Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет119/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Л
Лағынет ةنعل – қарғыс.
Лағынет шақыру (лиъан) ناعل – ер мен әйелдің өзара лағынет шақыруы. Егер 
ері әйелін ойнастықта айыптап, оны дәлелдей алмаса, ал әйелі оны жала жауып 
тұр деп айыптаса, олар «Нұр» сүресінің 6-9 аяттарында келген Аллаһ тағаланың 
бұйрығына сәйкес бір-біріне лағынет шақыруы тиіс. Бұдан кейін ол екеуі біржолата 
ажырасады, бірақ әйелі күйеуіне мәһрді қайтаруға міндетті емес. Сонымен қатар 
ажырасқаннан кейін туылған перзентті күйеуі «менікі емес» деуге құқылы. 
Лақат (лахад, ләхд) دْحل – қабір қазғанда, мәйтті жатқызатын қабірдің бүйірі-
нен кәулеп жасалған орын.
Лақит طيقل – тастанды. Әке-шешесінің, тегінің кім екендігі белгісіз тастанды 
бала. Ислам шариғатында мұндай сәбилердің жауапкершілігі мемлекетке жүкте-
леді. Егер осындай тастанды баланың артында дүние-мүлік қалатын болса және 
оның ешқандай мұрагері болмаса, оның дүние-мүлкі мемлекеттің қазынасына өт-
кізіледі. 
Лат تلا – Исламға дейінгі мүшрік араб тайпалары сиынған әйел бейнесіндегі 
құдай. Бұл сөз Мұхаммед пайамбардың сира кітаптарында және басқа да тарихи 
кітаптарда, тафсирлер мен хадис кітаптарында кездеседі.
Латиф. Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Ол «Жұмсақ» деген 
мағынаны білдіреді.
«Сегіз сипатының ішінде болмаса да, Аллаһ тағаланың Рахман, Рахим, 
Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Раззақ, Нафиғ, Уәкил, Латиф деген есімдеріне бинаән 
бір ұлығы сипатынан есептеуге жарайды» (Абай, Тол. жин.).
Лә иләһә иллаллаһ الله لاإ هلإ لا – Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ.
Ләббәй يبل – мен құзырыңдамын, сені тыңдап тұрмын деген сөз. Қара: тәлбия. 
Ләйләту әл-жамғ عمجلا ةليل – қажылық маусымы кезіндегі зул-хижжа айының 
оныншы түні.
Ләйләту әл-қадр (ләйләтул-қадр) ردقلا ةليل – қадір түні. Қара: қадір түні.
Ләух Махфуз ظوفحم حول – Сақтаулы Тақта. Аллаһ тағала бүкіл жаратылған 
нәрселердің тағдырын жазып қойған көктегі сақтаулы кітап.
«Дүниенің басы әуелде меруерт тас саналған; 
Аспан, жер содан жаралған; 


161
Адам, лаухы, ғалам, абзал болып таралған 
Он сегіз мың бұл ғалам: 
Алтауы екен жәмәдат, 
Алтауы екен нәбәдат, 
Алтауы екен аюанат, 
Үш алтыны қоса ғой 
– он сегіз мың жан болар, 
білмеген адам таң қалар» (Қашаған ақын, Шығармалары).
Лизәм مازل – күнә үшін берілер жаза белгілі бір уақытқа дейін кешеуілдей-
тінін, олай болмаған жағдайда, жаза сол заматта түсерін білдіреді. «Таһа» сүресінің 
129-аятын қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет