Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет195/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Хил аумағы – Харам аумағы мен миқаттың аралығындағы жерлер. Осы жер-
лердің тұрғындары қажылықты бастау үшін ихрамға тұрған жерлерінен кіреді.
Хиләбә – алдау. Әйтсе де бұл әдеттегі адамдар арасындағы алдау емес. Оған 
мысал ретінде бір дирһамдық затты бес дирһамға сатуды айтуға болады. 
Хитба ةبطخلا – қызға не әйелге құда түсу, айттыру.
Хор қызы. Жаннат арулары.
Әулиенің дәл өзі болмасам да, 
Кандидат боп жүруші ем ізгі санға. 
Ұшпақ кірмек, хор құшпақ, кәусер ішпек, 
Ғилман болмақ боп жүрем дұрыс жолда (Б.Күлеев, Шығ.).
Христиан – Исаны құдайдың баласы деп үштік құдайға (әке, ұл және қасиет-
ті рух) сенетін адам.
Худуд – белгілі бір қылмыс істегені үшін Құран мен сүннет үкімдері арқылы 
бекітілген, рақымшылық жасалмайтын кесімді жазалар. Қара: хадд.
Худуд кітабы دودحلا باتك – қылмыстық істерді және олардың жазаларын зерт-
тейтін фиқһ ғылымының саласы. 
Хулға ةعلخلا – әйелдің күйеуінен талақты талап етуі. Шариғат заңы бойынша, 
талақ беру тек ер адамның құқығы. Әйел адам ажырасуды қаласа, күйеуінен та-
лақ беруін өтінеді. Егер күйеуі келіспесе, қазыға жүгінуіне болады. Ажырасудың 
мұндай түрі әйелдің талабымен орындалып, бұдан кейін ол некенің қайта құрылуы 
мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда әйел еріне неке мәһрін қайтарады және еке-
уінің өзара келісімі немесе қазының белгілеуі бойынша өтемақы төлейді. 


250
Хулм ملحلا – шым-шытырық, түсініксіз бұлдыр түс.
Хумстар – Исламнан бұрын Қағба қызметіне лайықты саналған рулар тобы, 
олардың арасында Пайғамбарымыздың руы – құрайыштар бар. Олар – «хумс» 
(дін қызметкерлері) деп аталатын. Осыны малданған құрайыштар Меккенің қаси-
етті аймағының (харамның) сыртындағы Арафатқа баруды өздеріне міндетті емес 
деп есептейтін.
Хунсә ىثنحلا – қызтеке (гермафродит), ер және әйелдік жынысы бар адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет