Ішкі есту – музыканы, әуенді оймен елестету арқылы қабылдап, дамиды. «Ішкі есту қаблетінің басты мақсаты – адам мен музыка арасындағы үздіксіз қатынасты қолдау болып табылады», - дейді М.С.Старчеус «Слух музыканта» деген еңбегінде. Яғни, бұл кезде адам тек өзіне бұрыннан таныс әуенді ғана емес, сондай-ақ күрделі шығармаларды да оймен қабылдап, ішкі әуенге салып елестете алады.
Музыкалық есту қаблеті жалпы музыкалық шығармашылықпен айналысу кезінде, оны қабылдап, орындауды және музыкалық шығармаларды өзі шығарып шабыттанғанда дамып қалыптасады. Аталған аспектілердің барлығының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұлар бір-бірін толықтыра отырып музыкалық есту қаблетін дамытуға әсер етеді.
Музыкалық қаблеттіліктің көрсеткіштері:
а) Сезім, жан-тәндік, ойлау т.б. құрылымдарды пайдалана отырып музыкалық дауыс ырғағын қабылдау. Яғни, В.В.Медушевский сөзімен айтқанда: «Өмірдің әуенін ырғақты түрде ойлап, есту керек».
ә) Дыбыс ырғағы қорын толықтырып байыту мақсатында оқушылар оны тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылады.
б) Дыбыс ырғағын өзгерте білу (яғни, вальстен маршқа не полькаға көшу сияқты ауыстырулар).
Музыкалық қызметтің басты феномені (ерекшелігі) – музыкалық әуенді ойлау болып табылатыны белгілі, оны қалыптастырып дамыту көп жағдайларда баланың музыкалық қабілетіне әсер етіп отырады.
Музыкалық ойлау психологиялық зерттеулерде нақты психологиялық іс-әрекет ретінде қарастырылады. Осы арқылы тұлға музыкалық өнерге бейімделеді. Сондықтан төмендегідей музыкалық ойлаудың қасиеттері көрінеді:
1. Тұлғаның музыкалық туындыларды жетілдіру процесі.
2. Музыкамен қарым-қатынас жасағанда, оны өнердің бір түрі ретінде қабылдайтын адамның ойлау тәсілінің қалыптасуы.
3. Адамның музыка арқылы қоршаған ортамен қатынасуы.
Музыкалық ойлаудың шығармашылық сипаты. Ойлау арқашанда шығармашылықпен байланысты болады. Музыкалық ойлау мен музыкалық сөйлеу бір-бірімен байланыса отырып музыкалық сөз арқылы композитор – орындаушы – тыңдаушы арасында бірлігімен рухани байланыс қалыптасады.
Музыкалық ойлау қасиетінің бірі – музыкалық тіл. Музыкалық ойлау заңдылықтарына сәйкес, музыкалық шығармашылықпен айналысу барысында қоршаған ортадағы болымыс, ақиқат шындық жинақталған музыкалық образға айналады. Л.А.Мазельдің пікірінше: «Музыкалық образ – музыкалық ойдың негізгі мазмұны мен құрылымдық тұрақтылығы болып табылады».
Музыкалық қаблеттіліктің дамуына әсер ететін, оның негізгі көрсеткіші – баланың музыкалық әр алуан жанрлық түрлеріне деген сұранысы.