Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет63/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Д
Дабт. Нақтылық. Хадис ілімінде қолданылатын термин. طبضلا – есте сақтау 
қабілеті өте мықты болу. «Дабт» сөзі араб тілінде «дәлділік», «анықтық», «дәл-
ме-дәлдік», «бұлжытпай тану» деген мағыналарды береді. Хадис сахих болуы үшін 
оны риуаят еткен адамның есте сақтау және жаттау қасиеті өте жоғары болуы керек. 
Яғни жаттаған хадисін қай уақытта сұрасада, мүдірместен, дәлме-дәл, анық тура 
жаттағанындай етіп жеткізу. Рауидің бойындағы осы қасиеттің күшті не әлсіздігіне 
қарай хадисті сахих және хасан деп екіге бөледі. Дабттың екі түрі бар: есте сақтау 
қасиеті дәлме-дәл болу және жазған дүниесі анық, қатесіз болу.
Дағиф. Дағиф فيعضلا – әлсіз, нашар. Хадис ілімінде рауилердің сенімділік 
дәрежелерін нақтылағанда қолданылатын термин. Ол хадисті риуаят текен адам-
ның әлсіз екендігін көрсетуде қолданылады.
Дағиф хадис فيعضلا ثيدحلا – әлсіз хадис. Сәнады үзілген немесе риуаят еткен 
адамдарының бірі сенімсіз болған яки сахих хадиске қарама-қайшы және басқа да 
кемшілігі бар хадис. Хадис ілімінде сахих немесе хасан хадиске тән сипаттардың 
бірін яки бірнешеуін жоғалтқан хадис «дағиф хадис» деп аталады. Кейде оны «қа-
был етуге жарамайтын хадис» немесе «жарамсыз хадис» деп те атайды. Дағиф ха-
дис қаншалықты әлсіз екендігіне қарай бірнеше дәрежеге бөлінеді: 1) فيعضلا дағиф 
(әлсіз). 2) ادج فيعضلا дағиф жиддән (өте әлсіз). 3) يهاولا уәһи (қауқарсыз, мардымсыз, 
нашар). 4) ركنملا мункәр (жаман, ұнамсыз). Имам әт-Тирмизиге дейін мухаддис ға-
лымдар хадисті сахих және дағиф деп екіге, ал дағиф хадисті амал жасауға жарамды 
және амал жасауға жарамсыз деп екіге бөлген. Осы амал жасауға жарамды хадисті 
имам әт-Тирмизи кейіннен «хасан хадис» деп атап, хадистің үш түрі бар: сахих, ха-
сан, бұл екеуімен амал жасалынады және дағиф, онымен амал жасалынбайды деп 
үшке бөлген. Яғни негізгі амалға дағиф хадис басты дәлел ретінде жүрмейді. Тек 
дағиф хадисті қосымша дәлел ретінде немесе қосымша амалда негізгі дәлел ретінде 
қолдануға болады.
Дағуа. Дағуат. Араб тілінде «дағуа» сөзі шақыру, үгіттеу, насихаттау, үндеу 
деген мағыналарды береді. Діни термин ретінде «дағуат» сөзі ةوعدلا адамдарды Ал-
лаһ дініне, ақиқатты қабылдауға шақыру, үндеу дегенді білдіреді.
Дажжал. Дажал. Тажал. لاجد – қияметтің алдында пайда болатын, адамдарды 
дұрыс жолдан тайдыратын, өзін құдаймын деп жариялайтын, бір көзі жоқ жалған-
шы. Оны «Мәсіх Дажжал» деп те атайды. Оның пайда болуы қияметтің үлкен бел-
гілерінен. Мұхаммед пайғамбар мұсылмандарды Дажжалдың фитнасынан сақта-
нуды ескертіп кеткен. Қазақ тілінде «дажал» сөзі «жұт», «бір нәрсені құртып бітетін, 
түбіне жететін алапат күш», «апат» деген ауыспалы мағыналарда да қолданылады. 


91
«Дүниеге тағы бір дажал келе жатқанын қыран көзі қиядан-ақ көрген еді» 
(Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).
Дайн. نيد «дайн» сөзі араб тілінде «қарыз» деген мағынаны береді. 
«Мұсылмандық құқықта ол – қарыз міндеттемесінің бір түрі. Дайнның сәләм 
уа салфтан айырмашылығы: қарызға алынған мал-мүлік не қаражат иесіне өсім-пұл-
сыз, бәз қалпында қайтарылады» (ҚҰЭ). 
«Дайн міндеттемесі қарыз алушы куәгерлердің көзінше мал-мүлікке не қара-
жатқа ие болған сәттен бастап күшіне енеді» (ҚҰЭ).
Дайюс. Ол – намысы аяқасты етiлiп жатса да, селт етпейтін, әйелін, әпке-қа-
рындастарын қызғанбайтын ер адам. Яғни өзіне жақын әйел адамдарды өзге ер-
кектерден қызғанбайтын еркек. Шариғатта бұл өте жаман сипаттардың қатарына 
жатады.Қара: дәйіс.
Дамолла. Дамұлла. Ислам дінін насихаттаушылардың, мешіт пен медресе 
қызметкерлерінің лауазымы. Дамолланы Ислам дінін насихаттауға сіңірген еңбе-
гіне, діни білім дәрежесіне қарай діни қауым сайлайды. Молла – мұсылмандық 
дәстүрдің, жөн-жосықтың білгірі, дін қызметкері, дін мектебінің ұстазы, білімді, 
оқымысты адам (http://el.kz/kz).
«Кеңес өкіметі толық орнағанға дейін медресе ұстап, халыққа діни-рухани 
білім беріп, ұстаздық еткен дамоллалар көп болған» (ҚҰЭ). 
«Ақын 1905 жылы Бұхарадағы «Көкелташ» медресесін бітіріп, «дамолла» 
атанып, Қуандариядағы еліне оралады» (Ж.Арыстанов, Естен кетпе). 
«Ғұламалар медресе, мешіттердегі – мұхаддис, факих, мұтақалим, дамолла 
т.б. шәкірт тәрбиелеп, ел құрметіне бөленген» (ҚҰЭ).
«Ол бұрын «дамұлла», қазір коммунист болса да, жасырын намаз оқитын» 
(Ж.Арыстанов, Шығ.).
Даниқ. Даниқ – орта ғасырларда қолданылған дирһамның алтыдан біріне тең 
майда тиын. Орта ғасырларда жазылған шариғат заңдары туралы еңбектерде кезде-
седі.
Дәйіс. Дәйіс – жақын әйел туысқанын қызғанбайтын еркек. Ислам дінінде ер 
адамның өзінің әйелін, анасын, әпке-қарындастары мен қыздарын бөтен еркектен 
қызғанбауы жаман қасиет саналады.
«Осындай үгіт айтсам ұнатпайды. 
Өз-өзінен опалаған кейбір дәйіс. 
Ер болсын, әйел болсын, ақымақ болса
Басынан бір сағатта-ақ бақыт тайыс» (Т.Ізтілеуов, Назым). Қара: дайюс.
Дәлел. Дәлел ليلد Айғақ. Ислам дінінде Құран мен сүннеттен және осы екеуі-
нен бастау алатын ижмағ, қияс сияқты басқа да дереккөздерден діни мәселеге не-


92
месе үкімге келтірілген айғақ «дәлел» деп аталады. «Дәлел» сөзінің араб тіліндегі 
сияқты қазақ тілінде де діндегі терминдік мағынасымен қатар, тілдік мағынасы да 
өте жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет