Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет154/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   200
Рибат طابر – Аллаһ жолында күресу, мұсылман мемлекетінің шекарасын күзе-
ту және жүректі харам істерден тыйып, нәпсіні шайтаның азғыруынан сақтау.
Рида ءادر – белден жоғары киілетін киім. Рида екі түрлі мағынада қолданы-
лады: 1) Қажылық кезінде киілетін екі ақ матаның белден жоғары киілетін бөлігі. 
2) Қайтыс болған адамды кебіндеген кезде белінен жоғарғы жағын жабу үшін қол-
данылатын ақ мата. Қара: ихрам киімі.
Ридда ةدر – Ислам дінінен шығу, мұсылман адамның Ислам дінінен бас 
тартуы. Ислам дінінен бас тартқан адам «муртад» деп аталады. Әбу Бәкір халиф 
болғаннан кейін Ислам дінінен шыққан араб тайпаларына қарсы болған соғысты 
«Хуруб әр-ридда» (Муртадтарға қарсы соғыс) деп атайды. 
Ризық قزر – несібе.
Риказ زاكر – Аллаһ тағаланың жер қойнауында жаратқан қазба байлығы және 
адамдардың көмген қазынасы. Яғни риказ кәнзбенен мағданды қамтиды. Шафиғи 
мазһабында риказ – Исламға дейінгі дәуірлерде өмір сүргендердің, яғни мұсылман 
еместердің көмген қазынасы.
Риуаят ةياور – хадистердің жету жолы немесе хадисті бір адамнан екінші 
адамға жеткізу. 
Риуаят ету – жеткізу.
Риуаятшы – хадис жеткізуші адам.
Рия ءاير – Аллаһ ризалығы үшін емес, адамдар көрсін деп, мақтаныш үшін 
орындалатын амал
Руза. Ораза. 
«Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс, 


202
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. 
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті
Қылғанменен татымды бермес жеміс» (Абай, Тол. жин.).
Руйя ةيؤر – ұйқыдағы жақсы түс, сондай-ақ ояу адамның көзіне көрінген нәр-
сені білдіруі мүмкін.
Рукн نكر – негіз, тірек, парыз. Намаздың рукундері: намаздың ішінде орын-
далатын парыз амалдар.
Рукуғ عوكر – намаз оқу кезінде екі алақанмен тізені жауып, арқаны тік ұстап 
тұратын сәт. «Рукуғ» сөзі араб тілінде «еңкею», «иілу» деген мағына береді. Рукуғ 
жасау намаздың парыздарына жатады.
Руқба ىبقر – бір адамның екінші біреуге берер кезде, мәселен: «Мен үйімді 
өмір бойы пайдалануыңа беремін, егер мен бірінші өлсем, үй сенде қалады, ал егер 
сен бірінші өлсең, үй қайтадан өзіме өтеді» деп айтатын сыйлық түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет