Мутанова динара юлдашбаевна


мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту»



Pdf көрінісі
бет5/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Dissertation Mutanova.pdf Мәдениетаралық-коммуникативті құзіреттілік

мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту» дeп тaңдaуғa нeгіз 
бoлды.
Зерттеудің 
мақсаты: 
болашақ 
ағылшын 
тілі 
мұғалімдерінің 
коммуникативтік мәдениетін дамытудың теориялық негіздеу, әдістемесін жасау 
және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру. 
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындарында ағылшын тілі мұғалімдерін 
даярлау. 
Зерттеу пәні: болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамыту үдерісі. 
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ ағылшын тілі 
мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамытудың құрылымдық-
мазмұндық моделі және әдістемесі жасалып, тәжірибеге ендірілсе, онда 
студенттердің коммуникативтік мәдениеті жоғары деңгейде дамиды, өйткені 
ұсынылған модель мен әдістеме ғылымдағы коммуникация, мәдениет, 
педагогикадағы коммуникативтік мәдениет, кәсіптік-педагогикалық білім беру 
теорияларына, ағылшын тілін оқыту әдістемелеріне негізделген. 
Зерттеу міндеттері: 
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамытудың ғылыми-практикалық алғышарттарын анықтау
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау; 
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау; 
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамытудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыс барысында тексеру. 



Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің 
коммуникативтік мәдениеті педагог мамандардың кілттік құзыреттіліктерінің 
аясында шет тілінде оқыту әдістемесінің инновациялық әлеуеті арқылы 
қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет