110
факультативті сабақтарда реферат, дөңгелек үстел, дискуссия және т.б. әдістер
қолдануға болады.
Тарихи-өлкетанулық кештер. Мақсаты өнердің түрлі жолдары арқылы
(көркемдік мәтінді өлеңдер оқу, ән айту, инценировка т.б.) оқушыларға тарихи
оқиғалардың, фактінің, құбылыстың маңызы мен мазмұнын эмоциональды
қабылдауға септігін тигізу.
Тарихи-өлкетанулық кешті ұйымдастыру мен өткізу белгілі бір талаптарды
ескеруді қажет етеді: кеш әрқашанда білімділік-тәрбиелік мақсаттарды көздеуі
керек; ол өте қызықты өтуі тиіс және мерекелік сипатта болуы керек.
Тарихи-өлкетанулық кешті өткізу үлкен ұйымдасқан жұмыстарды қажет
етді: жоспар құру, баяндамаларды даярлау, кеш өтетін бөлмені безендіру,
кешке шақыру билеттерін үлестіру және т.б.
Кеш баяндама мәтіні әуенмен қошталып, иллюстрациялар, кейде
инценировка көрсету арқылы ашылады немесе жеткізіледі.
Тарихи-өлкетанулық олимпиада. Олимпиада – бұл өлке тарихы бойынша
оқушылардың білімін тексеру мақсатындағы жарыс формасындағы сабақтан
тыс жұмыс. Олар өлке тарихын зерттеудегі алдыңғы қатарлы педагогикалық
тәжірибені қамту мен таратуға көмектеседі.
Мектептік олимпиадалар жекеленген тақырыптармен қатар, өлкетанулық
жұмыстардың кешенін де қамтиды. Олимпиадаға дайындық барысында
сұрақтар ортасы, сабақтан тыс оқылған әдебиеттер көлемі, оқушылардың
жауабына қойылатын талаптар анықталады. Олимпиадалар жеңімпаздары
жауаптараны алған балдар арқылы анықталады.
Викторина. Оның негізгі мақсаты – оқушыны өз өлкесі туралы білімге
деген қызығушылықтарын ояту, өлкетанулық әдебиеттерді, жергілікіті
басылымдарды оқуға ынталандыру. Ол ауызша және жазбаша сұрақ-жауап
түрінде өткізіледі. Жауап бес балды жүйемен бағаланады.
Тарихи-өлкетанулық конференция. Конференция терең ғылыми қатынасты
және қатал жүйелілікті талап етеді. Олар көбінесе үйірменің, қоғамның белгілі
бір зерттемелі жұмыстарының кезеңі бойынша жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: