Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет152/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Расм әл-муфти. Қара: әдәб әл-муфти. 
Расул. Елші. «расул» сөзі араб тілінде «елші» деген мағынаны береді. Діни 
әдебиеттерде Аллаһ адамзатқа жаңа шариғатпен жіберген елшіні «расул» деп атай-
ды. 
«Ұхұт шайқасында Аллаһ расулының (с.а.с.) соңына ерген сахабалардың 
біразы шейіт болып...» (А.Әбілбаев, Кемелдік кілті).
«Қырылды біздің шеркес, сансыз дұшпан,
Қабыл ал, жалғыз мен ғой қалған достан.
Үйіңе кіргіз мені! – расул куә,
Өлгенше еммәтіңді сірә ұмытпа» (XVIII-XIX ғғ. қаз. ақын.).
«Расул сонда болды имам
Отырып намаз қылды хайрул әнам, 
Сахабалар жыласып ұйып тұрды
Қысқа-қысқа сүремен қылды тамам» (Бабалар сөзі // Діни дастан).
Расулаллаһ. Расулуллалаһ. Рәсул Алла. Алланың елшісі, Алла жіберген 
пайғамбар. 
«Рәсул Алланың бір қыл бойында сақталған адамға оқ өтпейді, қылыш бат-
пайды, дозақ оты харам деген екен!» (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
«Уа, Расулаллаһ! Аллаһтан жаннатта бізді өзіңмен көрші етсін деп тілек 
тілеші» (А.Әбілбаев, Кемелдік кілті).
Ратл لطر – грамм шамасындағы өлшем бірлігі.
Рауатиб намаздар بتاورلا – парыз намаздарының алдында және кейін оқыла-
тын сүннет намаздар. Ол намаздар: муаккада (бекітілген) және муаккада (бекітілме-
ген) емес деп екіге бөлінеді.
Рауатиб емес сүннет намаздар
– күнделікті бес уақыт оқылатын парыз на-
маздарға байланысы жоқ, жеке оқылатын намаздар. Бұл намаздар да муаккада және 
муаккада емес болып екіге бөлінеді.
Рауда. Рауза ةضورلا – бақша. Мұхаммед пайғамбардың мешітінің ішінде ор-
наласқан оның үйі мен мінберінің арасы «рауда» деп аталады. Пайғамбар: «Менің 
үйім мен мінберімнің арасы жаннат раудаларының (бақшаларының) бір раудасы 
(бақшасы)», – деген. Араб тіліндегі «дад» әрпі қазақ тілінде көп жағдайда «з» әр-
пімен беріледі. Мысалы, рамадан-рамазан, қард-қарыз, фард-парыз. Сондай сөз-
дердің бірі – рауда-рауза. Қазақ тіліндегі діни әдебиеттермен қатар әдеби шығар-


200
маларда да бұл сөз кездеседі. 
«Сол күні раузаға қонып жатты
«Қылғай, – деп, – қуанышты сапар жолды!» 
Сол түні бір әулие түсіне еніп, 
Түсінде халифаға аян берді» (Ә.Найманбаев, Шығ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет