Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§9.3 Өлке тарихын тануда мектептік-халықтық музейлердің маңызы



Pdf көрінісі
бет37/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§9.3 Өлке тарихын тануда мектептік-халықтық музейлердің маңызы. 
Ғылыми игі іс-әрекеттердің біршама қарапайым формасы – тарихи 
ескерткіштерді сақтау, оларды тәрбиелік іс-шараларда қолдану арқылы 
отансүйгіштік қасиеттерді жүзеге асыратын халықтық музейлерді ұйымдастыру 
болып табылады. 
Халықтық музейлердің бір түрі – мектептік музейлердің өзіне тән 
ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұлар мектеп жастары арасында жұмыс істеуге 
есептелінген. Екіншіден, оқушылардың өздері осы халықтық музейлердің 
негізгі қоғамдық ядросын құрайды. Үшіншіден, олар өз алдарына жоғары 
тәрбиелік мақсаттармен бірге оқу үрдісіне де көмектесуді міндет етіп қояды. Ең 
жақсы мектептік музейлердің жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, олар 
балалардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, оларды еңбек әрекетіне 
араластыруда, оларға патриоттық тәрбие беруде, өткен кезеңнің дәстүрін 
сыйлауға және жаңаны меңгеруге деген сүйіспеншілікті тәрбилеуде тамаша 
нәтиже беретіндігі байқалды. 
Мектептік музей – ғылыми жүйелендірілген, өнер облысын, өндіріс 
салаларын, белгілі бір ғылыми пәнді зерттеуге бағытталған музей профиліне 
сәйкес 
жаратылыстану-тарихи 
коллекциялардың, 
тарихи 
түпнұсқа-
ескерткіштердің көрмесін ұйымдастыруға арналған ғылыми мекеме. Түпнұсқа 
ескерткіштерді жинақтау белгісі жағынан мектептік музейдің басқа 
музейлердің еш өзгешілігі жоқ. Оның өзге музейлерден айырмашылығы 
қордағы коллекциялардың сипатында, мәселелерді қарастыру тереңдігінде 
және оларды ғылыми өңдеудің шеңберінде жатыр. Ал мектептік музейлер 
өздері бір-бірінен жұмыс бағытына әсер ететін кейбір спецификалық 
мақсаттары мен әдістері жағынан ажыратылады. Олардың негізін оқу-тәрбиелік 
қызмет атқаруда басты дерек көзі болатын түпнұсқа-ескерткіштер құрайды. 


90 
Осыған сәйкес мектептік музейдің профилі анықталады. Профиль музей 
түпнұсқаларының өнер түріне, өндіріс салаларына, белгілі бір ғылыми пәнге 
деген қатынасына сәйкес анықталады. Мәселен, тарихи, көркемөнерлік, әдеби, 
сонымен бірге өлкетанулық бағыттағы кешенді профиль (тарихи-әдеби, 
жаратылыстану-тарихи т.б.).
Мектептік музейлердің профилін анықтау барысында қоғамның саяси 
қажеттіліктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттерін, сонымен қатар 
мектептік белсенділер ұжымының қызығушылықтарын ескеру керек. Ең 
бастысы – профильді таңдау барысында түпнұсқа-ескерткіштер қорын ескерген 
жөн. Егер жоғарыда айтылған талаптар орындалып, бірақ түпнұсқа-
ескерткіштер көлемі шектеулі болса, онда бұл профильді таңдамаған дұрыс. 
Профильді анықтауда, сонымен бірге, музейдің зерттемелі және жинақтау 
жұмыстарын жүргізетін территориялық шекараларды ескерген жөн. Бұл кенті, 
шағын аудан, әкімшілік аудан, қала болуы мүмкін. Зерттеу аумағын тым кең 
шеңберде қарастырмаған дұрыс. Кейбір жағдайда мектептік музейлер өз 
профильдерін әдейі мектеп тарихымен шектейді. 
Көп жағдайда мектептік музейлер өлкетанулық профильде құрылады. Бұл 
заңды құбылыс. Өлкетанулық профиль материалды кең кешенді зерттеу мен 
жинақтауға мүмкіндік береді. 
Мектептік 
музейлерді, 
басқа 
да 
халықтық 
музейлерді 
оның 
ұйымдастырушылық жұмысын іске асыратын, сонымен қатар оның қызметіне 
тікелей қатысатын қоғамдық белсенділерсіз көзге елестету мүмкін емес. Музей 
күрделі организм, бірақ оны қалыптасуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін 
жадығаттарды жинақтау, оларды құжаттау, зерттеу, есеп жүргізу мен сақтауды 
ұйымдастыру, арнайы музей үшін ғимаратты даярлау мен оларды құрал-
жабдықтармен қамтамасыз ету, экспозицияларды көркемдік-безендіру 
жұмыстарын жүзеге асыру және т.б. секілді көптеген ұйымдастырушылық 
жұмыстар жасау керек. Сонымен қатар, музейде үнемі саяхат ұйымдастырып 
тұру қажет, музейді тәртіп пен тазалықта ұстау керек. Алайда музейді 
ұйымдастыру іс-шаралары осымен аяқталды деп есептеуге болмайды. Себебі 
оның даму мен жетіле түсуінде шек жоқ. Осының барлығы музейдегі үлкен 
ұжымның жүйелі де жақсы ұйымдасқан жұмыстарын қажет етеді. 
Мектептік музейді ұйымдастыру жұмысымен көбінесе өлкені зерттеумен 
айналысып жүрген мұғалім жүзеге асырады. Ол мектептік музей профилін 
анықтауға көмектеседі, жалпы жұмыстың жоспарын құрады, белсенділер 
қызметтеріне бағыт беріп отырады. Бірақ, мұғалім мектептік музейді 
оқушылардың қызығушылығына, олардың қоғамдық ұйымына, атқаратын 
жұмыстарына қарап, солардың негізінде ұйымдастырады. Мектептік музейде 
атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей кезеңдерден тұрады: 
1. музей, оның профилі төңірегіндегі мәселелер педагогикалық кеңесте 
талқыланады; сонымен бірге кеңес мектептік музейді ұйымдастыратын 
жетекші-педагогты бекітеді; 
2. мектептік музейді ұйымдастыру туралы ұсыныс жоғарғы сыныптардың 
жиналыстарында талқыланады; 


91 
3. жоғарғы сынып оқушыларының жиналысы музей кеңесі мүшелерін 
тағайындайды. Кеңес мүшелеріне музейде іске асыратын барлық жұмыстарды 
ұйымдастыру және барлық іс-шараларға жауапкершілік жүктеледі. Бұл істің 
барлығына 
иницаторлар 
болып 
көбінесе 
мектептік 
өлкетанулық, 
коллекционерлер немесе тарихи-ғылыми үйірме мүшелері табылады. 
Музей кеңесі жыл сайын жаңартылып, кеңес мүшелері қайта сайланады. 
Жаңадан кеңес құрылмас бұрын кеңес мүшелері өздерінің атқарған қоғамдық 
іс-шарларына есеп береді. Кеңес мүшелері көбінесе 10-13 адамнан тұрады. 
Олардың қызметтері төмендегідей жүйемен бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет