Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша



бет36/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Тәрбие жоспарының түрі.
І. Сынып оқушыларына мінездеме
ІІ. Тәрбиелік міндеттер.
1. Саяси мәдениетін қалыптастыру.
2. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
А) ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу.
Б) халықтық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу.
3. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру және қоғамдық белсенділікті дамыту.
4. Өз еліне, ата-мекеніне сүйспеншілік және халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.
5. Халықты еңбекке, ісмерлікке баулу.
6. Әсемдікке тәрбиелеу және көркемдік қабілетін дамыту.
7. Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.
8. Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?
І. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселелеріне қатысты психологиялық және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқу.
II. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді. Мысалы: Мақсат: «Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру». Оның міндеттеріне:
1.Оқушылардың сабақтан тыс зияттық-танымдық (интеллектуалдық) әрекеттерін ұйымдастыру.
2. Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.
3. Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым-қатынас жасауға ынталандыру.
4. Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әр түрлі әрекеттерді ұйымдастыру.
III. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысып, пән мұғалімдері және ата-аналарымен пікір алмасу.
IV. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп, тану.
V.Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мерекелерді анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
VI. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды анықтау.
VII. Жоспарлау. Оқушыларды немесе олардың белсенділерін жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.
Мектептің және сыныптың ерекшелігі сипатына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттер болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекеттер барысында жоспарлау тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылға құрылуы мүмкін.


Негізгі әдебиеттер:
1. Воспитательная система школы: Проблемы и поиски / Сост. Н.Л.Селиванова. – М.: Знание, 1989. – 80с.
2. Воспитательная система школы: проблемы управления. Очерки прагматической теории. – М., 1997. – 110с.
3. Гуманистические воспитательные системы вчера и сегодня / Под общей редакцией Н.Л.Селивановой. –М.: Пед. общество России, 1998. – 336с.
4. Марцинковская Т.Д. Психология и педагогика [Текст]: учебник / Т.Д. Марцинковская, Л.А. Григорович. - М: Проспект, 2009. - 464 с.
5. Теория и практика воспитательных систем. Кн. 1 и 2. – М., 1993.
6. Школа как воспитательная система: Науч.-метод. материалы в помощь руководителям школ и педагогам / Под ред. А.В.Гаврилина. – М.: НИИТиИЛ АПН, Рос. науч.-метод. центр ВСШ. 1992. – 62 с.
7. Сарсекеева Ж.Е. Информационно-дидактическое обеспечение к курсу «Технология воспитательной работы с младшими школьниками». - Свидетельство № 586 от 23.07.2009.
8. Сарсекеева Ж.Е. Автоматизированная обучающая система по курсу «Технология воспитательной работы с младшими школьниками». - Свидетельство № 055 от 21.12.2009.
10. Мухаметжанова А.О. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 1305. 12.11.2012ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет