Мухитдинов на печать indd


Фәжр رجفلا – таң. Таңның атуымен таң намазының уақыты кіреді. Таң намазы  «фәжр намазы» деп те аталады. Фәжр кәзиб



Pdf көрінісі
бет186/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   200
    Бұл бет үшін навигация:
  • Фәрд
Фәжр رجفلا – таң. Таңның атуымен таң намазының уақыты кіреді. Таң намазы 
«фәжр намазы» деп те аталады.
Фәжр кәзиб بذاكلا رجفلا – жалған таң ату. Фәжр кәзиб кезінде күн сәулесі түн 
жамылып, көкжиектен тік, жоғары қарай бір сызық ретінде көрінеді де, біраз уақыт-
тан кейін қайта ғайып болады. Бұл уақыт түн мезгілі деп есептеледі. Сондықтан бұл 
уақытта түнгі намазды оқуға, сәресі ішуге болады, ал таң намазын оқуға болмайды.
Фәжр садиқ قداصلا رجفلا – шын таң ату. Фәжр садиқ кезінде күн сәулесі көкжи-
ектен тік, ұзын сызық емес, жалпағынан горизонталь бағытта көрінеді. Бұл – таң-
ның атқандығының белгісі. Бұл уақытта сәресі ішуге болмайды, түнгі намаз оқыл-
майды және таң намазының уақыты кірді деп есептеледі.
Фәни. Фани. Бұ дүние, өткінші өмір.
«Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей» (Абай, Тол. жин.). 
«Сыбызғы, сырнай, қызық әлі-ақ кетер
Білдірмей жүргеніңде ажал жетер
Бақи санап жүргенің бәрі фәни
Өкініш сонда қалар, өмір өтер» (ХХ ғ. қаз.ақын.). 
«Жарағын тәуекелдің алып қолға
Көрсетіп балаларын ізгі жолға
Фанидан бақи жайға сапар етті 
Махдумдарын өзінің, тастап соңға» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Фәрд درفلا – жалғыз, біреу, дара, жалқы. Көптеген ғалым ғариб хадисті «фәрд 
хадис» деп атайды. Қара: ғариб.
Фәрд мутлақ قلطملا درفلا – шексіз жалғыздық. Қара: ғариб мутлақ.
Фидя І ةيدفلا – ораза ұстауға шамасы келмейтін қариялар мен созылмалы ау-
рулары бар науқастардың тұтпаған оразаларының өтемі ретінде берілетін садақа. 
Оның көлемі ораза тұтпаған әр күн үшін бір кедейді екі мезгіл тойдыра тамақтан-
дыру не пітір садақасына тең садақа беру. Ал пітір садақасының көлемі жарты сағ 
(екі келі) бидай немесе оның ұны. Болмаса, екі келінің құнын ақшалай зекеттен 
үлесі барларға беру. Егер фидя беруге шамасы келмесе, оның мойнынан фидя беру 
міндеті түседі.
Фидя ІІ – құн. Бұл сөз көбіне соғыста қолға түскен тұтқындарды босатып алу 


241
үшін төленетін құнға қолданылады.
Фиқһ هقفلا – шариғат негіздері мен үкімдерін және мұсылмандар құқығын 
зерттейтін ғылым. «Фиқһ» сөзі араб тілінде «түсіну», «терең ұғыну» деген мағына-
ларды береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет