Мухитдинов на печать indd


Тәғаууз ذوعتلا – «Ағузу билләһи минәш-шайтанир-ражим» деп айту. Тәдлис әл-атф



Pdf көрінісі
бет173/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   200
Тәғаууз ذوعتلا – «Ағузу билләһи минәш-шайтанир-ражим» деп айту.
Тәдлис әл-атф فطعلا سيلدت – тізбектеу жалғандығы. Рауи хадисті өзінің бір ұс-
тазынан риуаят еткенін ашық айтады да, одан кейін сол хадисті екінші бір ұстазына 


225
да теледі. Яғни ол алғашқы ұстазынан естіген хадисті екінші ұстазынан естімеген. 
Тәдлис әл-биләд دلابلا سيلدت – елді мекен жалғандығы. Мысалы, Мысырдағы 
бір рауи: «Маған бұл хадисті пәленше Андалуста (Андалус Испанияның мұсыл-
мандар билік жүргізіп тұрғандағы аты) айтты», – десе. Әлемге танымал Андалус 
(Испания) біреу ғана. Бірақ әл-Қарафа деген жерде «Андалус» деген елді мекен бар. 
Рауи осы екінші Андалусты мақсат етіп отыр. Хадисті бұлай риуаят ету – мәкруһ. 
Себебі естіп отырған адам рауи хадис жинау мақсатымен Андалусқа барған екен 
деп ойлайды. Тек қана рауидің қай жерді айтып отырғандығы естіп отырғандарға 
түсінікті болса ғана хадисті бұлай риуаят етуге болады. 
Тәдлис әл-иснад دانسلإا سيلدت – сәнадтағы жалғандық. Ол өзі жолықтырған 
бірақ одан сол хадисті естімеген кісінің сол хадисті жолықтырған адамнан риуаят 
етуі. Мысалы, пәленше айтты, пәленшеден естідім немесе жай ғана пәленшеден 
деп айтуы. 
Тәдлис әл-қадғ عطقلا سيلدت – үзу жалғандығы. Кейде оны «жасыру жалған-
дығы» деп те атайды. Рауи хадистісәнадымен риуаят етіп жатқан кезде жасыру не-
месе үзу мақсатымен кідіру (тоқтау, үзіліс жасау). 
Тәдлис әт-тәсуия ةيوستلا سيلدت – сәнадті реттеудегі жалғандық. Ол рауи екі 
бірін-бірі көрген сенімді (ةقث - сиқа) адамдардың арасындағы әлсіз адамды әдейі 
түсіріп тастауы. Бұл жағдайда хадистіңсәнады толығымен тура болуы мүмкін сол 
үшін әлсіз рауиді хадистіңсәнадынан алып тастайды. Сол арқылы хадистіңсәнады 
дұрыс болып шыға келеді. Бұл – жалғандықтың ең жаман түрі. Бұл атаққа Бақиа 
ибн әл-Уалид әл-Киләби ие болған. Ғұламалар: «Бақианың хадисінен сақ бол. Оның 
хадисі таза болмайды», – деп ескерткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет