Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет46/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

Тарихи-өлкетану 
жадығаттарын 
жинақтау. 
Оқушылар 
экспедицияларда, жорықтарда көргендерін, байқағандарын, кездесулерде 
естігендерін, олар туралы жазып алған жадығаттарын, археологиялық 
қазбаларға қатысып, тапқан заттарын т.б. мектепке әкеледі. Олар: біріншіден, 
өлкедегі тарихи ескерткіштер (археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген 
жерлерден табылған заттар, тарихи, мәдени орындар т.б.); екіншіден өлкенің 
тарихын баяндайтын түрлі әдебиеттер; үшіншіден өлке тарихына байланысты 
баспасөзде жарияланған жадығаттар; төртіншіден, тарихи оқиғаларға 
қатысушылардың естеліктері (көбіне жорықтарда, экспедицияларда кездескен 
куәгерлердің естеліктері); бесіншіден, өлкетану музейлеріне экскурсия 
жасағанда жинақталған жадығаттар. 
Жинақталған жадығаттардың бәрі уақытылы талданып, сарапталып, 
мектептегі арнайы бөлінген орынға қойылғаны дұрыс. Осыдан барып бірте-
бірте өлкетану бұрышы, залы, бөлмесіне музей ұйымдастырылатын болады. 
Қазақстан тарихының өлкетану жұмысында зерттелетін негізгі 
тақырыптарының үлгісі. 
1. Экономика мен мәдениет мәселелері. Өлкенің ертеден осы кезге дейінгі 
шаруашылығымен таныстыру. Халықтың тұрмысы мен кәсібі. Осы салаларда 
өлкеде болған өзгерістер. Мәдениеттің дамуы. Өлкенің аталған салаларындағы 
белгілі қайраткерлері. 


105 
2. Мектеп тарихы. Қазақстанның көптеген мектептерінің ұзақ тарихы бар. 
Жеке мектептердің ашылғанына 100 жылдай болған. 30-50 жыл өмір сүрген 
мектептер көп. Сол ондаған жылдар бойы мектеп - өз өлкесінің мәдени ошағы, 
халықты сауаттандырудың шамшырағы болды. Мектеп бітірушілердің 
арасынан қаншама белгілі қайраткерлер шықты. Бір ескеретін жағдай, Кеңес 
өкіметі жылдарындағы мектептердің тарихын, атқарған қызметін нақты 
фактілермен нанымды етіп көрсету, әділ бағалау керек. Халыққа білім беру 
саласындағы ардагерлердің ерен еңбегін көрсете отырып, оқушыларымызды 
олардың үлгісіне тәрбиелеу. 
3. Ескерткіштер мен белгілі тарихи орындар. Әрбір қалада, аудан 
аумағында сол өлкенің материалдық және рухани өмірін көрсететін тарихи, 
мәдени ескерткіштер баршылық. Сондай-ақ тарихи фактілер, оқиғалар болған 
тарихи орындарда жеткілікті. Мұндай ескерткіштер Тәуелсіздік алғаннан бері 
анықталып келеді. Ұлт-азаттық қозғалыстар, көтерілістер болған тарихи 
орындар, мавзолей, ғимарат сияқты сәулетті кесенелер, аттары ұмытуға 
айналған тарихи тұлғаларға қойылған, салынған ескерткіштер, қайраткерлер 
есімдері берілген ауылдар, қоныстар, көшелер, мешіттер, мектептер бар. 
Жоғары сынып оқушылары осындай белгілі орындардың, қайраткерлердің 
тарихын білуі тиіс. Мұның бәрін өлкетану жұмысы таныстырады. Ол үшін 
өлкетану үйірмесінің мүшелері ескерткішті зерттеуге арнайы экскурсия (не 
экспедиция) ұйымдастырады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен: а) 
ескерткіштің қай жерге қашан салынғанын анықтайды; ә) ескерткішке қатысты 
тарихи оқиғалар мен фактілерді зерттейді; б) жинақталған жадығат негізінде 
ескерткіш тарихын жазады; в) осы жазғандары негізінде ол ескерткіш туралы 
оқушылар мен жұртшылық арасында насихат жұмыстарын жүргізеді; е) 
ескерткішті қамқорлыққа алып, оны қорғап күтеді. 
4. Туған өлкені археологиялық зерттеу. Кеңес өкіметі тұсында Қазақстан 
аумағын археологиялық зерттеуге ойдағыдай көңіл бөлінбеді. Өз 
республикамызда археолог кадрлар өте аз болды, ал Орталықтан келіп 
археологиялық зерттеулер жүргізетін ғалымдар ұлан-байтақ территорияны 
қамти алмады. Тәуелсіздік алғалы ғылымның бұл аса қажетті саласына да көңіл 
бөліне бастады. Аса қажетті болатын себебі, ежелгі Қазақстан тарихы туралы 
деректер, әсіресе жазба деректер өте аз. Мұндай жағдайда тек археологиялық 
қазба жұмыстарының нәтижелері ғана ежелгі тарих туралы нақты деректер 
бола алады. Олар көбіне қалың топырақ астында қалған қираған қалалар, 
қоныстар, молалар, құрал-саймандардың, күнделікті тұрмысқа керекті 
заттардың т.б. қалдықтары. 
Қазақстанның барлық жеріне ғылыми археологиялық экспедиция 
ұйымдастыру әзірге мүмкін емес. Сондықтан туған өлкеде археологиялық 
ескерткіштердің барлығы туралы мәлімет болса тарихшы мұғалім 
оқушыларымен бірігіп, алдын ала зерттеу жұмысын жүргізуіне болады. Ол 
үшін ғылыми мекемелерден рұқсат керек және зерттеу жүргізетін басшы-
мұғалімде мұндай жұмысты жүргізе алатын қажетті дағды болуы керек. 


106 
Республикамыздың 
бірқатар 
аймақтарында 
жүргізіліп 
жатқан 
археологиялық зерттеу жұмыстарына ғалым, маман археологтармен бірге 
мектеп оқушылары да қатысуда. Осы арқылы олар ғылыми-зерттеу әдістерін 
үйренеді әрі өз өлкесіндегі археологиялық ескерткіштер туралы мәлімет 
жинайды. 
Туған өлкедегі археологиялық ескерткіштер сол аймақтағы музейлерде 
жинақталған. Музейдегі экспонаттар мен коллекцияларды оқу-тәрбие 
жұмысына пайдалану жөнінде де мектептерде жақсы тәжірибе қорытылған. 
Музейлерде тарихтан сабақтар өтіледі, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен 
музей залдарында өздігінше жұмыс істеп, тарих курсына, оның сабақтарына 
қажетті жадығаттар дайындайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет