Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет167/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   200
Тағдилул-аркан. Намаздың парыздарын дұрыстап, әрбір парызды өз ор-
нымен толық орындау. Рукуғтен тұрғанда, асықпай тік тұру, екі сәжденің арасында 
орнығып отыру. «Имам Әбу Ханифа мен Мұхаммед әш-Шәйбәнидің пікірінше, на-
маз барысында «тама’нина» (жайбарақаттық) және «тағдилул-аркан» (дене мүше-
лерін дұрыс ұстау) – уәжіп» (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Тағдыр – Аллаһ тағала алдын ала жазып қойған, болып өткен және бола-
тын жайттардың барлығын, сондай-ақ барлық жаратылғандар мен оларға қатысты 
істерді қамтитын Аллаһтың даналығы мен ерік-қалауына сәйкес өз уақытында 
орындалатын істер.
Тағут توغاطلا – жалған құдайлар, пұттар және өзіне құлшылық етуді талап 
еткен зұлым патшалар.
Тадбиб بيبضتلا – қолжазбаларда бір тіркестің немесе сөздің немесе сөйлемнің 
мағынасы түсініксіз болып тұрған кезде сол түсініксіз түркестің үстіне қойылатын 
белгі. Кейде «тамрид» деп те аталады. Ол жуан «сад» әрпінің сөз басындағы жазылу 
үлгісіне ұқсайды ( ـص ). «Тадбиб» араб тіліндегі «дабаб» (بابض - тұман) деген сөзі-
нен алынған. Яғни сөйлемнің мағынасы бұлынғыр, түсініксіз деген мағына береді. 
Тажал – өтірікші, бүлікші. Қара: дажжал.
Тақуа ىوقتلا – Аллаһтан қорқатын, харам нәрселерден бойын аулақ ұстап
Аллаһтың бұйрықтарын орындайтын мүмін адам.
Тақуалық – Аллаһтанқорқу, Аллаһтың жәнеОныңелшісініңбұйрықтарын-
бұлжытпайорындап, шариғаттыйымсалғанамалдарданаулақжүру.
Талақ قلاطلا – ерлі-зайыптылардың ажырасуы. Шариғат бойынша ер адам-
ның әйеліне: «Сен талақсың» немесе дәл осы мағынаны беретін сөздерді қолдануы 
арқылы олардың арасындағын екенің үзілуі. Араб тілінде «талақ» сөзі «еркіндікке 
жіберу», «босатып жіберу», «шектеулерді алып тастау» деген мағыналарды береді. 
Қазақ тілінде «талақ» сөзі діни терминдік мағынасымен бірге ауыспалы мағынада 
«тәрік ету», «тастап кету» деген мағыналарда да қолданылады. Басын кегжитіп


219
көкке көтергені болмаса,, бұл дүниені талақ етіп, басын өлімге байлап бара жатқан-
дай ашулы да ызалы (С.Бақбергенов, Қарға там.).
Талақ бәйн نئابلا قلاطلا – анық айырылысу. Мұндай жағдайда ер адам әйелін 
өзіне қайтарып алу мүмкіндігін жоғалтады, ал қайтарғысы келген жағдайда оған 
қайта құда түседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет