Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет169/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   200
Тариқ. قيرطلا «тариқ» сөзі араб тілінде жол деген мағынаны береді. Хадис 
ілімінде хадисті жеткізген рауилердің аттары деген мағынаны береді.
Тариқат. Сопылық бағыт. Араб тілінде «тариқат» сөзі «жол» деген мағына-
ны береді. Тариқат – сопылық ілімде белгілі бір сопы ғалымның қалдырып кеткен 
жолы, діни зікір салу тәсілі.
«Тариқатқа шариғатсыз кіргендердің
Шайтан келіп иманын алады екен.
Осы жолда пірсіз тақуалық қылғандар
Әуре-сарсаң болып жарым жолда қалады екен»
(Ахмед Йүгінеки, Ақиқат сыйы).
Тасауур. روصت елестету, бейнелеу.Фиқх ілімінде қолданылатын термин. Ол 
нақты мәселенің шариғи үкімін шығарар кезде ол мәселені көз алдына келтіру
елес тету дегенді білдіреді.
Тасауур кезеңінде мустафти мәселені толықтай суреттеп береді. Мустафти-
дің сауалын жіті тыңдай отырып немесе оқи отырып мүфти мәселені нақты көз 
алдына келтіруге күш салады. Негізінде мәселені баяндап беру тікелей мустафтиға 


221
байланысты. Сондай-ақ, мүфти мустафтиге қосымша сұрақ қоя отырып та мәсе-
ленің көрінісін елестетуге қол жеткізе алады. Міне, осы кезеңде «хаср» жүзеге аса-
ды. Хаср деп баяндау процесі жүріп жатқанда өзге сауалдардан аулақ бола отырып 
тек мәселеге қатысты сұрақтармен ғана шектелуді атайды. Мәселен, мустафти са-
уалынан ауытқып, өзінің жеке проблемаларын айтып кетпеуі немесе бір сауалдың 
ішінде бірнеше сауал қойып кетпеуі тиіс (http://fatua.kz).
Тасборан (ражм) – адамды зина жасағаны үшін таспен атқылап өлтіру. Ис-
ламда мұндай жазаға некеде бола тұра, ойнастық жасаған еркек пен әйел ұшырай-
ды.
Тасдиқ. Тасдих. 
«Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы. 
Екі дүние бұл тасдих – хақтың досы. 
Осыларды бұзатын және үш іс бар: 
Пайда мақтан, әуесқой – онан шошы» (Абай, Тол. жин. ).
Тасил ليصأتلا – мирасты мұрагерлердің арасында бөліске салғанда олардың 
үлестерін бөліп беру үшін үлестердің әрқайсысына бөлінетін ортақ санды табу.
Тасниф. فينصت «тасниф» сөзі араб тілінде «жүйелеу», «реттестіру» деген 
мағыналарды береді. Хадис ілімінде Мұхаммед пайғамбардың хадистерін тақырып-
тар бойынша тарауларға бөліп жүйелеп жинақтау жұмысы «тасниф» деп аталады. 
Тәдуин – хадистердің жинақталуы болса, тасниф – жинақталған хадистерді 
белгілі бір тараулар мен бөлімдерге реттеп, жүйелі бір кітап түріне келтіру (Қ.Құр-
манбаев, Хадис ілімі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет