Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері



бет35/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
ko

Мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері: ортаның тәрбиелік ролі; Монтессори материал - баланың өздігінен дамуы мүмкіншілігінің пайда болуына әсер ететін, педагогикалық дайындық ортасының бөлігі; Монтессори материал - дүниені танып қабылдаудың психологиялық қаруы, құралы; оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді; мектепте сабақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан басталады; жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады, біреу математика, келесі біреуі әріптер жазумен т.б. нәтиже талданады, баға болмайды, бірақ әр бала өз еңбегіне орай үлкендердің не басқа бала тарапынан бағаланады. Ең бастысы оқушы өзін-өзі бағалайды.
4. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі.
Тәрбие жұмысын жоспарлауға қойылатын талаптар. Сынып жетекшісі өз жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеу арқылы бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік мақсат пен міндеттер айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады: жоспар ол ұжымдық еңбектің белгісі, сынып жетекшісі өз жоспарын жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн. Жоспар міндетті түрде бағытталуы тиіс. Бұл сыныптың ісіне терең талдау жасау керек, сынып ұжымының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Жоспардың құрылуы жеке тұлғалық ізгіліктігін және жеке тұлғалық бағыттылық жолдары принциптері мен үрдісінің барлық субъектілерінің бір-біріне әсер етуіне қарай жүргізіледі. Жоспарлау кезінде сынып жетекшісі жеке тұлғалардың жаңа қарым- қатынастарын ұйымдастыру, бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін барлық жағынан тиімділігін арттыру жолын іздестіру керек.
Жоспарлау барысындағы принциптер:
1. Жоспарды іске асыру үшін ағындағы кезеңнің барлығы жай ескерілуі керек.
2. Белгілі мақсатқа бағытталу мақсаттардың нақтылығын және дамығандығын көрсетуді бүкіл жоспар және оның блок бағыттары осыған арналған болуы керек. Сыныптағы оқушысы осы мақсаттың және жоспардың орындалуына мүдделі болуы тиіс, жоспар мақсатқа сәйкестіріліп жасалуы керек.
3. Мектептің ерекшеліктерінің этномәдени ортаның ерекшеілігін ескере отырып құрылу керек. Бүкіл жоспар шындыққа негізделген болуы тиіс. 
Тәрбие жоспарына қойылатын кейбір талаптар:
1. Жоспардың қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі.
2. Өмірмен тығыз байланыстылығы.
3. Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті тұрғыдан).
4. Тәрбие жұмысының формалары оқушылардың жасына, ұжымның ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
5. Жоспардың нақтылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет