15 тақырып. Мәдени - тынығу мекемелерінің материалдық - техникалық базасы Лекция 29
1.Мәдени-тынығу мекемелерінің тораптарын өркендетуге қаржы салымының көздері мен жылдамдығы.
2.Мәдени-тынығу мекемелерінің негізгі қорлары.
Лекция 30
1. Экономикалық маңызы және негізгі қорлар құрылымы.
2.Қаржы айналымы түсінігі. Қаржы айналымын ұйымдастыру негіздері және оларды экономикалық жіктеу.
1.Материалдық-техникалық база — экономикалық үрдістерде пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтарының, қоғамның өндіргіш күштеріне жататын материалдық, заттық нышандардың жиынтығы (еңбек құралдары мен заттары). Экономиканың материалдық-техникалық базасына салалық құрылымдар, оның инфрақұрылымының негізгі және көмекші салалары жатады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы өндірістік алаңдардың болуын және оның өндіріске бейімделіп жарақтандырылуын, жабдық паркінің болуын, қолда бар материалдық қорлардың өндірістік бағдарламаға сай келуін қажет етеді.
Сала масштабында материалдық – техникалық базаны жоспарлы ұйымдастырылған жүйелер құрайды: сол ұйымдарға тапсырылған әлеуметтік функцияларды орындауға қажетті материалдық – техникалық база қамтамасыз етілген түрлі мекемелер мен өнеркәсіптер жүйесі.
Мәдениеттің материалдық-техникалық базасынатуралдық - заттық және құндық формада қаралады. Натуралдық - заттық формасына ғимараттар, құрылыстар, қондырғылар, музыкалық аспаптар, транспорт, проекциялық аппаратура, т.б. жатады.
2.Өндірістік емес салада (мәдениет пен өнерді қоса) ұзақ мерзімді қолданылатын материалдық қорлар жиынтығы ақшалай бағаланатын өндірістік емес негізгі қорлар деп аталады.
Өндірістік емес негізгі қорлар өз өндірісі үшін экономикалық негіз құрмайды. Өндірістік емес, яғни мәдениет саласын жетілдіріп отырудың негізгі көзі - ұлттық табыстың көлемі мен өсуінің маңызы зор.
Мәдениеттің материалдық-техникалық базасын жетілдірудің маңызды факторы бюджеттік ұйымдардың негізгі өндірістік емес қорларын түпкілікті реттеу болып табылады.
Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету оларды қаржыландыру, жоспарлау және басқару каналдары бойынша жүзеге асырылды.
Жалпы ереже бойынша материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуді жоспарлау және оны ұйымдастыру мекеме қарайтын ведомоствоға қарай анықталады. Жоғары басқару органдары өзіне қарасты ведомостволық мекемелерді барлық ресурстарымен, соның ішінде материалдық – техникалық, қаржы т.б. қамтамасыз етеді.
3.Жоспарды сапалы құру үшін мәдениет органдары өзіне қарасты мекемелерге алдағы жылдарға қажетті материалдарға сұраныс қабылдау үшін материалдар тізімін береді. Бұл тізім жекелеген мекемелер мен ұйымдарға материалдық ресурстардың өлшем бірлігін дұрыс анықтауға және бірнеше мекемені жалпылап, жалпы мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде метериалдық –техникалық базаны құру бүгінгі күннен болашаққа аяқ басуды қамтамасыз ететін басты экономикалық тапсырма.
Мәдени – тынығу мекемесінің материалдық - техникалық базасы барлық басқа халық шаруашылығының салалары сияқты нақты зат және пішінді құндылығымен қарастырылады. Мәдени – тынығу мекемесінің материалдық – техникалық базасының нақты заттық пішіні ғимараттан, жабдықтардан, құрал-жабдықтан, әуендік құралдан, жоспарлы аппараттан және басқалардан тұрады.
Негізгі қорға – ұзаққа пайдаланатын заттар жатады.
4.Ағымдағыға – қысқа әрі тез қолданатын заттар жатады. Өндірмейтін негізгі қорлар өзінің өндірісі үшін экономикалық негіз түзбейді: яғни, мәдени мекемелерді құруға материал үшін құны ақылы немесе ақысыз шарттар орындалады. Мәдениет мекемелерінде амортизация қоры құрылмайды. Мәдениет өндірмейтін қордың қарапайым және кең көлемде таралған жалғыз қайнар көзі ұлттық табыстың жүйелі өсуі болып табылады. Мұндай әдіспен, мәдени даму үшін ұлттық табыстың өсу типі және көлемі маңызды мән береді.
Мәдениет нысандарының құрылысы бойынша тапсырма және қаржылай енгізу белгілі құралдың мөлшерінен тыс шығуы және мәдениет мекемесі жүйесінің дамуы анықталады. Мәдениет нысандарының құрылысы (клубтар, кітапхана, театрлар, концерттік залдар және т.б.) мемлекеттік орталықтандырылған және орталықтанбаған қаржылай құю есебінен әлеуметтік даму және экономикалық жылдық жоспарда қарастырылады.
Өндірмейтін салаға қаржылай салым – құрылыс монтаж жұмысының құны мен салыстыру бойынша жабдықтауға кеткен шығынның төмен үлесінен ерекшеленеді.
Мәдени – тынығу мекемесінің материалдық базасының дамуы мен бекітілуі үшін қаржылай салымнан басқа маңызды құрал қайнар көзі мәдени-тынығу мекемесі үшін интерьер және жабдықтарды игеруде қаржылай ағымдағы материалдық шығынын қамтамасыз ететін қаражаттандыру болып табылады. Мәдениет және өнер мекемелерінің материалдық шығыны үздіксіз өсуде. Олар материалдарға, отын, электрэнергиясы, инвентарь, жабдықтарға ағымдық шығындардан тұрады. Мәдени - тынығу мекемесіне материалдық шығындану дәрежесі белгілі өлшемде тұрғынға көрсететін көмек сапасын көрсетеді.