86
«Қараңғы
қабірде жатпақ қиын,
Таңла мақшар болады ұлы жиын.
Намаз, ораза, ғибадат бек пайдалы,
Алладан тілек қылып күнде сиын» (Шал ақын, Өлеңд.).
«Әуелі иманды түзетпей жатып, қалған ғибадат не болады» (Абай, Тол. жин.).
«Ғибадат» сөзі ауыспалы мағынада «өмір сүру салты», «ұстанатын ережесі»
деген мағынада да қолданылады.
«Артылған
заман болды аттан есек,
Залымның ғибадаты – ұрлық, өсек» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Ғибадат кітабы. Ғибадат кітабы ةدابعلا باتك – Дәрет, намаз, ораза, зекет және
қажылық тарауларын зерттейтін фиқһ ғылымының саласы «ғибадат кітабы» немесе
«фиқһ әл-ғибадат» деп аталады.
Ғибат. Ғайбат. Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде бұл сөзді «кіріп-
тар», «Құдайдың құлы» деп түсіндірген және оған Абай атамыздың мына сөзін мы-
салға келтірген: Кімде-кім жақсы, жаман әлбад қылып жүрсе, оны ғибаттан тиюға
аузымыз бармайды (Абай, Тол. жин.).
Біздің ойымызша, бұл жерде Абай атамыз «оны ғайбаттан тиюға» деп айтқан.
Өйткені араб тілінен енген «ғибат» сөзі қазақ тілінде «ғайбаттау», «жамандау»,
«өсектеу» деген мағыналарды береді. Бұл төте жазуды кирил әрпіне түсіргенде кет-
кен қателік болуы мүмкін. Қара: ғайбат.
Ғибта. Ғибта ةطبغلا – қызғаныш, біреудің қолындағы нығметтің кетуін арман-
дамай, ондағы нығметтің өзінде де болуын қалау. Шариғатта ғибта жасауға тыйым
салынбаған.
Ғилман. ناملغ «Ғилман» сөзі араб тілінде «ұл», «қызметші», «жас бала» де-
ген мағыналарды береді. Құран кәрім кітабында «жаннаттағы жас қызметкерлер»
деген мағынада да қолданылады. Құран кәрімде: «Әрі оларды [
бейіштіктерді] өз-
дерінің құдды (
саф күйінде) сақталған інжудей ғилмандар (
жасөспірім балалар)
[
қызметшілер] айналып жүреді» («Тур» сүресі, 24-аят). Қазақ әдебиетінде үлкен
кісілерге көмектесіп жүретін солардың қызметінде болатын жастарды да «ғилман»
деп атаған.
«Әулиенің дәл өзі болмасам да,
Кандидат боп жүруші ем ізгі санға.
Ұшпақ кірмек, хор құшпақ, кәусер ішпек,
Ғилман болмақ боп жүрем дұрыс жолда» (Б.Күлеев, Шығ.).
Ғираят. Қираат. Қирағат. Құран оқу мәнері.
Құранды мақамына келтіріп,
тәжуид ережелерін сақтап оқу.
Құрантану ілімінде «қирағат» термині «нақты бір ұстаздан жеткен Құран
оқу мәнері» дегенді білдіреді. Қазақ тілінде «ғираят» сөзі жалпы «Құранды тәужид
87
ережелерін сақтай отыра нақышына келтіре орындау» деген мағына береді. Қазақ
әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде бұл сөзді «аят» деп түсіндірген. Алайда ол
дұрыс емес.
«Молдалардың қалың шуды су сепкендей басатын әуезді қираяты үш ішінде
түнімен асылып, мең-зең халде тұрып алды» (Р.Тоқтаров, Ертіс.).
Ғузір. Ғұзыр. Ғұзір.Араб тілінде رذع «узр» сөзі «үзір», «себеп» деген мағына-
ларды береді. Шариатта бұйырлыған міндетті орындаудан босататын себеп.
«Осындай
ғұзырым бар мойнымда,
Ей, тақсыр, не қыламын?» деп сұрады ғибрат.
«Патшаның әмірі – ләзім, оқа жоқ» деп,
Болыстың үкіметіне берді рұқсат» (Ә.Қалдыбаев, Су тасушы.). Қара: үзір.
Достарыңызбен бөлісу: