Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет4/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Коммуникативтік мәдениет – іскерлік серіктестермен психологиялық 
байланыс орнатуға, қарым-қатынас барысында нақты қабылдау мен түсіністікке 
қол жеткізуге, іскерлік серіктестердің мінез-құлқын болжауға, мінез-құлыққа 
бағыттауға мүмкіндік беретін адамдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру 
саласындағы білім, білік, дағды. 
Қарым‒қатынас - адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын, 
біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын күрделі және көп жоспарлы процесс, 
адамдардың өзара түсінісуі, хабар алмасуы, бір-бірін қабылдауы. 
Коммуникативтік құзыреттілік – байланыс, қарым–қатынас жасау, тек 
қана сөйлемдерді дұрыс құрастыратын грамматикалық ережелер туралы білім 
ғана емес, бұл қашан, кіммен, не туралы сөйлесу және сөйлеспеу керектігін 
білдіретін білім. 
Коммуникативтік іскерлік – коммуникативтік әрекеттегі білім. Бұл 
коммуникативтік әдістер мен амалдар, олардың әсері, мүмкіндіктері мен 
шектеулері, әдістердің адамдар мен жағдайларға ықпалы туралы білім.
Болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы - жаңаша талаптарға жауап бере 
алатын, рухани дүниетанымы адамзаттың прогрессивтік дәстүрлер нормасына 
негізделген, өзін-өзі бағалауға қабілетті, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға 
даяр, болашақ кәсібіне рефлексивті бағыты бар тұлға. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңде қоғам біздің қалыпты өмір сүру 
дағдыларымыз түбегейлі өзгертетін төңкерістің бастауында тұр, әлем 
технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және 
қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл жағдай ауқымы, теңдесі 
жоқ көлемі мен күрделілігі жағынан орасан зор өзгерістер орын алатын 
төртінші өнеркәсіптік революциямен байланысты.
Профессор Клаус Швабтың пікірінше: «Төртінші өнеркәсіптік революция» 
еңбегінде «... ұдайы өзгермелі жұмыс ортасының жағдайларында жылдам 
бейімделуді талап ететін білім мен кәсіби дағдылар тұрғысынан жұмыспен 
қамтудың болашақ үрдістері мен қажеттіліктерін болжай білу қабілеті барлық 
мүдделі тұлғалар үшін айрықша мәнге ие болады»,- деп тұжырымдайды [1]. 
Еліміздің жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болуы 
бағытында «Қазақстан-2050» даму стратегиясы қабылданды, ел алдына озық 
дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсаты қойылды. «100 нақты қадам – Ұлт 
жоспары» жүзеге асырылуда (akorda.kz).
Адам капиталының маңызды құрамдас бөлігі білім беру, оның 
қолжетімділігі мен сапасы болып табылады. Адам капиталы ұғымын айқындай 
отырып, Нобель сыйлығының лауреаттары Г.Беккер және Т.Шульц өткен 
ғасырдың 50-ші жылдарының соңында экономиканың дамуына күшті әсер 
ететін оның білім құрауышын ерекше атап өтті. Т.Шульц адами капиталға 
инвестицияларға тек қана «орта және жоғары оқу орындарында білім беруге 
тікелей шығындар ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі білім алуға, жұмыста 
тәжірибені арттыруға, сондай-ақ білім беру, ғылым және денсаулық сақтау 
саласына күрделі салымдарды» жатқызады. «Бүгінгі таңда жаңа ғылыми-
технологиялық революцияны дамытудың жаһандық процестеріне байланысты 
білім берудің рөлі одан әрі арта түсуде. Қазіргі уақытта бәсекелестік күресте 
басымдықтар елдің өлшемімен де, табиғи ресурстармен де, қаржылық 
капиталдың қуатымен де анықталмайды. Енді барлығын қоғам мүшелерінің 
білім деңгейі және қоғам жинаған білім көлемі шешеді» [2]. 
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 
жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы 
дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «...жаһандық трендтер көрсетіп 
отырғандай, жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстан 
бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін оның өзіндік 
сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін ескере отырып кеңінен енгізуі тиіс» деп 
бірнеше міндеттерді атап өтті. Білім беру жүйесін дамытуға байланысты 7-ші 
«Адами капитал – жаңғыру негізі» атты міндет аясында «білім беру 
бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және 
жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс; педагогтарды оқыту және 
олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады; 
Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін 
меңгеруінде; жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға 



көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан 
бекіту керек» [3]. 
Білім беруді дамытудың басты мақсаттары мен міндеттері Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасында тұжырымдалған, олар: «білім берудің бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру, азаматтардың материалдық және рухани әл-ауқатын 
жақсарту үшін адами капиталды дамыту, баршаға сапалы білімге қол жеткізуді 
қамтамасыз ету жолымен экономиканың тұрақты өсуі» [4]. 
Жаңа мыңжылдықта қарқынды интеграциялық үдерістер жағдайында 
қазіргі әлемде көп өлшемді мәдениетаралық санаға ие, қазіргі заманғы 
өркениеттің жаһандық мәселелеріне өзіндік кәсіби тұлғалық көзқараы 
қалыптасқан, мәдени кеңістіктің сан алуандығын сезінуге қабілетті кәсіби 
педагогикалық элитаны қалыптастырумен байланысты мәселелер мен 
міндеттер кешені тұр.
Бұл жалпы әлемдік үрдістерге, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізу 
қажеттілігін негіздейтін халықаралық сапа стандарттарын негізге алуды қажет 
етеді. Олардың - постиндустриялық ақпараттық қоғамға көшу, мәдениетаралық 
өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту, бұл коммуникативтік пен төзімділік сияқты 
қасиеттердің болуын талап етеді. 
Коммуникабельділік қарым-қатынас жасау және серіктесті қарым-
қатынасқа тарту, сұхбаттасушының мінез-құлқын болжау және осыған 
байланысты қарым-қатынас траекториясын құру, қажетті ақпарат алу 
білімдерімен байланысты түсініледі. Қазіргі кезеңде білікті, бәсекеге қабілетті, 
дербестік, шығармашылық және педагогикалық саладағы жоғары адамгершілік 
көрініс табатын болашақ ағылшын тілі мұғалімінен мәдениаралық кәсіби-
бағытталған қарым-қатынас нормаларын меңгеру және жаңа білім беру 
контекстінде бейімделу қажеттілігіне негіз болатын коммуникативтік 
мәдениетін дамыту маңызды болып табылады.
Мәдениет және мәдениетті қалыптастырудың түрлі аспектілері В.С.Библер 
[5], Г.Н. Волков [6], Б.М.Бим-Бад [7], А.В.Петровский [8], А.А.Белик [9], Л.П. 
Буева [10], отандық ғалымдар Ә.Нысанбаев [11], Д.Кішібеков [12], Т.Ғабитов 
[13] секілді ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған. 
Қарым-қатынас 
құрылымы, 
қызметтері 
мен 
коммуникация 
құраушыларының 
байланысы, 
мәдениетаралық 
қарым-қатынас 
пен 
мәдениетаралық коммуникация, педагогикалық қарым-қатынас мәселелері 
көптеген шетел, Ресей және отандық ғалымдардың зерттеу нысанына айналған:
Н.Хомский [14], Э.Холл [15], М. Байрам [16], М. Канэйл [17], Д.Деардорф [18], 
А.А. Леонтьев [19], И.А. Зимняя [20], Ш.Т.Таубаева [21], М.A.Құдaйқұлoв [22], 
С.С.Құнанбаева [23], Г.М.Қасымованың [24] және т.б. зерттеулерінде 
қарастырылған. 
Ал, болашақ мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті оның кәсіби-
педагогикалық 
мәдениетінің 
түрі 
ретінде 
Е.П.Белозерцев 
[25], 
Е.В.Бондаревская [26], В. Н. Карташова [27], В. П. Кузовлев [28], И.Ф.Исаев 
[29], И. Я. Лернер [30], А.В.Мудрик [31], Н.Н.Никитина [32], В.А.Сластенин 



[33], И. Сманов [34], С.Козыбаева [35], А.Бегимова [36], С.К.Беркимбаева [37], 
А.Нуржанова [38], А.Кажийн [39] еңбектерінде зерттелген. 
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектеріне жасалған теориялық 
талдаулар және жоғары педагогикалық білім беруде болашақ ағылшын тілі 
мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамытудың педагогикалық 
үдерістегі қaзіpгі жaғдaйын зерделеу аясында, ocы уaқытқa дейін болашақ 
ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту мәселесінің 
жeкe аспектілерінің зерттелгендігі айқындалды.
Осы орайда, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамытуға қоғамның сұранысы мен олардың коммуникативтік 
мәдениетін дамытудағы жоғары білім мазмұнының теориялық-әдістемелік 
тұрғыда негізделмеуі арасында; болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне осы 
тұрғыда кәсіби білім берудің айқын қажеттілігі мен коммуникативтік 
мәдениетті дамытудың жүйелі негізделген біртұтас құрылымдық-мазмұндық 
моделінің, әдістемесінің жасалмауы арасында қарама-қайшылықтардың бар 
екендігі анық байқалады.
Aтaлғaн қapaмa-қaйшылықтapдың дұpыc шeшімін іздecтіpу бізгe зepттeу 
пpoблeмacын aнықтaуғa жәнe тaқыpыпты: «Болашақ ағылшын тілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет