111
2. Алдын-ала таңдалған мәселе бойынша кемдеген де 50 сұрақтан тұратын
сауалнама құрастыру және мәселенің зерттелу қорытындысына алдын-ала
болжам (гипотеза) жасау;
3. Құрастырылған сауалнама бойынша тарих бөлімінің студенттерінен,
жоғары сынып оқушыларынан сұхбат алу;
4 Сұхбат қорытындысын сараптау, болжамның дәлдігін анықтау.
Тапсырма №2
Тапсырманың мақсаты: Студенттердің, оқушылардың Батыс Қазақстан
облысы топонимдерінің қалыптасу негіздері, олардың тарихи оқиғаны
зерттеуде рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тапсырманың мазмұны: Әр студент, оқушы өзі туып-өскен елді-
мекенінің атауының шығу тарихы жөнінде мәлімет жинақтауы керек.
Әдістемелік нұсқау: Елді-мекен атауының шығу тарихын ауызша
баяндау.
Тапсырма №3
Тапсырманың мақсаты: Студенттерге, оқушыларға тарихи оқиғаның
картасұлбасын жасату арқылы тарихи оқиғаны жинақтап, жүйелеп меңгерудің
оңтайлы жолдарын үйрету.
Тапсырманың мазмұны: Тарихи оқиғаның картасұлбасын жасау.
Әдістемелік нұсқау: Белгілі бір тарихи оқиғаның картасұлбасын
(картасхема) жасау.
Картасұлбалар оқытылатын оқиғалар мен құбылыстардың ішкі
байланыстарын ашуға көмектеседі. Ол әлдебір оқиға немесе құбылыстың
оңайлатылған, жинақталған түрде физикалық-кескіндемелік негізде сұлбамен
берілген картасы.
Достарыңызбен бөлісу: