Мухамедин М. М. Әлеуметтік


тақырып. Мәдениет мекемелерінде қызметкерлердің жалақысын ұйымдастыру



бет24/27
Дата16.06.2022
өлшемі138,78 Kb.
#36951
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
14 тақырып. Мәдениет мекемелерінде қызметкерлердің жалақысын ұйымдастыру
Лекция 27
1.Еңбек бойынша бөлу заңы және оның мәдени-тынығу мекемелерінде көрініс беру ерекшелігі.
2.Халық шаруашылығы мен мәдениет саласында еңбек ақы төлеудің негізгі принциптері.
Лекция 28
3.Еңбек ақы төлеу жүйесі ерекшіліктері.
4.Еңбек ақы формаларына сипаттама.


1.Қазіргі күні мәдениет саласында қызметкерлерді ынталандырудың екі түрі бар:
а) өз еңбек әрекетіне қарай;
б)аяқталған нәтижелер үшін ынталандыру.
Еңбек ақы төлеу төмендегідей қағидаларға негізделеді:
1.Еңбекақы қоры нарықтағы бәсекелестік жағдайында жеке меншік иесінің қорынан қалыптасады және ол кіріс әрбір қызметкердің үлесін ескере отырып еңбек ұжымы мүшелері арасында бөлінеді.
2.Жалпы мемлекеттік кепілдендірілген еңбек ақы төлеу жүйесі қалыптасады.
Аталған екі қағида да экономикалық реттеу әдістері жүйесінде маңызды болып есептеледі.
2.Мәдени - тынығу мекемелерінде өзге де мекемелер сияқты еңбекақы төлеудің қалыптасқан жүйесі бар.
Іс жүзінде әрбір қызметкер әрбір жұмыс түрі әрқалай бағаланатынын біледі және білуі тиіс. Түрлі қызметкерлер тобының еңбекақы мөлшерін әділ бағалаудың өзіндік талаптары бар. Соған қарамастан көбіне еңбек жағдайы мен оның күрделілігіне қарай еңбекақы төлеу шарты қалыптасқан.
3.Еңбекақы төлеудің бұл түрі әрбір адамның минимальды күнкөрісіне сәйкес еңбекақы деңгейі болып табылады және «тұтынушылық кәрзеңкесі» деп аталады. Мұнда түрлі табиғи - климаттық жағдайда қызмет етуші адамдардың еңбекақысы белгіленіп қойылады. Бірақ, бұл айырмашылық табиғи факторлардың адам өміріне ықпалын ескеруге негізделген.
Еңбекақы төлеудің бір түрі сыйақылар төлеу болып табылады. Сыйақылар мемеке тарапынан қызметкердің еткен ерекше еңбегін бағалау, ынталандыру мақсатында беріледі.
Мәдени - тынығу мекемелерінде еңбекақы төлеудің тағы бір түрі түрлі мәдени іс - шараларды ақылы негізде өткізуден түскен қаржыдан беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет