Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



бет8/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
165959 (1)

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Музыкалық-педагогтік процестің коммуникативтік қызметі ерекшелігі неде?
2. Музыка мен өмір шындығының байланысы неде, оның музыка сабақтарында жүзеге асырылуы қандай?
3. Музыка өнеріндегі этикалық қызметті сипаттаңыз, және оның музыкалық білім берудің орнын көрсетіңіз.
4. Қалай ойлайсыз, музыка адам жанын түзете ме, әлде керісінше бұза ма? Өзіңіздің көзқарасыңыз қандай?
5. Музыкалық өнер мен музыкалық білім берудің эстетикалық бағытты қалай түсінесіз?
6. Музыка өнеріндегі канондық және эвристикалық (дәстүр мен жаңашылдық) қызметтердің мәнін ашып беріңіз.
7. Танымдық-ағартушылық қызметтің музыка өнері мен музыкалық білім берудегі ортақ сипатын атаңыз.
8. Музыка өнердегі қоғам-өзгертеушілік қызметінің интеграциясы музыка сабақтарында қалай көрінеді.
9. Тұлға-өзгертушілік қызметтің музыка сабақтарындағы ерекшелігі.
10. Қандай музыкалық үлгілер балалардың жан-дүниесіне әсер етеді, сіз музыка сабақтарында сондай үлгілерді ұсына аласыз ба?
11. Әр түрлі көзқарастағы пікірлерді ескере отырып, оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелейтінмузыка өнерінің мүмкіншіліктерін ашып беріңіз.
12. Оқушыларды әсемдікке баулып, білім берудегі музыкалық өнердің қандай ерекшеліктері бар?
13. Адамға психотерапевтік әсер ететін музыканың қасиетін сипаттаңыз.


ІІІ ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ – БАЛА ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ОШАҒЫ


3.1 Оқушылардың тұлғасын сапалық деңгейде дамытудағы музыкалық білім беру үрдісінің приоритетті маңызы
Оқушылардың әртүрлі музыкалық-шығармашылық қызметі тәжірибесінен көрінетін және тұлғаны қалыптастырудың әр қырлы жақтарының музыкалық қаблеті, креативтік және эмпатиялық түрлерін жеке алып қарастыруға болады.


Музыкалық қаблет
Музыкалық қаблеттілік жеке тұлғаның музыкаға, ән-күйге бейімділігі, оған деген жоғарығы көңіл-күйі, музыкалық есту қаблеті, жады, ойлауы, музыкалық сұранысы, әр түрлі музыкалық-шығармашылық қызметтерді игеріп, меңгеруді жоғары-сапалық нәтижесі болып табылады.
Б.М.Тепловтың пікірінші: «Музыкалық қаблеттіліктің ең басты белгісі – музыканы кейбір бейнесі сөздердің мазмұнын түсінгендей сезіне білу».
Сондай-ақ, Б.М.Теплов мынаған баса көңіл аударады: «Музыканы жан-жақты, жан-тәніңмен сезінуің үшін ең алдымен оның дыбыстық жағын қабылдай білу керек», - дейді.
Зерттеуші музыкалық қаблеттіліктің бір-бірінен ажырамайтын, бірінсіз екіншісінің мағынасы ашылмайтын эмоциялық және есту қаблеті сияқты екі жағына баса назар аударады.
Қазіргі кезде музыкалық есту қаблетінің мынандай түрлері бар: дыбыс биіктігі, аралық, әуезділік, үйлесімділік, көпүнділік (полифонический), саздылық, ырғақтылық, бояулылық, әсерлілік, фактуралық, құрылымдылық, вокалді, хорлы т.б.
Музыкалық есту қаблеттілігінің екі түрі бар: сыртқы есту және ішкі есту қаблеттері.
Сыртқы есту – музыканың өзін тікелей қабылдау. Сыртқы есту, негізінен, сезім компоненттерін жинақтап, даралау арқылы қабылдаудың ең маңызды белгілерін ажырата отырып сезімдік әсерге сүйеніп іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет