түрлі топтарына арналған мәдени-тынығу бағдарламалары ғана көрсетіледі.
Жоғарыда қарастырылған жоспарлардан бөлек мәдениет мекемесінің басшылары бір аптаға арналған жұмысшы жоспарларын құрады. Олар жұмысқа барынша нақты басшылық жасау, айлық жоспарда жоспарланған жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін қажет. Алдағы апталарға құрылған жұмысшы жоспарларда аптаның әрбір күніндегі іс-шаралар нақты көрсетіледі: орындалуы қажет жұмыс, оны ұйымдастыратын кім және жұмыс, бағдарламаның өткені жайлы белгі.
Алдағы аптаға жұмысшы жоспарының мазмұнымен мекеме басшысы қызметкерлерді шұғыл мәжілістерде хабардар етеді.
Сонымен, мәдениет мекемелерінің жұмыс жоспарлары ондағы жұмыстың нақты бағытта жүргізілуін көрсететін құжат болып табылады.


5.Мамандарды іріктеу және орналастыру
Мамандарды іріктеу және орналастыру «басқаруды ұйымдастыру» қызметінің құрамында маңызды процедура болып табылады. Адамды өзіне лайық емес кез-келген қызметке орналастырғанда жіберілген жалғыз ғана қателік тіпті ақпараттық ағындары жолға қойылған керемет құрылымдағы жүйенің өзінің ерте ме, кеш пе іркілістерге ұшырап, қайта құрылуына әкеп соғады.Сондықтан мамандардың шешілетін міндеттердің көлемі мен сипатына қарай нақты жұмыс түрлерін орындауы, оқыту мен қайта оқыту, қызметте өсіру немесе осы қызметкерге барынша сәйкес келетін қызметке төмендету үшін бағалау және іріктеу мәселесіне теоретиктер ерекше назар аударуда. Практикалық басшылар бұл мәселемен біршама саналы және жүйелі түрде бетпе-бет келеді.
Соңғы жылдардағы тарихи тәжірибе мамандарды іріктеу және орналастыру қоғамдық үрдістердің динамикалығына байланысты мүлде әр түрлі мәнге ие екенін көрсетті. Қоғам тұрақты, қалыптасқан орнықты дәстүрлерімен басқарушы мамандарды тәрбиелеудің нақты жүйесіне ие. Бұл жүйе жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Бірақ, бар. Әрі ол мамандарды іріктеу мен орналастыруды қоғамда тұжырымдалған және сондықтан да жалпы мойындалған қандай да бір қағидаларды басшылыққа ала отырып жүргізуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары қазақстандық кәсіпорындарда (әсіресе, әлемдік нарықты игеріп жатқан кәсіпорындар), мемлекетттік органдарда АҚШ, Жапония, Германия және өзге де елдердің тәжірибесіне негізделген, қызметкерлердің іскерлік және тұлғалық сапаларын бағалау үшін түрлі тестер қолданылуда. Бұл тестердің осы елдердің ұлттық мәдениетіне негізделгендігі, әрине, белгілі бір деңгейде кедергілер де келтіреді. Бірақ, соған қарамастан, олар Қазақстан жағдайында өте тиімді, себебі, олар тиімді басқарудың жоғарылауына және оның ғылыми негізге алмасуына едәуір ықпалын тигізеді.
Мамандарды іріктеу және орналастыруда біршама маңызды қызметке тағайындау маңызды рөл атқарады. Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі әдіс бар:

  • өз қалауын еркін білдіру негізінде ұжымның сайлауы;

  • жоғарғы жақтан тағайындау.

Бірақ, бұл әдістердің әр түрлігіне қарамастан, олар бір нәтижеге алып келуі мүмкін. Екі әдістің ешқайсысы да мамандарды орналастыру және адамды басқару қызметіне тағайындау барысында қателікке ұрынудан сақтандырылмаған. Басқарушының өз қызметіне лайықтылығы феномені әлі күнге дейін өз деңгейінде зерттелмеген. Әсіресе, бұл жіберілген қателіктер айқын байқалып тұратын әлеуметтік саланы басқаруға қатысты.
Тақырып 8. Әлеуметтік - мәдени саладағы ұйымдастыру қызметінің технологиясы
Лекция 15
1.Әлеуметтік - мәдени саладағы ұйымдастыру қызметі технологиясы.
2.Ұйымдастырушылық қызмет және ұйымдастырушылық қабілеттер.

Лекция 16


1.Ұйымдастырушы тұлғасының негізгі сапалары.
2.Қызметкерлер, белсенділер, мәдени - тынығу мекемелеріне келушілермен ұйымдастырушылық жұмыстың ерекшеліктері.

1.Әлеуметтік - мәдени саладағы ұйымдастыру қызметі технологиясы жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Әлеуметтік - мәдени сала адамдарды тиісінше орналастыруды‚ еңбек бөлінісін‚ әдістерін‚ оны біріктіруді‚ нормалауды‚ ынталандыруды‚ жұмыс орындарын ұйымдастыруды‚ оларға қызмет көрсетуді‚ қажетті еңбек жағдайын қамтиды.Тиімділік пен ғылыми негізделудің түрлі дәрежесімен сипатталады. Өзара байланысты экономикалық, психофизикалық және әлеуметтік міндеттердің топтарын қамтамасыз етуі тиіс.


Экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыруға‚ өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға‚ өзіндік құнды төмендетуге‚ өнім сапасын жақсартуға бағытталғанпсихо-физиологиялық міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші – адамның денсаулығын сақтауды және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістік жағдай жасауға бағытталған; әлеуметтік міндеттер – еңбекті материалдық және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚ жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны – мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап‚ енгізу: жұмыс орындарын мамандандыру‚ қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу‚ олардың еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі мен бірігуі нысандарын жетілдіру; жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру; еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен оған ақы төлеуді жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру. [2]
2. Мәдени-тынығу саласын ұйымдастыруды басқару функциясы, ол еңбекті ұйымдастыру–жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Мәдени-тынығу саласын басқаруда адамдарды тиісінше орналастыруды‚ еңбек бөлінісін‚ әдістерін‚ оны біріктіруді‚ нормалауды‚ ынталандыруды‚ жұмыс орындарын ұйымдастыруды‚ оларға қызмет көрсетуді‚ қажетті еңбек жағдайын қамтиды. Тиімділік пен ғылыми негізделудің түрлі дәрежесімен сипатталады. Өзара байланысты экономикалық‚ психофизиологикалық және әлеуметтік міндеттердің топтарын қамтамасыз етуге тиіс. Экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыруға‚ өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға‚ өзіндік құнды төмендетуге‚ өнім сапасын жақсартуға бағытталған; психо-физиологиялық міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші – адамның денсаулығын сақтауды және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістік жағдай жасауға бағытталған; әлеуметтік міндеттер – еңбекті материалдық және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚ жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны – мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап‚ енгізу: жұмыс орындарын мамандандыру‚ қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу‚ олардың еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі мен бірігуі нысандарын жетілдіру; жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру; еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен оған ақы төлеуді жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
3.Әлеуметтік-мәдени саласындағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру дегеніміз, бұл мәдени-тынығу саласына жүйелі түрде үздіксіз енгізілетін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде материалдық еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігнің үздіксіз артуын, адамның денсаулығын сақтауды, еңбекті бірте-бірте ең бірінші өмірлік қажетке айналдыруды қамтамасыз етеін шаралардың жиынтығы. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың негізінде кәсіпорында, оның бөлімшелерінде және жұмыс орындарында жұмыс күші мен еңбек құралдарын мейлінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Еңбекті ғылми ұйымдастыру әрбір кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары болуын, ауыр еңбектің жойылуын, кңбек жағдайының мықтап жақсаруын, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық жағынан қолайлы жағдай жасалуын талап етеді. Тұрғындар өкілдері мәдениетті басқару органдарымен тығыз өзара әрекеттестікке түскенде немесе ақша ресурстарын алғанда, немесе тікелей жасаушылар болғанда, оларды бақылау сипаты қатаң жүргізілуі және мазмұны бойынша басқарылатын жүйенің өзге субъектілерін бақылау сипатына жақындатылуы мүмкін.
Мәдени үрдістерді басқару жүйесінде жолға қойылған бақылаусыз жүйенің жағдайы және осы жүйені дамытушы құралдарды объективті және сенімді бағалауға қол жеткізу мүмкін емес. Басқаша айтқанда, мәдениетті бақару стратегисы мен тактикасын таңдау үшін халықтың мәдениетінің деңгейі қандай жағдайда екенін, оны бағалауда біз қандай көрсеткіштерді (соңғы немесе аралық) пайдаланатынымызды және соңғы көрсеткіштерден аралық көрсеткіштерге өту біз үшін нені білдіретінін жақсы білуіміз керек.
Мәдени құрылысты бағалаудың бұған дейін қалыптасқан стереотиптік әдіснамасы келесідей ерекшеліктерімен сипатталады: ресми статистикалық көрсеткіштер салалықсипатқа ие; осы көрсеткіштердің көмегімен мәдениет мекемелерінің қызметінің келесідей аспектілері бағаланады: жекелеген мекемелердің қызметі қандай да бір ауданның мәдениетінің жағдайымен теңдестіріледі.
Бұл көрнекі түрде статистикалық есеп беру мысалынан көрінеді. Халық мәдениетінің деңгейін бағалау үшін елімізде кітапханалар саны, олардың кітаппен қамтамасыз етілуі, клуб мекемелерінің, мұражайлардың, театрлардың саны, оған келушілердің саны сияқты көрсеткіштер пайдаланылады.
Осы көрсеткіштердің белгілі бір кезеңде өзгеруін немесе олардың түрлі аймақтар үшін қатынасын салыстыра отырып, тұрғындарға мәдени қызмет көрсету деңгейінің жақсарғаны немесе нашарлағаны жайлы қорытынды жасауға болады. Клуб мекемелерісанының артуы, ондағы орын санының ұлғаюы, үйірмелер, әуесқой бірлестіктер саны, әуесқой шығармашылыққа қатысушылар мен театр көрермендерінің саны - мұның барлығы әдетте, тынығу қызметі мен тұрғындарға мәдени қызмет көрсетудің жақсаруының белгісі ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, мәдени қызмет көрсетудің жақсаруы халық мәдениетіңнің деңгейінің сөзсіз жақсаруына әкеледі және керісінше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет