Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет166/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Табақат әр-рууат رجح نبا ظفاحلا دنع ةاورلا تاقبط – рауилердің дәрежелері. Хафиз 
ибн Хажардың рауилердің дәрежелерін бөлуі: 1) Сахабалар. 2) Үлкен табиғиндер 
дәрежесі. Мысалы, Ибн әл-Мусайяб. 3) Орта табиғиндер дәрежесі. Мысалы, Ибн 
Сиррин, Хасан әл-Басри. 4) Көп риуаяттарын үлкен табиғиндерден алғандар. Мы-
салы: әз-Зуһри және Қатада. 5) Кіші табиғиндер. Олар бір-екі сахабаны ғана көр-
гендер және олардың көпшілігі сахабалардан өздері естіп риуаят етпеген. Мысалы: 
әл-Ағмаш. 6) Бесінші топтағылармен бір замандар өмір сүргендер, бірақ олар саха-
баларды көргендіктері дәлелденбеген. Мысалы, Ибн әл-Журайж. 7) Табиғиндердің 
үлкен ізбасарларының дәрежесі. Оларды араб тілінде نيعباتلا عابتأ «әтбәғу әт-табиғин» 
деп атайды. Яғни табиғиндердің ізбасарлары, орынбасарлары, ілесушілері. Мыса-
лы, имам Мәлик және әс-Сәури. 8) Тәбиғиндердің орта ізбасарларының дәрежесі 
(сатысы). Мысалы: Ибн Ъуяинә және Ибн Ъуләйя. 9. Тәбиғиндердің кіші ізбасар-
ларының сатысы (дәрежесі). Мысалы: Язид ибн Һарун, Имам Шәфиғи, Әбу Дауд 
Әттаялиси және Абдурраззақ. 10. Тәбиғиндердің ізбасарларының үлкен шәкірт-
тері. Олар тәбиғиндердің өздерін кездестірмегендер. Мысалы: Ахмад ибн Ханбал. 
11. Тәбиғиндердің ізбасарларының орта шәкірттері. Мысалы: Әззәһли және Имам 
Әл-Бұхари. 12. Тәбиғиндердің ізбасарларының кіші шәкірттері. Мысалы: Имам 
Әт-Тирмизи. 
Табиғин عباتلا – сахабаның көзін көріп, тәлім алған мұсылман. 
Табыт – өлген адамның денесін алып жүретін арнаулы қорап.
Тағала ىلاعت – жоғары мәртебелі. Бұл сөз «Аллаһ», «Құдай», «Хақ» сөздерімен 
қосарланып қолданылады.
Тағат. Итағат, бағыну, мойынсыну. «Тағат» сөзі араб тіліндегі ةعاط «тағат» 
сөзінен алынған. Қазақ тілінде Бір Құдайға итағат ету деген мағынасымен бірге 
жалпы бағыну деген мағынада да қолданылады. 
«Түзеткен Бекшора хан Әбименен, 
Біледі балиғ түгіл сәбименен. 
Сәждеде бір Аллаға тағат қылған 
Хисапсыз ғалымдары кәріменен» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).


218
Тағдил ليدعتلا – сәнадта келген рауилердің сипаттарын зерттеп, олардың әділ-
діктерін анықтап, хадистерін жарамды етіп шығару.
«Осы тұста хадис жеткізушілердің сенімділік дәрежесін анықтайтын, яғни 
рауидің сенімді яки сенімсіз екендігін анықтайтын жаңа бір негіз, хадис ілімінің 
бір саласы жарық көрді. Ол Жарх және тағдил ілімі деп аталды. Яғни аса мұқият 
зерттеу нәтижесінде сенімділік сипаттарға ие хадис жеткізушінің тағдил (сенімді) 
ету, жалғаншы, есте сақтау қабілеті төмен, пасық секілді сипаттары бар хадис жет-
кізушіні жахр (сенімсіз) қылу орын алды» (Қ.Құрманбаев, Хадис ілімі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет