Мухитдинов на печать indd


Хауалә (хиуалә) ةلاوحلا ،ةلوحلا – қарыздардың мойнындағы қарызды басқа біреу-  ге өткізу, қарызды аудару. Хауари



Pdf көрінісі
бет194/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   200
Хауалә (хиуалә) ةلاوحلا ،ةلوحلا – қарыздардың мойнындағы қарызды басқа біреу- 
ге өткізу, қарызды аудару.
Хауари يراوحلا – ілесуші, шәкірт. Иса пайғамбардың соңынан ерген серіктері.
Хауариж جراوخلا – Ирактың Куфа қаласы маңындағы Харура елді мекенін-
де һижраның 36-37 жылдары мұсылмандар арасында алауыздық тудырған бүлік-
шілер. Олар өздерінің асырасілтеушілігі және шектен шыққан ымырасыздығымен 
танылған.
Хауыз ضوحلا – Аллаһ тағала қияметте Мұхаммед пайғамбарға сыйлайтын 
жаннаттық бұлақтардың бірі. 
Әл-Хашир رشاحلا – жинаушы. Мұхаммед пайғамбардың есімдерінің бірі. Яғни 
Аллаһ елшісі Қиямет күні адамдар жиналатын махшарға бірінші болып барады не 
бұл дүниеде соңғы пайғамбар болғандықтан, адамдар оның төңірегіне жиналады.
Хәдәс ثدحلا – дәретсіздік, дәретті немесе ғұсылды бұзатын жағдай. Хәдәс екі 
түрлі болады: «үлкен хәдәс»: жүніп, хайыз және нифас болғанда ғұсыл алу және 
«кіші хәдәс»: кіші дәреті жоқ кезде дәрет алу.
Хижаб باجحلا – әйелдер киетін, шашын жауып тұратын орамал, жаулық.
Хижама ةماجحلا – қан алдыру, емдік мақсатта өткір құралмен теріні тіліп
арнайы құралдармен сору арқылы денеден тері астындағы өлі (жарамсыз) қанды 
шығару.


249
Хижр رجحلا – Қағбаның қара тас тұрған бұрышынан кейін орналасқан доғал 
пішіндегі жартылай тұрғызылған қабырға. Хижрдің іші Қағбаға жатады.
Хикмет ةمكحلا – даналық, құпия сыр.
Хилаф. Қайшы, қарсы, пікір қайшылығы. XIX ғасырға дейін қазақ әдеби 
тілінде қолданыста болған сөз. Кеңес үкіметі тұсында актив қордан түсіп қалған 
діни сөздердің қатарына жатады. Қазіргі кезде діни әдебиеттерде және ауызекі ай-
тылатын уағыз-насихаттарда жиі қолданылып жүр. 
«Указной молланың хилаф ісін
Әлбетте, оязной ахун тексерсін» (М.Дулатов, Шығ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет