Мухитдинов на печать indd


Тауфиқи іс رملأايقيفوتلا – Ғалымдардың ижтиһадымен шешімі берілген іс.  Аллаһтың қалауымен ғана болатын, адамдардың шешімі араласпайтын іс. Тафуид



Pdf көрінісі
бет171/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   200
Тауфиқи іс رملأايقيفوتلا – Ғалымдардың ижтиһадымен шешімі берілген іс. 
Аллаһтың қалауымен ғана болатын, адамдардың шешімі араласпайтын іс.
Тафуид. Тафуид – Құран кәрім аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың хадис- 


223
терінде бірнеше мағынаны қамтитын ұқсас (муташабиһ) сөздерді мәнін бір Аллаһ 
біледі деп, тілдік мағынасына тоқтамастан иман келтіру. Бұл – ақида ілімінде қол-
данылатын термин. Һижра жыл санауы бойынша, алғашқы үш ғасырда өмір сүр-
ген сәләф ғалымдарының көпшілігі осы ұстанымда болған. Бұл ұстаным бойынша 
Жаратқан мен жаратылыс арасында тілдік тура мағыналарында ұқсастыққа алып 
баруы мүмкін сипаттарды, жалпы, «Аллаһ тағалаға ешнәрсе ұқсамайды» қағидасы 
негізінде түсініп, тілдік мағыналарына терең тоқтамай, жалпылама иман келтіру 
қажет.Сәләф имамдардың ұстанымы тафуид болып табылады, себебі олардың ба-
сым көпшілігі тафуид жасаған, бірақ кейбір мәселелерде тауил жасаған. Ал хәләф 
имамдардың ұстанымы тауил болып табылады, себебі басым көпшілігі тауил жа-
саған, бірақ тафуид жолын ұстанғандары да болған. Қалай болғанда да тафуид пен 
тауилдің екі жаққа да қатысы бар, әһлү-сүннет уәл жамағат ұстанымы болып сана-
лады (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы). Қара: тәуил.
Тафсир (тәпсір) ريسفتلا – Құран кәрім сүрелері мен аяттарының мағынасын 
ашу, түсіндіру. 
Тахаруж جراختلا – мұрагерлердің өзара келісулері негізінде олардың бірінің 
мирасқа қалған дүние-мүліктегі өзіне тиесілі үлестен орнына басқа бір зат не құқық 
алу арқылы бас тартуы.
Тахмид ديمحتلا– «Әл-хамдулилләһ» дегенсөздіайту.
Тахрим ميرحتلا – бір нәрсені харам ету, одан тыю. «Тахрим» сөзі – араб тілінде 
«харам» сөзінен шыққан туынды сөз. 
Тахрима ةميرحتلا – Аллаһқа деген шынайы ықыласпен намазды бастау.
Таһажжуд намазы (тәһажжуд) دجهتلا ةلاص – түн ауа бастап, таң намазының 
уақыты кіргенге дейін оқылатын түнгі нәпіл намаз.Оны екі ракағаттан екі, төрт 
және сегіз қылып, қалағанынша оқуға болады. Әбу Ханифа «түнгі намазды төрт 
ракағатты бір сәлеммен оқыған абзал» десе, оның екі шәкірті Әбу Юсуф пен 
Мұхаммед «екі ракағатты бір сәлеммен оқыған абзал» дейді. Имам Шафиғи мен 
Ахмад та соңғы пікірді ұстанады. Пайғамбар (с.а.с.) тәһәжжуд намазын ұзақ оқитын 
және рукуғ пен сәждеге барғанда көп дұға айтатын. Аллаһ Құранда түнде тұрып, 
құлшылық қылатын құлдарын мақтаған. «(Ал осылар) бойсұнып, түн ішінде сәжде 
етіп, тіке тұрып, сондай-ақ Ақыреттен қорқып, Аллаһтың рахметінен үміт еткен 
кісі сияқты ма? (Мұхаммед!) оларға: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» – 
де. Шын мәнінде, ақыл иелері ғана үгіт ала алады» («Зумар» сүресі, 9-аят), – деген. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Рамазаннан кейінгі 
ең абзал ораза – Аллаһтың айы мухаррамдағы ораза, парыз намазынан кейінгі ең 
абзал намаз – түнгі намаз», – деді», – деген (Сахих Муслим).


224


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет