Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§11.2 Мектептердегі сабақтан тыс тарихи-өлкетанулық жұмыстардың



Pdf көрінісі
бет47/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§11.2 Мектептердегі сабақтан тыс тарихи-өлкетанулық жұмыстардың 
негізгі формалары. 
Мектептегі сабақтан тыс өлкетанулық жұмыстардың негізгі ерекшелігі – 
оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру мен одан әрі 
дамытуға бағытталған түрлі формалар мен әдістерді қолдануға мүмкіндік 
беретін жұмыстарында. 
Тарихи-өлкетанулық бағытындағы сабақтан тыс жұмыстар бұқаралық, 
топтық, жеке формада болады. Бұқаралық формадағы сабақтан тыс жұмыстарға 
саяхат, жорық, экспедиция, кеш, олимпиада, викторина, конференция, 
мектептік бұрыш, музей, тарихи оқиғалардың куәгерлерімен кездесу
өлкетанулық ойындар, сабақтан тыс оқулар; топтық формадағы сабақтан тыс 
жұмыстарға үйірме, белгілі бір қоғам құру, қолжазба, журнал, жаргазет, 
бюллетендер шығару; жеке формадағы сабақтан тыс жұмыстарға жергілікті 
тарихи 
әдебиеттермен, 
деректік 
жадығаттармен, 
музейдің 
заттай 
ескерткіштерімен танысу, реферат, баяндама, естеліктер жазу, тарихи және 
мәдени ескерткіштерді сипаттау, зерттегелі отырған халықтың өмірі мен 
тұрмысын бақылау, танымдық тапсырмалар орындау, көрнекіліктер даярлау 
және т.б. жатады. Алайда сабақтан тыс жұмыстың бір формасы екіншісіз 
жүзеге аса алмайды. Мәселен, бұқаралық жұмыстардан үйірме пайда болады, 
ал үйірмедегі жұмыстардың нәтижесі оқушыларға жалпы мектептік кештерге, 
конференцияларға қатысуына мүмкіндік береді. 
Тарихи-өлкетанулық үйірме. Мектептік үйірме сыныптық сабақтардың 
жалғасы емес, ол тек оқушылардың сабақтарда алатын білімдеріне негізделеді. 
Үйірме белгілі бір бағдарлама бойынша сабақтарды жүйелі түрде 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Үйірмедегі жұмыстар оқытушыға сабақтан 
тыс іс-шараларды өткізуге, сонымен бірге оқушылардың сабақтарды 
жабдықтауға көмектесуде белсенділігін арттырады. Үйірме жұмыстарының 
жетістігі негізінен оның жетекшісінің шеберлігіне, белсенділігіне тәуелді. 
Тарихты оқитын оқушылардың білімін тереңдету мен кеңейту, олардың 
шығармашылық қабілеттерін әрі қарай дамыту, оқушыларды ізденіс-зерттемелі 
жұмысқа үйрету - өлкетану бағытындағы үйірменің негізгі міндеттері болып 
табылады. 


107 
Қазіргі кезде өлкетанулық үйірменің екі түрі дамуда: 1. өлкетану 
жадығаттарының барлық кешенін өз жұмысында қамтитын; 2. пән бойынша 
тақырыптық үйірмелер (тарихи-өлкетанулық, әдеби-тарихи т.б.). Өз кезегінде 
тарихи-өлкетанулық үйірмелер жұмыстарының мазмұны біршама тар көлемде 
болады: этнографиялық, археологиялық т.б. 
Тарих мұғалімі үйірмені ұйымдастырады және ондағы ғылыми-әдістемелік 
басшылықты атқарады. Кез-келген үйірме жұмысында оның тақырыбын таңдау 
мен жоспарын құруға көп көңіл бөлген жөн. 
Үйірме жоспары тарихи облысты немесе жергілікті бөлек бір объектіні 
терең зерттеуге (мәселен, мектеп, кәсіпорын, село, қаланың тарихы) немесе 
нақты бір тақырыпты зерттеуге (мәселен, «Өлкедегі халыққа білім беру саласы» 
т.б.) бағытталады. 
Тарихи-өлкетанулық үйірме жұмыстарының тақырыптарын анықтау мына 
мәселелерді бақылауға алған соң ғана мүмкін: 1. мектептік бағдарламаның ең 
күрделі тақырыбын; 2. бағдарламада көрсетілген сабақ тақырыбы барысында 
жалпы ашылатын мәселелерін; 3. бағдарламаға кіретін сабақ тақырыбының 
қарастырылмаған мәселелерін; 4. оқу бағдарламасына мүлдем кірмейтін, бірақ 
зерттеуді қажет ететін мәселелерін.
Оқитындардың тарихи қоғамы. Тарихи қоғам мектептегі сабақтан тыс 
өлкетанулық жұмыстарды ұйымдастырудың ең жоғарғы формасы. Қоғамның 
жетекшісі, жұмыс жоспары мектептің педагогикалық кеңесінде бекітіледі. 
Қоғам өлкетану және түрлі пәндердің мұғалімдері басшылығымен мектептерде 
құрылады және кешенді сипатта болады. Сондықтан қоғамға түрлі көзқарасты 
ұстанған оқушылар кіреді. Қоғам көбіне тарихшылар, географтар, геологтар, 
әдебиетшілер, музей қызметкерлері, техникалық нұсқаушылар секцияларынан 
тұрады. 
Жылма-жыл қоғам мүшелерінің жалпы жиналысында кеңес құрамы 
сайланады, оған – қоғам жетекшісі, кеңес төрағасы, не төрайымы, старосталар, 
секция хатшылары кіреді. 
Қоғам мүшелігіне кіруге деген дайындық көбінесе Ү-ҮІ сыныптардың 
оқушыларынан «Достар тобын» құрудан басталады. Мұнда олар қоғам 
жұмысымен танысады, жинақталған жадығаттарды өңдеудің тәжірибелік 
дағдыларын меңгереді, ал экспедиция барысында бақылаушы болады. «Достар 
тобында» болмағандар 2-3 ай сынақтан өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет